3. Рәміз – (символ) жалпы мағынасы өте кең. Сондықтан да біз рәміздің бірден екі қырын ажыратуға тиіспіз: біріншіден мәнін, ал екіншіден осы мәннің түсіндірілуін.
Рәміздің түсіндіретін эстетикалық аппарат адамның қабылдау мүмкіндігінен біршама жоғары еркіндік деңгейінің үлкен санына ие.
Рәміз ең алдымен бар-жоғы қандай да бір белгі-бұл материалдық зат (құбылыс, оқиға). Ол кейбір басқа заттың, ерекшеліктің немесе қарым-қатынастың объективті орынбасары ретінде іс-әрекет етеді және ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылады (ақпарат, білім). Ол зат бейнесінің осы қоғамдық атқарушысы оның функционалдық міндетімен шектеледі. Адамның күнделікті өмірі рәміздер мен белгілерге толы. Олар белгілі бір жайтқа рұқсат ете немесе тыйым сала отыра, оның мағынасын білдіре және толтыра отыра адамның өзін-өзі ұстауын реттейді. Мысалы: шеңбер мәңгілік рәмізі ретінде, үшбұрыш – үшбірлік рәмізі, түлкі қулық рәмізі ретінде алынады.
Тілдің дамуы, көркемдік өнер мен жазудың пайда болуы — адамның ақпараттық қабілетін жоғары сатыға кетерді. Одан кейінгі замандарда қатынас құралдары мен баспасөздің пайда болуы, рәміздік жүйені одан әрі байыта түсті. Дүбірлі уақиғаларға толы XX ғасыр — адамзат баласының телеграфты, телефонды, радио мен киноны, телевидениені, видеоны т.б. кеңінен қолдануы — хабарлар тарату мүмкіндігінің шексіз екендігін, тіпті сонау коемос кеңістігімен де байланыс орнатуға болатындығын тәжірибе жүзінде көрсетіп берді.. Өзін өзі тексеруге және бақылауға арналған сұрақтар: 1. Семиотика ілімінің аймағы.
2. Ұлттық код дегеніміз.
3. Мәдениеттің негізгі рәміздерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі 1. К. Армстронг Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс.- Астана: 2018.
2. А. Барнард Антропология тарихы мен теориясы - Астана: 2018.
3. С. Г.Тер-Минасова Тіл және мәдениетаралық коммуникация. -Астана: 2018.
4. В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамс Тіл біліміне кіріспе.- 10-бас. - Астана: 2018.