Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Мәдениет формаларын атаңыз. 2.Миф, өнер, дін, мораль түсініктердің байланысы.
3.Қарым-қатынас түрлеріне қысқаша мәлімет беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер: Молтобарова К.И. «Мәдениеттану». - А, 2018.
Раев Д.С. «Қазақтың шешендік өнері: философиялық пайымдау».–Алматы, 2001. –228 с.
Дәріс 5. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті 1.Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштері. 2. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері. Дәріс мақсаты: Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениетпен таныстыру, оның материалдық мәдениет ескерткіштерімен. Кілттік сөздер: ескерткіш, мешіт, құлпытас,салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері. 1.1.Талас жазу ескерткіштері. Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 13 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған жазулар бар. Бұл асатаяқ шыршадан жасалған, оның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы.
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегiн, Тоныкөк, Бiлге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейiпкерлерiне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есiмдердi ел жадында сақтау үшiн сол заманның данагөй бiлiмдарлары өркениеттiң белгici болып табылатын түркiлiк сына жазумен тас бетiне тусiрдi.
Tүpкi тайпаларынан қaлған бұл ескерткiштeр көне дәyiрдің қоғамдық-мәдени, әpi адеби тұрмыс-салт өмiрлерiнен хабар беретiн жәдiгерлер қазына ретiнде бугiнгi күнi барлық түркi тектес халықтарға ортақ мұpaғa айналды. Tүpкi даласының iшкi сырын бойына сiңiрген таңбалы тастар қас батырдың ерлiгiндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-қасiретiн, амал-әрекетiн бейнелеп, еш өзгерместен күнi бүгiнге жетiп отыр.Болашақ ұрпаққа мұра етiп қалдырылған көне түркiлiк жазба ескерткiштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткiштер саны жыл санап өсiп жатыр.
Қазiргi кезде ежелгi түркi тайпалық одақтары өмip сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажеттi заттар, қой тастар табылып жатыр.
1.2. Отырар өркениеті. Отырар - XVIII ғасырдан астам өмip сүрген ұлы қала, бүгiнде өзiнiң үйiндiсiнiң ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған.
Отырардың берiк қамалы, айнала қазылган сулы ор үстiндегi аспалы көпiрлермен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар арқылы жұрт мұқият орналастырылған көшелермен қаланың орталық алаңына шығады екен. Ақша соғатын орынның, қолөнершiлер тұрагының, су құбырының, нәжiс жүйесiнің болуы мұндaғы қала тiршiлiгiнiң астаналық сипатта болғанын көрсетедi. Отырармен аттас көгалды алқаптың қалаға тipкece жатқан бөлiгiнiң өзiнде оннан астам үлкендi-кiшiлi қалалар болған.
Fажайып суландыру жүйесi бар қала егicтігінің өзi әлденеше шақырымға созылып жатқан.
«Отырардағы баспананың негiзгi ұясы,- деп жазған археологтар К.Ақышев, К.Байпақов, Л.Ерзакович,- дәлiздi немесе қоймалы бөлме, сол сияқты көп бөлмелi тiркеспелер отырықшы қазақтардың үйлерiне ұқcac».
Сыр бойының отырықшы және жартылай отырықшы халқының бiрiнде өздерi тұрып, екiншiciнде қонақ күтeтiн ортасы дәлiзбен ажырасатын eкi бөлмелi "Қоржын үйi" (мұны қоржын icпeттi болғандықтан осылай атаған), оның өн бойына түнек (қойма) салатыны археологтар пiкiрiн растайды.
Профессор М. Мендiқұлов қазақ арасында кeңiнeн тараған тұpғын жайдың негiзгi eкi түpiнeн - далалық қыстаудан, ондағы "ауыз үй", "оттық үй", "жатақ үй", "қонақ үй" тipкеспесiнен де, Oңтүcтiктiң "қарсы eciктiciнeн" де қоржын iспeттi ұядан тұратын баспана сұлбасын ашқан.
Маңғыстау мешіттері мен құлпытастары
Маңғыстау жерін қазіргі кезде “362 әулие мекендеген жер” дегенді жиі естиміз. Шынында да, бұл жерді ашық аспан астындағы мұражай деп те атауға болады. Бұл жерден көптеген мешіттер мен құлпытастар табылды. Маңғыстау жерін киелі деп те атауға болады. Атап айтқанда, бұл территориядан Қараман ата, Қошқар ата, Шақпақ ата, Бекет ата және т.б. көптеген киелі адамдардың мешіттері кездеседі. Бұл ескерткіштердің кейбірі осы күнге дейін жақсы сақталынған.олар өздерінің әшекейлігімен, сәндігімен археологтарды қызықтырды.
2. Сақтар мекендеген жерлер. Б.з.д. 1-мыңжылдықта Қазақстан жерінде, Орталық Азияда, Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген.Дәл осы заманда Солтүстік Қара теңіз, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мөдениеті жағынан сақтарға туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстік-шығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген.Геродот сақ және скиф тайпаларының туыстығын көрсете келіп, олардың ортақ сколот деген атпен де белгілі екендігін айтады. Геродоттың айтуы бойынша, бұл тайпаларды скиф деп гректер атаған. Олардың тегі Азиядан шыққан, кейіннен массагет тайпаларының қысымымен Әмударияның арғы жағына өтіп, Киммер жеріне қоныстанған.Көне парсы жазба ескерткіштеріне жататын "Персополь", "Бехистун" жазуларында тур тайпаларының ортақ атауын сака деп береді. Біраз кейінірек табылған жазбаларда сақтарды ендігі жерде үш топқа бөледі.
Парадарайя сақтары дегеніміз — теңіздің арғы жағындағы сақтар. Бүгінгі күні көп зерттеушілер парадарайя сақтарының мекендеген жерін Қара теңіз жағалауы деп керсетеді. Тиграхауда сақтарының негізгі орналасқан жері Каспий теңізінің шығысынан Жетісуға дейінгі аймақ деп көрсетеді.
Хаомаварга сақтардың ең ірі, саны жағынан көп тайпасы болған. Грек жазба деректерінде оларды кейде амюргия сақтары деп те атайды. Олар ежелгі Бактрия мен Маргиана аймақтарында, яғни Әмудария мен Мургаб өзендерінің жағалауларында орналасқан. Сонымен қатар хаомаварга сақтарының біраз топтары қазіргі Ташкент облысын, Ферғана маңын жайлаған. Көне грек тарихшы-географы Страбонның хабарлауынша, массагеттердің солтүстігінде дах (дай) тайпалары өмір сүрген. Бұл, шамамен, Аралдың оңтүстігі мен Каспий теңізінің шығысы болса керек. Б.з.д. III ғасырдан бастап массагеттердің аты көп аталмайды, олардан гөрі дайлар (дах) тарихи мәліметтерде көбірек аталып, Каспийдің оңтүстік-шығысынан Парфия шекарасына дейінгі жерді алып жатты. Бұл аталған тайпалар Қазақстан жерінде б.з.д. VIII—IV ғасырлар аралығында өмір сүрген. Бұлар өзара мәдени-этностық жақын, туыстас тайпалар болған.
Үйсіндердің этникалық тарихы: Үйсін тайпасының баста қалыптасқан аймағы — Солтүстік-батыс Қытай жері, осы күнгі Баркөл көлінің маңайы деп есептеледі. Үйсіндердің атауы, оның мөні, бұл көне атаудың кейінгі қазақ ұлысындағы үйсіндер атауымен байланысы әлі толық шешілмеген. Мысалы, ушиндер туралы дерек "Монғолдың құпия шежіресінде" (XIII ғасыр), Рашид ад-Диннің еңбегінде (XIV ғасыр) кездеседі.
Бұдан қандай түйін жасауға болады? Біздіңше, көне қытай жазбаларындағы усун тайпасы мен кейінгі қазақтың Ұлы жүзіне ортақ атау болған үйсін тайпалық одағының арасында байланыс бар. Бұл атаудың орта ғасырлар заманында да үзілмей аталуы көне үйсіндер мен кейінгі үйсіндер арасында этногенетикалық та байланыс бар екендігін көрсетеді.