Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет43/72
Дата27.11.2023
өлшемі3,73 Mb.
#128901
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
Áà?äàðëàìàñû Á³ë³ì àëóøû?à àðíàë?àí ï?í áîéûíøà î?ó áà?äàðëàìàñû

Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қарахан кезеңіндегі мәдениетінің ерекшеліктері.
2. Ортағасырлық түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының көзқарастары.
Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі
1. Молтобарова К.И. «Мәдениеттану». - А, 2018.


Дәріс 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
9.1. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы
9.2. Ұлттық музей-қорық жобалары.
Дәріс мақсаты: Қазақ мәдениетінің қалыптасуы анықтау.
Кілттік сөздер: жырау,қазақ халқы музыка және ақындық өнер,музей-қорығы.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікпен үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.
Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-семіп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.
Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы даланы тұтас бір континуим ретінде бағалаумен қатысты. XX ғ. қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар.
Архаикалық қауым әдептік реттеуі басым қоғамға айналуы үшін бірнеше сатылардан өтуі қажет. Осы жөнінде әдебиетте әдептің қалыптасуындағы үш саты аталып өтіледі: 1) Культ (табыну) сатысы. Бұл сатыда жеке адам табиғаттан да, қауымнан да ажырамаған, «Біз» феномені үстемдік етеді. 2) Мәдениет сатысы. Бұл сатыда әдеп, құқық, өркениет қалыптаса бастайды. Жеке адам тарихи өзгерістердің басты күшіне айналады. 3) Әлеуметтік сатысы. Бұл сатыда жеке адамның құқықтарын қастерлеу және келісімділік негізінде азаматтық қоғам (адамдық қауымдастық) қалыптасады.
Біз бұл оқулықта «мәдени реттеу» түсінігін адамдық ынтымақтастық пен бірегейленудің, адамдардың бірлесе өмір сүруінің ерекше нысаны ретінде қолданамыз. Кезінде Э. Дюркгейм адамдық қауымдасудың органикалық түрі туралы арнаулы пікір айтқан. Ол мұндай тұтастықты биологиялық ағзамен салыстырады: онда барлық мүшелер бір-біріне ұқсамайды, бірақ барлығы бірігіп ағзаның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Органикалық ынтамастықтың әлеуметтік-мәдени негізінде әдеп, тұлғалық еркіндік, мүдделер келісімі және заң жатады. Осындай тұлға жалпы келісімге негізделген императивтер аймағында еркін әрекет ете алады.
Бұл қоғамның жетекші қағидаты – дарашылдық. Ф. Хайек те қазіргі кезде «капитализм» мен «социализм» деген атаулардың ескіргенін және бүгінгі адамдар бірлігін «адамдық қауымдасу мен ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі» деп атау керек деген.
Архаикалық тобыр мен адамдық қауымның арақатынасы жөнінде әдебиетте сан алуан көзқарас бар. Адамдық және әлеуметтік құрылымдарды еңбек теориясымен түсіндіретін марксистік ілімдерде шаруашылық коллективтері мен туысқандық қауым біртектес болып келеді деген қағида басшылыққа алынады. Алайда этнографиялық деректер бұл көзқарасқа күмән келтіреді. Қазіргі этнологиялық зерттеулер антропоидтардағы топтар мен гоминидтердің ілкі топтарының арасында ұқсастық барлығын дәлелдейді (экзогамия, иерархиялық құрылым, реттеу). Жыныстық қатынастарды реттеу алғашқы қауымдық бірлестіктердің (отбасы, ру, тайпа) пайда болуының маңызды факторына жатады. Басқаша айтқанда, тобырдан жеке индивид емес, қауымдық құрылымдар бөлініп шықты.
Алғашқы қауымдық мәдениеттер (аңшылық-көшпелік және екінші көшпелік – номадизм) пайда мен табыс табу принципінде емес, керісінше, «сый экономикасына» негізделген. Қонақжайлық осының бір көрінісі болып табылады. Табиғи ресурстар қауымының меншігі болып табылғандықтан эгоистік мүдде қалыптаса алмайды. Егер патриархалдық бастауларға сүйенетін отбасында индивидуализм үстем болса, Бахофен ашқан «Аналық құқықта» қауымшылдық пен жалпылық алдыңғы қатарға шығады. Алғашқы адамдық бірлестіктер элитарлық емес, қайта эгалитарлық негізде пайда болады. Туысқандық қауымда руластар арасындағы кикілжіңдер ақсақалдарының араласуымен шешіліп отырған. Қазіргі кең тараған айтыс бір замандарда адамдар немесе олардың топтары арасындағы қайшылықтарды шешуге бағытталған.
Өз тарихымыздан, минорат салтының көшпелі қауымда адамгершілік принциптерінің жоғары деңгейінің дәлелі екендігі туралы еске салғымыз келеді. Әр түрлі себептермен әкесінен айырылған кіші ұл осы «алтын мұра» арқылы аяғына тұра алады және қара шаңырақты бекім ұстай алады. Әрине адамның материалдық болмысынан туатын әлеуметтік-мәдени факторлар тұлғалық дербестіліктің қалыптасуына үлкен әсер еткенін бекерге шығара алмаймыз. Шынында да еңбектің бөлінісі, меншіктік қатынастардың дамуы, әлеуметтік байланыстардың күрделенуі өзіне-өзі жауапты дербес адамды тарих сахынасына шығара алады. Алайда, қоғамдағы бірінші әлеуметтік бөлініс – жыныстық бөлініс екендігін естен шығармау қажет. гендерлік қатынастардың дамуы тұлғалық мәдениеттің қалыптасуында әлеуметтік-экономикалық факторлардан кем рөл атқарған жоқ. Сол себепті қазақтың және оның арғы тектерінің әдеп мәдениетін сипаттағанда тек «патриномиялық ру» төңірегінде айнала беру жеткіліксіз. Қазақ мәдениеті тарихын зерттеушілер еуразиялық далада матриархат ұзақ ғасырлар бойы қоғамдасудың басты түрі болды дейді. Археологиялық деректер балалардың аналарының қасында жерленгенін дәлелдеуде.
Енді осы қауымнан алғашқы дараланып шыққан феномендерге этикалық талдау берейік. Алғашқы қоғамдастықтарда тұтастықтың басымдылығы жөніндегі пайымдау дұрыс болғанымен, бұл тұтастықты не механикалық агрегат, не биологиялық популяция, не көпмүшелі ағза ретінде қарастырған дұрыс емес. Адамдық коллективті (тіпті, қоңыс аударушы ежелгі аңшылар мен терімшілердің өзінде) жекелік қасиеттерін жоғалтпаған адамдар бірлестігі құрастырады. Осының бір дәлелі – субъективтік жаны жоқ адамдардың о бастан болмағандығы.
Архаикалық көшпелілер мәдениетін зерттеушілер қауымнан алғашқы дараланған адамдар ретінде ру басыларды, ақсақалдарды, батырды, абыз, бек, көсемдерді, сәуегейлерді тағы б. атап өтеді. Бұл сипаттағы ру басылар адамдық ынтымастықтың қауымдық тәртібін жүзеге асырушыларға жатады. Ру басылардың «билігі» шын мәнісінде бағындырушы қатынастардан тумайды. Ру басы мен кейінгі қазақ қоғамындағы билердің арасында түбегейлі айырмашылықтар бар. Ежелгі мәдениет контекстінде ру басылардың төмендегідей ерекшеліктерін атап өтуге болады.
Біріншіден, ауызекі ақпараттық беріліс жағдайында ру басылар ең тәжірибелі, көпті көрген және көпті түйген, осының нәтижесінде руластарының арасынан дараланып шыққан. Екіншіден, ру басының белгі мен беделі сакралды (қасиетті) сипатта тиянақталған.
Ру басыларының қауымнан даралануы екінші мифологизациялану нәтижесінде жүзеге аса бастады.
Әлеуметтік жіктері ажыратылмаған қоғамда адамдық қарым-қатынастар дәстүр, рәсім (ритуал) және мифтік сананың қауымда шексіз үстемдік етуімен реттеліп отырды. Алғашқы фратрияларда (жыныстық қатынастары шектелген тотемдік топтарда) дәстүр рәсімдерін коллектив мүшелерінің барлығы орындалған және білген. Кейін дуалдық (қосбайланыстық) фратриялардың әлеуметтік өмірі күрделенген жағдайда осы топтардағы ең беделді адамдар өкілеттік функцияға ие болып, бүкіл рудың атынан әр түрлі сайысқа түсе алатын болған.
Ру басылардың сакральдық билігі тек олардың қоғамдағы орнын фетиштендірумен қатар, туысқандық қауымға тән тотемдік сенімдермен де нығайтылған. Арғы тек (тотем) тек қауым-фратрияны ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлысты біріктіретін магиялық бейнеге жатады. Жаңа тас дәуірінен бастап ру басылар басқа қауымдастарынан бөліне бастайды және бұл олардың ритуалдық дәнекершілер қызметінен де туады. Әдетте, ақсақалдар дәстүр-рәсімдердің тасадағы мазмұнын терең меңгергендіктен басқа қандастарының арасында киелі адамдарға айналады. Егер әскери демократия батырлардың дараланып шығуына әсер етсе, ілкі тектерді антропоморфтандыру ру басыларының мәдени функцияларын күрделендірді. Осы кезеңде адам мен дүниенің жаратылуы туралы этнологиялық, ру мен тайпаның арғы тектен бергі тарихын баяндайтын генеалогиялық, мифтер мен арғы аталардың ерлігін жырлайтын поэтика қалыптасады.
Ру басыларының қауымнан дараланып бөлінуінің тағы бір әлеуметтік-мәдени негізіне көшпелі қауымдағы ақсақалдардың билігі (геронтократия) жатады. Бұл әлеуметтік құрылым қауымдық меншік шытынап, негізгі тіршілік құралдарына (көшпелілерде – малға) индивидуалдық меншік пайда бола бастаған кезде өз нышанын береді. Патриархаттың матриархатты ауыстыруы нәтижесінде еркектердің рөлі бірінші орынға шығады және ру басылар, көсемдер, әскер басылар, т.т. олардың арасынан таңдалып алынады. Шын мәнісіндегі әлеуметтік мұралану тек аталық құқықта жүзеге аса алады. Э. Фроммның пікірін қайталасақ, аналық қоғам қауымшылдықтың тірегі болса, аталық қоғам тарихтағы индивидуалдандыру үдерісін бастап берді. Патриархалдық қатынастар геронтократия мен арғы текті әсірелеуге сүйенді.
Жоғары келтірілген аңыздардан алғашқы қоғамдастықтарда жеке билік тек сакральды, дәстүр мен салттық сананың күші арқылы бекітілетінін көреміз. Әрине, ата-бабалар қиын-қыстауда арқа сүйетін тірек бола алады. Бірақ, оларға сай құрмет көрсете алмаған жағдайда арғы тектер кесірлі күштерге де айналып кетуі мүмкін. Сол себепті ата-бабалар культі жіктеле басталған қауым ынтымақтастығын сақтайтын басты фактор еді.
Исламды қабылдағанға дейінгі түрік көшпелілерінде «басқарушы» топтың әлеуметтік орны арнаулы дәстүр мен салттық сананың бақылауында болды. Бұл дәстүр көптеген жағдайда хандар мен бектердің билігін қауым мүдделері тұрғысынан шектеуге бағытталған. Сол себепті осы әдептік тұтастыққа қатысты автаркия мен деспотия туралы айту орынсыз. Мысалы, қытай тарихшылары көшпелі түрік иеліктерінде хан мен бектердің қатардағы тайпаластарынан артықшылығы аз екенін және соғыс жағдайында ғана олардың билігінің артатындығын атап өтеді. Зерттеушілер көшпелі мемлекеттерде «хан талау» деген дәстүрдің болғанын айтып өтеді. Бұл бір сипатта Дж. Фрезер мен З. Фрейд еңбектерінде кездесетін архаикалық «көсемді құрбандыққа шалу» сарынымен ұқсас келеді. Аталған үрдіс қазақ хандығында да сақталып келген. Мысалы, Орынбор губернаторы Ваконскийдің мына бір куәлігі бар: «Күшті ру басылары немесе топтасқан барымташылар ханға бағынбақ түгіл, оның малын тартып алады». Тағы бір куәлік: Әбілхайыр хан Ресейге бодандыққа ену туралы келісімге келгеннен кейін, ел жиыны оны өлім жазасына бұйырады және сонда бұл үкімді Барақ сұлтан жүзеге асырады. Ш. Уәлиханов та осы сипатта өз дәлелін келтіреді. «Қазақтың ешқандай ханы Абылайға дейін шексіз билікке ие болған жоқ. Ол бірінші болып өз кеңестерімен хан билігін тежеп келген күшті ру басылары мен сұлтандарды бағындырды, тек халық жиынының ғана шешімімен берілетін өлім жазасын өзі бұйыруға мүмкіндік алды» (Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5 т. – Алма-Ата: Наука, 1976. – 94 б.).
Бумын, Естемі, Білге, Күлтегін, Тоңыкөк қағандар «елдік» принципін басшылыққа алып, мәдени тұтастықта түрік халқы үшін басты қауіп табғаштан (Қытайдан) келеді дейді. Табғаштар жібек маталарымен қоса өздерінің өмір салтын, діні мен ділін арамызда таратып, түбінде түріктерді бодандандыруды көксейді. Сол себепті ішкі бірлікті нығайту қажет. Біз, әрине, мәдени қаһармандар ретіндегі елбасылардың орны мен қызметін әсірлеуден аулақпыз. Бірорталыққа бағындырылған биліктің жеткіліксіздігі ру-тайпалық сепаратизмді өршілендіріп жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда, Л. Гумилев айтқан, түрік тайпаларының тарихи қарғысы – рулар қақтығысы орын алды.
Біздің өркениетіміз өте ерте дамыған және ол қала мен даланың синтезі. Ендеше, біздің жерімізде мемлекеттің жабайы түрі емес, кемеліне жеткен түрі болған. Б.з.д. V ғасырда бұрынғы үйсін мемлекеті жөніндегі қазіргі Қытай жерінде көптеген зерттеулер бар. Түрік қағанаты кейінгі түргеш, ұйғыр, қарахан, қырғыз, хазар қағанаттарына қарлық, оғыз, қимақ мемлекеттеріне, Алтын Орда, Жошы ұлысына, қазақ хандықтарына жол салды.
Л.Н.Гумилевтің пікірінше тәңірге табынушылық аспан мен жер арасындағы көзқарастардың басын қосқан дүние деп мойындайды. Л.Н. Гумилев ғұндар туралы айта келіп, Қытай елшісі (245-250 ж.ж.) Кампучияда болған кезінде ғұндардың жазуына ұқсас жазу көргенін ескертеді. Ендеше Орхон-Енесай жазуының түпнұсқасы тым алыста жатыр. Қ.И. Сатпаев өзінің 1942-жылғы өкіметке жолдаған хатында 81 жастағы Мұрын Сеңгірбаев жыраудың 18 жастан бастап «Қырымның 40 батыры туралы» сияқты жырларды орындағанын жазыпты. Ол Сыпыра жыраудың, Әбіл жыраудың, Нұрым жыраудың мұрагері. Мұрын жырау әрбір жырды 7-10 күннен жырлайды екен (Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 400 б.). Сонда 40 жырға 400 күн керек емес пе?
Міне, осылай Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа мәдениет типін қалыптастырды. Егер бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстемдік етсе, екінші түркі қағанатында руналық жазу тарады. VІІ-ХІІІ ғ. қалған Монғолия мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда көне түркі алфавитімен жазылған 200-ден астам ескерткіштер қалды. Ал біздің жыл санауымызға дейін V ғасырда өмір сурген Есік жазуындағы 17 әріптің 13 көне түркі руникалық алфавиті екенін айтсақ түркілердің жазуы, өнері тым ерте екендігі көрінеді. Д. Клеменецтің көне түркілерді «тамаша халық» деуі осыдан.
VІ ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші шығыс мәдениеті игеріле бастады.
Кезінде кеңестік шығыстанушылар орта ғасыр дәуірінде жеті тарихи-мәдени өлкелер қалыптасқанын мойындағанды: еуропалық, араб-исламдық, орташығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық. Академик Н.И. Конрад алғашқы кезде мәдени қарым-қатынаста көне халықтардың мәдениеті үстем болды, ал екінші кезеңде жаңа ортағасырлық әдебиет туындаған кезл\де жас халықтарға кезек тиді, олар ортағасырлық әдебиет жасады – жапондық, жаңа үнділік, жаңа түркілік, жаңа ирандық, арабтық, армяндық, грузиндік, славяндық, романдық, германдық (Конрад Н. Запад и Восток. Традиции и современность. – М.: Наука, 1993. – 403 б.), – деп атап көрсетті.Міне, осылай түркі өркениетінің қанат жайып, түркі әдебиетінің өскен кезеңі Түркі қағанатының тұсына келеді. Егер біз Египет өркениеті 6000 жыл бойы дамып, өзін танытты десек, жас түркі өркениеті алда кеткен өркениетті аса жылдамдықпен қуып, баса көктеп өркендеді.
Түркі қағанатының ғажабы – тайпалық томаға тұйықтық көзқарас орнына жалпы империялық, жалпы түркілік идеология орнады. Кейін империя құлаған кезде бұл тайпалардың мемлекеттігінде бір әдеби тіл, жазу, бірегей саяси-әлеуметтік жүйе, материалдлық мәдениеттің бірегей нормалары сақталды. Сайын даладағы халықтар өздерінің бір мәдени ортаға қосылатынын білді, осының негізінде болашақ түркі тектес халықтардың бірегейлігі беки түсті. Ал бірегейлік Алтайдан Дунайға дейінгі қыпшақ даласында одан әрі жалғасын тапты. Ұлы Жібек жолы трансконтиненталды трасса сайын сахарада дала мәдениетіне қала мәдениетін қосты.
Дала өркениетінің бір белесі моңғол шапқыншылығы тарихына байланысты. Сөз жоқ, бұл шапқыншылықты Европа варварлардың ісі деп біледі. Ұлы Евразия даласында пайда болған мемлекеттер жаңа мәдени-әлеуметтік тұтастықтың көрінісі болды: «Түріктер мен татарлар бәр-бәрі Кіндік Азиядан келіп, тарихта елеулі рөл атқарды.
Көпшілігі олар көшпенді болғандықтан варвар болуға тиіс деп ойлайды, ал бұл қате түсінік» (Конрад Н. Запад и Восток. Традиции и современность. – М.: Наука, 1993. – 403 б.).
Моңғолдар сан емес, жауларын сапамен жеңді, онда да тәртіп, ғажайып ұйымшылдықта болды. Әлемді таңдандырған жеңіс Шыңғыс ханның асқан қолбасшылық өнерінің арқасы еді.
Бұл арада Шыңғыс ханның жиһангерлігін емес, өркениеттік дәрежедегі жасампаз қайраткерлігін айту керек. Далалық мемлекет басқару жүйесі сол кезде шыңдала түсті. Моңғолдардың адат заңы ғасырлық халық тәжірибесі үлкен Ясыға – Кодекске айналды. Оған бас қағанның өзі бағынуға тиіс болды. Моңғолдардың Ұлы мәжілісі – Құрылтай хан сайлады, іргелі мәселелерді шешті. Бұл тәртіп империя өз құрамына отырқшы халықты қосып алып, мемлекет көшпелілік сипатын жоғалта бастаған кезде де өзгермеді. М. Аджи Шыңғысханның түбі түркі екендігіне назар аударды (Мурад Аджи. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой степи. - М.,1999. – 21 б.). Бұл пікірді кезінде академик В. Бартольд та айтқан-ды. З.В. Тоғанның айтуынша, Шыңғыстың бабалары өздерін Ергүнікөннен шыққан көктүрікпіз деп санаған (Кокалып З. Түрікшілдіктің негіздері. - Алматы: Мерей, 2000. - 128 б.).
Орыс әскери ғалымы М.Н. Иванин көрсеткендей, Әмір Темір Ұлы Шыңғыстың заңдарын одан әрі дамыта түсті. Моңғол мемлекеттік жүйесі Алтын Орда мен Мәскеу Русінің державалығын шыңдады. Мәскеу мемлекеттігіне самодержавие, орталықтандыру, басыбайлық, почта бекеттері, көлік салығы, халықты жалпылай санақтау, әскери-әкімшілік жүйе, орыстың ақшасы – күміс теңгесі моңғолдар арқылы тарады. Эренжен Хара-Даван моңғолдан сабақ алған орыс елі шашырап жатқан жұртын біріктіріп, Ұлы Мәскеу мемлекеті болып қалыптастыруға әкелді деп санайды.
Басқаша айтқанда, Шыңғыс хан бұл арада ғасырға созылған дала әлемінің тәжірибесін жинақтап, жасампаздық қасиетін танытты. Ендеше, өркениеттің эволюциялық даму барысында болған тарихты даяр қалыпқа бағындырып, қатырып тастамай, салыстырмалы, жүйелі қараған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет