Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет41/72
Дата27.11.2023
өлшемі3,73 Mb.
#128901
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Ғұндардың мифтері мен діни наным-сенімдері.
2. Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктеріне тоқталу.
Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі

  1. Молтобарова К.И. «Мәдениеттану». - А, 2018.

  2. Ғабитов Т.Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы». – Алматы: Қазақ университеті, 2016

  3. Ғабитов Т.Х., Затов Қ. «Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі». - Алматы: Раритет, 2013.



Дәріс 7.Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті.
1. Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде.
2. Ортағасырдағы түркі мәдениеті.
3. Ортағасыр мәдениеті мен ғылымының қалыптасуындағы әл-Фарабидің үлесі және математиканың дамуы, өнер, әдебиет, сәулет өнері, техниканың дамуы мен ғылым дамуы.
Дәріс мақсаты: Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті мен ерекшеліктеріне тоқталу.
Кілттік сөздер: Жібек жолы,қала мәдениеті,ақша шығару iсi,әл-Фараби
1. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы 7 мың шақырымнан астам Ұлы Жібек жолының дүниежүзілік өркениеттің дамуында үлкен роль атқарғаны бәрімізге мәлім. Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Бұл трасконтинентальды жол тек қана сауда - саттықтың көтерілуіне ғана емес, сонымен қатар қалалар мен өнердің гүлденуіне, мәдениеттер, діндер мен тілдердің араласып толысуына, жалпы айтқанда, адамзат мұрасының қалыптасуына қатты әсер етті.
Ұлы Жібек жолы адамзат тарихында алғаш рет Жерорта теңізінен Тынық мұхитқа дейін ұлаң - ғайыр аймақтағы түрлі ұлттар мен елдердің мәдениетін біріктірген еді.
2. Орта ғасырлардағы тарихи және географиялық әдебиеттерде Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстанда, Талас, Қырғыз, Iле және Жоңғар Алатауларының бөктерлерiнде, Қаратаудың күнгей және терiскей беттерiнде, Сырдария, Арыс, Шу, Талас, Сарысу, Кеңгiр, т.б. өзендердiң аңғарларында егiншiлiктiң, қала құрылысы мен сәулет өнерiнiң жоғары дәрежеде дамығаны айтылады. 6 — 13 ғ-дың басында қалалардың пайда болу, даму тарихын археологиялық деректер-де растауда. 6 — 7 ғ-ларда Қазақстан халқының көпшiлiгi жартылай көшпелi және көшпелi тұрмыс кештi. Түркiлердiң келуiмен бiрге Қазақстан жерiнде тiзбектелген балбалдармен қоса антропоморфтық тас мүсiн, қатар-қатар тас қоршаулар пайда болды. Осы тұста темiр үзеңгiлер, садақ жебесiнiң, қанжардың жаңа түрлерi, қылыш соғылды. Металл жапсырмалармен безендiрiлген жауынгерлiк белбеу кең тарады. Археологиялық материалдармен қоса жазба деректер-де түркiлердiң киiм-кешегi жөнiнде пайымдауға мүмкiндiк бередi. Сыртқы киiм терiден, басқа киiмдер жүн және жiбек матадан тiгiлген. Ол кезде жұрт шапан киiп жүрген.
Шалғайы солдан оңға қарай қаусырылған, денеге қонымды, ықшам шапанның сыртынан белбеу буынған, белбеуге қынаптағы семсер және пышақ, шақпақ, қайрақ, ұстара, т.б. ұсақ-түйек салатын кiсе iлiнген. Ақсүйек өкiлдерiнiң мүсiндерi жасалған.
Ислам қағидаларының таралуымен байланысты адамды бейнелеу дәстүрi жойылды. Бұл дiн едәуiр кейiнiрек сiңген солт. аудандарда ғана адамның тас мүсiнiн жасау дәстүрi едәуiр уақыт бойы сақталып келдi. Қазақ жерiнде 6 — 8 ғасырларда айналыста болған, ақша пiшiнiн сипаттайтын материал тым тапшы. Бұл дәуірдегі теңгелердi билiк басындағы рулардың өкiлдерi шығарған. Олар бұл, ақшаларға өздерiнiң белгiлерiн — рудың идеограммалық таңбаларын түсiрген. Бұл таңбаларға қарап билеушiнiң руын, сондай-ақ, қай рудың ежелгi ру екенiн анықтауға болады. 6 — 8 ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстанның ең iрi саяси-экономикалық аудандарының бiрi Отырар қ. болды. Қарахан әулетiнiң ақша шығару iсi Самани әулетi заманынан қалған мұраны пайдаланған. Бұрынғыша «қара дирхемдердiң" барлық түрлерi айналымда жүре бердi, олардың iшiнен неғұрлым ұзағырақ пайдаланылғаны гитрифи түрiндегi «мыс тектес» ақшалар болды. Бұған қоса, базар нарқы зорлықпен енгiзiлген дирхемдердiң жаңа түрлерiмен толықтырылды. Егер 11 ғасырдың басында жоғары сапалы күмiс дирхемдер айналымда жүрсе, содан кейін құрамындағы мыстың мөлшері 35%-ға дейiн жететiн теңгелер шығарылғаны белгiлi. Күмiс, ақша құю 11 ғасырдың соңғы ширегiне дейiн созылды. Шамамен 11 ғасырдың орта кезiнен бастап Қарахан мемлекетiнiң ақша жасайтын үйлерiнiң бiр бөлiгi бiраз уақыт мыс пен қорғасынның қорытпасынан құйылған дирхемдер-де шығарып тұрған. 12 — 13 ғасырларда олар мыстан жасалып, бетiне күмiс жалатылды. «Күмiс дағдарысының" пайда болуына Орта Азияда күмiс қорының азайғандығы себепшi болды. 11 ғасырдан 13 ғасырдың бас кезiне дейiнгi аралықта қала өмiрiнiң өркен жайған, тауар өндiрiсi өскен, сауда дамыған кезең болды. Өндiрiстiң қаулап өсуi нарықты алмасу құралымен көптеп қамтамасыз етудi талап еттi. Күмiс қоры таза күмiс теңгелердiң пайда болуына мүмкiндiк жасай алмады.
Самани әулетi мен қарахан әулетi тұсында тауар орнына жүрген алтын динарлар ендi айналым құралына кiрдi. Алтын, ақша айналымында тұтас теңгелер ғана емес, сонымен бiрге олардың әр түрлi көлемдегi және салмақты бөлшектерi-де айналымға қосылды. Көптеген, ақша жасайтын үйлерде алтын динарлар шығарылды, олардың сапасы мен салмағында оқта-текте айырмашылық болды. Әйтсе-де олар бiр мезгiлде айналымда жүре берген. Бұған Орта Азия жерiнен табылған, ақша қазынасы дәлел бола алады. Ұсақ бөлшек сауда үшiн мезгiл-мезгiл мыс, ақша шығарылып тұрған.
3. Оңтүстік Қазақстан мәдениетiнiң дамуына Отырардан (Фарабтан) шыққан, мұсылман әлемiне белгiлi ұлы философ және ғалым-энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидiң ғылыми қызметi дәлел. Ол әлемдiк мәдениет, әсiресе көне, араб, үндi-иран мәдениетi жетiстiктерiмен тығыз байланысты жергiлiктi мәдениет дәстүрлерiмен тәрбиеленiп өстi. Әл-Фараби адамның ақыл-ойы мен болмысының диалектикасы бiрлiгiн ашып бердi; астрономия мен геодезия, архитектураның матем. негiздерi, муз. мен эстет. теориялары бойынша зерттеулер жүргiзiп, бiрқатар әлеуметтік және логикалық трактаттар жазды. Бір аңыз бойынша, ол Аристотельдің “Жан туралы” дейтін еңбегін жүз рет, “Табиғи гармониясын” қырық рет, “Риторикасын” екі жүз рет оқыған көрінеді. Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген дәрежеге көтерілді.
Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын дамыта отырып,оны тек оқып қана қоймай өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі кала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғылымдардың шығуы”, “Бақытқа жету” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған.
Фараби Аристотель еңбектерін барлық қырынан зерттей отырып, өзі де жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Кер-тартпа мұсылман діншілдері ғылымды дүние тануды тұншықтыруға күш салып баққан түнек заманда білім мен өнерді паш етудің өзі Фарабидің ғылым мен мәдениет тарихындағы кесек үлестерінің бірі. Ол ғылымның көп салаларын меңгеріп, тамаша табыстарға жеткен.
Фараби ғылымының философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты, ғылымды оку және оқыту ретін белгіледі, әрқайсысының пәнін анықтап, мазмұнын ажыратып беруге тырысты.
Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді, математикада үлкен жаңалыктар ашты, астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды, физика ғылымын жаңа идеялармен байытты, медицина, химия, минерология тәрізді жаратылыстану ғылымының маңызды салалары бойынша еңбектер жазды, ертедегі 62 дүние оқымыстыларының пікірлеріндегі озық және тозық қағидаларды талдады. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар жайлы жазғандары өз алдына бір төбе. Жан-жақты білімімен қатар, медицинаны да жақсы меңгерген, бұл салада көлемді еңбектер жазған. “Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да – басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес», – деп адам ағзасы мүшелерінің қызметін де айқындап берген. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. ӘлФарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды. Қорқыт өмір бойы ажалды жеңетін күшті іздесе, әл-Фараби бақыттың кілтін іздеді. Бақытты қалада тұруды армандады. Ол ең соңында: «Бақытқа қолы жеткен адам үшін ең жарастысы – қанағатшылдық жасау», – деп бақытты қанағатпен ғана ұстап тұру мүмкін екенін айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет