Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет32/103
Дата14.10.2023
өлшемі2,39 Mb.
#115139
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103
Карл Маркс (1818-1883). Карл Маркс 1818 жылы Германияда дүниеге келген. Философ, экономист және қоғам қайраткері 23 жасында философия докторы дәрежесін алды. Радикалды көзқарастарына байланысты ол ешқашан профессор болмады және өмірінің көп бөлігін қуғында және жоқшылықта өткізді
Маркс XIX ғасырға тән кедейлік пен теңсіздікке қарсы шықты. Замандастарының көбінен айырмашылығы – ол кедейлікті табиғи құбылыс немесе Құдайдың жазғаны деп мойындамады. Оның орнына ол кедейлік пен теңсіздікті жекеменшікке бағытталған, бай адамдардың мүдделерін қорғайтын жүйенің адамдарға келтірген зияны ретінде қарастырды. Нәтижесінде, өзінің күш-жігерін сол жүйені түсінуге және жоюға арнады. Маркстың идеяларының басым бөлігі әлеуметтанушыларға қарағанда саясаттанушылар мен экономистерді көбірек қызықтырды.
Бірақ оның идеялары экономикалық жүйе, әлеуметтік конфликт және әлеуметтік өзгеріс тәрізді құбылыстардың маңызына әлеуметтанушылардың назар аударуына зор ықпал етті.
Маркс кез келген адамзат қоғамының ең негізгі элементі – оның экономикалық жүйесі деген сенімде болды.
Оның пайымдауынша, бұл жүйе барлық әлеуметтік және саяси құрылымдардың негізін құрайды. Мысалы, дәстүрлі ауылшаруашылық қоғамдарында әдетте қожайын басты экономикалық ресурс – жерге ие болады.
Нәтижесінде, әйелінің күйеуіне қарсы шығуына құқы жоқ, ал балалары әкесі жар таңдап, үйленуге рұқсат бермейінше шаңырақ көтере алмайды.
Маркс әлеуметтік өзгерістерді экономикалық мүдделері қарсы келген топтардың арасындағы конфликттің нәтижесі деп санады. Шын мәнінде, қоғам қайраткері және ғалым ретінде Маркс конфликттерді өршітуден және байларды әлсіретіп, жұмысшыларға лайықты өмір сүруге мүмкіндік беретін (коммунистік) революцияны жандандырудан үміттенді.
Эмиль Дюркгейм (1858-1917). Дюркгейм Францияның ең таңдаулы университеті – Сорбоннада профессор болып қызмет етті. Дюркгейм қоғамды жоққа шығармай, оны мойындады. Оның зерттеулері қоғамның тұрақтылыған сақтауға және тұрақты қоғамның жеке адамдардың бақытты болуына көмектесетінін түсіндіруге арналған. Маркстың мұрасы – әлеуметтік конфликттер мен әлеуметтік өзгерістерді көрсететін теория болса, Дюркгеймнің мұрасы әлеуметтік тұрақтылықты көрсететін теория болып саналады.
Дюркгеймнің басты ойларының бірі – «әлеуметтік тұрақтылық – әлеуметтік тәртіп пен еркнідіктің арасында лайықты теңгерім болуын қажет етеді» деді. «Суицид» деп аталатын зерттеуінде Дюркгейм қатаң тәртіп пен шексіз еркіндік адамдардың өзін-өзі өлтіруіне себепкер болатынын айтады.
Жазмыштық (фаталдық) суицид қоғамда еркіндік аз және тәртіп қатал болған жағдайда орын алады: әлеуметтік институттар мінез-құлыққа шектеу қойған кезде адам өзін торға түскендей сезінеді. Мысалы, қазіргі уақытта ата-анасынан, діннен, мектеп пен сыныптастарынан аулақтау жүретін жас америкалықтар арасында өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші жоғары, себебі олар аталмыш тараптардан қандай да бір бақылауды сезінбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет