Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет40/103
Дата14.10.2023
өлшемі2,39 Mb.
#115139
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Әлеуметтік құрылым дегеніміз – бұл қоғамның ішкі құрылысы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың өзара байланыстары болып табылады.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне:
1) өзара қарым-қатынас жасайтын жеке тұлғалар мен адамдар
2) адамдардан құралған әлеуметтік қауымдастықтар
3) қоғамда пайда болатын әлеуметтік институттар жатады
Бұл элементтердің барлығы көптеген, түрлі өзара байланыстар мен қарым-қатынастар арқылы шырмалып жатады.
Қоғамның құрамдас элементтері: адамдар, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар.
Кез-келген қоғамдық ортада адам өмір сүреді. Ол қоғамның жігерлі субъектісі, қоғамдық құрылымда әрекет ететін шешуші тұлға. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді, және бірнеше ұйымдардың мүшесі бола алады. Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Олардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі байланыстары мен іс-әрекеттері қоғамдық қатынас деп аталады.
Әлеуметтік байланыс – адамдардың нақтылы бірлікте, белгілі уақытта, белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған, біріккен іс-әрекетіне жағдай туғызатын, адамдардың сапасына байланыссыз, ұзақ мерзімге, еңбек ету нәтижесінде қалыптасатын байланыстар.
Әлеуметтік ұйымдар – ұжымның мүшесі болатын жеке адамдардың іске асыратын позициялары мен атқаратын ролдерінің күрделі, өзара байланысты жүйесі.
Әлеуметтік әрекет – адамның қажетінен туындайтын өзге адамдардың әрекетімен байланыста болатын, басқалардың мінез-құлығына бағытталған, оларға ықпал жасайтын және өз кезегінде өзгелердің мінез-құлығының ықпалын басынан кешіретін адамның саналы әрекеті.
Әлеуметтік қауымдастықтар дегеніміз – отрақ мүдделері, құндылықтары, ортақ іс-әрекеттері секілді бірыңғай белгілері арқылы біріккен адамдар тобын айтамыз. Бір-бірінен түрлі өлшемдері арқылы ерекшеленетін сан түрлі қауымдастық түрлері болады.
Әлеуметтік топтарды немесе қауымдастықтарды үш көрсеткішіне байланысты былай топтауға болады.
1) орнықтылық дәрежесіне байлансыты;
2) көлеміне байланысты;
3) мазмұнына байланысты;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет