Орнықтылық дәрежесіне байланысты әлеуметтік топтар өз алдына үшке бөлінеді:
1. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың әлсіз және кездейсоқ сипатына негізделген орнықсыз топтар. Көбінесе оларды квазитоптар деп атайды. Мысалы: спектакльге жиналған көрермендер, поезд вагонындағы жолаушылар, туристік топ немеесе шеруге шыққан топ т.с.с. айтуға болады.
2. Орта орнықтылықтары топтар. Мысалы: жұмыстағы еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, оқу тобы т.с.сс
3.Орнықты қауымдастықтар. Мысалы: таптар, ұлттар, халықтар т.с.с.
Әлеуметтік қауымдастықтарды көлеміне де байланысты үшке бөледі.
Біріншіден үлкен әлеуметтік қауымдастықтарға, тұтас ел ауқымына таралған топтар жатады. ( таптар, ұлттар, страттар, кәсіподақ бірлестіктері және т.б.)
Екіншіден орта әлеуметтік қауымдастықтарға белгілі бір территорияда шоғырланған топтар жатады. Мысалы: Қызылорда қаласының немесе обылысының тұрғындары т.с.с
Үшіншіден шағын әлеуметтік топтар болып бөлінеді. Мысалы: жанұя, космос кемесінің экипажы немесе оқу тобы және т.с.с.
Шағын топтар ондағы мүшелер саныны аздығынан ғана емес, олардың тығыз байланыста болып, ортақ іс-әрекетпен шұғылданатындығымен ерекшеленеді.
Осыған байланысты шағын топтар да екіге бөлінеді.
а) белгілі бір әкімшілік-құқық ережелеріне бағынатын, арнайы құрылған формальді топтар
б) түрлі ортақ мүдделері мен әуестігіне байланысты құрылған формальсіз топтар
Мазмұнына байланысты әлеуметтік қауымдастықты бес топқа бөледі.
1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, таптар, страттар)
2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, халық, ұлттар)
3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарттар, балалар, әйелдер, ерлер)
4) әлеуметтік-кәсіптік немесе корпоративтік қауымдастықтар (шахтерлар, мұғалімдер, дәрігерлер және т.б. кәсіптік топтар)
5) әлеуметтік-территориялық (өлке, облыс, аудан, қала тұрғындары)
Әлеуметтану ғылымында қауымдастық, топ терминдерімен қатар қазіргі уақытта социум деген термин жиі қолданылады. Социум деп үлкен, орнықты әлеуметтік қауымдастықты және жалпы адамды қоршаған ортаны айтады.
Қазіргі уақытта әлеуметтанушылар әлеуметтік-экономикалық қауымдастыққа ерекше назар аударады. Себебі осы арқылы қоғамдағы адамдар неше түрлі страттарға бөлінеді.
Әлеуметтік ұйымдар ұжымның мүшесі болатын жеке адамдардың орындайтын, іске асыратын әлеуметтік позициялары мен атқаратын ролдерінің күрделі, өзара байланысты жүйеі. Қоғам әлеуметтік ұйымдары белгілі мақсаттары (экономикалық, әлеуметтік саяси, рухани) іске асыратын құрал деп қарайды. Ұйымдардың түрлері: өнеркәсіп, ауылшаруашылық, транспорт, байланыс, халық ағарту денсаулық сақтау, мәдени, ғылым т.б.
Ұйымдардың мүшелері – адамдар қоғамдық жүйенің элементі ретінде, әлеуметтік статусы бар, белгілі бір рол атқаратын тұлға. Ұйымсыз адам болмайды, адамсыз ұйым жоқ. Адам жеке дара тұрын күрделі мәселелерді іске асыра алмайды, сондықтан да белгілі мақсатты іске асыру үшін ұйымға беріледі. Ол мақсатын іске асыру олардың орнын, ролін белгілеуге (мақсаттарды анықтауға, бірінің басқарып, екіншісінің бағынуына) итермелейді. Әлеуметтік ұйымның тиімділігі – адамзат қауымының аса маңызды жетістігі.
Қандайда болмасын бір әлеуметттік ұйымға ететін жеке адамдар еңбек ұжымына (мыс зауыт, фабрика) ететін ережелерді (инструкцияларды), оның белгілі статусына сәйкес өзіндік тәртіп стандартын сақтайды. Сонымен қатар ол адамдар сол ұйымның бағыну қатынасына енеді. Қайтадан қызмет қатынаастары стандартталады. Ең ақырында жеке адамның іс-әрекетінің нәтежиесі анықталады (мыс, жұмысының мерзімі және сапасы), сөйтіп жолақы белгіленеді.
Бұл қалыптасқан жүйе әлеуметтік ұйымға тұрақтылық береді және ол әлеуметтік жүйенің құндылығы болып есептеледі.
3. Қоғам өмірінің даму мәселелерін азамат баласы өте ерте заманнан зерттей бастаған. Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап, сараптайтын көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар арқылы қоғамның даму деңгейі, оның бір сатыдан келесі сатыға өтуі анықталады. Бүгінгі ғылыми әдебиеттерде қоғам түрлерін:
Достарыңызбен бөлісу: |