Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет42/103
Дата14.10.2023
өлшемі2,39 Mb.
#115139
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103
1) дәстүрлі (аграрлық);
2) индустриалды;
3) постиндустриалды деп бөледі.
Дәстүрлі қоғам деп – аграрлық укладты қоғамды айтады. Қазіргі түсінік бойынша дәстүрлі қоғам қарапайым және артта қалған қоғам түрі. Бұл қоғамда өндірістің даму қарқыны өте төмен адамдардың қажеттілігі минималды деңгейде қанағаттандырылады, жаңаны қабылдамайды. Онда индивидтердің мінез-құлқы қатаң бақылауға алынады. Салт-дәстүр және нормалар әлеуметтік институттармен шектеледі.
Индустриалды қоғам – адамдардың қажеттіліктері мен мүдделерінің өзгеруіне сәйкес қалыптасатын икемді әлеуметтік құрылымдар, әлеуметтік мобильдік, коммуникация жүйесінің дамуы жатады. Мұндай қоғамда индивидтің еркіндігі мен мүддесін ортақ принциптермен үйлестіруге мүмкіндік туады. Ортақ принциптер индивидтердің бірлесе еткен қызметін реттеп отырады. «Индустриалды қоғам» терминін ғылымда алғаш қолданған Сен-Симон болды.
Постиндустриалды қоғамда ең алдымен білім мен ақпараттың ролі шұғыл артты. Қажетті білім алып, жаңа ақпаратқа қолы жеткен индивидтің әлеуметтік иерархия сатысымен алға жылжуына қолайлы, біршама үстем мүмкіндіктер жасалады. Табысы мол шығармашылыққа жету үшін еңбек еркіндігінің болуы, оның табысы адамның да, қоғамның да гүлденуінің негізіне айналады.

5 лекция. Қоғамның әлеуметтік стратификациясы


5.1. Қоғамдағы стратификация ұғымы
5.2. Әлеуметтік мобильділік ұғымы мен түрлері
5.3. Қоғамдағы касталық және таптық жүйелер

1. Кез-келген қоғамда әлеуметтік теңсіздік болады.бір адамдар еңбекқор, жігерлі болып, жақсы білім алып, мол табыс табады. Ал, екінші біреулердің ерік-жігері аз болып, өмірде кем табыс тауып жатады. Біреулер бай мұрагерлікке ие болса, екінші біреулер мұндай бақытқа қол жеткізе алмай жүреді.


Осындай қоғамдық теңсіздікке байланысты, яғни адамдардың тұрмыс деңгейінің түрлі дәрежесіне сай қоғам бірнеше әлеуметтік қабаттарға түзіледі.
Демек, адамдардың бір-бірінен тұрмыс деңгейі арқылы қоғам ішіндегі бөлінуін әлеуметтік стратификация деп атайды.(жіктеу)
Түрлі тарихи дәуірлер мен қоғамдарда тұрғындарды стратификациялаудың әртүрлі қағидалары мен страттары болады. 1.касталық 2.тектілік (сословия) 3.таптық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет