Оның ойынша стратификациялаудың 3 өлшемі бар. Олар:
1. Байлық – экономикалық статус
2. Билік – саяси статус
3. Мәртебе - әлеуметтік статус
Осы үш өлшем арқылы қоғамды стратификациялауға болатының айтады.
Әлеуметтік құрылымды зерттеушілерден П. Сорокин өкімет бойынша қоғамды «басқарушылар» мен «бағынушыларға» бөлді.
№6 лекция. Әлеуметтанулық зерттеулер
6.1. Ғылыми методология және әдіс-тәсілдер ұғымы 6.2. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы 6.3. Әлеуметтік мәліметтер жинаудың әдістері
Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз - зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы.
Әлеуметтік зерттеу - Әлеуметтік құбылыс немесе үрдіс жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.
Әлеуметтік зерттеу жаңа білім алуға нақты теориялық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жағдай жасайтын теориялық және эмпирикалық рәсімдер жүйесі
Әлеуметтік зертеулер:
қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сиапатын білуге жағдай жасайды;
әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді.
Экономикалық, саяси жән әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі.
Қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайлы.
Әлеуметтік зерттеудің ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар: а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы;
ә) зерттеу субъектісі;
б) социологиялық зерттеу белгілі - бір мақсатқа жетуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған;
в) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары т. б бар
Әлеуметтік зерттеудің объектісіКең мағынада Әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарамақайшылықтан тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады.
Тар мағынада Әлеуметтік зерттеу объектісіне қандай да бір әлеуметтік мәселенің, яғни адамдар қауымдастығының және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады.