Қоғамдық прогресс дегеніміз - қоғамның жан-жақты сапалы, үздіксіз дамуы. Ал қоғамдық регресс дегеніміз - қоғам дамуының тоқырауға ұшырауы немесе кері қарай құлдырауы.
Әлеуметтану ғылымының қоғам алдында атқаратын негізгі мынадай қызметтері бар:
1. Теориялық-практикалық қызмет
2. Саяси-практикалық қызмет
3. Идеялық-тәрбиелік қызмет
Теориялық-танымдық қызметін іске асыру арқылы әлеуметтану қоғамның мәні, оның құрылысы, заңдылықтары мен оның қызметі жайлы, дамуының негізгі бағыттары мен тенденциялары және даму жолдары жайлы білімді тереңдетіп, нақтылай түседі.
Саяси-практикалық қызметі өз зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес әлеуметтік өмірді жетілдіруге бағытталған саяси және практикалық ұсыныстарды тұжырымдайды.
Идеялық-тәрбиелік қызметі қандай бір формада болмасын белгілі бір әлеуметтік топтардың, таптардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың мүдделерін жүзеге асырады. Сондықтан, әрбір адам әлеуметтік процестерді, қоғамдық қатынастарды және әртүрлі субьектілердің қызметін өзіне белгілі ғана тән ұстанымымен пайымдайды.Ол ұстаным оның шыққан ортасымен, әлеуметтік жағдайымен тығыз байланыста болады.
Лекция 2. Тақырыбы: Әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері
2.1. Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең
2.2. ХХ ғасырдағы ірі социологтардың әлеуметтанулық ойдың дамуына қосқан үлестері
2.3. Қазақ ойшылдарының әлеуметтанулық көзқарастары
Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырдардағы саяси, экономикалық және интелектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді үлкен қиындықпен рационализм мен ғылым алмастыра бастады. Мысалы: 1789 жылы басталған француз революциясы ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті. Қантөгіс болмаса да индустриалдық революция одан да қатты әсер етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала қоғамына айналды. Өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдылығы әлеуметтік күйзеліс тудырды. Себебі бұрынғы өмір сүру жолдары мен әлеуметтік сенімдер біржола жойылып бара жатты. Осы тұста бұрынғы миллиондаған шаруа мен жұмысшы қарқынды дамып келе жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті.
Бұл дүрбелең XIX ғасырдағы интелектуалдық еңбектердің дүниеге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдары мен Карл Маркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды.
Сондай-ақ бұл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеуге де ынталандырды. Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналды, ал жұрт бұдан көп үміт күтті. Электр, телеграф және рентген ойлап табылғаннан кейін қоғам дамуы қарқындай түсті.
XIX ғасырда Еуропада болған төңкерістер әлеуметтанудың нақты ғылым ретінде дамуына себеп болды. Әлеуметтанудың негізін салушы деп саналатын бес ғалымның – Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, Эмиль Дюркгейм және Макс Вебердің еңбектеріне тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |