Макс Вебер (1864-1920). Неміс экономисті, тарихшысы және философы Макс Вебер әлеуметтік зерттеулердің, оның ішінде дін, бюрократия және саясат сияқты ұғымдардың теориялық негізін қалыптастырды.
Вебердің ғылымға қосқан негізгі үш үлесі бар: ол әлеуметтік іс-әрекеттердің субъективті мағыналарын ашты, экономикалық себептерден гөрі әлеуметтік проблемаларды зерттеуде объективтілікке сүйену қажеттігін алға тартты.
Вебер мінез-құлықтың үлгілерін білу оның мағынасын түсінуден маңызды емес деп санайды. Вебердің адам әрекеттерінің субъективті мәнін зерттеген еңбектері діннен бастап иммиграцияға дейінгі алуан түрлі тақырыптағы көптеген ғылыми жұмыстарға негіз болды.
Вебер «экономист» мамандығын меңгерген, оның еңбектерінің көп бөлігі экономикалық және әлеуметтік проблемалардың өзара әрекеттесуіне қатысты болды. Ол Маркстың «барлық әлеуметтік қатынастарды экономикалық факторлар айқындайды» деген идеясын қабылдамады.
«Протестанттық этика және капитализм рухы» деп аталатын еңбегінде Вебер әлеуметтік және діни құндылықтардың экономикалық жүйелерге әсерін көрсетуге тырысты. Оның негізгі тұжырымы – алғашқы протестантизмнің діни құндылықтары (өзін-өзі тәртіпке келтіру, үнемдеу және жеке ерекшеліктер) қазіргі экономикалық жүйеге негіз болды.
Вебердің ықпалды идеяларының бірі – әлеуметтану белгілі бір құндылықққа тәуелді болмауы керек. Вебердің сөзі заманауи әлеуметтанушылар ұсынған стандартты ғылыми көзқарастың негізін қалыптастырды.
XIX-ғасырдың ортасында қазақстандағы әлеуметтік ғылыми ойдың дамуына Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев және Ы.Алтынсарин негіз салды. Қазақ халқының әлеуметтік-саяси өмірі Ш.Уалихановтың барлық шығармашылығында өзекті мәселе болып, табылды. Ол нағыз патриот ретінде өз халқының сол замандағы қоғам дамуында орын алған кемшіліктерді батыл санап, патшалық-әкімшілік саясатының қазақ даласында әлеуметтік-саяси ахуалды шиеленістіріп, қоғам өмірін тоқырауға соқтырып отрғандығын ашық жазды.
Сол кезеңдегі қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси дәрежесінің төменділігін, А.Құнанбаев пен Ы.Алтынсарин оқу мен білімнің кең тарамағандығынан деп санаған.
XX-ғасыр басында қазақ зөиялыларының бір топ өкілдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай және т.б. халықтың әл-ауқатын көтеру, білім беру ісін арттыру және тәуелсіз, егеменді ел болуы мәселелерін уағыздап, көптеген шшығармалар жазған.
Қазіргі кезеңде Қазақстандағы әлеуеттік ғылымның дамуы жалпы әлемдік білімнің және қоғамның дамуымен тығыз байланысты болып отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда әлеметтану ғылым толық қалыптасты деп ацта аламыз. Еліміздің жетекші жоғарғы оқу орындарында арнайы кафедралар ашылып, жүздеген мамандар дайындалды. Соңғы ол жылда бірнеше ондаған докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды. Бірқтатар жеке зерттеу құрылымдары пайда болды.
Қазір Қазақстанда әлеуметтану ғылымының дамуына М.Әженов, Ғ.Ақманбетов, Н.Айтов, К.Биекенов, К.Габдуллина, Л.Гуревич секілді ғалымдар зор үлес қосуда. Біздің еліміздегі әлеуметтану ғылымының дамуының бір ерекшелігі, бұл ғылыммен алғашқы кезеңде философ – ғалымдар айналысты. Кейін Қазақстандағы әлеуметтанудың әдістемелік деңгейі көтеріліп, зерттеуші ғалымдар пайда болды. (практиктер) Дегенмен, біздің елімізде әлеуметтану ғылымының теориялық саласының дамуы әлі де болса төмен.
2002 жылы 17-18 мамыр күндері Алматы өаласында Қазақстан әлеуметтанушыларының алғашқы Конгресі болып өтіп, онда Қазақстан әлеуметтанушыларының Ассоциациясы құрылды.
3. Америка Құрама Штаттарындағы әлеуметтану. Еуропадағы әлеуметтанумен ғылыми негізі бір болғанымен, америкалық әлеуметтанудың кейбір ерекшеліктері бар. Америкалық әлеуметтанудың еуропалық әлеуметтанудан өзгеше дамуының себебі – әлеуметтік проблемалар әртүрлі болды. Ең бастысы, еуропалық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жұмыс істейтіні туралы ауқымды, философиялық теорияларды қалыптастыруға баса назар аударса, америкалық әлеуметтанушылар жүйелі, эмпириалық деректерді жинауға көп көңіл бөледі. Соның нәтижесінде америкалық әлеуметтанушылар әлеуметтік проблемаларды анықтап, түсінуге және шешуге жиі мән береді.