1.Тұрақтылық: кез келген әлеуметтік үлгіні бағалаудың басты критерийі - оның қоғамды сақтауға қосатын үлесі.
2.Үйлесімділік:ағзаның бөліктері секілді, қоғамның бөліктері де әдетте тұтастық үшін үйлесімді түрде жұмыс істейді.
3. Эволюция: өзгеріс, ең алдымен, эволюция арқылы жүзеге асырылады, бұл дегеніміз - әлеуметтік құрылымдардың жаңа қажеттіліктер мен талаптарға, негізінен, бейбіт түрде бейімделуі және қажетсіз, я ескірген құрылымдардың жойылуы. Құрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушылар әлеуметтік құрылымдардың табиғатын және салдарын зерттеумен шұғылданады. Құрылымдық-функциялық теория ғалымдары әлеуметтік құрылымдардың жағымды (пайдалы) нәтижелерін функция ретінде, ал әлеуметтік қүрылымдардың теріс (зиянды) салдарын дисфункция ретінде сипаттайды. Маңызы зор болғандықтан құрылымдық-функциялық теория ұғымдарын басқа көзқарастағы әлеуметтанушылар да қолданады. Жеке тұлғалардың әлеуметтік құрылымдарға қатысын және оларға эсер ету ерекшеліктерін зерттейтін әлеуметтанушылар символдық интеракционизм теориясын пайдаланады.
Символдық интеракция теориясы (немесе символдық интеракционизм) адам әрекеттерінің субъективті мәнін және осы мәнді қалыптастырып, дамытатын процестерді қарастырады . Бұл теория адамдардың өзара әрекетке түсуінің символдық (немесе субъективті) мағынасын зерттегендіктен осылай аталады. Символдық интеракционизм теориясы ғалымдарының пайымдауынша адамның мінез-құлқын зерттеуі мынадай үш негізгі нысандық тұжырымнан бастау алады :
1. Мән-мағына өте маңызды. Кез келген мінез-құлық пен қимылдың я сөздің бірнеше мағынасы болуы және олар әркелкі нәрселерді сипаттауы мүмкін. Адамның мінез-құлқын түсіну үшін оның сол мінез-құлыққа я қимылға қалай қарайтынын зерттеуіміз керек.
2. Мән-мағына қарым-қатынастың арқасында дамиды. Қарым-қатынас өзгергенде мағына да өзгереді.
3. Мән-мағынаны адамдар өзара келісу арқылы жасайды Символдық интеракционизмнің ең ұтымды тұсы сол: ол - өмірімізге, өз-өзімізді түсінуге, тұлғааралық қарым-қатынас пен келіспеушіліктерді бағалауға үлкен әлеуметтік құрылымдардың қалай әсер ететінін зерттейді. Әрбір әлеуметтанушы зерттеу жұмысына қандай теориялық көзқарас сәйкес келетінін өзі шешуі керек.
Символикалық интеракционизм концепциясының өкілдері де әлеуметтік әрекетке көңіл бөледі, бірақ бұлар кіші шеңбердегі (әлеуметтік өзгерістер) интеракциялық жағдайларға баса назар аударады. Әсіресе, символдың мәндік, мазмұндық жағына Мид ерекше көңіл бөледі. Адам тағдыры үшін ең құнды нәрсе – мән, мазмұн болып табылады. Әлеуметтік интеракция (өзара әрекет) теориясының авторы Джорж Герберт Мид(1893-1931).
Сонымен, Мидтің пікірінше, адамдар әрі әлеуметтік ортаны өздері жасай алады, әрі сол ортаның ықпалында болады. Яғни, адам тек әлеуметтік ортада ғана қалыптаса алады. Және адамдар тек символдар дүниесінде ғана өмір сүреді әрі оның мәндік жағы, өмірдің мәндік сипаты адам қарым-қатынасына, іс-әрекетіне негіз болады деп көрсетеді. Ол алғаш рет әлеуметтік рольдер теориясын қалыптастырды,
Мидтің шәкірті Герберт Блюмер интеракционизм парадигмасын дамытуда елеулі үлес қосты. Оның пікірінше, символикалық интеракционизм үш түрлі алғышарттарға негізделеді: 1.Адамдар, ең алдымен, заттар мен құбылыстардың мәніне негізделе отырып, іс-әрекет жасайды. 2. Заттар мен құбылыстың мәні, мазмұны тек қана алдын ала анықталып, беріле бермейді және мазмұн белгілі бір интеракциялық жағдайға байланысты қалыптасуы да, түрленіп өзгеруі де, дамытылуы да мүмкін. 3. Мазмұн белгілі бір интеракциялық жағдайда жасалынған интерпретацияның қорытындысы болып табылады. Басқа біреудің ролін атқарушы адам қандай да бір процеске қатыса отырып, өзінің кейіпкерінің іс-әрекеті мазмұнын және оның алдағы уақытта істейтін іс-әрекетін интерпретация жасап отырады.
Рөлдік тұжырымдама американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Чарльз Хортон Кули, Джордж Герберт Мид, Р. Линтон т.б.Рөльдік теория негізін қалаушылардың бірі Р. Линтон.Ол әлеуметтік рөльді адам статусымен байланысты күтілетін мінез-құлық ретінде анықтайды. Бұл рөльдік күту адамның әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі бір мінез-құлық ережелерді немесе нормаларын орындау және игеру жағдайында іске асады. Әр статусқа көптеген рөльдер қызмет ететіндігін атап айту маңызды. Зауыт директоры жоғарыдағы басқарушылар алдында бір рөльде, қол астындағыларының алдында екінші рөльде, әке түрінде – үшінші рөльде болады. Бірақ барлық жерде ол зауыт директоры болып қала береді, бұл оның басты статусы. Алайда, барлық рөльдерде, сонымен бірге, директор, әке рөльдерінде де ол әртүрлі жағдайда көрінеді.Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.
Сонымен, жан – жақты дамыған тұлға өзіндік рөлдік мінез – құлқын белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез – құлық дегеніміз, индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез – құлық.
Сонымен, жан – жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез – құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез – құлықты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компонеттері сатылы жүйе ретінде құралады.