Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Білім берудің мазмұны мен қызметтері



бет64/103
Дата14.10.2023
өлшемі2,39 Mb.
#115139
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

11.1. Білім берудің мазмұны мен қызметтері
11.2. Үздіксіз білім беру кезеңдері

Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді.


Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды.
Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.
Білім беру ол оқу процесі жəне осы мағынада қатысушылардың жаңа білімдерді игеруі. Білім берудің əр түрлі мақсаттары мен міндеттері болуы мүмкін. Бірақ, қазіргі əлемде, көбінесе, білім беру жүйесі туралы сөз қозғалады. Кəсіби білім берудің нақты іске немесе кəсіпке үйрету ретінде ежелгі тарихы бар. Сондықтан, кəсіби білім беру белгілі бір қолөнерге немесе мамандыққа оқыту болып табылады.
Білім беру мен оқыту түсініктері арасында сондай ерекше айырмашылық жоқ, бірақ білім беру түсінігі көлемі бойынша оқыту түсінігіне қарағанда ауқымдырақ. «Үйрету» түсінігі қолданбалы сипаттағы белгілі бір нақты білімді игеруге бағытталған нақты мағынаға ие. Мысалы, бастапқы кəсіптік білім беру жүйесіне қатысушыларды слесарь, машинист, тігінші, электрик, оператор кəсіптеріне үйрету. Білім беру пайда болғанынан бастап, адамзаттың əлеуметтік құндылығына айналды. Ол қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылады.
Толық мағынада, білім берудің əлеуметтік институт ретіндегі пайда болуынан бастап қоғамның өзінің дамуы, оның экономикалық, əлеуметтік жəне рухани прогрестері білім беру деңгейіне тəуелді болып қалды.
Білім интенсивті түрде дамып жатқан мемлекеттерде мектептер мен басқа да білім орталықтары пайда болып, халықтың сауаттылығы артып, өзінің дамуының қарқынын жоғарылатуда. Мысал ретінде Ежелгі Греция, Рим, Византия, Персия, Египет, Қытай, Үнді елдерін айтуға болады. Бұл елдерде білім беру жоғары қарқынға ие болып, аталған елдер сол дəуірлерде əлемнің басқа елдерімен салыстырғанда алға жылжып, жоғары дамыған болып табылды. Бүкіл Еуропа тарихы ғылым мен білім олардың экономикалық, техникалық жəне рухани қарқынды дамуында шешуші роль атқаратындығына дəлел бола алады. Əлемнің қазіргі дамыған елдері білімнің арқасында жоғары технологиялық жəне экономикалық дамуға қол жеткізген. Өз уақытында, XVIII ғасырдың басында Англия елі философы Ф. Бэконның «Білім — күш» принципі арқасында ілгері жылжыды. Бұл принцип барлық Еуропа елдерінің бұдан арғы саясаты мен идеологиясына негіз болды. Сциентикалық бағыт ғылым мен білімнің қоғамдағы мəнін оларды қоғамдағы алғашқы құндылық ретінде анықтай отырып абсолюттендіреді. Бұл тұжырымдарда шындық бар, жоғарыда айтылғандай, ғылым мен білімнің арқасында Еуропа барлық елдерден үстем болып шықты. Бірақ, бұл принципте үстемелеу, яғни білім беру мен ғылымның ролін абсолюттендіру бар. Адамзаттық қоғамда, білім мен ғылымнан басқа, адамгершілік, дін, философия, саясат жəне құқық, мəдениеттің алар орындары ерекше.
Білім беру мен ғылым адамзаттың тұрмыстық формаларымен өзара əрекеттесіп, олардың өздеріне əсерлерін сезініп, оларға өздері де əсер етеді. Сонымен бірге, білім көрсетілген формаларға əсер етіп қана қоймай, əлеуметтік мобильділік пен қоғамның əлеуметтік құрылымына да əсер етіп, жеке, күрделі, автономды жүйе болып қала береді. Білімді социология ғылымында қарастыру ерекшелігіне көшсек, социология білімді əлеуметтік институт ретінде қарастырады.
Білім — ол əлеуметтік институт, өйткені ол өзінің тұрақты құрылымы, статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды түрде əрекет етеді.
Əлеуметтік институтқа тəн, басқа да белгілері бар.
«Білім беруге байланысты адамдар əрекеттерін реттеуші жəне ұйымдастырушы нормалар жиынтығы білім берудің əлеуметтік институт болып табылатынына куəлік етеді». Ең алдымен, білім беру институциаландырылған, заңмен бекітіліп, мемлекет пен қоғаммен мойындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет