Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Білім əлеуметтік институт ретінде келесі құрылымнан тұрады



бет65/103
Дата14.10.2023
өлшемі2,39 Mb.
#115139
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Білім əлеуметтік институт ретінде келесі құрылымнан тұрады:

  • білім беруді басқару органдары;

  • білім беру мекемелер тобы (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, кəсіптік мектептер, университеттер мен академиялар т.б.);

  • шығармашылық одақтар, кəсіптік ассоциациялар, қоғамдар, ғылыми жəне методологиялық кеңестер мен басқа да бірлестіктер;

  • оқытушылар мен білім алушылар үшін шығарылған оқулықтар мен əдістемелік оқулықтар;

  • білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік стандарттары;

  • журналдар мен жылдық басылымдарды енгізетін кезеңдік басылымдар;

  • білім беру мекемелері əлеуметтік жəне заңдық статусқа ие, өзінің жарғысы жəне басқа да құжаттары болады. Олар ғимараттарда орналасады, жер көлемі болады, материалдық құндылықтары мен қаржыларға ие.

Білім беру субъектілері мыналар: 1) білім алушылар, 2) мұғалімдер. Сонымен бірге, білім беру субъектілері мыналар бола алады: білім беру мекемелері (ұйымдар) — ішінде əлеуметтік қатынастар, нормалар, ережелер орын алатын кəсіптік белгілері бойынша біріккен адамдар топтары.
Білімнің кез келген деңгейде екі негізгі қызметі бар. Олар:
1) білім беру;
2) əлеуметтендіру, тəрбиелеу.
В.И. Добреньков жəне А.И. Кравченко білім берудің бірнеше қызметтерін бөліп көрсетеді:

  • бір ұрпақтан екінші ұрпаққа білімді беру жəне мəдениетті тарату;

  • қоғам мəдениетін сақтау жəне жетілдіру;

  • тұлғаның əлеуметтенуі, əсіресе, жастардың жəне олардың қоғамда интеграциялануы;

  • тұлғаның статусының анықталуы;

  • əлеуметтік таңдау (селекция) қоғам мүшелерін дифференциациялау, бірінші кезекте жастарды, оның нəтижесінде қоғамның əлеуметтік құрылымы қайта өндіріледі жəне өзгереді, индивидуальды мобильділік;

  • жастарды кəсіби бағыттауды жəне кəсіби таңдауды қамтамасыз ету;

  • сатылы үзіліссіз білім беру үшін білім базаларын құру;

  • əлеуметтік-мəдени новация, жаңа идеялар мен теорияларды, жаңалықтарды өңдеу жəне құру;

  • əлеуметтік бақылау.

Қазіргі білім беру жүйелері ғылымға, ғылыми жетістіктерге негізделген жəне өзіндік күрделі əлеуметтік құбылыс болып табылады. Білім беру жүйелері ұлттық, аймақтық, континенталдық, жаһандық жəне əлемдік болуы мүмкін. Қазіргі білім беру жүйесі ұлттық-мемлекеттік, аймақтық болып бөлінеді. Əзірге əлемдік білім беру жүйесі жоқ, бірақ оған көптеген əлем елдері ұмтылуда. КСРО-дағы білім беру жүйесі аймақтық болып табылады. Кеңестік білім беру жүйесі немістік білім беру жүйесімен байланысты. Қазіргі əлемде англосаксондық, американдық білім беру жүйесі кеңінен таралған. Білім берудің еуропалық жүйесі де кеңінен таралып, дамыған өзгермелі жүйе болып табылады. Жапония, Қытай, Корея (оңтүстік) сияқты Азия елдерінде өзіндік ұлттық білім беру жүйесі бар. Олардың барлығы ұлттық білім беру жүйесі ретінде сипатталады. Əр елде əлемдік білім жетістіктеріне, ұлттық-мемлекеттік ерекшелігіне, халықтың менталитетіне сай білім беру жүйесі бар. Білім берудің ұлттық стандарттары ғылым жетістіктеріне, жоғарғы əдістемелерге, ұлттық мəдени ерекшелікке, дəстүрлерге, əлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріне негізделе оқытылады. Білім берудің ұлттық стандарттары мемлекеттік органдар арқылы жасақталады жəне біртұтас құжаттар кешені болып келеді.
Білім беру стандартының негізі жалпы бұқара халық пен барлық білім беру мекемелерінің қатысуы арқылы жүргізілетін мемлекетпен қабылданатын білім беру реформалары табылады. Білім стандарттарының басты құжаты “Білім туралы Заң”.
Көптеген елдер қабылдаған түрлі өзгеріске ұшырап отыратын, аймақтық білім беру жүйесі де бар. Мысалы, Еуропалық білім беру жүйесі. Бірақ Еуропалық білім беру жүйесі толық қалыптаспаған деп айтуға болады. Еуропарламент жəне біріккен Еуропалық өзге ұйымдары осындай аймақтық, ұлттық білім беру жүйесін құруға кірісуде. Бұл туралы (1999 ж.) Лиссабон, (2004 ж.) Болондық декларациялар дəлел бола алады. Мəні бойынша ұлттық білім беру жүйелері бір-біріне жақын, əсіресе, жоғары білім жəне бұл елдерге ортақ білім беру жүйесінде қиындық тудырмайды. Америкалық білім жүйесі Еуропалықтан ерекшеленеді. Бірақ бұл жүйе негізінде осы жүйені қалыптастырушылар европалықтар болғандықтан, европалық (ағылшындық) құндылықтар жатады.
Америкалық білім беру жүйесі, əсіресе, жоғары білім қазіргі кезде афро-азиаттық, европалық жүйеге əсер етуде жəне оның көптеген принциптері əлемнің бірқатар елдерінде енгізілуде.
Жаңа реформа жағдайында Қазақстандық білім беру жүйесі американ-еуропалық стандартқа жақындап келеді. Бірақ аталған стандартпен толық сəйкес келуі мүмкін емес. Реформада Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері мен тарихи тəжірибелері ескерілген.
Бірақ реформадағы бағыттардың көпшілігі жаңа деуге болады. Мысалы, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, бастауыш жəне орта кəсіби білім беру жүйесін жаңадан құру. Жоғары білім беру құрылымына да көптеген жаңалықтар енгізілуде. ЖОО-да бакалавриат, магистратура жұмыс істеуде. Бұдан арғы ЖОО-дағы жəне ЖОО-дан кейінгі білім беру бакалавриат-магистратура-докторантура моделі бойынша жүргізіледі. ЖОО-дан кейінгі білімге жəне ЖОО-ны бітірген мамандардың біліктілігін көтеру жүйесіне ерекше назар аударылған. Білім беру реформасының ортасында, жоғарыда айтқанымыздай, білім сапасы тұр. Білімнің басты мақсаты тұлғаның біртұтас əлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру, жоғары технологиялық өндірісте табысты жұмыс істей алатын, адамдарды басқара алатын, əлеуметтік, саяси процестерді халықтың, қоғамның қажеттілігіне қарай ұйымдастыра алатын кəсіби мамандарды даярлау болып табылады. Реформада білім сапасын бақылау мен тексеруге де көңіл бөлінген. Басты құжатта қазіргі Қазақстандағы білім беру жүйесіне талдау жасалынып, кемшіліктері мен олардың себептері көрсетіледі. Болашақта білім процесінде оқитындардың өздігінен білім алуына басты екпін қойылады. Реформада пəндік білімге негізделген ескірген əдістемелік базадан алшақтап, оқытудың жаңа əдістемелік базасын іздестіруді міндет етіп қояды. 2008 жылы Қазақстан Болон процесі деп аталатын еуропалық оқу жүйесі туралы құжатқа қол қойды жəне университеттердің хартиясына қол қоюға біраз Қазақстанның ЖОО-ы қатысуда. Сонымен біз еуропалық, америкалық стандартқа жақындай бастадық.
2. «Үздіксіз білім» туралы ұғым өткен ғасырда-ақ атақты француз, поляк, ағылшын, орыс педагогтарының еңбектерінде айтылған болатын. А.Л.Смиттің айтуынша, «...ағарту ісін тек таңдаулыларға ғана арналған институт деп және тек адамның толысу кезеңіндегі қысқа уақытқа қатысты жұмыс деп санамай, білім алуды барлық жандарға арналған іс деп және ол өмір бойы атқарылатын шаруа деп қарастыру қажет» - деген орамды пікірі білім алу өмір бойы екенін аңғартып түрғандай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет