Тапсырма: тақырыпты өз бетінше игеру, әдебиеттермен жұмыс, конспектілер құрастыру, рефераттарды дайындау. Қазіргі әлеуметтік теориялар типологиялары және оларды салыстырмалы талдау. Тақырыпқа байланысты слайд жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Р.Б.Әбсаттаров, М.Дәкенов.- Әлеуметтану: өзекті мәселелер: (екі томдық оқу құралы) Алматы: Қарасай, 2013. http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1167193&lang=kk
Аралбай С. М., Никифорова С.А. Әлеуметтану: Оқу құралы. – Қарағанды. 2012 – 68 б.
webirbis.kgmu.kz›irbis64r_11/books…Әлеуметтану.pdf
Сарсенова Ә Б. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы, 2013.
3- ТАРАУ. Әлеуметтену бөлімі. 91-94 бб https://kitap.kz/book/aleumettanu-negizderi
№4 практикалық сабақ. Қоғамдық құрылым және әлеуметтік қатынастар
4.1. Қоғам ұғымы, қызметі және қоғамдық құрылымдар
4.2. Әлеуметтік инстиуттар
4.3. Қоғамдағы әлеуметтік қатынастар
Мақсаты: студенттерге қоғам ұғымы, оны зерттеудегі жүйелі әдістер туралы түсіндіру. Қоғам мен әлеуметтік жүйені теориялық зерттеудің көпжақтылығымен таныстыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттерге әлеуметтік институттар әлеуметтік өмірдің маңызды элементі екенін түсіндіру. Әлеуметтік институттардың ресми және бейресми құрылымдарымен таныстыру.
Институттардың жіктелуін түсіндіру және әлеуметтік процестерді үйрету. Екінші сұрақтың негізінде әлеуметтік институттардың универсалды және спецификалық қызметтері талқыланады. Иституттардың құрылымына анализ беріледі: білім, норма, роль. М.Вебер мен Т.Парсонстың әлеуметтік институттардың эволюциясы концепциясын қарастыру.
Тапсырма: тақырыпты өз бетінше игеру, әдебиеттермен жұмыс, конспектілер құрастыру, рефераттарды дайындау. Қазіргі қоғамдардың негізгі типологиялары және оларды салыстырмалы талдау. Әлеуметтік институттардың қызметі мен құрылымына байланысты слайд жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |