Өндірістік тәжірибе ІІІ бағдарламасындағы соңғы нәтижелерге сәйкес курс келесі құзыреттердің дамуына бағытталған
Б1.1 Білімін қолдану;
Б2.3. Топта жұмыс жасау;
Б3.1. Қоғам және кәсіби ортада коммуникативті дағдыларды қолдану;
Б4.2. Ғылыми-зерттеу
Б4.4. Ұйымдастырушылық іс-әрекет
Өндірістік тәжірибе ІІІ нәтижелері:
- Пәннің шеңберінде шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін дәстүрлі әншілік өнерін білуі тиіс;
- Дәстүрлі ән өнеріне қызығушылық танытады;
- Сыни тұрғыдан ойлаудың маңыздылығын түсінеді;
- Халық әндерін мәнерін сақтап орындаудың құндылығын үлестіріп, жас буынға насихаттайды.
Өндірістік тәжірибе ІІІ мазмұны
Студенттердің жеке тапсырмаларын орындау мерзімдері мен мазмұны, өндірістік практиканың ұзақтығы мен негізгі бағыты
Өндірістік тәжірибе ІІІ - 3 курс білім алушылары үшін 8 апта көлемінде жүргізіледі. Өндірістік тәжірибе ІІІ барысында білім алуышлар: білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары болашақ музыкалық-педагогикалық қызметке даярлығын қалыптастырады. Дәстүрлі музыка өнерінің тарихы мен әдістемесін, сонымен қатар арнайы сипаттағы білім, дағды және жеке тұлғалық сапаларды қалыптастырады. Теория мен практиканы ұштастыра отырып педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кәсіби қызметке даярлауды қалыптастырады. Өндірістік тәжірибе ІІІ соңында білім алуышлар есеп береді.
Университеттен тәжірибе жетекшісі тәжірибе біткеннен кейін, (3 күн ішінде) «Орындаушылық өнер» кафедрасы, «Спорт және өнер» факультетінің деканымен келісілген графигіне сәйкес, сынақтан өтіп, баға қойылады. Есеп беру қорытындысы 100 баллдық жүйеде GPA есебімен есептеледі.
Есеп беруді қорғау кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссиямен алынады.
Қорғауда жұмыстың бағдарламаға сәйкестігі мен көлемі, құжаттардың толық дұрыс толтырылуы, мінездеме мазмұны, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берулер, талдау жасай алу, есеп беруге қосымшалар қаралады.
Студенттердің есеп берулерін бағалау критерийі:
Жинақталған мәліметтердің бағдарламаға сәйкес болуы;
Тәжірибеден өтуде ұйымның жұмыстарына байланысты шығармашылық жұмыстарды білу, белгілі бір себептерсіз орындамаған студент университеттен шығарылады. Ал тәжірибе жұмыстары толық көлемді болмаған жағдайда студент жұмысты қорғауға жіберілмейді. Тәжірибе мәліметтері (есеп беру, күнделік, мінездеме.) қорғаудан өткеннен кейін жетекшіге кафедраға жіберу үшін өткізіледі.
кәсіби маман ретінде жауап беру;
Ұйым мінездемесінің мазмұны – тәжірибеден өту орынынан алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |