4. Студенттің өндірістік тәжірибе ІІІ есептерінің құрылымы, дайындау тәртібі мен қорғау мерзімдері, практика нәтижесін қорытындылау барысы
Студенттер келесі мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға тиісті:
1. Жолдама (1-қосымша, Оқу орнына қайтарылатын бөлігі)
2. Өндірістік тәжірибе ІІІ жұмыс жоспар-кестесі (2-қосымша)
3. Өндірістік тәжірибе ІІІ өтуі туралы күнделік-есеп (3-қосымша)
4. Өндірістік тәжірибе ІІІ өту кезінде орындалған қызметтің сипатамасынан, алынған білімдер дағдылардан, жиналған мәліметтермен жұмыс істеудегі қиындықтарды талдаудан, өзінің шығармашылық жетістіктері мен кемшіліктерін бағалаудан тұратын, жүргізілген жұмыс бойынша есеп.
. Өндірістік тәжірибе ІІІ бойынша есеп келесі құрылымнан тұру керек:
1. Негізгі бет (Қосымша А) зерттеу практика өту бойынша есептің бірінші беті болып табылады.
2. Басты бөлім құрауға тиісті:
2.1 Өндірістік тәжірибе ІІІ өтетін білім алушының алдында тұрған міндеттер;
2.2 Өндірістік тәжірибе ІІІ өту реттілігі, практика базасы ұсынған мекеме бөлімшелерінің сипаттамасы;
2.3 Жасалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның орындалу мерзімдері;
2.4 Жүргізілген пән бойынша және сыныптан тыс оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарында қойылған міндеттерді орындау (музыка сабақтарының
жоспарларын құру, сынып жетекшілік жұмыстары, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру және т.б.)., жүзеге асыру амалдары мен тәсілдері, бағыттары көрсетілген сипаттамасы;
2.5 Сабақ конспект-жоспары, оның сараптамасы, тәрбие жұмысының жоспары, кесте, мәтін және т.б. түрінде баяндалған зерттеу нәтижелерінің мінездемесі;
3. Қорытынды жасау керек:
3.1 Қойылған міндеттер толықтылығын бағалау;
3.2 Жүргізілген пән бойынша және сыныптан тыс оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарында қойылған міндеттерді орындау (музыка сабақтарының
жоспарларын құру, сынып жетекшілік жұмыстары, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру және т.б.), деңгейін бағалау;
3.3 Жеке оқушы, сынып ұжымын зерттеу, талдау жасау және практика өту кезінде туындаған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар;
3.4 Өзін-өзі тәрбиелеуге көңіл бөліп, педагог-музыкант ретінде жүйелі түрде өзіндік дайындалу нәтижелерін қолдану мүмкіндігін бағалау;
4. Библиографиялық тізім.
5. Есептің қосымшалары: студенттің өндірістік тәжірибе ІІІ кезінде өз бетімен құрастырған және рәсімделуіне қатысқан құжаттардың үлгілері, сонымен қатар үйренушінің өндірістік тәжірибе ІІІ өту кезеңіндегі жұмыс нәтижелерін қамтитын құжаттары.
6. Өндірістік тәжірибе ІІІ өту бойынша дайындалған есеп көлемі 15-20 беттік мәтінді құрайды.
7. Өндірістік тәжірибе ІІІ бойынша бағалау.
8. Мекеме бағалаған 40% оқу орнының 60% бағалық көрсеткішінің ортақ бағасы қойылады.
Барлық тіркелген мәліметтер жинақы тігілу керек.
Қойылған сұрақтардың санына байланысты есептің басты бөлігі жоғарыдағыдай бөлімдерге бөлінеді. Әр бір бөлімді жаңа беттен бастау керек. Қажеттілік кезінде бөлімдер бөлімшелер мен тармақшаларға бөлінеді.
Есеп А4 үлгісіндегі ақ қағаз бетінде беттің бір жағында баспалық тәсілмен – қаріп айқын болу керек, жолдар арасындағы арақашықтық 1-1,5 интервалынан кем емес (Times New Roman – 14 пт.). Қағазда мәтінді орналастыру кезінде шеттерді сақтау: сол 3 см, оң – 1,5 см кем емес, жоғарғы және төмен – 2 см тең. Абзац тақырыбын мәтіннің бас әрпіне симметриялы басады. Бөлімшелер тақырыбын бірінші бас әріптен басқа абзацтың кіші әріптерінен бастап басады. Тақырыпта сөз тасымалы қолданылмайды. Тақырып соңында нүкте қоймайды. Егер тақырып екі сөйлемнен құралса, оларды нүктемен ажыратады.
Тақырып пен мәтін арасындағы арақашықтық 1-2 интервалында болу керек. Тақырыптың астын сызбайды. Егер есептегі сұрақтар толық ашылмаса, есеп жетекші тексеруінен кейін білім алушыға толықтыруға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |