Саңырауқұлақ» жапсырмалау.
|
1.2.1.1 қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу
|
1
|
|
|
35
|
|
«Бақыла. Үйрен. Құрастыр»
техникалық үлгілеу және құрастыру туралы мәлімет беру
|
1.2.3.1 қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану 1.3.1.1 өзінің жұмысын (эскиз, бұйым) қарапайым тәсілдермен таныстыру 1.3.3.1 шығармашылық жұмысын түсіндіру
|
1
|
|
|
Бейнелеу өнері . 1 сынып
Күнтізбелік –тақырыптық жоспар
(Барлығы – 35сағат,аптасына -1 сағат)
Түсінік хат
«Бейнелеу өнері» пәні 2022-2023 оқу жылынан бастап, тек 1- сыныптар үшін «Көркем еңбек» оқу пәнінен ажыратылып, бөлек пән ретінде оқытылады. «Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың басты мақсаты - білім алушының қоршаған ортаны бейнелі қабылдау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды көркем өнерге баулу.
«Бейнелеу өнері» пәнінің міндеттері:
- көркем өнер туындылары арқылы оқушының ұлтжандылық, руханиадамгершілік, көркемдік-эстетикалық, сезімталдық, талғам, байқампаздық, мейірімділік, әдептілік қасиеттерін тәрбиелеуді;
- қазақтың ұлттық, кәсіби музыка, бейнелеу өнері, этностардың мәдениеті туралы түсініктерін қалыптастыруды;
- өнер (бейнелеу, қолданбалы-сәндік, сәулет, дизайн) түрлері туралы бастапқы білім беруді;
- өнер түрлеріне қызығушылығын дамытуды, өнер арқылы ұлттық әдетғұрып пен салт-дәстүрлерді құрметтеу сезімін қалыптастыруды;
- оқушының көркемдік-бейнелеу іскерліктерін, шығармашылық әлеуеті мен қиялын дамытуды;
- өнер туындылары жайында ақпарат іздестіру, қабылдау, түсіну, талдау, өздігінен пайдалану дағдыларын қалыптастыруды;
- өз шығармашылық іс-әрекеттері арқылы ойын бейнелеп және дәлелдеп бере алу дағдыларын қалыптастыруды;
- эстетикалық талғамын, сезімталдығын дамытуды көздейді. «Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 35 сағат;
«Бейнелеу өнері» пәнін ұйымдастыру оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге қарай, жүйелілік, сабақтастық, бірізділік және көрнекілік ұстанымдарына негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |