ngfqӘліппе Күнтізбелік –тақырыптық жоспар (Барлығы – 104 сағат,аптасына -6 сағат) Түсінік хат 1. «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады:
дыбыспен жаттығу
оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту
әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу
білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу
3. Әріп таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
4. «Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету арқылы білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
5. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді:
оқу әрекетіне бейімдеу
коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру
дыбыс, буын, сөз, сөйлем, сөйлеу (мәтін) туралы қарапайым түсінік қалыптастыру
тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру
сөздік қорын байыту
физиологиялық ерекшеліктерін ескеру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау
«Әліппе» пәнінің мазмұны «Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.Оқу пәнінің мазмұны:
қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен
қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан
негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс)
орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады
«Әліппе» пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
«Әліппе» пәнінің мазмұны І жартыжылдықта «Әліппе» оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.