Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»



Pdf көрінісі
бет122/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   171
Байланысты:
umkd 2218 veterinariyadag adistemelik 2021-2022 (1) (1)

Тәжірибиелік сабақ № 16 
Сабақтың тақырыбы: Инфекция және індеттік процестерді меңгерудің 
әдістемелері 
Сабақтың  мақсаты:  Инфекция  және  індеттік  процестерді,  індет  сатыларын 
меңгеру   
Тапсырмалар:  Инфекция және оның берілу және таралу жолдары 
                                     Індеттің сатылары 
 
 
Инфекция  –  сыртқы  ортаның  белгілі  жағдайында  жануар  организмі  мен 
зардапты  микроорганизмнің  бір-біріне  тигізетін  әсерінен  туындайтын  кҥрделі 
биологиялық  процесс.  Инфекция  –  микроорганизм  мен  уытты  микробтардың 
әреккеттесуіндегі  эволюциялық  қалыптасқан  биологиялық  процестер  жҥйесінің 
даму барысындағы қағыну жағдайы.  Биологиялық процесс ҥш тҥрлі факторлардың 
ӛзара әсерінен туындайды. Олар: макроорганизм (жануар), қоздырушы микроб және 
сыртқы орта. Инфекция қоздырушысы микробтардың енуі, ӛрбуі және тіршілік етуі 
микроорганизмдердің  қорғаныс-бейімделу  реакциясының  пайда  болуына  себепкер 
болады.  Осы  рекциялар  жҥйесінің  дамуын  инфекциялық  процесс  деп  атайды. 
Инфекциялық процесс ҥш тҥрде байқалады. Олар: инфекциялық ауру, микроб алып 
жҥру және иммундеуші субинфекция. 
 
Инфекциялық  ауру  –  белгілі  бір  клиникалық  кӛрінісі  байқалған  инфекцияның 
айқын  тҥрі.  Мал  мен  адам  организмінде  паразит  тік  тіршілік  етуге  эволюциялық 
бейімделген  микроорганизмдердің  қоздыруынан  пайда  болған  ауруларды 
инфекциялық  аурулар  деп  атайды.  Мҧндай  жағдайда  жануар  организмінің  қызметі 
бҧзылып,  онда  морфологиялық  ӛзгерістер  байқалады.  Инфекциялық  ауруларға  тән 
қасиет – спецификалық тірі қоздырушы  – парзиттің болуы, жанасу арқылы берілуі 
немесе  жҧқпалылығы  (таралу  қабілеттілігінің  салдарынан  қоздырушының  ауру 
малдан су малға жҧғуы), жасырын (инкубациялық) кезеңнің болуы, қоздырушының 
әрекетіне  организмнің  спецификалық  реакциясы  (антиденелердің  қҧрылуы, 
аллергиялық жай-кҥйі және ауырып жазылған малдың иммунитеті болуы). 
 
Жҧқпалы  аурудың  болуы  мен  дамуы  тек  қана  спецификалық  қоздырушының 
бір тҥріне және оның ауруға бейімді  мал организміне енуіне ғана байланысты емес, 
сонымен қатар микро  - және макроорганизмнің ӛзара қатынас сипатын белгілейтін 
ішкі және сыртқы ортаға да байланысты.  
 
Иммундеуші  субинфекция  деп  енген  микробтың  ӛсіп-ӛнбей  тіршілігінің 
тежелуінің  нәтижесінде  организмнің  дертке  шалдықпай,  онда  иммунитеттің  пайда 
болуын    айтады.  Бҧл  жағдайда  организмнің  қызметі  бҧзылмайды  және  ол  ауру 
қоздырушысының  басталуына  айналмайды.  Мысалы,  сиырда  қарасан  негізінен  4 
жасқа  дейін  байқалады.  Ол  одан  ересек  жаста  иммундеуші  субинфекцияның 


130 
 
әсерінен ауруға шалдықпайды. Осы себептен 4 жастан асқан ірі қара малы қарасан 
ауруына қарсы егілмейді. 
 
Инфекцияның  қоры  дегеніміз  ауру  қоздырушы  мекендейтін,  ӛсіп-ӛнетін  тҥрлі 
жануарлар организмі, ӛсімдіктер мен топырақ және ол сол ортадан бейім малдарға 
беріледі. 
 
Індеттік  ошақ  –  ауру  қоздырушысы  орын  тепкен  және  нақты  қалыптасқан 
жағдайда ауру қоздырушысының сау жануарға берілу қаупі сақталған аумақ. Індет 
ошақтары жаңа, ӛше бастаған, тҧрақты және табиғи болып бӛлінеді.  
 
Індет  ошағы  жуырда  пайда  болып,  ауруға  шалдыққан  жануардың  саны  ӛсе 
бастаса,  ол  жаңа  болып  саналады.  Мҧндай  ошақтан  аурудың  одан  әрі  тарап  кету 
қаупі жоғары болады.  
 
Ӛше  бастаған  ошақта  жҥргізілген  індетке  қарсы  шаралардың  нәтижесінде, 
ауырған малдың сауығуына байланысты індеттену  бәсеңдейді.  
 
Тұрақты ошақ  деп аурудың оқтын-оқтын белгілі уақыт аралығынан соң ҥнемі 
байқалып  тҧратын  ошақты  айтады.  Нақтылы  бір  себептерге  байланысты  мҧндай 
ошақта аурудың байқалу мҥмкінділігі сақталады.  
 
Табиғи індет ошағы деп белгілі бір жҧқпалы ауру қоздырушысы жануарлардың 
арасында байқалатын аймақты айтады. Табиғи ошақтық аурулар қатарына негізінен 
трансмиссивтік  инфекциялар  жатады.    Туляремия,  риккетсиоздар,  қҧтырық, 
листериоз, лептоспироз және т.б. аурулардың табиғи ошақтары жиі кездеседі. Егер 
табиғи ошаққа сол ауруға бейімді ауыл шаруашылық малдары ҧшыраса, онда олар 
індеттік тізбекке енеді.   
 
Берілу механизмі және таралу жолдары деп қоздырушының мал организмнен 
бӛлініп шығып, келесіге ауысу қабілеттілігін айтады. Инфекция қоздырушы микроб 
ауруға  бейім  сау  малдарға  берілу  факторлары  және  тірі  тасымалдаушылар  арқылы 
тарайды.  
 
Берілу  факторларына  жем-шӛп,  су,  тӛсеніш,  топырақ,  ауа,  ӛсімдіктер,  малды 
кҥтіп-бағу  жабдықтары,  кӛлік,  малдан  алынған  ӛнімдер  мен  шикізат  жатады.  Бҧл 
факторлар    арқылы  инфекция  қоздырушылары  сау  малға  жҧғады,  бірақ  олар 
қоздырушы микробтардың ӛсіп-ӛнетін табиғи ортасы бола алмайды. 
 
Инфекция  қоздырушыларын  тасымалдаушыларға  кемірушілер  (тышқан, 
егеуқҧйрық), аңдар (қасқыр, қарсақ, тҥлкі), буынаяқты жәндіктер (маса, сона, кене), 
қҧстар  (қарға,  торғай,  кӛгершін),  ал  кейде  адам  да  жатады.  Қоздырушының 
тасымалдануы  таза  механикалық  болуы  мҥмкін:  микробтар  аз  ғана  уақыт 
тасымалдаушының  денесі  сыртында  немесе  ас  қорыту  жолында  сақталады.  Басқа 
жағдайларда қоздырушы жәндіктердің немесе кененің организмінде ӛсіп-ӛнеді және 
трансоварсиальді жолмен тҧқымнан тҧқымына беріледі. Жылы қанды хайуандардың 
қанымен  қоректенетін  кенелер  топалаң,  қарасан,  жылқының  індетті  қан  аздығы 
ауруының  және  кейбір  басқа  септикалық  инфекциялардың  қоздырушыларын 
механикалық тасымалдаушылары болуы ықтимал. 
 
Кейбір  инфекция  қоздырушыларының  тасымалдаушылары  сол  ауруға 
бейімділігі жоқ немесе бейімділігі аз малдар болуы мҥмкін. Мысалы, иттер, жабайы 
ет  қоректілер  және  жыртқыш  қҧстар  малдың  ӛлексесін  таратып  әкету  арқылы 
топалаң  мен  қарасанның  қоздырушыларын  таратушылар  болып  табылады.  Мал 
қораларын  мекендеуші  егеуқҧйрықтар  мен  тышқандар  кӛптеген  зардпты 
микробтардың тасымалдаушылары болып есептеледі. 


131 
 
 
Мал  ауруы  қоздырушыларының  механикалық  тасымалдаушысы  адам  да 
болады. Жекекше алғанда, адамның сырт және аяқ киімдерімен аусыл, мал шешегі, 
шошқаның классикалық обасының қоздырушыларының тасымалдануы мҥмкін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет