Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»



Pdf көрінісі
бет69/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   171
Байланысты:
umkd 2218 veterinariyadag adistemelik 2021-2022 (1) (1)

Тәжірибиелік сабақ № 3 
 
Сабақтың тақырыбы: Патологиялық ҥрдістерді зерттеу әдістемелері  
Сабақтың мақсаты: Жергілікті қан айналымының бұзылуының және оттегінің 
жетіспеушілігінің организмге тигізетін әсері 
 
     Ҧлпалардың  ӛсуі,  дамуы  және  ӛлулері  биологиялық  процестің  бірлігін  қҧрайды. 
Гипобиотикалық  процестер  мҥшелер  мен  ҧлпалардың  қызметінің  тӛмендеуімен 
немесе  тіршіліктерінің  тоқталуымен,  зат  алмасу  процесінің  әлсіреуімен  немесе 
толық ӛтуімен сипатталады. 
     Атрофия  (сему)  –  ағза,  торша  кӛлемінің  кішірейіп,  қызметінің  нашарлауын  не 
мҥлдем  тоқталуын  айтады.    Ол  организмнің  тіршілігімен  физиологиясына  тікелей 
байланысты.  Жатыр  туғаннан  кейін,  желін  –  сҥтпен  қоректендіруді  тоқтатқаннан 
кейін  семеді.  Кәрілік  семуді  ажыратады.  Патологиялық  семудің  пайда  болуы 
қолайсыз  факторлардың  әсер  етуіне  байланысты.  Қысымнан  пайда  болатындар  – 
ауыздықтың  қысуынан,  ісіктердің,  таңғыш  заттардың  қысуынан;  циркуляторлық  – 


81 
 
келетін  қанның  азаюынан;  нервогендік  –  жҥйкенің  шала  салдануы  және  орталық 
немесе перифериялық тҥрдегі салдануы әсерінен; функционалдық  – функионалдық 
қосымша жҧмыстың жетімсіздігінен, гормондық, ашығудың әсерінен туындайды. 
 
Дистрофия  клеткалар  мен  ҧлпалардың  морфологиялық  қҧрылымы  мен 
қызметінің  тӛмендеуімен,  физика-химиялық  қҧрамының  ӛзгеруімен  сипатталады. 
Клеткаларда  тҥрлі  заттардың  артық  мӛлшерде  белгілі  бір  заттардың  жиналып 
немесе белгілі бір заттардың азаюымен  қатарласа жҥреді. 
     Белоктық  дистрофия  –  белоктық  алмасудың  бҧзылуы,  оның  клеткалық, 
клеткадан тыс және аралас тҥрлері болуы мҥмкін. Клеткалықтың ішінен тҥйіршікті 
(клетканың  органеллалары  ісінеді),  вакуольді  (сулану)  (арықтау  кезінде 
цитоплазмада 
вакуольдер 
тҥзіледі, 
авитаминоздарда 
гиалинді-тамшылы 
(инфекциялар  мен  улануларда  тамшылар  пайда  болады)  мҥйізді  (зат  алмасудың 
бҧзылуының нәтижесінде эпителиі) клеткаларын артық мӛлшерде кератин тҥзіледі), 
тҥрлерін ажыратады. Клеткадан тыс тҥрінің ішінен гиалиндік дистрофия (гиалиннің 
тҥзілуінен  тамыр  қабырғалары,  мҥшелер  стромалары  қалыңдайды,  жабынсулар 
пайда  болады);  жергілікті  –  созылмалы  қабыну  кезінде;  жалпы  мӛлшерден  тыс 
белокпен  азықтандыру  кезінде  амилоидтық  дистрофия  (амилоидтың  шӛгуінен 
мҥшелердің  кӛлемі ҧлғаяды,  нығызданады,  сынғыш  келеді).  Аралас  дистрофияның 
ішінен  пигменттік  ҧлпаларда  пигменттік  (ҧлпаларда  пигменттің  шӛгуі  -  ӛкпеде 
шаңның, соғылған кезде), кілегейлік (сілекейдің топталуы – тыныс алу жолдарының 
катаральді  қабынуы  және  ас  қорыту  жолдарының  кезінде  несеп  қышқылды  диатез 
(жануарлар  тектес  азықтармен  мӛлшерден  тыс  азықтандырудың  салдарынан  сірлі 
қабықтарда,  буындарда,  бҥйректерде,  ет  аралығында  несеп  қышқылы  шӛгеді) 
тҥрлерін  ажыратады.  Майлану  дистрофиясы  май  алмасуының  бҧзылуына 
байланысты  туындайды.  Клеткалық  тҥрінде  клеткалардың  тіршілік  ӛмірін 
тӛмендетуге әкеп соғатын аурулардың салдарынан, уланудан, май басудың әсерінен, 
әдетте  тіптен  болмайтын  (бауыр,  бҥрек,  еттерде)  ағза  клеткаларында  май 
жинақталады.  Клеткадан  тыс  дистрофиясы  май  басу  (мӛлшерден  артық 
азықтандыру кезінде) және жҥдеу (қҧнарсыз азықтандыру кезінде) болып бӛлінеді. 
Кӛмірсулық дистрофия кӛмірсуының сапалық және сандық ӛзгеруімен оның ішінде 
гликогеннің  мӛлшерінің  азаюы  немесе  уланғанымен,  ол  болмайтын  клеткаларда 
пайда  болуымен  сипатталады.  Минералдық  дистрофия  кальций  тҧзының  мӛлшері 
азайып сҥйектің жҧмасаруымен (астеодистрофия) немесе оның әктенуінен, қуысты 
ағзалардың  қуысында  және  без  ағзалардың  ӛнім  шығаратын  тҥтігінде  тастардың 
пайда болуымен ӛтеді. 
     Некроз  –  тіршілігі  жалғасып  жатқан  организмде  клетка  топтарының,  не  ағза 
бӛлігінің ӛлуі. Физиологиялық (терінің жоғарғы бӛлігінің ӛлуі) және патологиялық 
некроздар болады. Қҧрғақ некроз қатарына туберкулезге, маңқаға тән сҥзбе тәріздес 
некроз,  бҧлшық  еттің  балауыз  тәрізді  некрозды,  аллергиялық  ауруларға  тән 
фибриномдық  некроз,  анемиялық  инфаркт  жатады.  Дымқыл  некрозда  ҧлпалар 
жайылып ӛлген бӛлікке сҧйықтық сіңеді; мысалы кеуде қуысында ӛкпе некрозының 
пайда  болуы;  гангрена  (қҧрғақ,  дымқыл  және  газды)  –  микроорганизмдердің 
әсерінен ҧлпалар ӛледі. 
     Гипербиотикалық  процестер  мҥшенің  кӛлемінің  және  салмағының  ҧлғаюымен 
ӛтеді.  Гипертрофия  нағыз  тҥрлі  спецификалық  элементтердің  ӛсіп  ҧлғаюының 
салдарынан, жалған тҥрлі строманың ӛсіп ҧлғаюынан пайда болады. Физиологиялық 


82 
 
гипертрофияға мҥше қызметінің кҥшеюі (буаздық кездегі жатыр, физикалық жҧмыс 
кезіндегі  бҧлшық  еттер)  жатады.  Патологиялық  гипертрофия:  жҧмыстың  артық 
жҧмыс атқару кезінде функциялардың кҥшеюі (аортаның тарылуы кезінде жҥректің 
сол  жақ  қарыншасы  ҧлғаяды),  орнын  басушылық  қос  мҥше  функцияларының 
(қызметінің)  жойылуы,  гормондық  –  эндокриндік  бездің  қызметінің  ӛзгеруінен 
пайда болады. 
     Ұлпалар  регенерациясы  –  клеткалардың  ӛсіп-ӛнуі  және  кӛбеюі  арқылы 
ақаулардың  қайта  орнына  келуін  айтады.  Физиологиялық  –  тіршілік  ӛмір  бойы 
жҥреді. Патологиялық - ӛлген ҧлпаның орнына шығады, толық (ҧлпаға ҧқсас), толық 
емес  (ақаудың  орнына  басқа  ҧлпа  ӛседі  -  тыртық)  және  артық  ӛсу  (сҥйек  тҥйіні) 
тҥрлері болады. 
     Ісіктің  ӛсуі  –  организмге  патологиялық  тҥрде  бақыланбайтын,  қҧрылымы  және 
қҧрамы  жағынан  қалыптыларға  ҧқсас  емес  клеткалардың  ӛсуі.  Қатерсіз  ісіктер 
(жетілген  клеткалардан  тҧрады,  бастапқыдан  аздап  ӛзгеше  келеді,  жай  ӛседі, 
дәнекер ҧлпалармен ӛсіп кетпейді) және қатерлі ісктер инфильтрациялық тҥрде ӛсіп-
ӛнеді, тереңдеп еніп ӛседі, тӛңірегіндегі ҧлпаларды бҥлдіреді, қан не лимфа арқылы 
денеге  тарайды,  нәтижесінде  екінші  кезекті  ісік  ошақтары  (метастаздар)  пайда 
болады, кахексия (кӛтерем) және ӛлім туындайды. Себептері: физикалық (радиация, 
кҥн)  механикалық  (жарақаттар),  химиялық  (мҧнай,  алкалойдтар),  вирустар, 
полиэтиологиялық жағдайлар болады. 
     Қан  айналымының  белгілі  бір  ағза  бӛлігінде  немесе  ҧлпада  ӛзгеруін  жергілікті 
қан  айналымының  бҧзылуы  деп  тҥсінеміз,  бірақ  жалпы  қан  мӛлшері  организмде 
ӛзгермейді. Жергілікті қан айналымының бҧзылуы ағзада қанның шамадан тыс мол 
жиналуы  гиперемия  (мол  қандылық)  тҥрінде  немесе  қанмен  аз  мӛлшерде 
қамтамасыздандыру – анемия тҥрінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет