Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»


пәнінің оқу - әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет67/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   171
пәнінің оқу - әдістемелік кешені 
(ПОӘК) 
ТӘЖІРИБИЕЛІК САБАҚТАР  
 
 
Оқу формасы: кҥндізгі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


74 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


75 
 
Тәжірибиелік сабақ №1 
 
Тақырып:  Ветеринария  саласы  ғылыми  және  кәсіптік  қызмет  ретінде 
қарастырылуы.  Ауруды  зерттеу,  оның  себебін  және  патогенезін  анықтаудың 
әдістемеліктері  
Негізгі сұрақтар. 1. Ветеринария саласының негізгі міндеттері мен  функциялары.  
2.Аурулар анықтамасы, сатылары.  
3. Этиология, патогенез. 
 
Қысқаша түсініктер: 
     
Ветеринария  саласы  сау  және  ауру  жануар  организмінің  тіршілік  заңдылығын, 
аурудың пайда болу себептерін, анықтау әдістерін, аурудың алдын алу және кҥтіп-
бағу,  азықтандыру,  жҧмысқа  пайдалану  жолдарын  ескере  отырып,  ауру 
жануарларды  емдеу,  сонымен  қатар  жануарлар  мен  адамға  ортақ  аурулардан 
сақтандыру шараларын толық ашатын ғылыми білімнің кешенін қҧрайды. 
  Ветеринария объектілеріне тҥрлі ауру жануарлар мен қҧстар, олардан алынатын 
ӛнімдер мен шикізаттар жатады. 
  Ветеринариялық қызмет, ветеринариялық істі басқаратын және ветеринариялық 
қызмет  кӛрсетудың  ретін  анықтайтын,  оның  мақсаттарын  айқындайтын 
«Ветеринария туралы заң» негізінде жҥргізіледі. 
  Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар: жануарларды аурулардан 
қорғау және емдеу; халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан 
қорғау;  мемлекеттік  ветеринариялық  қадағалау  бақылауындағы  жҥктердің 
ветеринариялық-санитариялық 
қауіпсіздігін 
қамтамасыз 
ету; 
Қазақстан 
республикасының  аумағын  басқа  мемлекеттерден  жануарлардың  жҧқпалы  және 
экзотикалық  ауруларының  әкелінуі  мен  таралуынан  қорғау;  ветеринариялық 
препараттардың  сапасын  бақылау;  жануарлар  ауруларына  қарсы  кҥресу  әдістерін 
ойластыру және қолдану, жануарлардан алынатын ӛнімдер мен шикізаттың сапасын 
ветеринариялық-санитариялық  бақылауды  қамтамасыз  ету;  жеке  және  заңды 
тҧлғалар  атқаратын  ветеринария  саласындағы  қызметті  жҥргізу  кезінде  қоршаған 
ортаны  ластаудың  алдын  алу  және  оны  жою;  ветеринария  ғылымын  дамыту, 
ветеринария мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жатады. 
    Ауыл  шаруашылық  министрлігімен  «Ветеринария  туралы  заңы»  негізінде 
және  оны  дамыту  ҥшін  кәсіпорындардың  барлық  меншіктілік  тҥрлеріне  бірдей 
міндетті нҧсқаулар мен міндеттемелер шығарылады. 
 
  Ветеринария  саласындағы  заң  мыналарды  реттейді:  ветеринариялық  істің 
қҧқықтық  негіздерін;  ветеринариялық  қызметті  ҧйымдастыру  қҧрылымын; 
Қазақстан  Республикасының  аумағын  басқа  мемлекеттерден  жануарлардың 
жҧқпалы  және    экзоотикалық  ауруларының  әкелінуі  мен  таралуынан  қорғауды; 
мемлекеттік  қадағалаудың  және  олардың  ҧйымдарының  ретін  мемлекеттік 
ветеринариялық  қадағалау  жҥргізуші  қҧзіретті  тҧлғаның  қызметтерінің  ережесін; 
жануарларды  карантиндеудің  ретін  және  шарттарын;  шаруашылықтарға,  тҧрған 
бекеттеріне және тҥрлі объектілерге жҧқпалы ауру қоздырушыларының әкелінуінен 
қорғауды;  жануарларды  кӛбейту  және    ӛсірумен  айналысатын  ауыл  шаруашылық 
кәсіпорындары  орындауға  міндетті  орын  ветеринарлық  шараларды;  жануарлардан 


76 
 
алынатын  ӛнімдер  мен  шикізаттарды  сату  кезінде  ветеринарлық  талаптарды; 
ветеринарлық-санитарлық  сараптау  ережелерін  ветеринария  саласындағы  қызметті 
лицензиялауды;  ветеринарлық  химиотерапевтік,  дезинфекциялық  препараттарды 
қолданудың 
тәсілдерімен 
шарттарын, 
жҧқпалы, 
инвазиялық 
ауруларға 
диагностикалық зерттеулер жҥргізудің әдістемелерін және тҥрлі арнайы шараларды 
жҥргізуді; 
ветеринарлық 
шараларды 
жабдықтандырудың 
нормаларын; 
ветеринарлық  жҧмысты  беру  кезінде,  сондай-ақ  оларды  тасымалдау  кезінде 
зоогигиеналық  және  ветеринарлық  (ветеринарлық-санитарлық)  талаптарды 
сақтауға;  ветеринариялық  шараларды  жҥргізуге  мамандардың  жҧмсалатын  еңбек 
нормаларын;  ветеринарлық  қызметті  қаржыландыру  ретін  және  жҥйесін 
қарастырады.  
«Ветеринария туралы заңға» сәйкес жеке және заңды тҧлғалар: 
     - Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгіленген 
жануарлар  ауруларының  алдан  алуды  және  мемлекеттік  ветеринарлық  қадағалау 
бақылайтын 
жҥктердің 
қауіпсіздігін 
қамтамасыз 
ететін 
ветеринарлық 
(ветеринарлық-санитарлық)  ережелерді  сақтай  отырып,  ветеринарлық  және 
әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жҥзеге асыруға; 
-  зоопарктердегі,  цирктердегі,  омарталардағы,  аквариумдардағы  жануарларды  қоса 
алғанда,  жануарлардың  ветеринарлық  (ветеринарлық-санитарлық)  ережелермен 
нормативтерге сәйкес ҧсталуын, ӛсірілуін және пайдалануын жҥзеге асыруға; 
      -        аумақты,  мал  шаруашылығы  қоражайларын,  сондай-ақ  жемшӛпті, 
жануарлардан  алынатын  ӛнімдер  мен  шикізатты  сақтауға  және  ӛңдеуге  арналған 
ғимараттарды    ветеринарлық-санитарлық  ережелер  мен  нормативтерге  сәйкес 
ҧстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге
-        мемлекеттік  ветеринарлық  қадағалау  бақылайтын  жҥктерді  ҧстауға,  ӛсіруге, 
пайдалануға,  ӛндіруге,  дайындауға  (союға),  сақтауға,  ӛңдеу  мен  ӛткізуге 
байланысты,  мемлекеттік  ветеринарлық  қадағалау  объектілерін  орналастыру,  салу, 
қайта жаңғырту және пайдалануға беруге;     

бер  шаруашылық  жануарларын  бірдейлендіруді  және  оларға  ветеринарлық 
паспорттарды ресімдеуді қамтамасыз етуге; 

бірнеше жануар кенеттен ӛлген,, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс 
мінез кӛрсеткен жағдайлар туралы ветеринарлық мамандар келгенге дейін ауру беру 
кҥдік келтірілген жануарларды оқшаулап ҧстау жӛнінде шаралар қолдануға

мемлекеттік  ветеринарлық  қадағалау  органдарына  жаңадан  сатып  алынған 
жануарларлардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға; 
-  ветеринарлық 
инспекторлардың 
мемлекеттік 
ветеринарлық 
қадағалау 
бақылайтын жҥктерді ветеринарлық тексеру ҥшін кедергісіз беруче; 
- ветеринарлық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп 
тӛндіретін 
мемлекеттік 
ветеринарлық 
қадағалау 
бақылайтын 
жҥктерді 
залалсыздандыру (зарарсыздандыру), ӛңдеу жӛніндегі талаптарын орындауға; 
-      союдың  алдында  ветеринарлық  тексеру  жҥргізбей  жануарларды  ӛткізу  ҥшін, 
союға  және  сойғаннан  кейін  ҧшалары  мен  мҥшелеріне  ветеринарлық-санитарлық 
сараптама жасамай ӛткізуге жол бермеуге; 
-      ветеринарлық  мамандарға  ӛздерінің  қызметтік  міндеттерін  орындауына  жәрдем 
кӛрсетуге; 


77 
 
-    жаңа  жетілдірілген  ветеринарлық  препараттарға  жасалған  ғылыми-техникалық 
қҧжаттаманы  ветеринария  саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік  органымен  келісуге 
міндетті. 
 
 
Ветеринариялық іс-шаралар: 
1)  жануарлар  мен  адамға  ортақ  ауруларды  қоса  алғанда,  жануарлар 
ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардан 
алынатын ӛнімдер мен шикізаттың, ветеринарлық препараттардың, жем-шӛп 
пен  жем-шӛптік  қоспалардың  ҧсталуының  Қазақстан  Республикасының 
ветеринария  саласындағы  заңдарының  талаптарына  сәйкестігін  қамтамасыз 
ету  мақсатында  ветеринарлық-санитарлық  тҧрғыдан  қолайлы  аумақта 
ӛткізілетін іс-шаралар; 
2)  шектеу  іс-шараларын  немесе  карантинді  қоса  алғанда,  жануарлардың  аса 
қауіпті  ауруларын  жою  және  олардың  таралуының  алдын  алу  мақсатымен 
індет  ошағында  және  қолайсыз  бекеттерде  жҥргізілетін  іс-шаралар  болып 
бӛлінеді. 
 
 
  Ветеринариялық  іс-шараларды  ҧйымдастыру  және  жҥзеге  асыру  тәртібін 
ветеринария  саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік  орган  бекітеді,  жеке  және  заңды 
тҧлғалардың оны орындауы міндеті болып табылады. 
 
  Шектеу іс-шаралары немесе карантин жануарлардың жҧқпалы аурулары пайда 
болған  жағдайда,  тиісті  аумақтың    мемлекеттік  бас  ветеринарлық  инспекторының 
ҧсынуы  бойынша,  жергілікті  атқарушы  органның  шешімімен  бекітілінеді. 
Сондықтан  да  шаруашылық  мамандарының  ауру  туралы,  жануарларды  зерттеу 
әдістері,  алдын-алу  және  шектеу  іс-шаралары  жҥйесі  жӛніндегі  білімділігінің 
маңызы ӛте жоғары. 
 
  Ауру жҧқпалы емес және жҧқпалы тҥрде болады. Жҧқпалы аурулар ӛз ретіне 
қарай, қоздырушылары ӛсімдік тҧқымдасты (бактериялар, бациллалар, фильтрлеуші 
вирустар) зардапты организмдер болып табылатын індетті және жануар тҧқымдасты 
(бірторшалылар-қарапайымдылар, 
паразиттік 
қҧрттар-гельминттер, 
ӛрмекші 
тәріздестер  және  жәндіктер)  паразиттерден  пайда  болатын  инвазиялық  болып 
бӛлінеді. 
 
  Ауру  –  организмнің  зардапты  агентке  жауап  беруін  қалыптастыру  кҥрделі 
реакциясы,  организм  мен  сыртқы  ортаның  қарым-қатынасының  бҧзылуының 
нәтижесінде  туындайды  және  жануарлардың  ӛнімділігі  мен  экономикалық 
маңыздылығын тӛмендетеді. 
 
  Аурудың тӛрт кезеңін ажыратады: 
1)  жасырын; 
2)  бастапқы немесе клиника алдындағы (продромальдік); 
3)  клиникалық айқын; 
4)  ақырғы. 
 
Жасырын кезең микробтың енген кезінен бастап, аурудың алғашқы белгілері 
басталғанға  дейін  созылады.  Бҧл  кезең  бірнеше  минуттан  бастап  немесе  жылға 
созылады  және  зардапты  микробтың  әсер  ететін  уақытына,  уыттылығына 
организмнің  тӛзімділігіне  байланысты  болады.  Мысалы,  кҥйген  кезде  -  бірнеше 


78 
 
минут,  тҧмауда  -  бірнеше  сағат,  туберкулезде  -  бірнеше  ай.  Бҧл  кезеңнің  уақыт 
аралығында  организм  ауру  агентімен  белсенді  кҥреседі,  ал  қоздырушыны  жойған 
кезде ауру білінбеуі мҥмкін. 
Клиника  алдындағы  немесе  продромальдік  кезең  аурудың  бірінші 
белгілерінен  бастап,  оның  толық  клиникалық  белгілері  білінген  кезі.  Бҧл  кезеңде 
кӛптеген  ауруларға  ортақ  клиникалық  белгілер  айқындалады:  дене  ыстығы 
кӛтеріледі,  жҥрек  жҧмысы  және  тыныс  алу  жиілейді,  тәбеті  тӛмендейді,  жҥйке 
жҥйесі бҧзылады. Зардапты қоздырғышты жойғаннан кейін организмнің қалыптасу 
функциялары  белсенділік  кӛрсетіп,  жазылып  кетеді.  Бҧл  кезеңде  осы  ауруға  тән 
белгілері байқалмайды, сондықтан да диагноз қою ӛте қиын болады. 
Аурудың толық клиникалық белгілері байқалған кезде осы ауруға тән негізгі 
клиникалық  сипаттары  айқындалады.  (мысалы  теріде  дақтың  болуы  –  тілмеде 
жӛтел-бронхопневмонияда, іші тоқтамай ӛту - диспепсияда). Бҧл белгілері қаншама 
ӛзіне  тән  сипатта  болғанымен,  аурудың  ӛзіне  тән  сынапта  болғанымен,  аурудың 
клиникалық  тҥрлері  сан  алуан  және  оның  ҧзақтығы  әр  тҥрлі  болады.  Клиникалық 
кезеңнің  ҧзақтығы  қоздыратын  заттарға  және  организмнің  қорғаныс  кҥштеріне  де 
байланысты  (аусыл,  тілмеде  –  бірнеше  кҥн,  бруцеллез,  туберкулездерде  –  бірнеше 
ай). 
Аурудың  ақыры  жайлы  болып  малдың  жазылуымен  (толық,  толық  емес), 
немесе  жайсыз  болғанда  ӛліммен  аяқталады.  Мал  толық  жазылғанда  организмде 
және  оның  ағзаларында  морфологиялық  немесе  функциялық  орнына  қайта  келу 
жҥреді.  Бірақ  бҧл  жағдайда  организм  бастапқы  қалпына  келмеуі  де  мҥмкін, 
организмде  иммунитет  пайда  болады,  немесе  керісінше  сезміталдығы  кҥшейеді 
(аллергия). Мал толық сауықпаған кезеңде денеде әртҥрлі бҧзылған функциялар мен 
қҧрылымдық ақаулар қалады, олар организмнің қоры есебінен қалыптасуы мҥмкін. 
Кейде  организмде  патологиялық  жағдай  дамиды  (бҥйректің  қатаюы,  миокардтың 
зақымдануы), бҧл кезеңде жануар жеңіл тҥрде қайталап ауырады. 
Организм  ӛзгерген  ортаның  жағдайына  қалыптаса  алмаған  кезінде  ӛліммен 
аяқталады. Ӛлімнің негізгі себептері: 
-   жҥрек жҧмысының тоқталуы (жҥректің немес бас миындағы жҥрек орталығының 
зақымдануы); 
-  тыныс алудың тоқталуы (бас миындағы тыныс алу орталығының зақымдануы). 
 
  Ӛлім  бірден  немесе  біртіндеп  болады,  ал  екінші  жағдайды  жанталасу  және 
клиникалық ӛлім болады. 
 
  Жанталасу  (агония)  орталық  жҥйке  жҥйесінің  функцияларының  бҧзылуы 
нәтижесінде,  организмнің  барлық  функцияларының  терең  зақымдануымен 
сипатталады.  Бҧл  кезде  тыныс  алу  ҥзілген  тҥрде,  жҥрек  қағысы  бәсеңдеген  тҥрде 
болады, дене қызуы тӛмендейді, қҧрысып қалу байқалады және несеп пен нәжістің 
бӛлінуі қиындайды. Бірнеше сағаттан екі кҥнге дейін созылады, клиникалық ӛлімге 
ауысады. 
 
  Клиникалық  ӛлім  тыныс  алу  және  жҥректің  соғуының  тоқталуымен, 
клеткаларда  алмасу  функцияларының  кенеттен  тежелуімен  сипатталады. 
Клиникалық  ӛлімнің  мерзімі  5-6  минут,  оттегінің  жетіспеушілігіне  аса  сезімтал 
жҥйке  жҥйесінің  (май  қыртысының)  жоғарғы  бӛлімдерінің  тірілу  уақытымен 
анықталады. Клиникалық ӛлім – қайтарылатын процесс және организмге (жҥрекке, 
орталық  жҥйке  жҥйесіне)  белгілі  әсер  ету  арқылы  тіршілік  функцияларын  орнына 


79 
 
келтіруге  болады.  Клиникалық  ӛлім  биологиялыққа  ауысады,  біріншіден  орталық 
жҥйке  жҥйесінде,  сосын  басқа  да  ағзалар  мен  ҧлпаларды  орнына  келмейтін 
ӛзгерістермен сипатталады. 
 
Ӛлімнің белгілері: 
1)  ӛлексе мҧздайды – бірінші кҥні сағат сайын 0,2 градусқа; 
2)  ӛлексенің сіресуі - ӛлгеннен соң 8-10 сағаттан кейін; 
3)  ӛлексе дақтары – гемолизденген қанның ҧлпаларға сіңуінің нәтижесінде
4)  ӛлексенің  шіруі  –  бауырдағы  жасыл  дақтар  (сероводородтың  темірмен 
қосылуынан) байқалады. 
Этиология – аурудың туындауының жағдайы мен себебі туралы ілім. Ішкі туа 
және  жҥре  пайда  болатын,  және  сыртқы  қоршаған  ортаның  әсерінен  болатын 
себептерін ажыратады. 
Аурудың  сыртқы  себептері  –  олар  механикалық, физикалық,  химиялық  және 
биологиялық агенттер. 
Механикалық факторлар  тҥрі - әсер етуі және жарақатқа әсерлі кҥші жағынан 
әртҥрлі болады. 
Физикалық  факторларға  –  жылы,  суықтың,  жарық  сәулесінің,  электрдің, 
атмосфералық  қысымның  әсерлері  жатады.  Жергілікті  жылу  кҥйдіруі  мҥмкін,  ол 
қызарған  дәрежесіне  және  кҥлдіреп  кӛмірленуіне  байланысты  болады.  Жалпы 
жылуда ыстық ӛтіп дене қызуы кӛтеріледі, қан тамырының соғуы және тыныс алу 
жиілейді,  кейде  ӛліммен  аяқталады.  Суықтың  жергілікті  әсерінен  ҥсиді,  қатып 
қалған  ҧлпаларды  еріткенде  олар  ӛледі.  Суықтың  жалпы  әсерінен  алмасу 
процестерінің,  жҥректің  соғуы  мен  тыныс  алуы  баяулайды,  ӛлімге  соқтыруы 
мҥмкін.  Суықтанудың  зардабының  бірі  –  тҧмаулату  аурулары.  Энергия  сәулесі 
ҧлпаларды  ионизациялайды,  соның  әсерінен  тізбекті  реакцияларға  әкеліп  соғуы 
және  алмасу  процестерінің  бҧзылуы  салдарынан  ӛлімге  тірейді  немесе  сәулелік 
ауруға ҧшырайды. Токтың әсерінен кҥйеді, егерде жҥрек арқылы ӛткен болса, онда 
оның  тоқтауы  мҥмкін.  Қысымның  тӛмендеуі  кӛмір  қышқылының  және  оттегінің 
жетіспеушілігіне  –  тау  ауруына  душар  етеді.  Қысымның  кӛтерілуінен  қан  газға 
толып  кетеді  және  қысымды  қалпына  тҥсірген  кезде  газдардың  шығуы  қан 
тамырларын бекітіп тастауы мҥмкін – кессон ауруына шалдығады. 
Химиялық  факторларға  –  улардың  әсерлері  жатады:  неорганикалыққа  – 
қышқылдар, сілтілер, ауыр металдардың тҧздары; органикалыққа – ішімдіктер, шіру 
және  ашу  ӛнімдері,  улы  ӛсімдіктер.  Химиялық  заттар  денатурациялайды, 
клеткалардың  қҧрылымын,  алмасу  процестерін  бҧзады,  бӛліп  шығару,  ас  қорыту, 
тыныс алу, жҥйке жҥйелерінің функцияларын бӛліп тастайды. 
Биологиялық  факторларға  тірі  организмдер  жатады:  зардапты  микробтар, 
вирустар, саңырауқҧлақтар, протозоолар, қҧрттар, жәндіктер, кенелер. 
Жануарларды 
дҧрыс 
бағып-кҥтпеу,  қҧнарсыз  азықтандыру,  дҧрыс 
пайдаланбау факторлары аурудың пайда болуына ықпалын тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет