Бағдарламасы бойынша: «Атом және кванттық физика»



Дата27.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#110783
түріБағдарламасы
Байланысты:
ОҚУЛЫҚ ТАЛДАУ(11 cынып физика


11-cынып оқулығына талдау жасау
(жаратылыстану-математика бағыты,1 бөлім)
Оқулық авторы:Н.А.Закирова,Р.Р.Аширов
А) Оқулықтың мазмұны
1. Типтік оқу бағдарламасы бойынша: «Атом және кванттық физика» тарауы 10 cағатты құрайды.
Сәулеленудің түрлері
Спектрлер. Спектрлік құралдар. Спектрлік анализ
Инфракызыл және ультракүлгін сәулелену.
Жылулық сәулелену. Стефан –Больцман және Вин заңдары.
Фотоэффектіні қолдану
Жарық қысымы
Жарықтың химиялық әсеріБЖБ8
Рентгендік сәулелену
№ 6 Зертханалық жұмыс "Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін
бақылау"
Сызықты емес оптика туралы түсінік. Лазерлер
Кітап бойынша:

2. Оқулықтарда әр тарау басталған бетте тарау туралы ақпараттар берілген. Тараудың алғашқы бетінде күтілетін нәтиже,яғни білім алушы тараудан нені оқып білетіні туралы жазылған.Негізі ұғымдар, тақырыпқа байланысты теория арнайы шартты белгілермен белгіленіп тұрады және оқулықта «Бұл қызық!» деген атаумен кездесетін шартты белгі бар.Ол арқылы оқушы тақырыпқа байланысты қызықты мәліметтер біле алады. Мысал,суреттер:




3. «Атом және кванттық физика» тарауындағы алғашқы тақырыптар оқушаларға түсініп кетуге өте ыңғайлы, оқушыға қызықты етіп жазылған және өмірде кездесетін әртүрлі мысалдар көрсетілген. Тараудың екінші тақырыбы:«Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелену. Рентген сәулелері. Электромагниттік толқындар шкала» Тақырыпты түсіндіру үшін өмірден алынған, оқушы өз көзімен көріп жүрген мысал суреттер қолданылған:

4. Оқыту әдістері оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.Оқыту әдістерінің негізгі қызметі–оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Ол әдіс-тәсілдерге : көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар,тб жатады.
Тәрбие әдісі - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері. Әдіс-тәсілдерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. амыту мен оқыту пән мазмұнының негізгі міндеті ал тәрбиелеу пәнді түсінумен қатар жүреді
В) Оқулықтың процессуалдық аспектісі
1.Оқушыда жаңа тарауды,тақырыпты түсіну үшін міндетті түрде алдыңғы білімдері,яғни базалық білімдері көмектеседі. Кез-келген тақырыпты,тарауды түсіндірудің алдында,мұғалім алдыңғы сабақтан алған білімдерін әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы тексеруіне болады.Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында,мұғалім еш қиындықсыз,әртүрлі кітаптардан іздемей-ақ, осы оқулықтағы материалдарды қолдана алады және өте тиімді. Оқулықтағы материалдарды сабақтың әртүрлі кезеңіне байланысты жоспарлауға болады. Мысалы, тақырып түсіндіріп болғаннан кейін, «бақылау сұрақтарын» қоюға болады.Ал,есеп шығару процесін түсіндіру үшін,оқулықтағы «есеп шығару үлгісін» қолдана алады.Кез-келген тақырыптан кейін бақылау сұрақтары, деңгейлік есептер және тарауды қорытындылау үшін тест жинағы, зертханалық практикалық жұмыстар жүргізіледі.


2. Мемлекеттік стандартпен шығарылған кітапта жас ерекшелігі сақталған. Бұл тарауды түсіну 8 сынып оқушысының қабылдауына қиындық тудыратын еді. Тақырып немесе материал оқушының есінде қалуы үшін таңқаларлық оқиғаларды, эксперименттерді көрстеуге болады, бірақ тым күрделі немесе тым жеңіл деңгейде емес. Сонымен қатар, осылай болуы мүмкін немесе болжам бойынша деген сенімсіз ақпарат емес дәлдігі анықталған нақты ақпаратттар қолданылуы қажет.
3.
7 cынып 8 сынып 9 cынып 10 сынып 11 сынып
Қарапайымнан күрделіге заңдылығы осылай сақталады,яғни әр сынып оқулықтары мен материалдары,сынып жоғарылаған сайын күрделеніп,жас ерекшелігіне байланысты жаңа ақпараттар беріліп отырады.
4. Тарауды,тақырыпты түсіндіру үшін біз әртүрлі әдістер қолданамыз. Түсіндіру кезеңінен кейінгі кезеңде біз оқушының ойлау жүйесін дамытуға күш саламыз. Яғни, оқушының білу,түсіну,қолдану,ойлау жүйесін дамытуға арналған тапсырмалар береміз. Себебі ,тақырыпқа сай оқушылардың да даму деңгейі ескерілу қажет.Ол тапсырмаларды деңгейлік, өз бетімен жұмыс, жұптық,топтық жұмыс тапсырмалары ретінде ұсынуға да болады. Оқулықтағы берілген шығармашылық тапсырмаларды, қызуғышылық танытып отырған оқушыларға ұсынуға болады және ол тапсырмаларды бірігіп орындауға да мүмкіндік берген дұрыс.

5. «Атом және кванттық физика» тарауы қоршаған ортамен,әлеуметтік өмірмен,өндіріспен тығыз байланысты. Мысалы, «Рентгендік сәулелену» тақырыбындағы материалдарда күнделікті өмірмен танымдық тарихи фактілермен байланысы көрсетіледі.

6.Оқулықтар мысалдар,тапсырмалар,графиктер берілген.Ол тақырыпқа байланысты кездеседі. Әр мысал,график орынымен тұр.Оқушыға түсінікті сурет мысалдар да көп. Оқулықтағы анықтамалар арнайы шартты белгімен түсіндірілген,тіпті тараудың қорытындысында глоссарий түрінде ақпарат,теориялар қайталанып шығарылған. Тарау соңында тарауды қорытындылау мақсатында бір сабақ арналады және сол сабақ барысында өлшем бірліктерді,формулаларды қайталау жүзеге асады.



C. Оқулықтың құрылымы мен дизайны.


1.Тарауды,тақырыпты түсіну үшін теория мазмұнынан бөлек берілетін басқада қосымша мәліметтер қажет болады. Әрбір тақырыпта қажеттілікке қарай кескіндер, кестелер, деңгейлік тапсырмалар, жадынама сынды қосымшалар көрсетіледі. Сонымен қатар тақырып басында міндетті түрде күтілетін нәтиженің қандай болатындығы көрсетіледі. Және сабақ соңында сол нәтижеге жеткендігі немесе әлі жұмыс жасалу қажеттігі оқушылардың білім деңгейінен байқалады.


2. Негізгі мәтін - теориялық және оқу мәтіндер,қызғылт түспен көрсетілген анықтамалар.
Қосымша мәтінге –тақырып мәтіні және бұл қызық,қосымша ақпараттар, өмірбаяндық және ғылыми, статистикалық ақпарат, анықтамалық материалдар. Түсіндірме мәтінге –мысалға таруға кіріспе, оқулыққа кіріспе, оның бөлімдері, ескертулер мен түсініктемелер.

3. Тақырыпқа байланысты жасалатын презентацияға презентация үлгісі (шаблон) таңдап алыну қажет.Шаблон тақырыпқа сай болса тіпті керемет болатын еді.Себебі, әдемі, тақырыпқа сай шаблон оқушының назарын аударуға көмек береді және сабаққа қызығушылығын оятады. Презентация кезінде теорияларды көп қылып жаза беру дұрыс емес.Оның орнына көзге түсетін қаріптермен формулаларды теорияларды оқушы қабылдай алатындай жасау керек. Суреттер, графикалар, кесте, сызбаларды қолдану тақырыпты ашып жеткізуге көмектеседі.
4. Оқулықта оқушыларды физика пәніне қызықтыру үшін көптеген ақпараттар берілген.Ол ақпараттар жай берілмей,әр түрлі шартты белгілмен берілген.Мысалы, «Бұл қызық», «Есте сақта» деген секілді. Оқушылардың ойлау деңгейлерін(білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау) дамыту үшінде әртүрлі тапсырмалар оқулыққа кірістірілген. Сыныпта орындалатын жаттығулар, деңгейлік тапсырмалар, практикада қолданылатын эксперименттік жұмыстар, шығармашылық тапсырмалармен толықтырылған, осының барлығы оқушыны жан-жақты дамуына және физиканы жетік меңгеругіне көмектеседі.


5. Тарау,тақырып басында міндетті түрде тарауда оқылатын ақпараттар ,яғни күтілетін нәтиже жазылады, әр тақырып кезінде ерекше назар аудару керек болған материалдар белгіленіп тұрады. Оқулықтың алғашқы беттерінде шартты белгілермен таныстырып кетеді. Тақырып ішінде белгілі бір ғалым айтылса, ол ғалымның қысқаша биографиясы немесе белгілі бір жаңалық болса сол туралы ақпарат, құрылғы немесе заң болса,шығу,даму тарихы туралы қызықты ақпараттар беріледі.Сонымен қатар есеп шығару нұсқаулықтары да кездеседі.

6. Физикадағы әр тарау,тақырып өте ауқымды және бір-бірімен байланысқан. Тақырыпты түсіндіру барысында көрнекіліктер,презентациялар, құбылыстардың түрін видеоролик арқылы көрсету,оқыту құралдарын пайдалану маңызды. Зертханалық жұмыс ережелерін сақтап, тақырыпқа байланысты зертханалық жұмыс орындатуда маңызды. Себебі,оқушыға тек ауызша түрде жеткізу қиындық тудырады.Тез және терең есте сақталуы үшін оқулықтағы әр тапсырманы, қосымша ақпаратты сабақ кезеңдеріне сай қылып дұрыс таңдап,өткізу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет