Г.Ә. Сәрсеке, А. Б. Бақраденова, Г. Т. Кәріпжанова Қазақ тілінен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған тест жинағЫ



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата27.02.2017
өлшемі0,66 Mb.
#5031
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Г.Ә. Сәрсеке, А.Б. Бақраденова, Г.Т. Кәріпжанова
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ
СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
ТЕСТ ЖИНАҒЫ
1-кітап

Павлодар
2006

ББК        81.2 Қаз я 7
                С 28
Баспаға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының
Ғылыми кеңесі шешімімен ұсынылған.
Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Ө.Жұматаева
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Қ.Қапасова
Сәрсеке Г.Ә., Бақраденова А.Б., Кәріпжанова Г.Т.
С28        Қазақ тілінен  жоғары  оқу орындары  студенттеріне  арналған  тест  жинағы.  1-кітап.  -
Павлодар: ПМПИ, 2006. - 224 бет.
ISBN 9965-802-00-9
               Әдістемелік  оқу  құралында  қазақ  тілінің  фонетика,  лексикология,  сөзжасам,
морфология,  синтаксис  салалары  мен  басқа  да  пәндерден  екі  нұсқалы  тест
тапсырмалары  жинақталған.  Тест  тапсырмалары  жоғары  оқу  орындарының  қазақ
тілінің  типтік  бағдарламаларына  сәйкес,  мазмұны  тіл  ғылымындағы  жаңа
тұжырымдар мен көзқарастарға негізделіп құрастырылды.
               Тест  жинағы  жоғары  оқу  орындарының  филология  және  журналистика
факультеттері студенттері, оқытушылар үшін қажетті құрал болып табылады.
Автордың рұқсатынсыз осы жинақты көбейтуге және таратуға болмайды.
ISBN 9965-802-00-9                                                ББК 81.2 Қаз я 7
С
06
)
05
(
00
4602020400

© Сәрсеке Г.Ә., Бақраденова А.Б., Кәріпжанова Г.Т., 2006.
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2006.

АҢДАТПА
Бұл  оқу  құралы  жоғарғы  оқу  орындарының  филология  және  журналистика
факультеттерінің  студенттеріне  көмекші  оқу  құралы  ретінде  дайындалды.  Жоғарғы  оқу
орындарындағы, оның ішінде біздің институттағы 050117 - «Қазақ тілі мен  әдебиеті»,  050205
-  «Филология»  мамандықтары,  басқа  да  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандарын  дайындайтын
мамандықтардағы студенттерге арналған.
Қазіргі  оқытудың  жаңа  жүйесінде  білім  бақылаудың  тестік  жүйесі  ерекше  орын  алып
отырғаны  белгілі.  Оқыту  үдерісінде  студенттерге  теориялық  білім  мазмұнын  меңгерту  және
игерген  білімді  тексеру,  қадағалау  және  бекіту  мақсаттары  көзделеді.  Студенттер  білімін
тексеру  мақсатында  ауызша  бақылау  түрімен  қоса  тестік  бақылау  жүргізуге  болады.  Қазірде
негізінен  мектеп  оқушыларына  арналған  тест  жинақтары  көп.  Ал  жоғарғы  оқу  орнының
студенттеріне арналған тест жоқтың қасы. Ұсынылып отырған оқу құралы  осы  олқылықтың
орнын  толтырып,  студент  біліміне  бақылау  жүргізуде  оқытушылар  пайдаланатын  бір
құралдың  қажеттілігімен  құрастырылды.  Оқыту  үдерісінде  аралық,  кезеңдік  бақылауларда
осы тест жинағымен жұмыс жасауға болады.
Тест  жинағы  екi кiтаптан  тұрады.  1-кітапта  қазақ  тілінің  негізгі  салалары,  атап  айтсақ,
фонетика,  лексикология,  сөзжасам,  морфология,  синтаксистен,  2-кітапта  қазақ  тiлiн  оқыту
әдiстемесi, қазақ әдеби тілінің тарихы, тіл біліміне кіріспе,  стилистика,  диалектология,  көркем
мәтінді  лингвистикалық  талдау,  шешендік  өнер  негіздері  пәндерінен  тест  тапсырмалары
құрастырылды.  Тест  жинағындағы  пәндер  мамандықтардың  Мемлекеттік  стандарты  мен
типтік бағдарламасына сәйкес алынды.
Тест  тапсырмалары  әрбір  пәннен  120  сұрақтан  тұратын  екі  нұсқамен  дайындалды.
Тест  сұрақтары  деңгейлік  оқыту  жүйесіне  сәйкес  құрастырылды.  1-ден  48-сұраққа  дейін  І
деңгейді,  48-сұрақтан  96-сұраққа  дейін  ІІ  деңгейді,  97-сұрақтан  ІІІ  деңгей  тапсырмалары
берілді.  І  деңгей  -  жеңіл,  ІІ  деңгей  -  орташа,  ІІІ  деңгей  жоғары  деңгейді  береді.  Сұрақтар
мазмұны осы әр түрлі деңгейлік талапқа сай.
Пәндер  бойынша  құрастырғандар:  фонетика,  лексикология,  сөзжасам,  морфология  -
Г.Ә.Сәрсеке,  тіл  біліміне  кіріспе,  қазақ  әдеби  тілінің  тарихы,  стилистика,  синтаксис,
диалектология  -  Г.Т. Кәріпжанова,  қазақ  тілінің  әдістемесі,  шешендік  өнер,  көркем  мәтінді
лингвистикалық талдау - А.Б.Бақраденова.
Тест  тапсырмаларының  мазмұны  тіл  ғылымындағы  соны  тұжырымдар  мен  жаңа
көзқарастарға негізделді. Тілдің теориялық мәселелерінде тиянақталған ой-тұжырымдарға да,
шешімін  таппаған  әрізді  көзқарастарда  бір  ғалымның  ой-пікірімен  кетпей,  екінші  бір
ғалымның көзқарасына да орын берілді.
Бұл алғашқы  құрастырылып  отырған  жинақ  болғандықтан,  барлық  пәндерді  қамтыған
жоқ. Жинақтың  келесі  басылымдарында  толықтырыла  түседі.  Тест  жинағы  студенттер  үшін
де, оқытушылар үшін де қажетті құрал бола алады деп ойлаймыз.

ФОНЕТИКА
І НҰСҚА
1. Дыбыстардың жасалу орнына қарай түрлері.
A) Жуан, жіңішке;
B) Еріндік, езулік;
C) Ерін, ерін-ерінді, тіл ұшы, тіл алды, тіл ортасы, тіл арты, тілшік;
D) Тоғысым, тоғысыңқы, жуысым, жуысыңқы;
E) Қатаң, ұяң, үнді.
2. Дыбыстардың жасалу тәсіліне қарай түрлері. 
A) Ерін, ерін-ерінді, тіл ұшы, тіл алды, тіл ортасы, тіл арты, тілшік;
B) Тоғысым,  тоғысыңқы,  жуысым,
 жуысыңқы,
 жинақы  жуысыңқы,
жайылыңқы жуысыңқы, діріл, жанама;
C) Тербеліссіз, тербеліңкі, тербелімді, тербелмелі;
D) Қатаң, ұяң, үнді;
E) Дауысты, дауыссыз.
3. Тербеліссіз дыбыстар дегеніміз не?
A) Дауыс желбезегінің жартылай қатысуынан жасалатын дыбыстар;
B) Дауыс желбезегінің қатыспауынан жасалатын дыбыстар;
C) Дауыс желбезегінің мол қатысуынан жасалатын дыбыстар;
D) Дауыс желбезегінің толық қатысуынан жасалатын дыбыстар;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
4. Дауыс желбезегінің мол қатысуынан жасалатын дыбыстар.
A) Қатаң;
B) Ұяң;
C) Үнді;
D) Дауысты;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
5. Дауыс желбезегінің қатыспауынан жасалатын дыбыстар. 
A) Қатаң;
B) Ұяң;
C) Үнді;
D) Дауысты;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
6. Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстарын белгілеңіз.
A) А, Ә, Ы, І, Е, Ұ, Ү, О, Ө;
B) А, Ә, Ы, І, Е, Ұ, Ү, О, Ө, У;
C) А, Ә, Ы, І, Е, Ұ, Ү, О, О, У, Ю, Я, Э;
D) У, Э,Ю, Я;
E) А, Ә, Ы, І, Е, Ұ, Ү, О, Ө, И, У.
7. Жалаң дауысты дыбыстарды табыңыз.

A) О, Ө, Е;
B) А, Ә, Ы, І, Ұ, Ү;
C) А, Ә, Ы, І;
D) А, Ә, О, Ө;
E) Ы, І, Е.
8. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай түрлері.
A) Еріндік, езулік;
B) Ашық, қысаң;
C) Жуан, жіңішке;
D) Тіл ортасы, тіл арты;
E) Доғал, сүйір.
9. Дауысты дыбыстардың жасалу орнына қарай түрлері.
A) Еріндік, езулік;
B) Ашық, қысаң;
C) Жуан, жіңішке;
D) Тіл ортасы, тіл арты;
E) Доғал, сүйір.
10. Езулік дауыстылар іштей қалай бөлінеді?
A) Жуан, жіңішке;
B) Доғал, сүйір;
C) Еріндік, езулік;
D) Қатаң, ұяң;
E) Езу, емеурін.
11. Жуан үндесім дауыстыларды табыңыз.
A) Ә, І, Ү, Ө, Е;
B) Ә, І, Ы, О;
C) А, Ы, Ұ, О;
D) А, Ы, І, Ө;
E) Ұ, О, Ы, Е
12. Еріндік дауыстыларды табыңыз.
A) Ұ, Ү, О, Ө;
B) А, Ә, Ы, І, Е;
C) Ұ, Ү, Ы, Е;
D) О, Ө, Ы, І;
E) Ұ, Ү, О, Е.
13. Ашық дауыстыларды табыңыз.
A) Ы, І, Ұ, Ү;
B) А, Ә;
C) А, Ә, Ұ;
D) А, Ә, О, Ү;
E) Ы, І, О, Ө.

14. Тіл арты дауыстыларды табыңыз.
A) Ә, І, Ү, Ө, Е;
B) Ә, І, А, Ы;
C) Ү, Ө, О, Е;
D) А, Ә, Ы, І;
E) А, Ы, Ұ, О.
15. Қай  дыбыстарға  тән  белгілер:  «Дауыс  желбезегі  толық  тербеледі;  буын
құрайды;  өкпеден  шыққан  ауа  ауыз  қуысында  кедергіге  ұшырамай
шығады»?
A) Дауысты дыбыстар;
B) Қатаң дыбыстар;
C) Дауыссыз дыбыстар;
D) Ұяң дыбыстар;
E) Үнді дыбыстар.
16. Й  тектес  үнді  дауыссыз  дыбыстан  басталып,  І  тектес  қысаң  дауысты
дыбыспен аяқталатын дауысты дыбысты табыңыз.
A) О;
B) Ө;
C) Е;
D) И;
E) У.
17.  тектес  үнді  дауыссыз  дыбыстан  басталып,  Ұ  тектес  қысаң  дауысты
дыбыспен аяқталатын дауысты дыбысты табыңыз.
A) О;
B) Ө;
C) Е;
D) И;
E) У.
18. Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына қарай түрлері.
A) Ерін-ерінді, тіл ұшы, тіл ортасы, тілшік;
B) Қатаң, ұяң, үнді;
C) Тіл ортасы, тіл арты;
D) Жуан, жіңішке;
E) Еріндік, езулік.
19. Дауыссыз дыбыстардың дауыс қатысына қарай түрлері.
A) Жуан, жіңішке;
B) Қатаң, ұяң, үнді;
C) Доғал, сүйір;
D) Еріндік, езулік;
E) Ерін-ерінді, тіл ұшы, тіл ортасы, тілшік.
20. Қатаң дауыссыздарды көрсетіңіз.

A) Б, Д, Ғ-Г, З, Ж;
B) П, Т, Қ-К, С, Ш;
C) М, Н, Ң, С, Ш;
D) М, Н, Ң, Р, Л, Й, У;
E) Б, Д, Ғ-Г, Л, М.
21. Ұяң дауыссыздарды көрсетіңіз.
A) Б, Д, Ғ-Г, З, Ж;
B) П, Т, Қ-К, С, Ш;
C) М, Н, Ң, С, Ш;
D) М, Н, Ң, Р, Л, Й, У;
E) Б, Д, Ғ-Г, Л, М.
22. Дауысты-дауыссыз-дауыссыз тіркесті сөздерді белгілеңіз.
A) Аң, ал, ас, ар;
B) Баж, жаз, кез, сай;
C) Өрт, ұлт, арс, арт;
D) Гүрс, зірк, құрт, мүлт;
E) Әккі, өкпе, шекпен, ақша.
23. Дауыссыз-дауысты-дауыссыз тіркесті сөздерді белгілеңіз.
A) Бұлт, желп, қарш, мөлт;
B) Саз, нар, тік, мен;
C) Аз, ай, ерт, ірк;
D) Айт, ант, ерт, ірк;
E) Ақпан, бақсы, мақта, жақша.
24. Кірме әріптерді көрсетіңіз.
A) А, Ә, У, Ю, Я;
B) Е, І, Я;
C) И, У, Я, Ю;
D) Е, Ә, Ұ, Ү;
E) Ұ, Ү, И, І.
25. И әрпі қай дыбыстардың таңбасы?
A) ЫЙ, ІЙ;
B) ҰУ;
C) ЙА;
D) ЙӘ;
E) ЙҰУ, ЙҮУ.
26. У әрпі қай дыбыстардың таңбасы?
A) ЙҰУ, ЙҮУ;
B) ҰУ, ҮУ;
C) ЙА, ЙӘ;
D) ЫЙ, ІЙ;
E) Дұрыс жауабы жоқ.

27. Орфография дегеніміз не?
A) Сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  бірізді,  дұрыс  айтылуын  қамтамасыз  ететін
ережелер жиынтығы;
B) Сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  бірізді,  дұрыс  жазылуын  қамтамасыз  ететін
ережелер жиынтығы;
C) Жазбаша тілдің ережелері мен заңдылықтарын зерттейтін сала;
D) Бір  сөз  ішінде  артикуляциялық  ұқсастығы  жоқ  екі  немесе  одан  да  көп
дыбыстың келуі;
E) Тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала.
28. Метатеза құбылысын табыңыз.
A) Мүлдем, кереует;
B) Ала ешкі, бара алмады;
C) Жазып та алды, құдірет;
D) Шақпыла, түкпір;
E) Рух, рет.
29. Протеза құбылысын табыңыз.
A) Бөрене, жеребе;
B) Айланайын, текпішек;
C) Рақым, стакан;
D) Айлану, қапқа;
E) Жоғаріл, қаса батыр.
30. Элизия құбылысын табыңыз.
A) Қапқа;
B) Дәрігер;
C) Көкірек;
D) Жоғары іл;
E) Кінәз.
31. Үндестік заңы дегеніміз не?
A) Дауыстылардың  бір  сөз  көлемінде  еріннің  қызметі  жағынан  ыңғайласып,
үйлесіп келуі;
B) Бір  сөз  ішінде  артикуляциялық  ұқсастығы  жоқ  екі  немесе  одан  да  көп
дыбыстың келуі;
C) Морфемалардың  бірыңғай  жуан  не жіңішке  буынды  болып  және  олардың
аралығында
 қатар
 келген
 дыбыстардың
 бірін-бірі
акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруы;
D) Әр  түрлі  сөзформалардың  құрамында  кездесетін  бір  морфеманың  бір
дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа өзгеруі;
E) Бунақтағы  сөздер  арасында  қатар  келген  екі  дауыстының  алдыңғысының
түсіп қалуы.
32. Тіл үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
A) -шы, -лық, -мен;
B) -бан, -гер, -хана, -қой;

C) -стан, -ы, -ған;
D) -кеш, -лы, -ды;
E) -мды, -шылық, -сыз.
33. Ерін үндесті дегеніміз не?
A) Дыбысты  жасауға  қатысатын  сөйлеу  мүшелерінің  аты  аталып,  орны
көрсетіліп, сол сөйлеу мүшелерінің өзара қиысу жолдары;
B) Ауыз қуысынан сыртқа шыққан дыбыстың құлаққа жеткен нәтижесі;
C) Морфемалардың  бірыңғай  жуан  не жіңішке  буынды  болып  және  олардың
аралығында
 қатар
 келген
 дыбыстардың
 бірімен-бірі
акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруы;
D) Дауыстылардың  бір  сөз  көлемінде  еріннің  қызметі  жағынан  ыңғайласып,
үйлесіп келуі;
E) Морфемалар  жігінде  қатар  келген  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстардың
бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы.
34. Ерін үндестікті сөзді табыңыз.
A) Басшы;
B) Өнер;
C) Ай қабақ;
D) Парасат;
E) Келешек.
35. Регрессивті ассимиляцияны табыңыз.
A) Таулар, ай қарады;
B) Мал қора, жаздың;
C) Ұшса, көк гүл;
D) Қанбады, ақ жауын;
E) Ақ дала, кессе.
36. Тоғыспалы ассимиляцияны табыңыз.
A) Сізше, боз жорға;
B) Бас шұлғыды, жұмысшы;
C) Амангелді, қайраң қалды;
D) Қаздың, емнен;
E) Жаз келді, жазса.
37. Фонациялық  ауаның  кілт үзілуінiң  не  кедергіге  ұшырауының  нәтижесінде
пайда  болатын  жеке  дауысты  дыбыс  не  дыбыстар  (дауысты,  дауыссыз)
тобы.
A) Екпін;
B) Буын;
C) Сөз;
D) Интонема;
E) Фонема.
38. Ашық буын дегеніміз не?

A) Соңы дауыссызға аяқталатын буын;
B) Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын;
C) Жеке  дауыстыдан  тұратын  немесе  дауыссыздан  басталып  дауыстыға
бітетін буын;
D) Фонациялық  ауаның  кілт  үзілуінiң  не  кедергіге  ұшырауының  нәтижесінде
пайда болатын жеке дауысты дыбыс не дыбыстар тобы;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
39. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді табыңыз.
A) Ана, ұзақ, баласы;
B) Стакан, графа, үкі;
C) Плакат, стратегия;
D) Әже, өре, желі;
E) Ант, ат, қант.
40. Бірыңғай ашық буынды сөздерді табыңыз.
A) Жаттықтырғандардың, үйдей;
B) Ойланбады, көрмеген;
C) Келеді, айтқанымыз;
D) Әкеледі, оқыса;
E) Бастыр, үлкендер.
41. Төрт дыбысты буын түрін көрсетіңіз.
A) Аса, отыр;
B) Бала, қалада;
C) Қант, жалт;
D) Жалт, сөз;
E) Ұлт, ой.
42. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.
A) Ан-а;
B) А-на;
C) Орт-ақ;
D) Жас-ыл;
E) Та-рс.
43. Мұғалім сөзі қандай буынды сөз?
A) Жіңішке буынды;
B) Жуан буынды;
C) Аралас буынды;
D) Буынсыз;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
44. Кітап сөзі неліктен жіңішке-жуан буынды?
A) Қазақтың төл сөзі;
B) Кірме сөз;
C) Қосымша жуан болғандықтан;

D) Сөздің түбірі жіңішке болғандықтан;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
45. Ілгерінді ықпал дегеніміз не?
A) Кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі;
B) Алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі;
C) Көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері;
D) Бір  сөз  ішінде  артикуляциялық  ұқсастығы  жоқ  екі  немесе  одан  да  көп
дыбыстың келуі;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
46. Ілгерінді ықпалға бағынған сөз қайсы?
A) Көзсіз;
B) Есжан;
C) Сенбе;
D) Кім келді;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
47. Мектепті сөзінен үндестік заңының қай түрін табар едіңіз?
A) Түбірдің  соңғы  дыбысы  дауысты  не  үнді  болса,  оған  жалғанатын
қосымша үнді не ұяңнан басталады;
B) Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады;
C) Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша да қатаңнан басталады;
D) Түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан жалғанады;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
48. Көзде сөзінен үндестік заңының қай түрін табар едіңіз?
A) Түбірдің  соңғы  дыбысы  дауысты  не  үнді  болса,  оған  жалғанатын
қосымша үнді не ұяңнан басталады;
B) Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады;
C) Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша да қатаңнан басталады;
D) Түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан жалғанады;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
49. Тіл дыбыстарын зерттеудің қырлары.
A) Анатомия-физиологиялық;
B) Лингвистикалық;
C) Анатомия-физиологиялық, акустикалық, лингвистикалық;
D) Лингвистикалық, фонетикалық;
E) Акустикалық.
50. Дыбыстың жасалымы (артикуляциясы) дегеніміз не?
A) Ауыз  қуысындағы  резонаторлар  жүйесінің  қалпы  аталып,  сөйлеу
мүшелерінің өзара қиысу күші;
B) Дыбысты  жасауға  қатысатын  сөйлеу  мүшелерінің  аты  аталып,  орны
көрсетіліп, сол сөйлеу мүшелерінің өзара қиысу жолдары;
C) Ауыз қуысынан сыртқа шыққан дыбыстың құлаққа жеткен нәтижесі;

D) Дыбыстың үндестік сипаты;
E) Дауысты дыбыстар жүйесі.
51. С.Мырзабеков жіктеуінде дауыстылар саны нешеу?
A) 9;
B) 11;
C) 15;
D) 13;
E) 12.
52. Дауыстылардың тіл әуезіне қарай түрлері.
A) Тербеліңкі, жуысыңқы, жайылыңқы;
B) Ашық, қысаң;
C) Тіл арты, тіл ортасы;
D) Жуан, жіңішке;
E) Езулік, еріндік.
53. Ә дыбысы қалай жасалады?
A) Тілдің орта  тұсы  қатты  таңдайға  қарай  жоғары  көтеріліп,  ауыз  қуысының
екіге бөлінуі арқылы жасалады;
B) Жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады;
C) Жақтың кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жасалады;
D) Тілдің  артқы  тұсы  жұмсақ  таңдайға  қарай  жоғары  көтеріліп,  ауыз
қуысының екіге бөлінуі арқылы жасалады;
E) W  тектес  үнді  дауыссыз  дыбыстан  басталып,  Ұ  тектес  қысаң  дауысты
дыбыспен аяқталады.
54. Ү дыбысы қалай жасалады?
A) Тілдің орта  тұсы  қатты  таңдайға  қарай  жоғары  көтеріліп,  ауыз  қуысының
екіге бөлінуі арқылы жасалады;
B) Жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады;
C) Жақтың кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жасалады;
D) Тілдің  артқы  тұсы  жұмсақ  таңдайға  қарай  жоғары  көтеріліп,  ауыз
қуысының екіге бөлінуі арқылы жасалады;
E) W  тектес  үнді  дауыссыз  дыбыстан  басталып,  Ұ  тектес  қысаң  дауысты
дыбыспен аяқталады.
55. О дыбысы қалай жасалады?
A) Тілдің орта  тұсы  қатты  таңдайға  қарай  жоғары  көтеріліп,  ауыз  қуысының
екіге бөлінуі арқылы жасалады;
B) Жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады;
C) Жақтың кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жасалады;
D) Тілдің  артқы  тұсы  жұмсақ  таңдайға  қарай  жоғары  көтеріліп,  ауыз
қуысының екіге бөлінуі арқылы жасалады;
E) W  тектес  үнді  дауыссыз  дыбыстан  басталып,  Ұ  тектес  қысаң  дауысты
дыбыспен аяқталады.

56. А дауысты дыбысы естілімі жағынан қалай дыбысталады?
A) Жіңішке үндесім әуезбен дыбысталады;
B) Жуан үндесім әуезбен дыбысталады;
C) Еріннің бейтарап қалуынан жасалады;
D) Еріннің қысаң ашылып, ауаның екпіндей шығуынан жасалады;
E) Тілдің ауыз қуысының орта тұсына орналасуынан жасалады.
57. І дауысты дыбысы естілімі жағынан қалай дыбысталады?
A) Жіңішке үндесім әуезбен дыбысталады;
B) Жуан үндесім әуезбен дыбысталады;
C) Еріннің бейтарап қалуынан жасалады;
D) Еріннің қысаң ашылып, ауаның екпіндей шығуынан жасалады;
E) Тілдің ауыз қуысының орта тұсына орналасуынан жасалады.
58. Жақтың  кең  ашылып,  тілдің  төмен  түсуі  арқылы  жасалатын  дыбыстарды
көрсетіңіз.
A) Ұ, Ү;
B) О, Ө;
C) Ы, І;
D) А, Ы;
E) А, Ә.
59. Еріннің сүйірленіп, дөңгеленуі арқылы жасалатын дыбыстар.
A) Ұ, Ы;
B) О, Ө, Ұ, Ү;
C) Ы, І, Ү;
D) А, Ы, Ұ;
E) А, Ә, О.
60. Тілдің ауыз қуысының орта тұсына орналасуымен жасалатын дыбыстар.
A) Ы, І, А;
B) Ө, Е, Ә, І, Ү;
C) Ы, Ұ, О;
D) А, Ы;
E) А, Ә, Ы.
61. Қазақтың 17 төл дауыссыз дыбысын көрсеткен ғалым.
A) С.Мырзабеков;
B) І.Кеңесбаев;
C) Ә.Жүнісбек;
D) С.Омарбекұлы;
E) З.Базарбаева.
62. С.Мырзабеков діріл дауыссыз дыбыс деп қай дыбысты көрсеткен?
A) В;
B) Ф;
C) Ш;

D) Р;
E) һ.
63. Қатаң-үнді дауыссыздар тіркесінің үндесуін табыңыз.
A) Көппала, көпсөз;
B) Төртпұрыш, үшшол;
C) Ағмаңдай, ағмоншақ;
D) Көгжылан, жебжатыр;
E) Жүзгүн, мұқташшыз.
64. Ұяң-қатаң дауыссыздар тіркесінің үндесуін табыңыз.
A) Айғарады, күйтартты;
B) Бағдар, уәжге;
C) Баугеспе, жаугетті;
D) Көкми, көпмал;
E) Жестаңдай, көстастады.
65. Үнді-қатаң дауыссыздар тіркесінің үндесуін табыңыз.
A) Күйгешті, кемгетік;
B) Арзан, самға;
C) Тайгелтір, айда;
D) Гүлмекен, адамгерек;
E) Таңнан, оммың.
66. Қатаң-қатаң дауыссыздар тіркесінің үндесуін табыңыз.
A) Қатты, көгжал;
B) Тақпа, бақша;
C) Еңліккүл, ағдала;
D) Божжорға, азғана;
E) Ағжауын, сақшы.
67. Диссимиляция дегеніміз не?
A) Түбір  мен  қосымшалардың  аралығында  қатар  келген  буындар  мен
дыбыстарға тән заңдар;
B) Бір  сөз  ішінде  артикуляциялық  ұқсастығы  жоқ  екі  немесе  одан  да  көп
дыбыстың келуі;
C) Морфемалардың
 жігінде
 көрші
 келген
 дыбыстардың
акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірі ұқсауы, бейімделуі;
D) Морфемалар  жігінде  қатар  келген  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстардың
бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы;
E) Әр  түрлі  сөзформалардың  құрамында  кездесетін  бір  морфеманың  бір
дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа өзгеруі.
68. Буынға тән белгілерді табыңыз.
A) Дауысты  дыбыс  болуы  керек,  мағына  болмайды,  қос  дауыссыздан
басталмайды;
B) Мағына болады, аралас буынды болады;

C) Дауысты  дыбыстың  болуы  міндетті  емес,  мағына  болмайды,  қос
дауыссыздан басталмайды;
D) Не бірыңғай жуан не жіңішке болады, қос дауыссыздан басталады;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
69. Буынның екі түрін - ашық және тұйық - көрсеткен ғалым?
A) С.Мырзабеков;
B) С.Омарбеков;
C) Ә.Жүнісбеков;
D) І.Кеңесбаев;
E) Қ.Жұбанов.
70. ВАВВ+А=ВАВ-ВА құрылымды буын жылысу түрін табыңыз.
A) Тартып, сүртіп;
B) Тарта, кенті;
C) Алтау;
D) Басы, аты;
E) Қара ала, алты асық.
71. АВВ+А=АВ+ВА құрылымды буын жылысу түрін табыңыз.
A) Айта, анты;
B) Антым, айтып;
C) Ерте, қанты;
D) Сөйлеп, аты;
E) Көріп, салты.
72. Буын санының кемуі қай сөздерден көрінеді?
A) Әкел, барғам, сап;
B) Ылайық, орыс;
C) Метір, киоскіге;
D) Литір, кеп;
E) Ылау, ыстанция.
73. Аккомодация құбылысы дегеніміз не?
A) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
B) Морфемалар  жігінде  қатар  келген  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстардың
бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы;
C) Сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қысты-
рылуы;
D) Кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі;
E) Алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі .
74. Сөздің соңынан дыбыстың қосылуы.
A) Эпентеза;
B) Протеза;
C) Эпитеза;
D) Элизия;

E) Редукция.
75. Эпентеза дегеніміз не?
A) Бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі;
B) Бунақтағы  сөздер  арасында  қатар  келген  екі  дауыстының  алдыңғысының
түсіп қалуы;
C) Сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қысты-
     рылуы;
D) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
E) Сөз ішіндегі біркелкі, ұқсас буындардың бірінің түсіп қалуы.
76. Бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі қандай құбылыс?
A) Эпентеза;
B) Аферезис;
C) Метатеза;
D) Элизия;
E) Гаплология.
77. Гаплология дегеніміз не?
A) Бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі;
B) Бунақтағы  сөздер  арасында  қатар  келген  екі  дауыстының  алдаңғысының
түсіп қалуы;
C) Сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстыр-
ылуы;
D) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
E) Сөз ішіндегі біркелкі, ұқсас буындардың бірінің түсіп қалуы.
78. Диэреза құбылысын табыңыз.
A) Металды;
B) Газет;
C) Мүлдем;
D) Дос;
E) Тәжірибе.
79. Бунақ дегеніміз не?
A) Соңы дауыссызға аяқталатын буын;
B) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
C) Жеке  дауыстыдан  тұратын  немесе  дауыссыздан  басталып  дауыстыға
бітетін буын;
D) Кейбір  белгілері  жағынан  өзара
 бірдей
 немесе
 біршама
 жуық
элементтердің қайталануы;
E) Өзіндік екпінмен, ырғақпен айтылатын сөздер тобы.
80. С.Омарбекұлының сөз екпінін түрлерге бөлуі.
A) Тегеурінді екпін, әуезді екпін, мөлшерлі екпін;
B) Сөз екпіні, тіркес екпіні;
C) Сөз екпіні, буын екпіні;

D) Бунақ екпіні, квантативті екпін;
E) Буын екпіні.
81. Фонологиялық екпіннің түрлері.
A) Тегеурінді, әуезді, мөлшерлі;
B) Тұрақты, еркін;
C) Эмфаза;
D) Сөз екпіні, буын екпіні;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
82. Тұрақты екпін дегеніміз не?
A) Сөз  ішіндегі  бір  буынның  өзге  буындардан  дауыстың  созылыңқылығы,
әуезділігі арқылы оқшауланып айтылуы;
B) Сөздің нақтылы бір буынында ғана келетін екпін;
C) Дауыстың әуенділігіне, дауыс ырғағына байланысты екпін;
D) Фонациялық  ауаның  күштірек  қарқынмен  айтылуынан  пайда  болатын
екпін;
E) Екпіндегі  буындағы  дауыстыны  айтқан  кезде  оның  сол  сөздің  өзге
буындардағы  дауыстылардан  анағұрлым  созылыңқы  дыбысталуынан
болатын екпін.
83. Тегеурінді екпін дегеніміз не?
A) Сөз  ішіндегі  бір  буынның  өзге  буындардан  дауыстың  созылыңқылығы,
әуезділігі арқылы оқшауланып айтылуы;
B) Сөздің нақтылы бір буынында ғана келетін екпін;
C) Дауыстың әуенділігіне, дауыс ырғағына байланысты екпін;
D) Фонациялық  ауаның  күштірек  қарқынмен  айтылуынан  пайда  болатын
екпін;
E) Екпіндегі  буындағы  дауыстыны  айтқан  кезде  оның  сол  сөздің  өзге
буындардағы  дауыстылардан  анағұрлым  созылыңқы  дыбысталуынан
болатын екпін.
84. Интонацияның компоненттерін табыңыз.
A) Әуен, пауза, дыбыс;
B) Жұрнақ, жалғау;
C) Әуен, пауза, қарқын, екпін, ырғақ, просодикалық тембр;
D) Дауыс шымылдығы, желбезек, тілшік;
E) Желбезек, ауыз қуысы, таңдай.
85. Дыбыс  пен  оның  таңбасы,  сөздің  жазылуы  мен  айтылуы  арасындағы
сәйкессіздікті  барынша  азайтып,  тілді  мүмкіндігінше  дәл  беру  үшін
лингвистикада қолданылатын арнайы жазу.
A) Транскрипция;
B) Графика;
C) Орфоэпия;
D) Пиктография;
E) Идеография.

86. Орфографиялық нормаға сәйкес жазылған сөздерді белгілеңіз.
A) Жұлұн, өлөң;
B) Өзөңге, жүрөк;
C) Сенбе, жұмысшы;
D) Сембе, жұмұшшы;
E) Көрүк, ташшол.
87. Қай сөзге қосымша жіңішке түрде жалғанады?
A) Танк;
B) Клуб;
C) Кітап;
D) Кітапхана;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
88. Қай қосымша сөзге бұрыс жалғанған?
A) Фестивалі;
B) Фестивальдан;
C) Округті;
D) Банкі;
E) Станокпен.
89. Қай сөзге қосымша қатаң дыбыстан жалғанады?
A) Клуб;
B) Геолог;
C) Волгоград;
D) Стаханов;
E) Барлық жауабы дұрыс.
90. Орфография нормасы бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) Өкпе;
B) Өпке;
C) Шегара;
D) Съездге;
E) Съездік.
91. Орфоэпия нормасы бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) Көгөнүс;
B) Парасат;
C) Пысықтау;
D) Бүгін;
E) Мақсат.
92. Шылаудың бірге жазылуын көрсетіңіз.
A) Келесің бе;
B) Келемісің;
C) Оқыған-ды;
D) Телефон арқылы;

E) Дұрыс жауабы жоқ.
93. Мынадай шылаулар дефиссіз жазылады:
A) мыс/міс;
B) ды/ді, ты/ті;
C) ма/ме, қой/ғой;
D) ақ, ау;
E) қос сөздер.
94. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөздерді табыңыз.
A) Түнде, түнгі;
B) Бүрсігүні, жаһан;
C) Қаламды, ертеңге;
D) Көлдің, мектепке;
E) Белбеу, кітапты.
95. Морфологиялық принцип бойынша жазылған сөздерді табыңыз.
A) Жексенбі, жазса;
B) Кереует, болыс;
C) Сөзді, құдіретті;
D) Сананың, тармақты;
E) Жәшік, көмбе.
96. Орфографиялық ереже бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) Орыны;
B) Көрікі;
C) Алтыау;
D) Еріні;
E) Құлқы.
97. Қай  ғалымның  айтқаны:  «...  буын  жігін  оңай,  механик  түрде  табуға
болады.  Ол  үшін жазылған  әрбір  сөздің  дыбыстарын  аяқ  жағынан  бастап
шоламыз.  Дауысты  дыбыстан  соң  келген  дауыссызды  елемей  өте  шығып
(үйткені дауыстының соңында дауыссыз болмай да  қалады,  біреу  де,  екеу
де бола  береді),  әрбір  дауыстының  алдыңғы  жағына  бір  дауыссыз  тастап
бөле  береміз  (үйткені  сөз  ортасында  дауыстыдан  буын  басталмаушы  еді
ғой). Сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады»?
A) А.Байтұрсынов;
B) С.Мырзабеков;
C) С.Омарбеков;
D) Ә.Жүнісбеков;
E) Қ.Жұбанов.
98. Тіл  дыбыстарын  ырғағы,  күші,  әуені,  созылыңқылығы  т.б.  физикалық
қасиеттері жағынан зерттейтін аспект.
A) Анатомия-физиологиялық;
B) Лингвистикалық;

C) Акустикалық;
D) Фонетикалық;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
99. Жақ  қатысы,  ерін  қатысы,  жасалу  орны  белгілерімен  дауысты
дыбыстардың қай қыры сипатталады?
A) Естілімі;
B) Жасалымы;
C) Айтылымы;
D) Буын құрауы;
E) Қызметі.
100. Ауыз  бен  көмей  қуыстарының  өзара  қатысы,  ауыздың  шығар  қалпы
белгілерімен дауысты дыбыстардың қай қыры сипатталады?
A) Естілімі;
B) Жасалымы;
C) Айтылымы;
D) Буын құрауы;
E) Қызметі.
101. О дауысты дыбысы жасалым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Ерін, тіл арты, құранды;
B) Қысаң, езу, тіл арты;
C) Ашық, езу, тіл ортасы;
D) Қысаң, доғал ерін, тіл арты;
E) Ашық, езу, тіл арты.
102. Ұ дыбысы жасалым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Қысаң, езу, тіл ортасы;
B) Қысаң, езу, тіл арты;
C) Ашық, езу, тіл ортасы;
D) Қысаң, доғал ерін, тіл арты;
E) Ашық, езу, тіл арты.
103. Ө дауысты дыбысы айтылым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Ауыз қуысты, дөңгелек шығысты;
B) Ауыз қуысты, сүйір шығысты;
C) Көмей қуысты, дөңгелек шығысты;
D) Ауыз қуысты, қысаң шығысты;
E) Көмей қуысты, қысаң шығысты.
104. Ұ дауысты дыбысы айтылым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Ауыз қуысты, емеурін шығысты;
B) Көмей қуысты, дөңгелек шығысты;
C) Ауыз қуысты, қысаң шығысты;
D) Ауыз қуысты, сүйір шығысты;
E) Көмей қуысты, қысаң шығысты.

105. А дыбысы естілім белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Жуан, ашық езу әуезді;
B) Жіңішке, ашық езу әуезді;
C) Жуан, қысаң езу әуезді;
D) Жіңішке, қысаң езу әуезді;
E) Жуан, қысаң ерін әуезді.
106. Ө дауысты дыбысы естілім белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Жуан, ашық езу әуезді;
B) Жіңішке, ашық езу әуезді;
C) Жуан, қысаң езу әуезді;
D) Жіңішке, w-ерін әуезді;
E) Жуан, қысаң ерін әуезді.
107. Әуезді екпін дегеніміз не?
A) Сөз  ішіндегі  бір  буынның  өзге  буындардан  дауыстың  созылыңқылығы,
әуезділігі арқылы оқшауланып айтылуы;
B) Сөздің нақтылы бір буынында ғана келетін екпін;
C) Дауыстың әуенділігіне, дауыс ырғағына байланысты екпін;
D) Фонациялық  ауаның  күштірек  қарқынмен  айтылуынан  пайда  болатын
екпін;
E) Екпіндегі  буындағы  дауыстыны  айтқан  кезде  оның  сол  сөздің  өзге
буындардағы  дауыстылардан  анағұрлым  созылыңқы  дыбысталуынан
болатын екпін.
108. О, Ө, Е дыбыстарын құранды дыбыстар деп қарайтын ғалым.
A) С.Мырзабеков;
B) С.Омарбеков;
C) Ә.Жүнісбек;
D) Ж.Аралбаев;
E) І.Кеңесбаев.
109. П дауыссыз дыбысы жасалым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Тілшік, тоғысыңды (жуысыңқы), ұяң;
B) Тіл ұшы, тоғысыңқы, ұяң;
C) Тіл ортасы, тоғысыңқы (жуысыңқы), қатаң;
D) Ерін-ерінді, тоғысыңқы, қатаң;
E) Тілшік, тоғысыңқы, қатаң.
110. Ғ дауыссыз дыбысы жасалым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Тілшік, тоғысыңқы (жуысыңқы), ұяң;
B) Тіл ұшы, тоғысыңқы, ұяң;
C) Тіл ортасы, тоғысыңқы (жуысыңқы), қатаң;
D) Ерін-ерінді, тоғысыңқы, қатаң;
E) Тілшік, тоғысыңқы, қатаң.
111. М дауыссыз дыбысы жасалым белгілері жағынан қандай дыбыс?

A) Ерін-ерінді, тоғысыңқы, ұяң;
B) Тіл ортасы, тоғысыңқы (жуысыңқы), ұяң;
C) Тіл ұшы, тоғысыңқы, қатаң;
D) Ерін, тоғысыңқы, үнді;
E) Тіл ұшы, тоғысыңқы, үнді.
112. П дауыссыз дыбысы айтылым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Нық тоғысыңқы, тұтас қуысты;
B) Нық тоғысыңқы, көмей қуысты;
C) Нық жуысыңқы, көмей қуысты;
D) Босаң тоғысыңқы, көмей қуысты;
E) Босаң тоғысыңқы, ауыз қуысты.
113. Д дауыссыз дыбысы айтылым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Нық тоғысыңқы, тұтас қуысты;
B) Нық тоғысыңқы, көмей қуысты;
C) Нық жуысыңқы, көмей қуысты;
D) Босаң тоғысыңқы, көмей қуысты;
E) Босаң тоғысыңқы, ауыз қуысты.
114. Н дауыссыз дыбысы айтылым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Нық тоғысыңқы, тұтас қуысты;
B) Бос тоғысыңқы, ауыз қуысты;
C) Нық жуысыңқы, көмей қуысты;
D) Босаң тоғысыңқы, көмей қуысты;
E) Бос тоғысыңқы, көмей қуысты.
115. Қ дауыссыз дыбысы естілім белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Күшті лепті, қатаң (шуыл), жуан, езу әуезді;
B) Күшті лепті, қатаң (шуыл), жіңішке, езу әуезді;
C) Күшті лепті, қатаң (шуыл), жуан, ерін әуезді;
D) Босаң лепті, ұяң (ызың), жіңішке, езу әуезді;
E) Бос лепті, үнді (ыңыл), жіңішке, езу әуезді.
116. Г дауыссыз дыбысы естілім белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Күшті лепті, қатаң (шуыл), жуан, езу әуезді;
B) Босаң лепті, ұяң, жіңішке, езу әуезді;
C) Күшті лепті, қатаң (шуыл), жуан, ерін әуезді;
D) Босаң лепті, ұяң (ызың), жіңішке, езу әуезді;
E) Бос лепті, үнді (ыңыл), жіңішке, езу әуезді.
117. У жуан еріндік түрі естілім белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Күшті лепті, қатаң (шуыл), жуан, езу әуезді;
B) Бос лепті, үнді, жуан, ерін әуезді;
C) Күшті лепті, қатаң (шуыл), жуан, ерін әуезді;
D) Босаң лепті, ұяң (ызың), жіңішке, езу әуезді;
E) Бос лепті, үнді (ыңыл), жіңішке, езу әуезді.

118. Қай  ғалымның  пікірі:  «Дәстүр  бойынша  Қ-К,  Ғ-Г  дыбыстарының
жасалым  айырмашылықтарын  ескеріп,  жеке-жеке  дауыссыздар  деп
есептеп  келеді.  Бұл  жерде  олардың  бір  дауыссыздың  үндесім  варианты
екендігі ескеріліп, керісінше, бір дауыссыз деп қарастырылып отыр»?
A) С.Мырзабеков;
B) С.Омарбеков;
C) Ә.Жүнісбек;
D) Ж.Аралбаев;
E) І.Кеңесбаев.
119. Екпіннің сөз айыру қызметін белгілеңіз.
A) Өгізше - өгізше;
B) Барады - бардым;
C) Барушы адам - барушы еді;
D) Баратын жер - ауылға жиі баратын;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
120. Екпіннің грамматикалық тұлғаларды айыру қызметін белгілеңіз.
A) Баласыз - баласыз;
B) Кеспе кес - ағаш кеспе;
C) Көретін жер - жиі көретін;
D) Біз баламыз - біздің баламыз;
E) Айттым - айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет