Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1.Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет.
2.Нағымжанова Қ.М.Инновациялы-креативті технологиялар.-Өскемен, 2015.-270б.
3.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.-Алматы, 2015.-284б.
4.Дәулетбекова Ж. және т.б. Тілді оқыту: интеграциялық білім мен интелектуалдық әлеуеттің сабақтастығы. -Алматы:Нұрай, 2014.-240бет.
5. Бескемпірова Г. К. «Критериалды бағалау технологиясы» пәнінен дәріс жинағы: 5В011700 - "Қазақ тілі мен әдебиеті", 5В020500 - "Филология: қазақ тілі" маман. студ. үшін / - Шымкент: ОҚМУ, 2017. 4бт.
Қосымша 1. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2015. –Астана. –72б.
2.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. –М.: Народное образование, 1998.-256 с.
3.Стилл Дж., Мередит К. Т.б. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. -Алматы, 1998.-182б.
4.Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. -Алматы: Верена. 2008.-260 с.
5. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. [Оқу. Бағалау. Баға]. – М.: 1980.
6.Красноборова А.А.Критериальное оценивание в школе: Учебное пособие.– Пермь,2010.– 84 с.
7.Загашев И.О., Заир-Бек С.и. Критическое мышление: технология развития. [Сын тұрғысынан ойлау: даму технологиясы]. – СПб: альянс-Дельта, 2003.-216 бет.
Лекция 6. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериальды бағалау жүйесі Жоспары: 1. Критериалды бағалау процедурасына қойылатын талаптар
2. Оқу үрдісінің нәтижесін бақылау және бағалау.
3. Бақылаудың түрлері және формалары
4. Сипаттап бағалау және оның қызметтері.
Дәріс тезистері: Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды: қадағалау; алынған мәліметтер интерпритациясы; бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған қорытынды.
Мұғалімнің бағалаудағы ролі: Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді; Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы; Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу; Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.