Бағдарламасы бойынша глоссарий


Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді



бет17/39
Дата18.10.2022
өлшемі130,2 Kb.
#43991
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
Áà?äàðëàìàñû áîéûíøà ãëîññàðèé

Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы.
Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы; Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы.
Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі; Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы; Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы; Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)
Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау; Баға сапасын арттыру. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Тәжірибелік маңыздылығы: - жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады; - оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады. - өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі. - оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Критериалды бағалау Мұғалімдерге:
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға;
4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата-аналарға:
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет