Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әлтаев А. Наркескен: айтыстар. Астана: Фолиант, 2014. 288 б



жүктеу 1.28 Mb.
Pdf просмотр
бет15/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.28 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Дидар:
Бір серпілтіп тастады­ау ағам бойды,
Білмеймін, басқа жұмыс таба алмайды.
Шымкенттің барсын деп ГАИ­ына,
Өзінше бауырына алаңдайды.
Мені ол жаққа, ағасы, жібермеңіз,
Ол жерден Дидар пайда таба алмайды.
Өйткені намаз оқып, бір Құдай деп,
Ешқашан бұл бауырың пара алмайды.
Димашты үлгі тұтқан Дидар інің
Ешқашанда ондайға бара алмайды.
Болса егер бұл баланы көп қолдайтын,
Жан да емессің, ағасы, сақтанбайтын.

282
Қорғастың кеденіне бар деп айттың,
Жай емес бұл санаға жатталмайтын.
Жақында оның басшысы сотталып ед,
Бұл да бір жағдай ғой көп толғайтын.
Жанашыр ағам ғой деп сұрап отсам,
Бір жұмыс таппадың ба сотталмайтын?
Мен Аманжол ағамды түсінбедім,
Құдай­ау, өз бауырын отқа айдайтын.
Қолдаса қуат беріп, құлын Алла,
Дәл бүгін түгел болар құбылам да.
Қазаққа қырық жеті қала салған
Данышпан Димаш еді ұлың арда.
Бірақ бүгін жылмаңдайд кей жағымпаз,
Апыр­ай, адам өстіп құбылар ма?!
Неге солар есімін бір қаланың 
Бермейді Қонаевтай ұлы нарға?
Елу қала сап кеткен Димекеңе
Бір қаланы бермедік, құрығанда.
Ал ана Петропавл, Павлодардың
Аттары ауысатын түрі бар ма?
Соның бірін атаса Қонаев деп,
Үкімет жолдарынан жығылар ма?
Орыстың әулиесін әулиесіткен,
Білмеймін көкелердің жыны бар ма?
Димекең бұл жер үшін терін төккен,
Еңбегінің жүк болар құны нарға.
Ал әлгі Петр мен Павел деген
Соншама елді ойлаған ұлылар ма?
Бас басына бір қала беретіндей,
Жерімде әкесінің құны бар ма?
Әрбір сөзі атылған зеңбіректей
Болмайды бұл ағамды елжіретпей.
Қайдағы жоқ жұмысқа жұмсадың­ау, 
Өзіңізді көруші ем кең жүректей.
Қазір бір тендер деген термин шықты,
Естісе қалмайтұғын ел дір етпей.

283
Әкімдер осы күні жей алмайды,
Аудан мен қаласында тендер өтпей.
Бауырыңа тендер алып бермеймісің,
Ауылда бостан­босқа тентіретпей?
Аманжол: 
Ер салған інім едің қарагерге,
Көсіліп шаппайсың ба дала­белде?
ГАИ­ге барсаңшы деп айтып едім,
Не жауап айтады деп бала кеуде.
Жарайсың, сынағымнан сүрінбедің,
Ол рас, елден пара ала көрме.
Димекең жолыменен таза жүрші,
Кір ақшаны қалтаңа сала көрме.
Шаруаң осы болса да келтірмеген,
Сен бала әуес болма тендерменен. 
Жап­жас боп қалай әуес боласыңдар
Осындай пәлелерге ел білмеген?
Тендердің додасына сен түгілі,
Ана отырған Жүрсін мен мен кірмегем.
Тендерлердің құзырлы көкесі бар
Қоржынын буып қойған кендірменен.
Тоқетерін айтқанда, бастықтардың
«Бейресми айлығы» тендер деген.
Жырыңның жарқылдаған жасынымен
Құрдас бол болашақтың ғасырымен.
Тендер ұтқыш ешкімді естігем жоқ
Әзірге ақындардың нәсілінен.
Дидаржан, ойнауыңа рұқсат жоқ
Министрдің ойнайтын «асығымен».
Тендерлердің қаймағын қалқымайды 
Ақындардың кішкентай «қасығымен».
Оларменен бәсеке бола алмайсың,
Әкімнің әуестенбе кәсібімен.
Біздердің тендер деген арманымыз,
Тендерсіз­ақ өтеді­ау жалғанымыз.

284
Ұсақ тендер алсақ та қуанар ек,
Алтын балық ілгендей қармағымыз.
Ақын деген халықтың өкіліміз,
Қаламсапқа арналған бармағымыз.
Есенғали, болмаса Қоғабаймен,
Тендер ап көрген жоқпыз қалғанымыз.
Бұл дәурен қайта айналып келмес, аға,
Қасымнан неге кеттің демес, аға.
«Тендер» деген бәлені білмей келген
Қандай бақыттысыңдар, Кеңес аға!
Хатшылар айлықпенен күн көретін
Уақыт бұл күндері елес, аға.
Тендердің шапкесінен аса алмайды
Бұл күнде көп әкімнің өресі, аға.
Храпунов секілді әкімдердің 
Киттен де кең боп кеткен өңеші, аға.
Арал сатып алса да шетелдерден,
Ешкім де «қалай алдың?» демес, аға.
Осындай тендерлердің кесірінен
Бюджеттің сөгіліп тұр көбесі, аға.
Қазіргі әкімдердің ақша салар
«Накопилка» секілді төбесі, аға!
Күмбірлеп сөз сөйледім нұрлы белден,
Сұңқардай қос қанаты күнді керген.
Ал енді аман­сау бол, асыл елім
Қайраткер Димекеңдей ұлды берген!

МАЗМҰНЫ
Әселхан Қалыбекова мен Аманжол Әлтай ............................... 3
Аманжол Әлтай мен Жiбек Болтанова .................................. 11
Аманжол Әлтай мен  Жәкен Омаров ......................................24
Баянғали Әлiмжанов пен Аманжол Әлтай ..............................32
Аманжол Әлтай мен Әбілқайыр Сыздықов .............................45
Аманжол Әлтай мен Ермек Жұматаев ................................... 57
Аманжол Әлтай мен Маржан Есжанова ................................. 65
Аманжол Әлтай мен Кәрима Оралова .................................... 75
Аманжол Әлтай мен Нәзира Мәдішева ...................................88
Аманжол Әлтай мен  Ақмарал Леубаева ................................ 96
Аманжол Әлтай мен Маржан Есжанова ................................ 105
Аманжол Әлтай мен  Ермек Жұматаев ................................. 136
Аманжол Әлтай мен Мұхтар Қуандықов .............................. 161
Айбек Қалиев пен Аманжол Әлтай ...................................... 186
Аманжол Әлтай мен Сара Тоқтамысова ................................ 200
Аманжол Әлтай мен Сара Тоқтамысова  ............................... 213
Аманжол Әлтай мен Айнұр Тұрсынбаева .............................. 232
Аманжол Әлтай мен Әсем Ережеқызы ................................. 241
Аманжол Әлтай мен Сара Тоқтамысова  ............................... 253
Аманжол Әлтай мен Дидар Қамиев ...................................... 271

Аманжол Әлтаев
НАРКЕСКЕН
Айтыстар

Редакторы Ботагөз Мұхиден
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Фарида Уәлиева
Компьютерде беттеген Эльмира Заманбек 
Басуға 25.10.14 қол қойылды.
Пішімі 60х90 
1
/
16
. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. 
Шартты баспа табағы 18,0.
Тапсырыс №302. Таралымы 2000 дана.

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет