Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әлтаев А. Наркескен: айтыстар. Астана: Фолиант, 2014. 288 б



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,28 Mb.
#797
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Маржан:
Не болды, Аманжол­ау, жұлынардай,
Бүгiнгi жұлынудың сыры бар ма­ай?!
Соншама Шымкентiме шүйлiктiң ғой,
Атадан келе жатқан құны бардай.
Молаға қарай бала жүгiредi,
Ағайын, бiр нәрсеге ұрынарда­ай.
Аманжол, шектен шығып кетпе деймiз,
Естiген әңгiменi төкпе деймiз.
Жезөкше газеттердi сен оқысаң,
Онда бiз кiмге барып өкпелеймiз.
Көрместей Оңтүстiктi даттап па едiң,
Аталы сөзге, Аманжол, тоқтап па едiң?!
Тойына Түркiстанның барған жоқсың,
Өсегiн iшке осылай сақтап па едiң?!

124
Дүбiрлеген ұлы той боп жатқанда
Демалып iргесiнде жатпап па едiң?!
Мен сенi ақын деушi ем бар алашқа,
Құмарсың әңгiме сөзге алақашпа.
Бәйгесi Бекарыстан артылмас деп,
Сарғайып жатпап па едiң Сарыағашта.
Маржан қыз кей сөзiңмен таласпайды,
Жiгiттiң оныменен бағы аспайды.
Алты алаш ардақтаған Аманжолға
Әңгiменiң өсегi жараспайды.
Түсесiң бүгiн, Аман, сөзiңменен,
Мен өзi елiм үшiн көз iлмегем.
Елiмде азғантай бiр мiн бар екен
Деп халқым өз елiмнен безiнбеген.
Аманжол, үлгi едiң ғой жас балаға,
Әңгiме ел iшiнде қосқан ғана. 
Жақында естiп едiм кетедi деп
Өзiңдi атышулы Астанаға.
Құлынын қолдап халқы шулар ма елде,
Жекпе­жекке белiмдi буғам мен де.
Астана емес, көршi үйге кірер кезде,
Ойланып бiлсеңiздер, тулар сенде.
Аманжол, әу бастағы әдетiң бе ед
Ауысып келе салар думанды елге?!
Жаным нәзiк болса да, затым әйел,
Туымды мен тiккенмiн туған жерге!
Мен барсам, сол Астанаң кет демейдi,
Бiздерде сендей ақын көп демейдi.
Аманжол, сөз түсiнер адам болсаң,
Ендi қайтып Маржан қызға беттемейдi.
Ағаш та бiр­ақ жерге тамыр жаяд,
Әр жерге отырғызсаң көктемейдi.
Қарқаралы ыстық жер сонша маған,
Жүрегiм айт деп менiң қолқалаған.

125
Үндемей отыр едiм бағанадан,
Өз сөзiн өз алдына тартар адам.
Қарқаралы жайын айтсам, бұл күндері
Мәди айтқан мұң әлi тарқамаған.
Туристiк аймақ етiп гүлдендiрсе,
Алғысын айтар едi қаншама адам.
Пратонның түсiп жатқан қалдығының
Азабын сол елдегi тартады адам.
Азабы сол, шашы түсiп қалады екен,
Одан зор айта берсе қорқады адам.
Аманжол, Астанаға кетпек пе едiң
Басым таз болады деп Қарқарадан?
Елiңмен мәңгi бiрге болмайсың ба,
Ел жүгiн ақын ең ғой арқалаған.
Аманжол:
Келмейтін қонағың ем елге күнде,
Қараңды көрсетпедің сен де мүлде.
Арқадан ақын жігіт келіпті деп,
Желмаяңа мініп ап желмедiң бе?
Ауылыңның iргесiнде бiр ай жаттым,
Дәстүрмен сәлем берiп келмедiң бе?
Сөзiңдi бұл Аманжол ұққан едi,
Ақиқат ойларыңды құптап едi.
Кешегi Бiржандардың өр мiнезi
Бiздерге аманат боп жұққан едi.
Шымкенттiң қыздарының көзi тиiп,
Көзiме бiр терiскен шыққан едi.
Демеймiн қарсы алдыңда амалдадым,
Барудың мен қисынын таба алмадым.
Бұйрықсыз көршіңе де кіре алмайсың,
Ол тойға сондықтан да бара алмадым.
Оңтүстік, бір бөлектеу халықсыңдар, 
Сыртқа бәйге беруге жабықсыңдар.
«Әдетпен» Бекарысқа бәйге берiп,
Бәйгенi ауылға алып қалыпсыңдар.

126
Киелі Түркістанның қаласында,
Қазақтың жаттық болмас баласында.
Сырттан келген ақынға бәйге берсе,
Кәдеңіз сай келмей ме жарасымға?!
Той дүбiрi, Маржан­ау, қалған екен
Жамбас пенен көрпенiң арасында.
Ол рас, дүркiретiп өрлепсiңдер,
Айтылған сынға көңіл бөлмепсіңдер.
Жүлденің қысып қалған қаржысынан,
Апыр­ау, қандай пайда көрмексіңдер?
Темiрханнан сұраңыз, нанбасаңыз,
Мүшәйраның бәйгесiн бермепсiңдер.
Көкелерге сәлем айт жиі ақталар,
Сезе ме елге келер ұятты олар?!
Той жасаған Шымкенттiң басшысына
Бәйгенi бермей қалу ұят болар.
Маржан­ау, ақын едiң өзiң асқақ,
Мән беріп ойлансаңшы сөзіме аздап.
Қалай ғана бармайсың Астанаға,
Елбасы барғаннан соң өзi бастап?
Бұл заман қос ғасырдың өткелi едi,
Келешек күндерiмнiң көп берерi.
Маржан­ау, азат күннiң ақынысың
Жүздiргiн көк айдынға көк кеменi.
Азат елдiң құсы боп сен самғашы,
Астыңа тұғыр етiп Көктөбенi.
Ол рас, Астанаға барсам деймiн,
Бүр жарған шыбығы боп көктегелi.
Жасымнан тұғыр тұттым паң даланы,
Жол шектім баба жолын жалғағалы.
Ауылымнан серпiлiп ұшқан едiм,
Астана аспанында самғағалы.

127
Тереңнен қарт Бұхардай толғап өтем,
Заманыма ойымды жолдап өтем.
Шетелге елден жырақ кеткен жоқпын,
Астана маған жақын ол да мекен.
Асыр сап ай астында жүрсем­дағы,
Қарағанды намысын қорғап өтем.
Бұл сөзің құлатпайды жарға мені,
Астана әр қазақтың арманы еді.
Ұрпақтардың шаhары болсыншы деп,
Нұрағаң өзi бастап салған едi.
Жиырмасыншы ғасырдың бастауында
Мықтылар Алматыға барған едi.
Тектiлiк ер жiгiттiң нарқы емес пе,
Ерлерге тұғыр болар халқы емес пе.
Ауылдан Астанаға қанат қағу
Қазақтың ақынының салты емес пе.
Тартылып Арал, Балқаш шалқаралы,
Өзендер жойылуда картадағы.
Протон гептилiнен зардап шегіп,
Қалың ел елеңдеуде Арқадағы.
Қайғыдан қабырғысы майысып тұр
Киелi Шыңғыстау мен Қарқаралы.
Табиғат, тойдырсаң да құтыңменен,
Сәбидей емiзсең де сүтiңменен.
Қатыгез адамзаттың кесiрiнен
Жарадан көз ашпай тұр бүкiл денең.
Жер­Ананың қайғысы тарқар едi,
Қараса барлық адам күтiмменен.
Экология құлдырап бара жатыр,
Табиғат ластануда түтiнменен.
Тiзесiн батырған соң сүйiктi елi,
Көбейдi Жер­Ананың күйiктерi.

128
«Қайда кетiп барасың, адамзат?» деп,
Күн мен ай таңғалып тұр биiктегi.
Құлақ түр, уа, адамзат, мұратты үнге,
Қылышыңды сермеме шуақ күнге.
Табиғат – ұлы анаңмен санаспасаң,
Ақырзаман болады бiр­ақ күнде.
Ұрпақтың ойлар болсаң барлық қамын,
Ағалар, дұрыс шықсын жарлықтарың.
Жер­Ана тәнiне әкеп тығам деймiз
Шет елдiң радиактивтi қалдықтарын.
Арқасында алшаңдап, оу, адамзат,
Жер­Ана сыңсып салған зарды ұқпадың.
Дұрыстап ойлансаңшы, Қазақстан,
Аз ба едi газ бен уға шалдыққаның?!
Қалса да шашым түсіп басымдағы,
Не жетсін туған жерге жасыңдағы.
Жаңаарқа, Қарқаралым, сүйіп өтем
Жалғасқан махаббатпен Қасымдағы.
Болашақ азат күннiң ұранымын,
Бұғауға көнбей тұрған құланымын.
Қазақтың ұл мен қызы аман болса,
Болмасын алты алаштың тұрағы мұң.
Тағы да қайталаймын, Маржан ақын,
Иманақ, Қарқаралы қыранымын.
Маржан:
Сен неге Қарқарада қалмадың деп,
Тойына Түркiстанның бармадым деп,
Аманжол, жаңа айтылған ойларымды
Қайтадан келiп отыр жалғағым кеп.
Аманжол ақын едi, келiскенiм,
Алайда көп ойымен келiспедiм.
Мен үйде бала тапқан жан болсам да,
Менен тарлау көрiндi өрiстерiң.

129
Аманжол жаңылмайды деп ойлаушы ем,
Үйде отырып есiтiп жеңiстерiн.
Тойына Түркiстанның бара алмапты
Көздегi сылтау қылып терiскенiн.
Ақындар тым тереңнен толғаған ғой,
Бойдағы жырын елге арнаған ғой.
Терiскен емес, көзi соқыр болған
Шөже де айтыстардан қалмаған ғой.
Аманжол, осы шығар шалысқаның,
Артықтау сөзге алайда барыспадым.
Жан­жақтың саған бәрi бiрдей болса,
Жолды тек Астанаға бағыштадың.
Сыр елi Арал мұңын татқан кезде
Сен неге көшiп барып болыспадың?
Семейiм полигоннан зардап шектi,
Сен сонда барып неге жабыспадың?
Зiлзала болған кезде Өскеменде
Үйлерiн барып неге салыспадың?
Немесе Әселхандай ат аударып,
Жiгiттiк көрсетпедiң, намыс барын.
Бәрiн де түсiнетiн жан едiң ғой,
Кеттi ме бас айналтып табыстарың?
Ендi кеп, Аманжол­ау, қай сасқаның,
Ел басындай ағамен жарысқаның.
Аманжол, ақын едiң дара туған,
Түрiне жыры сай боп жаратылған.
Мәңгiлiк Қарқараның қыраны бол,
Қомданса жыр саулаған қанатынан.
Аманжол:
Ойларың Каспийдейiн терең болсын,
Сол теңiзде жүзетiн кемең болсын.
Жүрсiн ағам ұсынған үш шумағың
Үш жүз ұйып тыңдайтын өлең болсын.
9­302

130
Қара түн түнек болар ай болмаса,
Ақынның құты қашар ой болмаса.
Желпiлдеп құр бекерге неге керек,
Айтыста бес қаруың сай болмаса.
Әрине, ғадiл ойды қостағанбыз,
Мәреден будан атты тоспағанбыз.
Маржан­ау, бiлесiң ғой, жүйрiк атты
Жаратпай аламанға қоспағанбыз.
Маржан қыз, сөз айтасың абайламай,
Ауылға жүрген жоқпын қарайламай.
Мін көріп Астанаға көшкенімді,
Қиыстау қетіп қалдың қалай қарай?
Бiлесiң Астанадай жас қаланы,
Жас та болса көш бастар бас қаланы.
Әрбiр ақын ауылында қала берсе,
Кiм барып көркейтедi Астананы?
Балталасаң майрылмас емен едім,
Сен ойлаған көлден де терең едiм.
Нелiктен Аманжолдың ғадiл ойын
Оң жағымда отырып елемедiң?
Елдiң көшiн бастаған Нұрағаңа
Бұхардай кеңес берсем деген едiм.
Ақын бар ма шабытпен шалқып толмас,
Тектi ақын қазынасын сарқып болмас.
Тәй­тәй басқан бүлдiршiн Астанаға
Мен секiлдi ақындар артық болмас.
Хан әр кез ақынменен кеңеседi,
Олай болса алты алаш тел өседi.
Ол менiң, жөндеп түсiн, Нұрағаңмен
Желпiнiп жарысқаным емес едi.

131
Сөзiмдi ақиқатпен жолдай кетем,
Тереңнен төкпелетiп толғай кетем.
Ойым жоқ ешкiмменен жарысатын,
Әркiмнiң өз тұғыры болмай ма екен?!
Маржан:
Маржанның сиынғаны елi болды,
Аманның көкiрегiне шерi толды.
Соңынан Жүкеңе кеп жабысқаны,
Аманның сасқан бүгiн жерi болды.
Жалғаған мұра дәстүр бiр кiсi едiк,
Кешегi ақындардың үлгiсi едiк.
Ешкiмге өлең бер деп жалынбайтын
Сара мен Әселханның сiңiлiсi едiк.
Жақсы жыр күтер халқым менен бүгiн,
Көмейден маржан жырды төгем бүгiн.
Әйел – ерге жарты пiр, ал ер адам
Әйелдiң бүтiн пiрi деген бүгiн.
Бұл жайды жазу жоқта тасқа жазып,
Бабалар айтып кеткен менен бұрын.
Етектiң тiзеден сай төмендiгi
Әйелдiң бiлдiредi төмендiгiн.
Жеңсем де, жеңiлсем де айғайламай,
Танытам өремнiң де тереңдiгiн.
Сөзiмнен сүрiндiрсең, бәйгемдi де,
Аманжол, басымды иiп берем бүгiн.
Әйелдi iзетi ғой сүйiктi еткен,
Бойына қажыр­қайрат жиып кеткен.
Әйелдер төмендiгiн бiлдiрiп­ақ,
Соншама ер адамды биiктеткен.
Аманжол:
Қыз жанын көрген жоқпын түңiлдiрiп,
Күн астына жортатын түбім күлік.

132
Елеулi Оңтүстiктiң елiгi едiң,
Жігіттің жолын кеспес, дінін біліп.
Тура сөзге тоқтасаң жетiп жатыр,
Қайтейiн қыз баланы сүрiндiрiп.
Атыңның баяу екен жүгірісі,
Дарынның алға бассын бүгiнгі iсi.
Төмендемей, серпiлiп айтыссаңшы,
Арқалы Әселханның сiңiлiсi.
Халықтан табылады керегiмiз,
Екеумiз екi ауылдың өренiмiз.
Қиын сәтте төкпелеп сөз арнасақ,
Халыққа сол емес пе көмегiмiз.
Болмасын ұлтымыздың бағы мұңлы,
Бiр Алла шектемесiн дарыныңды.
Бәрi солай болды деп жай қарамай,
Биіктет, төрелi елiм, танымыңды.
Жылымқұртша жабысқан коррупция
Кемiрiп, мүжiп жатыр тамырыңды.
Айналды сыбайластық салтымызға,
Жемқорлық нұқсан болар нарқымызға.
Осы жайлы ақын боп ой толғайық
Сәулелi сөз iздеген халқымызға.
Маржан:
Ол жағдай жағдай едi мазаны алған,
Қызы едiм кезегiмен ғазал алған.
Монтиған мәмияға момын болмай,
Қылмыстан күн болады жаза да алған.
Жете алмай ақиқатқа, бiлесiздер,
Ләззат пен Қайрат кеше қаза болған.
Қорғансыз күнiн кешiп сотталғандар,
Қодар мен Қамқадай боп жазаланған.
Арасын сұмдық­сұмдық ажыратып,
Ағайын, күн туар ма ғажап алдан?!

133
Осылай қазақ халқым көкке өрлесiн,
Ұл мен қызын еш адам жек көрмесiн.
Бүгiнгi қазақтарға тыныштықты,
Тiлегiм, Алла, Құдай көп көрмесiн!
Өлетiн жанын Құдай бермесе екен,
Қара бұлт бастан қайтiп төнбесе екен.
Жеңiлмей жекпе­жекте ақын бiткен,
Алматым тек айтысқа шөлдесе екен.
Сенiң де мөлдiреген екi көзiң
Бiр күнi әжiм басып, сөнбесе екен.
Бабалар қалай ғана тауып айтқан,
Бұл дүние екi айналып келмесе екен.
Аманжол:
Менің де өзіме сай бар атағым,
Сөзiмдi шежiредей таратамын.
Өзiңдей ақын қызға ашық болсын
Ырзықты менiң мынау алақаным.
Азат болып алдымнан қарсы алғайсың,
Болашақ менiң көрер дара таңым. 
Тоқсанда жанарына ақыл тұнған
Тағдырын берсін Алла нар атаның.
Көнбейді жүрдек уақыт амалыңа, 
Кәрілік тежеу болар талабыңа.
Ақ бетiме әжiмдер түссе­дағы,
Лайым әжiм түспесін жанарыма.
Бұл жалған құбылады құба қырдай,
Уақыт жүйрік аңыз пырағындай.
Жастық шақ – жасыл жайлау, бұла кезің,
Балауса кең даланың құрағындай.
Жүзге дейiн жанарым мөлдiр болсын
Киелi Алатаудың бұлағындай.
Сәтiмде өркениетке мойын бұрмақ
Болмасын, төрелi елiм, жолың құрғақ.

134
Адалдықтың ақ шыңы, биiктері
Ұлтымды шақырады қолын бұлғап.
Жемқорлықпен күресiп жүргендердiң
Өздерi де алады­ау қолын былғап.
Ерлердiң бiр кiрген соң лайға басы,
Ғадiл түйiн түймейдi ой­санасы.
Қызметке оп­оңай жалғасады
Министр көкелердiң айналасы.
Жұмыс таппай жүгiрiп, қиналады
Қарапайым халықтың сай баласы.
Жалғанды жалпағынан баса бермек
Аузы қисық болса да бай баласы.
Көрсек те ғасырлардан ақтабанын,
Белгiлi ешкiмге мұң шақпағаның.
Шындықты талай ақын жырлап өткен,
Қолға алып домбыра мен ақ қаламын.
Қоғамның ақиқатын мен де айтайын
Төрiнде Алматыдай бақ қаланың.
Талай­талай босқынды қабылдаппыз,
Кеудесiнен итермей жат баланың.
Солардың кейбiреуi ұмытқандай
Далама қалай қадам аттағанын.
Бұл күнде Кулагин де құтырады,
Семiрiп бидайына Ақмоланың.
Тiлеймiн алашымның ұл­қыздарын
Осындай жемқорлықтан сақтағанын.
Тексiздi тәубесiне түсiретiн
Ұрпағы, қайдасыңдар, сақ бабаның?
Қазақта ата жұртқа қондырмапты,
Арасын кiм айырар ақ­қараның?
Сарбаздар бар байлықты сапырыпты,
Кейiнгi он жыл iшiнде аты мықты.
Миллион мен миллиардтардың мүлiктерi
Арзанға мүлде құнсыз сатылыпты.
Осы жай реформаға тұсау болып,
Тереңге ел еңсесiн батырыпты.

135
Сатылған қазынаның қаражатын
Әкежандар қалтаға жасырыпты.
Талапайлап қазақтай жас халықты, 
Шетелдiктер пайдаға бас салыпты.
Инвестор мен пайданы бөлiсетiн
Шендiлерде болыпты такса мықты.
Арандары ашылған кейбiреуге
Халқынан да қашан да ақша мықты.
Қажыгелдиннiң тұсында коррупция
Көкелердің өзінен басталыпты.
Болсыншы қазағымда айбар басым,
Ақының шындықты айтпай, жай қалмасын.
Айтатын тiлегiм сол, азат елiм,
Тұнығы ұлтымыздың лайланбасын.
Маржан:
Ақылды жырмен кейде төкпелеймiз,
Кеттi ғой байлығымыз шетке деймiз.
Өзiмiз ел үстiнен байып алып,
Көнбейдi жалқау қазақ көпке деймiз.
Жоқ елдiң ынтымағы дегендерге
Ұмытып өз ордаңды кетпе деймiз.
Қазақта дiн нашар деп айтқан жанға
Түркiстан неге екiншi Мекке деймiз?
Бiр­екi қазақ үшiн неге бiздер
Осы бар қазақтарға өкпелеймiз?
Қиындық басымыздан өтер деймiн,
Ақынның сөзi бал мен шекер деймiн.
Кешегi бабалардың рухымен,
Ағайын, бүгiн басты көтер деймiн.
Тәуелсiз алған кеше бiздiң қазақ
Түбiне қылмыстың да жетер деймiз.
Кезiнде деп едi кiм бiлiп жатыр,
Айласын бүкiл халық ұғып жатыр.
Қалтаға салынған сол талай пара
Желкеден бұл күндерi шығып жатыр.

136
АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ МЕН 
ЕРМЕК ЖҰМАТАЕВ
Жекпе-жек, Алматы қаласы. 2004 жыл
Аманжол:
Жер­Ана алып күннің алды нұрын,
Наурызда бай түсінер жарлы мұңын.
Телегей қуанышқа кенелемін
Жұртымның көрген сайын арлы жүзін.
Халық деген бір сөзден биік емес
Бір Алладан кейінгі барлық ұғым.
Қазақ деген ұлтыма сәлем бердім
Ақыннан биік көрмес жалғыз ұлын.
Таңдарға үміт арттым күліп атқан,
Түспеспіз шабыт барда бүгін аттан.
«Ақжолтайлап!» алдыңа келіп тұрмын,
Бата алып Ұлытаудай ұлы қарттан.
Бетті жуып, сусындап жолға шықтым
Есілдей өзенімнен тұнық аққан.
Сәукелелі сұлудай Қарқаралым
Басыма бақ тіледі күліп арттан.
Жаңаарқамнан басталған ұлы жолда
Аталы сөз арнасам, құным артқан.
Жекпе­жекте желпініп сөз бастайын,
Бақ тілеп қазағыма ұлы хақтан.
Жалғадым баба жүрген алтын ізді,
Бір Алла биіктетсін нарқымызды.
Наурызда дәмі кетпес сөз айтайық,
Сапырып ұсынғандай бал қымызды.

137
Ұлыстың ұлы күні қандай ғажап,
Ұлт болып ардақтасақ салтымызды,
Бүгін түнде қазаққа Қыдыр келер,
Қуанышқа кенелтіп жалпымызды.
Ұлыс оң боп, ескі жыл есіркесін,
Жаңа жыл жарылқасын халқымызды.
Әз Наурыз қазақ үшін бағалы екен,
Әр үйден Қызыр орын табады екен.
Әжелер сүрдің исін бұрқыратып,
Қазанға қазы­қарта салады екен.
Наурыз көже әзірлеп жеңешелер,
Ошақ отын маздатып жағады екен.
Бар дүние жаңарып табиғатта,
Жер бусанып, бұлақтар ағады екен.
Түйе боздап, қой қоздап азан­қазан,
Еңлікгүл бүршігін жарады екен.
Ойдағы ел қырдағы елмен араласып,
Қауышып, қауқылдасып қалады екен.
Атан жүрек жігіттер көкпар тартып,
Шабандоз аламанға шабады екен.
Палуандары белдесіп, күш сынасып,
Ақындар шалқып қанат қағады екен.
Ренжіскен көңілде кірбің болса,
Есіркер ескі жылда қалады екен.
Жаңа күн, Жаңа жылға атам қазақ
Періштедей тазарып барады екен.
Жаныма серік болмас жалған желік,
«Ақжол!» деп қадам бастым арманға еріп.
Дүбірін дүлдүл жырдың байқатайын,
Жерді солқылдатқандай тарлан желіп.
Армысың, Ермектейін ақын аға,
Азуы алты қарыс арлан берік.
«Алла» деп аттың басын босат енді,
Алдыңнан тоқтатқанша арқан керіп.
Көсілген ақын едің ақтабандай,
Тыңдаушың өнеріңді мақтағандай.

138
Айтысқа Аманжолмен шығасың деп,
Қырық күн жеңешеміз баптағандай.
Ал ендеше айтарың асыл болсын,
Алтынмен іші­сыртын аптағандай.
Ұлт тыңдайтын аяулы, дәмді ойлар айт,
Жалынға құстың етін қақтағандай,
Алатау атамыздың халі қалай
Ел тілеуін тілеген қарт бабамдай?
Алматым мерейтойын тойлаймын деп,
Әкімің бекер қарап жатпағандай.
Осылардан сыр тартып сөз басташы,
Ұл едің ел сенімін ақтағандай.
Ермек:
Жаңа жылда болар деп бір жаңалық,
Жиналып қалыпсың­ау мұнда, халық.
Ол рас, Алматыға наурыз келді,
Құлағы тал­қайыңның сырғаланып.
Көктем келсе тулайды ақын жүрек,
Болармыз деп өлең мен жырға қарық.
Аманжолмен шығам деп жекпе­жекке,
Келгем жоқ сойылымды суға малып.
Ел алдында жарасып айтыс жасап,
Құшағымыз қайтармыз гүлге оранып.
Алладан бүгін айтыс бұйырған күн,
Ақындар өнеріне сыйынған күн.
Бүгін бір әзіл айтыс болады деп,
Көптен күткен мына жұрт жиылған күн.
Таласып екі сағат звондасып,
Көрермен, телефоның қиылған күн.
Жамағатқа жақсы айтыс біз жасайық
Орнына елден шыққан тиындардың.
Ол рас, бұл – күн мен түн теңелген күн,
Қазақша бақ пен ырыс кенелген күн.
Несібесі артады деп жатады
Наурыз көже тоя ішіп, жегендердің.

139
Бидай мен сүт қосып жейтін тарымызға,
Осы мейрам бұйырыпты бағымызға.
Ішкен­жеген көрініп отырғасын,
Несіне шоқ түседі шабымызға?
Осылай бәрін айтып көрсететін
Мың рахмет айтамыз Наурызға.
Наурыз тұрсын енді өкпелемей,
Шашады жырдан шашу көпке көмей.
Амандасып алайын Аманжолмен,
Жапырып жан­жағымды төкпелемей.
Мына жұрт та риза болып қайтсын,
Уақытым өтті ғой текке демей.
Біздің ауыл, сұрасаң,
Ұзынағаштың бойында.
Мен ауылдан шыққанда
Сен бар едің ойымда.
Іні емессің арқалап
Жүретұғын мойынға.
Қыз емессің қолқалап,
Тартатұғын қойынға.
Ұры емессің зәнталақ,
Екі көзің қанталап,
Жығып кетер сойылға.
Бір мінің жоқ бойыңда,
Не бар екен ойыңда?
Не болса да көрейік
Наурыздың мынау тойында.
Аманжол:
Айтыстың жарқыраған шырағы едің,
Тұмарлап топқа қосар пырағы едің.
Сенің де арқаң қозып отқан шығар,
Көргенде құба белдің құлагерін.
Ермек­ау, бір де жауап айтпадың ғой,
Алатаудың жағдайын сұрап едім.

140
Келгенде Әзірейіл жанды алғалы,
Пенденің кеш болады таңқалғаны.
Шалбайың Италияда жүрген екен
Зілзала болған кезде Талғардағы.
Қыдырам десе бастық кете берер,
Рахатты жалғыз көріп жалғандағы.
Ел үшін Меккеге де бармай қалған
Би Темір – кешегінің тарландары.
Бүгінгі әкімдер де қызықтау ғой,
Курортпенен шектелген армандары.
Адамзат десе­дағы күнге жетем,
Табиғат бізден гөрі іргелі екен.
Осынау лай көшкіні болатынын
Талғардағы ағайын білген екен.
Қауіптен сақтанбаса болмайды деп,
Кеңсеге неше мәрте кірген екен.
«Жұрт тынышта жамандық шақырма», – деп,
Бастықтар миығынан күлген екен.
Топан су қаптаса да қозғалмайтын
Әкімдерің біртүрлі күрделі екен.
Ермек­ау, әшейінде саңлақсыңдар,
Бойына мін жұқтырмас ардақсыңдар.
Кеше барып жағдайын біліп келдім,
Біреуің халін сұрап бармапсыңдар.
Зілзала ел жүрегін жаралады,
Талай қазақ мерт болды­ау жағадағы.
Шатыры лай астында кеткеннен соң,
Әрине, қарқ болмас қағанағы.
Туғанбай ағамыздың арқасында
«Ақ бұлақ» шипажайын паналады.
Тезірек Алматының әкімдері
Қандастарға үй берсін даладағы.
Бүлдірмей бұрып алып, жұлып алып,
Табиғатпен сырласар ұлы халық.

141
Дөңгелек жер долданып буырқанса,
Болмай ма адамзаттың күні ғаріп?
Көктөбе де тұр екен құлайын деп,
Бастықтар байқамаған бұны нағып?
Бір күні Көктөбеміз қақ бөлініп,
Жүрмейік елді тағы қырып алып.
Етеміз ақиқатты тілге тиек,
Жүрейік асыл елді бірге жебеп.
Осындайда жағдайын сұрамасаң,
Ақын Ермек болғаның кімге керек?
Ермек:
Аманжол, ақын едің сенім артар,
Сенім артқан жігіттің жөнін айтар.
Бұл Талғардың тауын сен сынамай­ақ,
Жөнің бар ед, Аманжол, көңіл айтар.
Аулақпыз мықтымыз деп мақтанудан,
Аулақпыз сізден тағы жасқанудан.
Құдайдың ісі солай болып тұрса,
Не келіп, не кетпейді бастарынан?
Талғарда шейіт болғандар туысына
Көңіл айтам бар әкімнің аттарынан.
Алматыны сұрапсың,
Ал айтайын, бауырым.
Бұл да сенің қалаң ғой,
Бұл да сенің ауылың.
Ел біледі, әрине,
Астананың тәуірін.
Аспандағы ай құсап,
Жарытпайсың, көреміз,
Астананың жарығын.
Тым болмаса, облыс
Орталығы болдырмай,
Түсірді ғой қадірін.

142
Астанаға соны айтшы,
Айналайын жарығым.
Алматы деген – бар қазақ,
Анасы ғой бәрінің.
Алматы – жердің жұмағы,
Алатау, рас, тұмағы.
Жұмақтың кәусар суындай
Бастан аққан бұлағы.
Бұлақты тастап кеткендер
Өздері шығар кінәлі.
Келімсектер жүр әні,
Нанын сатқан адамдай
Нашасын сатып тұрады.
Сонда да бұл қазақтың
Татулық, достық ұраны.
Төріңді берсең әркімге,
Бұныңды кім ұғады.
Батыстағы Атырау,
Ортадағы Астана,
Оңтүстікте Таразың
Жадырап, жайнап тұр әне!
Алматы да жайнаса,
Осы төртеуі болар ед
Дүниенің төрт бұлағы.
Астанаға соны айтшы,
Айналайын Аманжол,
Арқаның жүйрік пырағы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет