Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет4/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД
* * *
Азаматсың аты бар,
Жүрегінің оты бар.
Тұрған жерің – Алматы,
Туған жерің – Отырар.
Барыс жылғы барыссың,
Бұғып жатып атылар.
Несіпбек АЙТҰЛЫ


9
* * *
Сатира – жауынгер жанр. Жауынгердің жауы көп бо-
лады. Баз біреулер жауынгер Көпеннің бойынан кемшілік 
іздеуге тырысады. Шын іздесе – таздың басынан да бір-
екі бит шығады. Бірақ, мен адамның бойынан кемшілік 
іздемеймін. Кемшілігін сынағаннан гөрі, керісінше, осы 
Көпеннен бірдеңе біліп қалсам екен, ішкі дүниесіне үңіле 
алсам екен, танысам, үйренсем екен деймін. Жасының, 
жолының кішілігіне қарамастан, өзінің істеп жүрген ісінде 
ұлылығы, жүйріктігі болса, соған ілесе шапқылағым кеп 
тұрады, артында, қасында демеп жүргім келеді.
Сатирадағы Көпеннің орны басқалардан мүлде бөлек, 
Көпен – шын сатирик, шын суреткер.
Тұңғышбай ӘЛ-ТАРАЗИ
* * *
Арқалы ақыл айтар ағаңа тең,
Бұл күнде Көпен – «Ара», «Ара» – Көпен.
Сатираның сардары болғанымен,
Қазақтың баласы ғой қара көтен.
...Парақор, жалақорды шағады екен.
Қажытай ІЛИЯСҰЛЫ
* * *
Әбсаттар қажы Дербісәлі ағамыз Көпен жайлы 
«Жанры да бөлек, жаны да бөлек жігіт» деген еді. Алып-
қосары жоқ. Дәл айтылған сөз. 
Намазәлі ОМАШҰЛЫ


10
* * *
Жалпы, өмірдегі табысын қайдам, өнердегі табысы 
жағынан Көпен тау тұрғызғандай, тау басындағылардың 
өзіне қол ұрғызғандай. Бағалай білгенге, әлбетте.
Қайнар ОЛЖАЙ
Қадірменді қалжың сүйер қауым!
Мақтағанды кім жек көрсін, марқайып қалдым. 
Өзін-өзі мақтап жүргендер де баршылық қой. Оған 
қарағанда шүкіршілік. «Өзіңді өзің мақтамасаң өмір 
бойы мақтау естімей кетуің мүмкін» деген еді-ау 
Қалтай ағам да қағытпалап.
Мақтағанға масайрап «Шынында да солай екем-ау!» 
деп сендім. Бәрі де ағынан жарылып ақтарылған сияқты. 
«Шолақ сай тез тасиды» дейді ғой. Тез тасығаным 
жараса ма? Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың «Сені 
біреулер мақтап тұрса «Е, Жаратқан ием, бұл білмей-
тін күнәларымды кешіре көр!» деген хадисін оқыдым 
да сабама түстім.
Жасырып-жабатын не бар, көк тіреген көкелеріміздің 
көбісі марапат сөзден кенде емес. Ел-жұрт Елбасы 
Нұрсұлтан Әбішұлын мақтағанда қандай, майын 
тамызады. Дұрыс! Нұрағаң бүгінгі дәуірдің бүтіндей 
тұтас тұлғасы ғой. Мұндайда қазақ «Жақсының 
жақсылығын айт, нұры тасысын!» демей ме? Әбіш 
Кекілбай ағамыздың сөзіне жүгінсем «Жақсысын 
ұлықтамау, жайсаңын қызықтамау – өз ырысын өзі 
тепкендік, өз тілеуін өзі кескендік». Ендеше...
Қызыл тілде сүйек жоқ, байлам бар ма?
Ұлықтасақ ұлықты қайран қалма.
– Адамзатты құтқарған топан судан
Нұрағам ұқсайды Нұқ пайғамбарға!
О, Нұраға!
Шерағаң
1
солай деді,
Қиыстыру қиыннан оңай ма еді?


11
Қолды қысып, арқадан қағатұғын
Қолпаштауға құмар-ақ қолайлы елі.
Қызыл тілде сүйек жоқ, байлам бар ма?
Елбасыны мақтасақ қайран қалма.
Фариза
2
ақын
Нұраға, өзіңізді
Теңеп еді Мұхаммед Пайғамбарға.
Патшаларын пір тұтпас, сірә, қай ел?
Сізді мақтап қойған жоқ бір-екі әйел.
Аузы жеткен ақынның арасынан
Жыр да жазды былай деп Рафаэль
3
:
«Жауына жебе боп та қадалатын,
Абыздан азамат ер бата алатын.
Алланың тоқсан тоғыз есімі бар,
Бірі – Нұр, бірі – Сұлтан аталатын.
Көгінен ой туғанда қияқтанып,
Көңілден отырғаны күй ақтарып.
Ол кейде көрінеді жерде жүрген
Алланың көлеңкесі сияқтанып».
Көп мадаққа көңілді бөлесің бе?
Дүкенбай
4
да мақтады – ел есінде.
Елбасының есімі
Ақ періште
Дәптерінің тұр деді төбесінде.
Елден қалмай Мырзекең
5
елеңдеді,
Естен кетпес былайша дегендері:
«Ұлтымыздың ұлысы,
Көшбасшысы,
Көріпкелі,
Көсемі,
Кемеңгері!»


12
Ауыз ашып, аңқиып тұратын ба ек?
Мақтамаған патшаны бір ақын жоқ.
Прозаик Досанов
6
өлең жазып,
Жарты әлемге жар салды, – 
«Ұлы ақын!» деп.
Жұлдыз ағам,
Күн ағам,
Ай Нұрағам,
Айтқан сөзі – атқан оқ айнымаған.
Мақтағыштар байқауы бола қалса,
Өзім сөзсіз бірінші бәйгіні алам.
Аттылы адам,
Қаншама папкілі адам,
Сізді көкке көтеріп шапқылаған.
Айыбы жоқ кешірім сұрайтындай,
Әділ хансыз, Нұраға, пәк күнәдан!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет