25
№2
Ж±МА С¦ЛЕМ
Ертеде жаңа үйленген жас жігіттің байлаулы иті үйге
келген меймандарына үріп қоймапты.
– Кет-ей! Бір-ақ айтам, үрме! – депті жігіт. Иттің аты
ит қой, үрме дегенді түсіне ме, одан сайын шабаланыпты.
Жігіт əйелінің көзінше итінің басын шауып алыпты.
Ала мысығы алдындағы сүтке тисе:
– Піш-ай! Бір-ақ айтам! – депті. Сөз ұғатын мысық
қайда, қаймағын жалай бастағанда, əйелінің көзінше баж
еткізіп бауыздап тастатты.
Күндердің күнінде ат арбамен əйелін төркініне апара
жатыпты. Əбден титығып шөлдеген ат жол-жөнекей
тоған-арыққа тоқтай қалып, тұмсығын тықса:
– Су ішпе! Бір-ақ айтам! – деп бұйырыпты. Онысын жа-
нуар тыңдай ма? Атының басын кесіп алыпты да, əйеліне:
– Арбаны сен тартасың. Мен бір-ақ айтам! – депті.
Арба сүйреп келе жатқан қызын көрген əке-шешесі шо-
шыса:
– Үндемеңдер! Күйеуім бір-ақ айтады! – деп сыбырлап-
ты.
«Баланы – жастан, əйелді – бастан» деген аталы сөздің
парқы мен пайымын түсінбеппін. Əйеліме əу баста бір-ақ
айтпаппын-ау. Сөзім өтпейді. Өтсе де жартылай өтеді.
Сөзім тұтас өтетін біреуге үйленсем қайтеді?
...Ойым бұзылды.
Өмеке, сəлем бердім Астанадан,
Жұма күні жұмыс жоқ басқа маған.
Алақанға салып ап тербетесіз,
Аумаймын бесіктегі жас баладан.
Ізетпен «Інім» десіп, «Ағам» десіп,
Жұма сайын келеміз сəлемдесіп.
Құрт көжені бабымен дайындайтын
Ару қыз кезікпей жүр, амал нешік?
26
Кілең сайтан жолымда шиырлаған,
Бір періште жолығар биыл маған.
Тағдырыма таң қалып жүрмін аға,
Қырық қыздан жырық қыз бұйырмаған.
Ошағыма от жаққан халқым екен,
Қалайша көбік құсап қалқып өтем?
Қазанында еті бар,
Қамыры жоқ,
Сəлеммен – бүтін еркек, жарты Көпен.
№3
Ж±МА С¦ЛЕМ
Достарыңызбен бөлісу: