АМАНТАЙ қажыға
Өткен ғасырда бандыны қуған Хамиттi естiгендерiңiз
бар шығар. Ал, мен осы ғасырда Қажыгелдиндi қуған Аман-
тай қажымын, айқайлап-ақ қажыдым. «Аттан, Аттан!» деп,
«Қажыгелдиннен сақтан!» деп баяғыда айттым. Ешкiм «е»
демегесiн, елең етiп елемегесiн келген iзiммен керi қарай
қайттым. Қайтпағанда қайттiм?
«Заман – түлкi, тазы болып жүрмiн-ау? Қажыгелдиннiң
мойнына салу керек қыл бұрау!» деп тағы айттым. «Денiң
сау ма?» дегендей ешкiм мəн бермедi...
187
«Аттан, Аттан! – деп, Қажыгелдиннiң жолына құру керек
қақпан!» деп айтқан сөзiм сол кездегi Бас прокурор Хитрин-
нiң қышыған жерiн дөп басты. Жат елдегi қашқынмен жа-
тып кеп соттасты. Бiрақ Əкежанның «əлəулайы» мен Хи-
триннiң «халаулəйi» таусылмайтын жыр болды.
Заң алдында зар илеп, Қажыгелдин тайқып жүрдi. Ал,
Хитрин былайша «Халаулəйiн» айтып жүрдi:
– Қаштың ба, Қажыгелдин, табам қайдан?
Прокурордан асып тұр сенiң айлаң.
Қарағым, мекенiңдi айтып қойшы,
«Адамның жат болмағы осындайдан».
Е-ей, қалды-ау,
Алды-ау,
Алды-ау,
Алды-ау!..
Ап кеттi-ау, ойбай,
Ап кеттi-ау.
Қару-жарағы үйiнде
Қап кеттi-ау, ойбай,
Қап кеттi-ау.
Сiз қайда ойбай,
Сiз қайда?
Шетелге безiп кеткенiң
Шұбырынды iз болды-ау.
Сiзге деген жүрегiм
Сiресiп қатқан мұз болды-ау.
Сiз қайда ойбай,
Сiз қайда?
Əкежан-ай, есiңе ал.
Алсаң – ал, алмасаң қой,
Бiз-дағы өлер деймiсiң?
Шiркiн-ай,
Шiркiн-ай!
Ұстап алсам бiр күнi-ай.
Ой, пəле-ай!
Уh!
Əкежан-ай,
Елiрiп жүрген бiз ғана,
Елден безген сiз ғана.
Амантай қажы:
– Аттан,
Аттан!
Қажыгелдинге – қақпан!
* * *
– Ау, Амантай ағасы,
Тоқта,
Тоқта!
Қажыгелдиннен басқа
Коррупционер жоқ па?
2004 жыл
189
ЌАЗIРГI ПОЭЗИЯДАЄЫ
ЌАРА МЫСЫЌ
Аты əйгiлi арқалы ақындарымызға «Қара мысықты жыр-
ла» десек, олар қалай жырлар едi? Құдай бiледi, былай
жырлар едi:
Достарыңызбен бөлісу: |