Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет46/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

ƏЛ-ТАРАЗИДIҢ ƏНI
Барып қайт, балам!
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Шаршасаң қуат алып қайт.
Шоколад жемей шапалақ жесең атаңнан,
Кiнəлi оған бағасы удай нарықты айт.
Барып қайт!
Барып қайт, балам, шапалақ жеп «жарып» қайт.
Нағашы, жиен,
Жоқ, əлде əпке, аға ма?


208
Қарама, жаным,
Қалдырмай бəрiн арала.
Театр үшiн қу жанын қузап əкең де
Безбенiн сүйреп безектеп жүрген далада.
Арала!
Арала бəрiн – қалтасы тесiк, қазаны жоққа қарама.
Еңкейiп жүрiп,
Ешкiмге болма кiрiптар.
Көтерсең көңiл
Ауылда сарай, клуб бар.
«Турандот ханшайым» думаны саған табылмас,
Табылар бiрақ «собразим!» деген другтар.
Другтар:
«Пошли!» десе, iлесе кетпей тұрып қал!
Ауылда қазiр
Қоздаған бағзы ғұрыптар.
Қай жүзсiң, балам,
Руың кiм – бiлiп бар.
«Бiздiң көшемен неге жүресiң?» деп, 
Ұруы мүмкiн кей бала,
На всяки случай қолыңа таяқ, шыбықты ал.
Шыбықты ал!
Шықпыртып сен де бiр-екi рет ұрып қал!
Дүние – түлкi,
Тазы боп ел-жұрт қуып жүр.
Тек доллар iздеп,
Теңгеден бəрi суып жүр.
Мал табу үшiн малмандай су боп ауылда
Есектiң артын еңкiлдеп кiмдер жуып жүр?
Жуып жүр!
Дүние қумай өнерге, жаным, жуық жүр!
Өсiп те жатыр
Егемен елдiң айлығы.
Өстi ме екен
Рухани шiркiн, байлығы?


Жамбылда туған Жаманқұлов-ақ болсам да,
Əл-Тарази айтып жатыр əй, мұны.
Əй, мұны...
Егiлiп тұрып елiме айтам қай күнi?
Сахнамның, айхай,
Белгiлi дəстүрi елге.
Сақал да қойып,
Кей кезде мəскiмен де
Қайырхан бабам, Тəңiрберген мен патша Эдип
Кейпiне енiп ойнадым талай басты ролде.
Басты ролде!
Ауылға мен де барсам ба деймiн гастролге.
Барып қайт, балам,
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Шаршасаң қуат алып қайт.
Шоколад жемей шапалақ жесең атаңнан
Кiнəлi оған бағасы удай нарықты айт.
Шауып қайт!
Шауып қайт, балам, «спонсор» болса тауып қайт!..
1994 жыл


210
БIЗДЕ БƏРI БАР!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет