311
– Жемесең жеме, Қасеке! Жемесең жеме, өзiм жеймiн! –
дептi дiрiлдеп. Бұған таңырқаған ешкi:
– Мə-ə-ə-ə-ə-ə-ə! – дептi.
– Маңырап, мазамды алған қай хайуан мынау? – дептi
қасқыр ешкiнi иегiмен нұсқап.
– Мə-ə-ə-ə-ə-ə! – дептi ешкi. – Бiлмесең бiлiп қой! Бiз
Қошқар ата тұқымынанбыз. Өте өсiмтал малмыз. Қошқар,
қой, саулық, iсек, қозы, марқа, тұсақ, теке, кепе, серке, ешкi
деген ел боламыз. Мə-ə-ə-ə-ə! Ешкiнi танымасаң таныма,
қойды танисың ба?
Қасқыр:
– Мен бе? – дептi азу тiсiн ақситып. – Мен қойдың бəрiн
танымаймын, бiрақ қойдың бəрi менi таниды! Танысаң қас-
қырмын, танымасаң...
«Астапыралла, дауыс жинай алмай жүрiп далбасалап кет-
кенiм не?» деп ойлады қасқыр өз сөзiнен өзi шошып. Сосын
ешкiге бұрылып:
– Əшейiн, əзiл ғой, ешкi бикеш! – дедi мəймөңкелеп. – Же-
тi атадан өрбiген жетелi тұқым екенсiздер-ау, ə? Сендердiң
тұқымдарың тұздай құрып, бастарың кемiп барады, ешкi
бикеш. Егер жыл басы болып, сендердi өсiрмесем, қасқыр
атыма ұят! Қанша қалғансыңдар өзi? Қане, қазiр тiрi тiзiм-
дерiңдi алайын. Күйеуге шыққандарың бiр бөлек, шықпа-
ғандарың бiр бөлек тұрыңдаршы! – дедi.
Достарыңызбен бөлісу: