309
ЖЫЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЖИНАЛЫС
(Ауыз əдебиетiнiң сүрлеуiмен)
Сəлеметсiңдер ме, балалар!
«Ерте, ерте, ертеде, ешкi жүнi бөртеде,
қырғауылдың
жүнi қызыл екен, қоянның құйрығы қызыл екен» деп елжi-
ретiп айтатын ертегiм таусылып қалды. Бiрақ, балалар, мен
сендерге баяғы заманның күлдiргi
ертегiсiн емес, бүгiнгi
заманның бүлдiргi ертегiсiн оқып берейiн.
...Есте жоқ ескi заманда жыл басына тышқан кеп, жылы
орнынан жылжымай қойыпты. Ойпырмай,
жыл басы тыш-
қан болғасын ба қайдам, қазiр Қазақстанда тышқан көбейiп
кетiптi.
Жақында аң-құстар ақылдасып, жыл басын қайта сайлау
туралы жиналыс өткiздi.
Кең отырып, кеңестi. Кеңескенде
не дестi?
Құлақ түрiп қанеки,
Оу, балақай, тыңдашы.
Кiм болады жылбасы?
«Мен болам!» деп аң-құстар
Қалды əшейiн сұлбасы.
Дүрдараз боп өзара
Бiр-бiрiмен таласып,
Ұмтылуда бəрi ашық.
«Түлкi болып кетедi-ау?»
Дейдi бiрi бал ашып.
Ең болмаса еңкейiп,
Елдiң қамын жемейдi.
Ұят болды-ау демейдi.
Жыл басына таласқан
Аң-құстар сонда не дейдi?
310
Айтпақшы, балалар, жыл
басы туралы жиналысқа бара
жатқанда қасқыр байғұс қақпанға түсiп,
қайғырып жатса,
бiр жақтан қаңғалақтап қоян кеп қалыпты. Зəресi зəр түбiне
кеткен қоян:
– Оң жағыңыздан өтейiн бе, Қасеке? Əлде, əлде сол жағы-
ңыздан өтейiн бе? – деп лыпылдапты. Сонда қасқыр:
– Əй, қыли! Қай жағымнан өтсең де өзiң бiл. Бiрақ, менi
мына темiр құрсаудан құтқар! – дептi. Қасқырдың қақпанға
түскенiн байқаған қоян:
– Өй, ақымақ, былшылдамай былай тұр жолдан! Асығыс-
пын! – дептi де керi бұрылып кете берiптi. Кеткенiмен қой-
май: «Мен қайтып келгенше мына жапаны жеп қой. Жемесең
бар ғой-ə, əкеңдi танытам!» деп қасқырдың алдына сиырдың
жапасын тастапты. Сонымен қойшы, жыл басы туралы жи-
налыста сиыр былай деп мөңiрептi:
– М-ө-ө-ө-ө-ө! Қарағайдай мүйiзiм бар, үстiмде бiр тулақ-
тық киiзiм бар. Зеңгi бабамның əруағы
қолдап жыл басы
болсам бар ғой-ə, айтпады деме, əр сиырдан екi терi алып,
ауыздарыңды аққа жеткiзем.
Қашар қағынып бұқаға көзiн
сүзбейтiн болады, бұқа бұзылып бас жiбiн үзбейтiн болады…
Достарыңызбен бөлісу: