Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К


Музыкант: – Иə, СССР деген өгей əкемiз бар едi, бұрнағы  жылы қайтыс боп кеттi. Мария



Pdf көрінісі
бет76/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88
Музыкант: – Иə, СССР деген өгей əкемiз бар едi, бұрнағы 
жылы қайтыс боп кеттi.
Мария: – А? Естiген жоқ ем, арты қайырлы болсын. Қат-
ты қайғырып көңiл айтамын. Ештеңе есiмде жоқ...
Музыкант: – Ленин ата есiңде ме?
Мария: – Ленин ата?
Музыкант: – Иə, Ленин атаң былай деп өсиет айтқаны 
есiңде ме? «...Товарищи! Из всех искусств для нас важней-
шим является пародия. Пародия, пародия, еще раз пародия!» 
Сосын Сталин бабаң...
Мария: – Сталин?
Виктор: – Мария, я тебя люблю! Егер Сталин бабаң тiрi 
болғанда менi сүймегенiң үшiн сенi «халық жауы» деп қамап 
тастар едi.
Музыкант: – Сталин бабаңның былай дегенiн бiлесiң бе? 
«Товарищи! Кто не с нами, тот против нас. Пародия – злейший 
враг народа. Кто занимается пародией, всех расстрелять, в 
том числе Копен-Гагена».
Виктор: – Мария... Брежнев бабаның даусы да есiңде жоқ 
па?
Мария: – Брежнев?
Виктор: – Топырағы торқа болғыр Брежнев бабам сүйiс-
кендi жүдə жақсы көрушi едi. Мысалы, былай сүйетiн...


Музыкант: – Көкемнiң көзi тiрi болса бүгiн былай деген 
болар едi. «Указ Президиума Верховного Совета СССР. С 
40-летием поднятия целины... в связи с рождением трудно 
воспринимаего жанра, как пародия, наградить орденом трех 
степеней... то есть орденом «Трех жузов» наградить това-
рища Копен... Гагена».
Ал, Викторжан, бабаң құсап бас сал да сүйшi Марияны!
Виктор: – Мария!
Мария: – Виктор, ұят емес пе? Бас жiбiн үзiп кеткен бала 
бұқа құсап ентелей беретiнiң не?
Музыкант: – Ол сенi сүйедi ғой, Мария! Егер күт десең 
бар ғой? Алқым жүнi ағарғанша күтуге əзiр. Қазiр демо-
кратия. Ашық айтуды, жарияға жар салуды Горбачев бабаң 
үйретiп кеткен.
Мария: – Горбачев? Не помню. Бəрiн де помню.
Музыкант: – «Не помнюың» не сенiң? Ол тiрi. Кезiнде 
кес-кестеп сөйлегенi есiңде ме? «Некоторые безответствен-
ные люди делают на нас пародии. Давайте всем миром будем 
бороться. Мы их будем давить сверху, а вы снизу. Вот тог-
да процесс пойдет. Пожалуйста, говорите, предлагайте!..» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет