Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата13.02.2017
өлшемі4,3 Mb.
#4074
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Сәдіғұл:

Ақжүніс, әппақ келін, ақын келін,

Үстіңе тұрмай жатып қапы келдім. 

Тұрайын теріс қарап, қалпыңа кел,

Түсінер жан едің ғой затын ердің.

Келінжан, кешір шырақ, қайнағаңды,

Білмеуші ем келінменен ойнағанды. 

Әйелден шыққан ақын тегін болмас,

Көріп ем қызыл тілмен байлағанды. 

Ақжүніс:

Келді ме ит қуалап Жәке деймін,

Болсаңыз шын қайнаға – көке деймін.

20

Ойласаң арам пиғыл, сақалы ұзын

Қу сасық бақылдаған теке деймін.

Келіп пе ең қағысуға келініңмен,

Ұстата қояр ма екем желінімнен.

Тайлақтай төбет қуған кіріп келдің,

Қайнаға, шошынамын пейіліңнен.

Сәдіғұл:

Түрпідей тиді-ау тілің келін бала,

Жүгірдің сұрамай-ақ желінді ала.

Теңедің текеге де сасық иіс,

Қалдырып мені ұятқа кегіңді ала.

Тайлақтай тайраңдауға шама қайда,

Дөрекі мен қимаймын шалағайға.

Сәлемет деп келіп ем Сәрсенжанға,

Алмай ма сәлемімді, бала қайда?

Ақжүніс:

Түрпідей тілім болса – ақындығым,

Сәрсенге байқалмайды жақындығың.

Ісіңді сарапқа сал, ел айтады,

Қайнаға-ау, ақымақ кім, ақылды кім?

Дөрекі сөз іздеген өз қылығың, 

Түседі келіндерге көз қиығың.

Жараған жас буыршын Сәрсен інің,

Жүр-дағы қырдан аулап жез киігін.

Алтынның сынығындай, тұлпардың тұяғындай Өмір-

зақ  ағаның  кеудесі – күй,  жүрегі – жыр.  Неге  десеңіз, 

базбіреулерге әншейін ауызекі айта салатын уәждерін 

өлеңмен кестелеп, жауап беріп жатады. Өлеңді әрине, 

өзі  шығармайды.  Ізінен  ерген  Жүрсін,  Аманжол,  Ри-

нат  секілді  ақын  інілеріне  жазғызып, «үшбу  сәлемін» 

поэзия тілімен жора-жолдастарына өз атынан жолдап 



жататынына  қайран  қалам.  Бір  қызығы – өлеңнің  ав-

торын  жасырмайды.  Мысалы,  Өмекеңнің  өз  атынан 

замандас-тұрғыластарына жазылған ішкі сырын Аман-

жол Әлтаевтың өлеңімен өрнектеген бір шумағын кел-

тірейін:

Қожа деп балаған соң ағасына, 

Алаштың тең қарадым баласына. 

Атам мен анам ақын болғаннан соң,

Әр сөздің жете білдім бағасына.

…Ғайыптан тайып кәнігі кәсіпкер, меценат, өнер жа-

нашыры  Өмірзақ  Сәрсенов  ағамен  телефон  арқылы 

тілдесіп ем:

– Қайда жүрсің, қарағым-ау? – деді еркелете сөйлеп. – 

Тым  құрымаса,  жұмасына  бір  рет  телефонмен  болса 

да сәлеміңді үзбе.

Шаруаң  болмағасын  шаужайына  жармасып,  апта 

сайын «Ассалаумағалейкум!» дей берген де ерсі емес 

пе? Соны сезгендей Өмірзақ ағам: 

– Жұма сәлеміңді бір-екі шумақ болса да өлеңдетіп 

менің  факсіме  жіберіп  тұрсай! – деді.  Сынағаны  ма? 

Әлде  қамшылағаны  ма?  Масқара-ай!  Ағыл-тегіл  жыр-

лайтын  ақын  емеспін.  Қалай  көсілем?  Шөңгені  де, 

шөпті  де  тілге  тиек  етсем,  Алдаркөсенің  «әләуләйы» 

боп кетпей ме? «Нар тәуекел!» дедім де оң жамбасыма 

ыңғайлы  өз  әдісіме  салып,  әзіл-оспақпен  тұздықтауға 

тырыстым. 

Міне, «Жұма сәлем» солай туды.


22

№1

Ж±МА С¦ЛЕМ 



Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

(Абай)

Өтіп кетті-ау сан ғұмыр қас-қағымда,

Қадіріңді білмеппін жас шағымда.

Бұғып жатыр мыңдаған күйінішім,

Қызыл-жасыл сүйініш астарында.

Бұрын сезсем таң атып, күн батқанын,

Қазір сезем Алланың үн қатқанын.

Кім шешеді түбінде түйткілі көп

Жүрегімнің жасырған жұмбақтарын?

Енді сізге ең оңай жұмбақ жасырайыншы:

Екі таяқ,

Екі таяқтың үстінде мес.

Местің үстінде пеш,

Пештің үстінде мұржа,

Мұржаның үстінде шөмеле.

Шөмеленің астында немене?

Бос таксидің көзіндей 

Көкшиген көзі.

Бұл жұмбақтың шешуі – 

Өзегінде өрті бар 

Көпен Əмірбектің өзі.


23

* * *


Күнəм – жойқын, тəубəм аз,

Тіршіліктен не таптым?

Дүние- жемтік, мен – төбет, 

Соны бақпай, не бақтым?

Ырылдасып əр кіммен,

Не қапқыздым, не қаптым.

(Дулат Бабатайұлы)

Табиғиндер дəуірінде өмір сүрген Амир ибн Абдулқайс деген 

имамға біреу келіп:

– Кел, отырып арқа-жарқа əңгіме-дүкен құрайықшы! – 

дегенде, ол:

– Сен күнді ұстап, кішкене тоқтата тұршы, сосын емін-

еркін əңгімелесейік! – деп ойлантып тастаған екен

(Асылбек Ноғаевтың əңгімесінен)

  

* * *


Баяғыда бір өнерпаз жігіт он қадам жерден жіп лақты-

рып, иненің көзінен өткізеді екен.

Патша сол жігітті алдыртып:

– Осы өнерді үйренуге қанша жылың кетті? – деп сұрай-

ды. Қошемет дəметіп тұрған жігіт:

– Жиырма жылым кетті! – дейді масайрап.

– Мынаған жиырма алтын беріңдер. Сонан соң жиырма 

дүре соғыңдар! – депті патша нөкерлеріне.

– Жазығым не? – дейді өнерпаз жігіт үрейленіп.

– Алла тағаланың өлшеп берген өмірінің бақандай жиыр-

ма жылын пайдасыз іске жұмсағаның үшін! – депті ашулы 

патша.

(Ел аузындағы əфсана)

Өткен өмір!

Өзіңе өкпеледім,

Жеткізсең де төбемді көкке менің.

Алла берген алтындай көп жылдарым

Бос кетті деп өзімді жек көремін.

Сиқыршыдай бір амал жасай қалып,

Сұлуларға сұқтандық бас айналып.

«Жіп өткіздім иненің көзінен!» деп,

Жігіттікпен қырық жыл масайрадық.

Уақыт – тұлпар құйғытты шапшаң алға,

Ілесе алмай келемін бəтшəғарға.

Қырық алтын бермей-ақ,

Осы маған 

Қырық дүре соғатын патша бар ма?



25

№2

Ж±МА С¦ЛЕМ 



Ертеде жаңа үйленген жас жігіттің байлаулы иті үйге 

келген меймандарына үріп қоймапты. 

– Кет-ей! Бір-ақ айтам, үрме! – депті жігіт. Иттің аты 

ит қой, үрме дегенді түсіне ме, одан сайын шабаланыпты. 

Жігіт əйелінің көзінше итінің басын шауып алыпты. 

Ала мысығы алдындағы сүтке тисе:

–  Піш-ай!  Бір-ақ  айтам! – депті.  Сөз  ұғатын  мысық 

қайда, қаймағын жалай бастағанда, əйелінің көзінше баж 

еткізіп бауыздап тастатты. 

Күндердің  күнінде  ат  арбамен  əйелін  төркініне  апара 

жатыпты.  Əбден  титығып  шөлдеген  ат  жол-жөнекей 

тоған-арыққа тоқтай қалып,  тұмсығын тықса:

– Су ішпе! Бір-ақ айтам! – деп бұйырыпты. Онысын жа-

нуар тыңдай ма? Атының басын кесіп алыпты да, əйеліне:

– Арбаны сен тартасың. Мен бір-ақ айтам! – депті. 

Арба сүйреп келе жатқан қызын көрген əке-шешесі шо-

шыса:

– Үндемеңдер! Күйеуім бір-ақ айтады! – деп сыбырлап-

ты. 

«Баланы – жастан, əйелді – бастан» деген аталы сөздің 

парқы  мен  пайымын  түсінбеппін.  Əйеліме  əу  баста  бір-ақ 

айтпаппын-ау. Сөзім өтпейді. Өтсе де жартылай өтеді.  

Сөзім тұтас өтетін біреуге үйленсем қайтеді? 

...Ойым бұзылды.

Өмеке, сəлем бердім Астанадан,

Жұма күні жұмыс жоқ басқа маған.

Алақанға салып ап тербетесіз,

Аумаймын бесіктегі жас баладан.

Ізетпен «Інім»  десіп, «Ағам» десіп,

Жұма сайын келеміз сəлемдесіп.

Құрт көжені бабымен дайындайтын

Ару қыз кезікпей жүр, амал нешік?


26

Кілең сайтан жолымда шиырлаған,

Бір періште жолығар биыл маған.

Тағдырыма таң қалып жүрмін аға,

Қырық қыздан жырық қыз бұйырмаған.

Ошағыма от жаққан халқым екен,

Қалайша көбік құсап қалқып өтем?

Қазанында еті бар,

Қамыры жоқ,

Сəлеммен – бүтін еркек, жарты Көпен.

№3

Ж±МА С¦ЛЕМ



– Қарындас, атыңыз кім? 

– Сюзи.

– Шын атыңызды айтыңызшы.

– Сюзанна. 

– Қойыңызшы, қазақ өйтіп ат қоймайды ғой. Шын аты-

ңыз кім? 

– Атым – Сақыпжамал. Ал, қайтесің?!

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Бүгінгі  қыздардың  көбісі – Сюзи,  Сюзанна...  Баяғы  Са-

қыпжамалдың бəрі – сары қарын бəйбіше ғой қазір. 

Қазынасы осы деп қаламгердің,

Тағы да Астанадан сəлем бердім.

Берекелі «Жұма» деп жазылыпты,

Бетіне қарап едім календарьдың.

Бетіне қарап едім календарьдың...

О, календарь, сен менің зəремді алдың.

Күн сайын бір парағы жыртылатын

Саған ұқсас өмірі адамдардың.


Азаймай тұрған кезде парағымыз,

Ардақтап жүрсек болды ағаны біз.

Амандасу – астаумен ас қойғандай,

Сəлем бердік Өмеке, дəм алыңыз!...

Сəлем бердік Өмеке, дəм алыңыз,

Хал сұраған – мұсылман халəліміз.

...Құрт көжені қайнатып беретұғын,

Айда жүр ме, қайда жүр саналы қыз?



28

№4

Ж±МА С¦ЛЕМ



«Достық нешеу?» деген сауалға əйгілі Əйтімбет би:

– Екеу, – депті мүдірместен. – Бірі – адал достық, екінші-

сі – амал достық. 

– Оны қалай ажыратамыз?

– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың 

өрісі қысқа болады.

 

 

 

 

 

 

   (Ел аузынан)

Тараздан тағы сəлем қожа ағама,

Елу пайыз етжақын өз ағама.

Көк есекке мінгізіп,

Тепеңдетіп

Көкпарға салдың мені о, замана!...

Көкпарға салдың мені о, замана!...

Көк есекпен шабандоз оза ала ма?

Əулие Ата секілді

Қамыққанда

Қамқоршым болып жүрген Қожа  ғана.

Кең болсам, кем болам деп өспеп едім,

Досым суға батқанда «SOS!» деп едім.

Айқас болса,

Аржаққа ауып кетер

Айнымалы адам ба дос дегенің?...

Айнымалы адам ба дос дегенің?...

Астыртын аунаса да «Қош!» демедім.

Сол досым суға кетіп тұншыққан жоқ,

Құйрығын ұстаса да қос кеменің.



29

№5

Ж±МА С¦ЛЕМ



Əскерден оралған баласына əкесі:

–  Қалың  орыстың  ортасында  жүріп,  орысша  үйренген 

шығарсың. Қамшының орысшасы не? – деп сұрапты. Бала-

сы бүлк етпей:

– Аттин жанин шигаргиш! – депті. 

– Дұры-е-ес. Ал, бір орысты өзіме шақыру үшін не дей-

мін? 

– «Иди сюда!» дейсіз.

– Ал, «Кет!» дегенді қалай айтам?

– Аржағына барып «Иди сюда!» дейсіз. Болды. И все!

Орысшалап айтқанда «отпуск» алдым. Бір ай бойы не іс-

теймін? Қайда барарымды білмедім. Қарап отырам ба, ерік-

кен  сарттай  екі  қолымды  ысқылап,  Өмекеңе  жұма  сəлем 

жолдадым. «Иди сюданы» қай жағыма шығып айтар екен?

«Əлһамдуллаһ!» дедім де  Алла атынан,

Жұма сəлем жолдадым Алматыдан.

Көңіл-күйді көкетай, 

Сезінерсіз

Ініңіздің жолдаған əр хатынан.

Тараздан Алматыға аялдадым,

Сырымды сыртқа шашып жая алмадым.

Атқа демеу болады «Əйт, шу!» деген.

Келіп тұр бір əңгіме баяндағым. 

...Бір адам тəлімінен қате кетті,

Баласын жалқау қылып мəпелепті.

Сол ұлы армияға бара жатып:

– Хат жазуға ерінем, əке! – депті.

Сөз боратып хат жазу қалған бүгін,

Жек көремін сəлемнің жалғандығын.



Хат келмесе аман-сау деп біліңдер,

«А» деп жазсам – ауырып қалғандығым.

Ай артынан ай туып, жыл өтеді,

Ата-анасын хат салмай жүдетеді.

Бір күні жалқау ұлдан хат алғанда,

Əкесінің жүрегі дір етеді.

Əуелі  ебіл-дебіл жылап алып,

Конвертті ашыпты тұра қалып.

Ой, масқара-ай,

Парақтың бір бетіне

«Ө» депті де қойыпты бір-ақ əріп.

Хабарласып хат келді, тəуір бəрі,

«А» деп жазса – баланың ауырғаны.

– «Ө» дегені – өлгеннің белгісі ғой! –

Деп жылапты шетінен бауырлары.

Қамығып жүрсе бəрі сол хатына,

Армиядан келіпті «солдаты» да.

– «Ө» дегенің немене? – депті əкесі, –

«Қара қағаз» салғандай сонда атыма.

Баласының бұтына шоқ түсті ме,

Атып тұрып ақылын төкті үстіне:

– Сіз немене орысша білмейсіз бе,

Шықтым деп жазғаным ғой «өтпіскіге».

Ағын судай ойымды бөгейін бе,

Көп сөзім лықсып тұр-ау көмейімде.

«Өтпіскіге» таяуда шығып едім,

Өмеке, «Ө» дейін бе, «О» дейін бе?


31

№6

Ж±МА С¦ЛЕМ



– Айтыс ақындарының айтпайтыны жоқ, – деп бір біл-

гішсымақ досым сырттарынан сын айтты. – Мысалы, Бал-

ғынбек пен Ринат көзіне түскен нəрсенің бəрін өлеңге қоса 

береді. 

–  О-о,  онда  олармен  моншаға  бірге  бармау  керек  екен 

ғой! – деп, əлгінің сын-пікірін сылап-сипап жұмсартып тұр-

ғанымда, ұялы телефоным ұлып қоя берді. Өмекең екен. 

– Мақпал Жүнісованың үйін білесің бе? – деді. 

– Иə! – дедім.

– Бізді сонда апаршы. Қасымда Сламхан бар. Түске қо-

наққа шақырған еді. 

Апардым. 

– Бұрын келіп-кетіп жүрген үйің-ау деймін. Төтелеп тез 

əкелдің ғой! – деп қалжыңдады ағаларым. 

Дастарқан  басында  Өмекең  шешілді.  Көсілді.  Ағынан 

жарылды. Балғынбек пен Ринат інілерім секілді көргенімнің 

бəрін  көгендеп  тізе  бермей,  көкейіме  қонған  көрікті  ойла-

рын шама-шарқымша өлеңмен жеткізуге тырыстым.

Өмеке, сізге қояр сан сұрақ бар,

Шама барда шабанды қамшылап қал.

Неге сізді шақырды қазан асып,

Қожаның жиен қызы – əнші Мақпал?

Бардыңыз Төлегендей егеленіп, 

Ерді неге Сламхан Шеге болып?

Мен қосылып бүйірден Бекежандай,

Мақпалдың сүр етінен жеген едік.

Əзілім ғой əншейін бағасы жоқ,

Көріндіңіз  Мақпалға нағашы боп.

Отта тұрған құмғандай қыз қайнаса,

Сіз шəйнектей болдыңыз самасы көп.


32

Шық бермес Шығайбайдай байға күлем,

Көбінің көздегені пайда білем.

Қайнаған құмғаныңда не бар дейсің,

Шайдың дəмі шығады шəйнегінен.

Терең ой  тастадыңыз намыс қылып,

Тісің барда дегендей қал ысқырып.

Аузынан ақ май аққан көршілерді

Айттыңыз өзімізбен салыстырып.

– Көптен білем  Кобзонды мысалы мен,

Ұшады жекеменшік ұшағымен.

Неге көп катер мінген əншілері,

Өйткені Ресейдің құшағы кең.

«Жарқын болсын Ресей болашағы!»

Деп өкімет оларға жол ашады.

Жол ашқасын əрине, 

Киркоровтар

Дөңгелектей айналып дөң асады.

Ал, біздің «Ай-күніміз» қай тұста жүр?

Ерманов ер-тоқымсыз айтыста жүр.

Қайық түгіл,

Салатын қармағы жоқ

Қазақтың жұлдыздары байғұс па кіл?!

Айналайын Бибігүл  ай көрінер,

Деген емес өмірі «Бəйгені бер!»

Голливудттық əйгілі əртістерден

Асанəлі Əшімнің қай жері кем?

Өнербайдың Нұрланы сайлауда жүр,

Бауыржан байбалам сап, жай дауда жүр.

«Шақырады көктем» деп Роза қыз,

Білмеймін бұлбұл болып қай бауда жүр?


33

Сахнадан артық деп саясатты

Құдайберген жолынан тая сапты.

Парламенттің партасын тоздырса да,

Демеймін депутат боп май асапты.

«Өнер үшін жаралған жан болған!» деп,

Өкімет аузын ашып таңданған жоқ.

Тұңғышбай асатаяқ ұстап жүріп,

Хан киімін кисе де хан болған жоқ.

Асыл сөзі қалды ғой небір ердің,

Черчилльдің

1

 бір сөзіне тебірендім:



– Егер менің Қорғаныс министрім

Нашар  болса, 

Соғыста жеңілермін.  

Дей алмаймын жалғанда жүрдім қамсыз,

Қысқа өмірде қыр астым  қырғындарсыз...

Егер Ауыл шаруашылық министрім

Нашар болса, 

Қалармын бір жыл дəнсіз. 

Егін де бір жылдан соң егіледі,

Шаруашылық шаршатпас тегі мені.

Мəдениет министрім нашар болса,

Елім  онда... 

Елу жыл шегінеді!

* * *


Қозғадыңыз осылай бір əңгіме,

Бір əңгіме болса да ірі əңгіме.

«Бұлақ көрсең – көзін аш» десе бабам,

Бүгін көзі тіреліп тұр əлдіге.

1

 Уинстон Черчилль – Англияның бұрынғы Президенті.



Жұма күнгі жəйттерді тізбеледім,

Өнердің жоқтаушысын іздеп едім.

Сауда мен саясатқа жəутеңдемей

Қазақтан шыққан Черчилль Сіз бе дедім!... 



35

№7

Ж±МА С¦ЛЕМ



Жолдамасам, Өмеке, жұма сəлем, 

Деп жүрерсіз: 

– Інім-ау, кінə сенен!

Журналистер күніне шақырғасын

Астанаға асығыс шыға сап ем.

Алланың бұйрығына тақ тұрғасын,

Астанаға тіредім аттың басын...

Өлеңімді кілт үзіп, қара сөзге көшейін, аға. Баяғыда Аме-

рикаға барып келген бір балықшы: «Олардың қармағы біз-

ге  қарағанда  тым  имектеу  екен»  десе  керек.  Сол  сияқты 

Өмеке, сіз менен «Астанада не көрдің?» деп сұрасаңыз, ай-

тайын. 

Абай ескерткіші көзіңді арбап, жүрегіңді жауламайды. 

Тап бір тамаққа тойып ап, үлкен дəретке бара жатқандай... 

талғамсыз. 

Алматыдағы  Аманкелді  Имановтың  ескерткіші  ашыл-

ғанда жарықтық Қалтай ағам «Атының «тасы» атының 

басынан  үлкен»  дегені  бар.  Əйгілі  сəулетші  Шота-Аман 

Уəлихан  Батыс  Еуропаны  аралап  қайтқанда  «Ойпыр-

май,  осы  шетелдіктер  ойына  келгенін  істейді.  Бір  қалада 

еркектің ұлы мүшесіне ескерткіш орнатып қойыпты!» деп 

таңырқағаны есімде. 

Басқа  ескерткіштерді  қайдам,  əйтеуір  Абай  атамның 

бейнесінен береке таппадым. 

Көзі  тірісінде-ақ  көп  ағаларымыз  көше  мен  мектептің 

атын алып қойған. Мысалы, Шымкентте академик Мұхтар 

Əлиев  атында  көше,  ақын  Мұхтар  Шаханов  пен  Исрайыл 

Сапарбай атында мектептер бар. 

Мен нені армандады дейсіз ғой?    

  

Алла жазып туғаннан пешенеме,



Күйеу бала болсам-ау бес енеге.

36

«Қазақ санын көбейткен 

Қайран, Көпен!»

Деп жаза ма кейіндеу кесенеме?!

Ескерткіштің  ең  үлкені – артыңа  ұрпақ  қалдыру.  Абай 

атам да «Адамның бір қызығы – бала деген...».

№8

Ж±МА С¦ЛЕМ



Бекболат Тілеуханов бір жолыққанда: «Сіз патшамен – 

патша, мұжықпен – мұжық, бұзықпен – бұзық боп кете бе-

ретін сияқтысыз. Сізге жақсы орта керек» деген еді. Бура-

байда жын-жыбырдың ортасына түсіп, жолдан тайдым. 

Дегенде дүмбір дүние, дүмбір дүние,

Азырақ дүмбірлетіп жүрдік дүние. 

Қалайын тіршілікте ойнап-күліп, 

Кетеді əлі-ақ өтіп бір күн дүние. 

Қазақтың осы бір қара өлеңін желбіретіп, желіккенім-

ай! Жыным басылғасын өзімді өзім ақтағандай, өзімді өзім 

адвокат  боп  жақтағандай  Өмекеңе  жұма  сəлем  жолда-

дым. 

 

Саялап Бурабайдың етегінде



Сайтанның кеттім білем жетегінде.

Қазақтардың қасында жіп есе алмас

Жын-перінің ордасы  – шет елің де.

Жұма сəлем сақталған жүрегімде,

Иман еді өзімнің тірегім де.

О, Қожеке, иманым түгел болса

Сай қуалап сайтанмен жүремін бе?

Көп емес пе қазақтың серілері,



37

Иті де бойдағында керіледі. 

Батыстың «СЭР», 

                     «Жентельмен», 

                              «Дон Жуаны»

Қазақтың серісінен шегінеді. 

Сал-серіні саралап халық деген 

Төбесіне көтеріп дəріптеген. 

Ал, бірақ серілікті күнə санап,

Молдекең қатар қойған бəдікпенен.

 – Не демекші, – дейсіз бе,– мына Көпен? 

Дүмбірлеген дүние бұлақ екен.

Оралыңның барында ойнап-күлу –

Серілік пе? 

Жоқ, əлде, күнə ма екен?!..

№9

Ж±МА С¦ЛЕМ



«Адам – кеңістігі шектеулі, уақыты өлшеулі он сегіз мың 

ғаламның тозаңдай ғана бөлшегі»

 

 

 

 

 

 (Альберт Эйнштейн)

Ашуландым. Қатты ашуландым. Айналамдағы топ құр-

ған  «тозаңдардың»  əділетсіздігіне  күйіндім.  Күйзелдім. 

Абай атам секілді «Сап, сап көңілім, сап көңілім» деп өзімді 

өзім жуасыттым.

Алла тағаладан Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз «Дү-

ниеде кім күшті!» деп сұраса, жаратқан ием «Кім сабырлы 

болса – сол күшті» депті. Бұл хадисті біздің қазақ «Сабыр 

түбі – сары алтын» деп мақалға айналдырған. 

Жүйкемді тоздырмас үшін өз сезімімді өлеңмен текше-

ледім.

38

«Кімсің?» деген жан болса сұрай қалған,

Олай барған Көпенмін, былай барған.

Сырт қарасам сыншыдай  өзіме-өзім,

Жер шары секілдімін шыр айналған.

Күн нұрынан əуелі нəр алғанмын,

Махаббатын арттырып адамдардың. 

Тау-тасы, орман, дала, мұхиты бар

Он екі құрылықтан жаралғанмын.

Аңсаған шағалалы шалқар үнін,

Алты алаштың шөл, шөлейт алқабымын.

Шөліркеген далаға су апарған

Асау өзен секілді əр тамырым.

Жабырқасам жаңбырдай сіркіредім,

Табиғаттай құлпырып бір түледім.

Ал, аспаным ашылмай бұлт торласа,

Найзағай боп, күн болып күркіредім.

Қара дауыл тұрғыздым аптығыстан,

Құйыным да ұйытқып жатты тұстан.

Жапырағым оңтүстік болғасын ба,

Жазым ұзақ қар жауған қатты қыстан.

Жер-Ананы адамдар жылатты ма,

Жылатты ма?

Жылатса жұбатты ма?

Қанша досым жармады «атомдарын»,

Полигон боп өткіздім сынақты да.

Қайтейін жер шарындай болғанменен,

Жарылыстан жарықшақ толған денем.

Екі-үш балмен дүмпідім ауық-ауық,

Түбі бір сілкінермін он балменен.



39

№10


Ж±МА С¦ЛЕМ

Əлқисса,  əлдеқайда  асыққан  жолаушы  таксиге  мініпті 

де, есігін тарс еткізіп қатты жапса керек. Соған налыған 

жүргізуші: 

– Үйіңізде «Холодильник» бар ма еді? – депті сыпайылап. 

– Бары бар ғой, – депті жолаушы, – бірақ оны өмірі  іш-

тен жауып көрмеппін.

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Езу тартсам Өмеке, кешіріңіз, 

Ел-жұрттың аузында жүр есіміңіз.

Сол жолаушы секілді

Тым қаттырақ

Жабылып кеткен жоқ па есігіңіз?

Сағынғандай өнерді мынау халық,

Жүруші еңіз ақын мен жырауды алып.

«Морозильникке» салынған ет секілді

Біз жатырмыз ішінде қырауланып.

Бапкерге жарасады атты баптау,

Сіздің қолда шапқызу, шапқылатпау.

Таксидің есігінде шаруамыз жоқ,

«Холодильник» есігі қатты кетті-ау?!



40

№11


Ж±МА С¦ЛЕМ

Қиясбай  жора-жолдастары  «Сөзіңе  риза  болғаны  сон-

дай Абай ағаң бір қой атады» депті. Сонда Қиясбай: «Абай 

ағам қойды өңгертіп жіберер дейсің бе? Алдыма салып ай-

датып жіберетін шығар» десе керек.

 

 

 

 

      («Абай жолы» желісімен)

«Кездеспей кеткен бір бейне»

 

 

 

(Ғабит Мүсірепов)

Əнебір жылы «Парасат» орденін алғанымда Амангелді 

ағам байғазыға «Құны 20 мың долларлық арғымақ сыйлай-

мын» деп сəлемдеме айтыпты. Сонда Жүрсін:

– Əй, қайдам, – деді қиқарлана сөйлеп, – ол уəдесі орындал-

ғанша не ат өледі, не сен өлесің.

 

 

 

 

 

 

(Болған оқиға)

– Ырыс қайда барасың?

– Ынтымаққа!

 

 

(Халық мақалы)   

АРЄЫМАЌТАРДЫ АЅСАУ



Жүрсін-ау, жүрегіңді түсінемін,

Қиядағы қырандай құсым едің.

Үйірінен айрылған Тепеңкөктей

Тепсең жерді сағынып кісінедім.

Көкке сенің жетеді төбең неге?

Самғататын қанат бар өлеңде де.

Ақыры сен жүрсің ғой аспанда ұшып,

Көзіңді сала салшы төменге де.  

41

Қалықтайсың, самғайсың қалай бүгін,

Биік ұшсаң көрінер талай қырың.

Қасқыр жеп кетпеді ме, 

Қарай салшы

Амангелді ағаның сары айғырын?

Тағы қара, қарашы, əй, шырағым.

Қайда жүр Өмекеңдей

1

 Байшұбарым?

Тұяғынан тұлпардың дүбір шықса,

Елеңдеп құлағымды қайшыладым.

«Тарлан бозды танимын жорғасынан!» – 

Деп Өмекең қарай ма дөң басынан?!

Арпасыз дорбаны да ат сыйламас,

Жем жемеген жүйрік жоқ дорбасынан.

Ақ көбік боп келсе де жаңа ғана,

Қайта шабар қалаға, далаға да.

Қайда жүр арғындардың арғымағы,

Шашасына шаң жұқпас Аман

2

 аға?

Жүрсін-ау, алдыңда – жыр, арқаңда – əнің,

Өнерден нəр таңдадың, əр таңдадың.

Жер теуіп, жеке шауып озатындай

Қайда екен Нұртілеудей

3

 Тарпаңдарым?

Ықтасын іздемейтін жай дауылға 

Басын шұлғып бармайтын байлы ауылға.

Нағыз араб тұқымы Намазəлі

4

Жусап тұр ма Сарыарқа жайлауында?

1

 Өмекеңдей – Өмірзақ Сəрсенов. 



2

 Аман аға – Амангелді Ермегияев.

3

 Нұртілеу – Нұртілеу Иманғалиұлы.



4

 Намазəлі – Намазəлі Омашұлы.



42

Күйге қосқан қазақтың дабыл, əнің

Сезімтал Секенімді

1

 сағынамын.

Керқұла атты Кендебай мініп шапқан 

Жануары секілді жалы қалың.

«Несі жөн қысырақтан үріккеннің,

Жаңа үйірге түстім де жүріп келдім!» – 

Деп сөйлейтін дегбірсіз Тұрсын

2

 ағам – 

Ақалтеке айғыры түрікпеннің.

Аулақ қашар адамның асқағынан,

Бəрімізден көп кіші жас жағынан,

Жолға түскен жорғадай бүлкіл қағып, 

Қайда жүр Қайнар

3

 атты қасқа құнан?

«Қыз қуу» – ата салты, ғұрып па екен,

Бір өзіне жетпейтін қырық көкем – 

Сламхандай

4

 сəйгүлік кісінесе,

Оқыранып орнымнан тұрып кетем.

Сламхан сəлем берер кіші демей,

Маңмаңгер марқасқаны түсінеді-ей.

Бəсең жүріп бəйгеге қосылар ем, –

Кетті ғой кілең жүйрік кісінемей...

Өмекең үйірінде қалды ма аттар,

Əбекең шетелде деп алдық ақпар.

Суатқа құламады-ау көптен бері,

Қайдасыңдар, дүбірлі Арғымақтар?!

1

 Секенімді – Секен Тұрысбеков. 



2

 Тұрсын аға – Тұрсын Аханов.

3

 Қайнар – Қайнар Олжай.



4

 Сламхан – Сламхан Ибрагимов.



43

№12


Ж±МА С¦ЛЕМ

Бірде Өмірзақ ағам:

–  Көпен-ау,  көптен  бері  көрінбей  кеттің.  Қайда  жүр-

сің? – деді.

– Аға, – дедім алыстан орағытып. – Хайуанаттар тура-

лы сан алуан қызықты хикаяны теледидардан көріп жүрген 

шығарсыз. Сонда аң патшасы арыстан орманның ана ше-

ті  мен  мына  шетіне  зəрін  шаптырып,  өзінің  мекен  жай 

аумағын  еншілеп,  белгілеп  қоймай  ма?  Исін  сезген  басқа 

арыстандар сол маңайға өмірі жоламайды.

– Иə...

–  Сіз  де  орман  сияқтысыз,  аға.  Айтыстың  арыстаны 

Жүрсін досым төрт жағыңызға төгетінін төгіп, шегелеп 

қойған шекарасын бұзып төңірегіңізге бара алмай жүрмін.

Күлді. Ынты-шынтымен күлді.

 

 

 

 

 

 

(Болған оқиға)

Байыптасаң өзің де байқар едің,

Байқағасын басыңды шайқар едің.

Азын-аулақ арыстан бөліп алған

Бай орманға ұқсайды байтақ елім.

Арыстан ба ну орман иелері?

Бəлкім біреу «Түлкі!» деп түйер еді.

Үзіп-жұлып жемтігін тартып жейтін

Жемқорлардан аумайды шиебөрі.

Жорта берген жыртқыштан көп із қалар,

Іштерінде солардың доңыз да бар.

Хайуандардың қалдығын қажап жүрген

Əуре болма сен іздеп қоңыздан ар.

Түсседағы қақпанға, пышаққа да,

Одан сайын ұмтылар ұсақтала.

Жетіп жатыр жемтігі хайуандардың,

Жетпейтіні шіркін-ай, нысап қана!..


44

№13


Ж±МА С¦ЛЕМ

«Кімде-кім жəннаттан үмітті болса, пайдалы сөз айт-

сын немесе үндемесін». Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың 

осы бір қасиетті хадисін көкірегіне тоқып өскен бір мұсыл-

ман баласы қайда барса да тымпиып тым-тырыс отырады 

екен. Əкесі:

– Балам жұмған аузын ашпайды, ауру емес пе? – деп ем-

шіге көрсетіпті. Емші əрі-бері қарап:

– Ұлыңыздың іші пысып, əбден зеріккен. Далаға қыдыр-

тыңыз, бау-бақшада серуендетіңіз, сергітіңіз, – дейді.

Баласын жетектеп орман-тоғайды аралап сейілдеп келе 

жатса,  бір  тотықұс  қайта-қайта  шықылықтап  қоймап-

ты. Əкесі тотықұсты ұстап алып, торға салып жатса: 

– Əй, құсым-ай, байғұсым-ай! Үндемегеніңде торға тү-

сіп сорламайтын ең! – дейді баласы. Сонда əкесі жалт қа-

рап:

– Əй, сен сөйлейді екенсің ғой. Мені неге мұнша əбігерге 

саласың? – деп шапалақпен тартып жіберсе, баласы басын 

шайқап:

– Тілімді тістеп мен де үндемей-ақ қойғанымда, шапалақ 

жемес едім! – деген екен.    

 

 

 

 

           (Ел аузындағы əфсана)

Тілім қышып жүреді күнде менің,

Бұлқыныс па бойдағы бұл дегенің?

Келсе-дағы талайлар таптағысы,

Бір Құдайға тапсырып, үндемедім.

Салғыласып сайтанмен таласпадым,

«Кет, пəлекет!» деп іштей аластадым.

Қасапшының итіндей жалаңдаған

Жағымпазды көрсем де жақ ашпадым. 

Қисық шеге түзеткен балғаң едім, 

Сабым сынып қалған ба əлде менің?


45

Алдағанын аярдың біле тұра,

Аңқау адам секілді лəм демедім.

Тəрбиесі солай ма ата-ананың, 

Құдық қазып су ішпей, қаталадым.

...Сөйлемей-ақ қояйын,

Мен əйтпесе

Жеп жүрермін ағаның шапалағын...

№14

Ж±МА С¦ЛЕМ



Барлық адам қателеседі, бірақ қателесушілердің арасын-

дағы ең  жақсысы –  өз қателігін мойындап, тəубеге келгені.

(Қасиетті хадис)

– Сен үшін Құдай кім? 

– Білмеймін. Əйтеуір Құдай мен үшін сенің ойыңдағыдан 

өзгеше.

(Пауло Коэльо)

                              

Төпен інім телефон  шалды. Ауылда тұрады. Отырарда. 

Əжік-күжік əңгімеден соң əйелімнен кетіскенімді айттым:

– Жеңешеңнен бөлініп, жеке шықтым! – дедім.

– Əй, көкетай, – деді інім, – Тəуелсіздікті осыдан он сегіз 

жыл бұрын Қазақстанмен бірге алу керек еді!

Ой, айтқышым-ай, айтады-ау...

Адам болып фəниге неге келдік,

Бір басыңда болмаса егемендік?

Тағдыр бізді тақтайға қаққаннан соң,

Тастай болып тапжылмай шегелендік.

Ылғал тисе тақтайға ісінеді,

Өз бағасын ол сөйтіп түсіреді.


46

Ауыстырсаң айныған тақтайыңды,

Түйсікті адам «Дұрыс!» деп түсінеді.

Іздегем жоқ хас-сұлу, ай қабақты,

Табанының бүрі жоқ тайғанақты.

Сүргіленген су жаңа бір тақтайға,

Тағдыр мені шеге қып қайта қақты.

№15


Ж±МА С¦ЛЕМ

Кəнігі кəсіпкер, əйгілі меценат  Өмірзақ Сəрсенов демеу-

шілер  жөнінде  күй  шығарған  өнерпаздарға  бəйге  жария-

ласа, қай өнерпаз қайтер еді? Бəлкім,  қоңыр домбырасын 

қолына ұстап Қоразбайдың Алтынбегі елден бұрын жетер 

ме еді? Алда-жалда қара көрсетсе:

–  Өмеке,  өзіңізге  мəлім,  алты  алаштың  аузында  жүр-

ген  «Үшқоңыр», «Сарыарқа»  деген  əндерімнің  сөзін  жаз-

ған  Елбасының  өзі! – дейді  Алтекең  арқаланып. – Одан 

бұрынырақ  Заманбек  Нұрқаділовтің  «Өмір  де  өмір,  өмір-

ай!» деген өлеңіне əн шығардым. Мақпал орындады. Енді сіз 

туралы «Демеуқожа» деген күй шығарам, Өмеке!

– Қанша сұрайсың?

– Бес мың доллар! Бір мыңын өзім алам, бір мыңын бала-

шағама берем, үш мыңын есеп-шотыма салып қоям.

Серілердің соңғы тұяғындай Секен Тұрысбеков:

– Өмеке, – дейді алыстан орағыта, – баяғыда біреу аққу-

лардың  қанатын  қырқып  жатса, «Əй,  мұның  не?»  дейді 

көршісі көріп. Сөйтсе əлгі əпенді айтыпты:

– Ұшып кетпесін деп қырқып жатырмын! 

Сонда көршісі:

–  Айналайын-ау,  қанатын  қайшыламай-ақ,  аққудың 

алдына жем шашып тұрсаң, өзі-ақ ұшпайды ғой! – деген 

екен.

47

Сол  айтқандай,  Өмеке,  сіз  қаншама  аққуға  қанат  қақ-

тырдыңыз. Анаңызға арнап «Ақжүніс» деген күй шығарсам, 

енді сізге «Демеу толқыны» деген күй арнаймын.

– Қанша сұрайсың?

– Он мың доллар! Бес мыңын өзім алам, үш мыңын бала-

шағама ұстатам. Екі мыңы – есеп-шотыма. Бітті!

Домбырасын шертпей, жүйріктерін ертпей Жүрсін Ер-

ман келеді де:

– Өмеке, – дейді келтесінен кесіп сөйлеп, – сіздің туған 

жеріңізге арнап «Бақанас – елдің байтағы» деген əнге сөз 

жазғанымды білесіз. Дегеніме көнсеңіз, сізге шаш етектен 

пайда əкелем, күйді де күмбірлетем.

– Қанша сұрайсың?

– Жүз мың доллар! Елу мыңын өзім алам! Маған демеу-

ші  болғаныңыз  үшін  қырық  бес  мыңын  өзіңізге  берем.  Бес 

мыңы – Қоразбаевқа! Күйді сол-ақ шығарсын!

Өмеке, өзіңізге жұма күні

Жұма сəлем беретін бір-ақ іні.

Бір сəлемге жүз сауап алып жүрсем,

Айыпқа бұйырмаңыз сірə, мұны.

Азаматсыз, ат мініп, бақ қараған,

Ала жібін ешкімнің аттамаған.

Бір сəлемін кісінің алған жанға

Жазады екен он сауап хақ-Тағалам.

Мұсылмандық əдет пен ғұрып қандай!

Жалғасуда ұрпаққа, тұрып қалмай.

Алмасаңыз Алланың он сауабын,

Қос қанатын аққудың қырыққандай...

Ата-баба сіңірген салтын маған,

Кері тартпас керуенін нар тұлға ағам.

Құлақ қойып, Қожеке, тыңдасаңыз,

Жүрегімде бір күй бар тартылмаған...


48

№16


 Ж±МА С¦ЛЕМ

Абай Құнанбаев төрт əйел алған.

* * *

Үш  некелі  Мұхтар  Шахановтың  мəліметі  бойынша, 

Пушкин 113 қыз-келіншекпен көңіл қосқан.

* * *

Ағылшынның атақты драматургі Бернард Шоу жетпіс 

екі жасында он тоғыз жасар қызға үйленген. 

* * *

Елу жастағы еркек:

–  Жиырмадағы  қызға  үйлендім! – деп  кеуде  керіп  мақ-

танса, оған біреу:

– Оһо-о, – депті онша қуанбай. – Сен алпысқа келгенде, 

ол  отызға  толады.  Жетпіске  жеткеніңде,  ол – қырықта. 

Сен сексеннен асқанда, ол алпысқа қарай аяқ басады. Кəрі 

əйелге үйленіп денің сау ма?

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы) 

Бергелі тұрған жоқпын күшті кеңес,

Мақаш

1

 ағам: «Бақшама түсті!» демес.



Көзін ашып көргені бір-ақ əйел,

Шөмішбай


2

 сондықтан да Пушкин емес.

Қыз-қырқынға мінезі жүдə жайлы,

Танымайтын əйел жоқ бұл ағайды?

Күйеу бала атанып төс жеуден-ақ

Басып озды Досанов ұлы Абайды.

Тонды пішіп сыртынан, жобалама,

Тоқал үйір болады тоқ ағаңа.

1

 Мақаш Тəтімов – демограф ғалым.



2

 Шөмішбай Сариев – ақын. 



49

Үлбіретіп үш рет үйленсе де,

Нəрікбаев

1

 Бернард Шоу бола ала ма?



Қой өреді қойшының таяғынан,

Құт келеді келіннің аяғынан.

Бір үйірді қайырған қара айғырдай

Қазақ – жылқы мінездес баяғыдан.

1

 Мақсұт Нəрікбаев – заңгер.   



50

 №17


Ж±МА С¦ЛЕМ

 

Өмірзақ ағама таңертең қоңырау шалып, аман-саулық-



тан кейін Кеңес Аухадиевтің ұялы телефонын сұрадым.

– Сен тым биік ұшып, аспандай берме! – деді əңгіме ара-

сында.

Онша түсінбедім. Ақжүрек ағам не айтқысы келді екен? 

Жұмбақ.

Кешкілік Кеңес ағамның үйіндегі бақилық болған Кербез 

жеңгейге  бағыштап  «Жұлдыз»  дəмханасында  ас  берілді. 

Өмекеңмен бір дастарқан басында қатар отырып қалдық.

– Сəскедегі жұмбақ сөзіңіздің түйінін түсінбедім, аға? – 

дедім аңысын аңдығандай.

– Сен ойлама, парашютпен секіргеннің бəрі жерге аман-

есен  түседі  екен  деп.  Кейде  парашютің  ашылмай  қалуы 

мүмкін, – деді тағы да жұмбақтай күліп.

Он  ойланып,  тоқсан  толғанып  Өмекеңнің  жұмбағын 

өзімше топшыладым. Қалай дейсіз бе? Былай...

Баяғы Совет өкіметінің кезінде бір парторг ағамыз сов-

хоз  директоры  болуды  армандап,  аудандық  атқару  коми-

теті төрағасының орынбасарына барыпты да:

–  Ағатай, – депті  алыстан  орағытып,  астарлай  сөй-

леп, – түнде түс көрдім. Төрде Брежнев отыр. Оң жағын-

да – Қонаев. Одан кейін – обкомның бірінші хатшысы Асан-

бай Асқаров. Мен сол кісілердің қолдарына су құйып жүріп, 

оянып кеттім. 

Сонда əлгі ағатайы: 

– Адам да түсті артына қарап көру керек қой. Сенің тү-

сіңе мен кірсем де жетпей ме? – деген екен.

Сол айтпақшы, Өмірзақ көкем: «Айналайын-ау, Аухади-

евте нең бар, саған мен де жетем ғой!» дегенді ақсақалдық 

оймен аңғартқаны ма?

Сұңғақ ағам!

Еңбегін бұлдамаған,

Боп кеттіңіз қалайша жұмбақ адам?



51

Ақ патшадай жүрсем де, 

Сіз секілді 

Сыйласқанмен сыйласып, құл да болам!

Түсімде көрдім сіздің самолетті,

Жер бауырлап, төбемнен жанап өтті.

«Полный бак запрапкі жасаңдар!» деп,

«Летчигі» базбіреуден талап етті. 

Əлі талай ұшарсыз самолетпен,

Сонда бізді жөн шығар ала кеткен.

Төбем көкке екі елі жетпей тұрса, 

Кірер еді-ау реңім самал өпкен.

Байбатшаға бас иіп, бас ұрмай-ақ,

Дос түгілі қараймын қасымды аяп.

Самолеттен секірсе,

Жүрмей ме осы 

Парашюті Жүрсіннің ашылмай қап?!.

Ала бұлттың аржағын аралатпай

Бола алмаймыз, Өмеке, жарау аттай.

«Испытания» жасайсыз

Космосқа

Кораблін ұшырған Королевтай...



52

№18


Ж±МА С¦ЛЕМ

Баяғы  заманда  бір  ақылды  патша  болыпты.  Күйеу  ба-

ласы  қызына  қол  жұмсайды  екен.  Соны  байқайды.  Бірақ 

ара түсе алмайды. Күндердің күнінде сол содыр күйеуді ша-

қырып алып:

– Қырық нөкеріңмен қырық күн ел аралап қайт! – дейді 

патша. Əмірін бұлжытпай орындаған күйеу баласы қырық 

нөкерімен қырық күн ел аралап, көрген-білгенін патшаға ба-

яндайды. 

– О, хан ием! Айдалада шөпшек теріп, сексеуіл арқалаған 

бір бейбақты көрдім. Демін алған сайын сексеуіліне сексеуіл 

қосып, қайран қалдырды. 

О, хан ием! Одан кейін бір шұбар жылан кездесті. Дойыр 

қамшыммен долданып, тартып кеп жіберіп ем, өзіме қарай 

шапшыды.  Тағы  да  бір  тартып  ем,  одан  сайын  ысылдап,  

өзіме  қарай  дəп  қылды.  Үшінші  рет  сілтегенімде,  басына 

қамшым емес бармағым тиіп кетіп еді, сылқ ете түсті. 

О, хан ием! Құла түзде жайылып жүрген бір ақсақ ат-

ты  ұстайын  деп  ем,  ұстатпады.  Тұра  қашты.  Артынан 

қанша  қусам  да,  жете  алмадым.  Сағымға  сіңіп,  қарасын 

көрсетпей кетті.

О, хан ием! Жолда бір қобдиша жатыр екен. Нөкерлерім 

теңге ілгендей іліп алғысы келіп еді, шегелеп қойғандай былқ 

етпеді.  Тепеңкөгімді  тебініп  барып,  екі  қолыммен  күшене 

тартып ем, астымдағы атымның төрт аяғы жерге кіріп 

кетті. Қобдиша қозғалмады. Сол мезетте көк есегімен жа-

намалай  өтіп  бара  жатқан  бір  қария  таяғының  ұшымен 

лып еткізіп, көтеріп алды да кетті. 

–  Мəнісін айтайын, – деді патша. – Жұмыр басты пенде-

нің біліп, білмей істеген əр күнəсі бір-бір сексеуіл сияқты. 

Сексеуілге  сексеуіл  қосқаны – күнəсына  күнə  қосып,  азап 

шеккені.

 Жылан дегенің – əйел. Əңгіртаяқ ойнатқан сайын əйел 

күшейеді, ал сипасаң сылқ ете түседі. 

53

Ақсақ ат – дүние. Қу дүние қанша қусаң да жеткізбей-

ді. 

Қобдиша – даналық.  Ал,  даналықты  көп  адам  көтеріп 

кете алмайды. 

 

 

 

 

           (Ел аузындағы əфсана)

Шарлаймын деп дүние шартарабын,

Оһ, қаншама сексеуіл арқаладым. 

Ақсақ аттың артынан қумасам да, 

Татып көрдім пенделік сорпа дəмін.

Жолықтың деп сен менің сорыма да, 

Қамшы үйірдім қанша рет «кобрама».

Қобдишасын қожаның көтерем бе,

Тастаңызшы бір күні жолыма, аға!..

№19


Ж±МА С¦ЛЕМ

Əкесі баласынан:

– Қанша досың бар? – деп сұрапты.

–  Қырық  досым  бар! – дейді  баласы  кəдімгідей  масат-

танып.

– Оһо-о-о-о!.. Соның бəрі сен дегенде астындағы атын 

түсіп бере ме?

–  Сөз  жоқ,  оған  күмəнданбаңыз.  Ал,  сіздің  досыңыз 

қанша? 

– Онша көп емес, бір жарым досым бар. 

– Бір жарым?!  

– Балам, достың парқы санында емес, салмағында. Қане, 

сенің достарыңды сынап көрейік.

Əкесі екеуі түйеге тең артып, баласының бір досына ке-

леді. 

– Əй, досым, – дейді баласы өтірік жыламсырап. – Бір 

бауырым  аяқ  астынан  қайтыс  болды.  Сүйегі  түйенің  қо-

мында. Не істерімді білмеймін. Көмектесші!..

54

Досы: 

– Көр қаз да, көм! Сол да қиын боп па? – дейді сырғақтап.

Елпек қағып, екінші досына барса, ол да олай-бұлай бұл-

ғақтайды.  Қалған  достары  да  сыныққа  сылтау  іздеп,  ат-

тонын ала қашады. 

Баласы:

–  Енді  сіздің  бір  жарым  досыңызды  сынап  көрейік,  кө-

ке! –  дейді.  Əкесі жарты досына келіп:

– Бауырым бақилық болды. Қол – қысқа, жерлеуге жəр-

демдес! –  дейді. Жарты досы:

–  Марқұмның  мəйітін  түйеден  түсіріп,  жерлеуге  қол 

ұшын берейін. Бірақ түйеңнің жем-шөбін өзің тап! – дейді. 

Ал жалғыз досы жаны қалмай: «Ей, бауырым, еш қинал-

ма,  бəрін  өзім  атқарам!»  деп  зыр  жүгіріпті.  Сонда  əкесі: 

«Көз алдындағы көп досыңнан көңіліңдегі бір досың артық» 

деген екен.  

 

 

 

 

           (Ел аузындағы əфсана)

Досым қанша,

Біреу ме, бір жарым ба?

Қанша досым «Доспын!» деп жүр жанымда.

Дос дегенің көбейіп кетер еді-ау,

Қонаев боп, шіркін-ай, тұрғанымда.

Болса-дағы өмірде өлмес дана,

Қарамаймын қызығып марғасқама.

Димаш ағам тағынан тайған күні 

Қалмап па еді қасында Олжас қана. 

«Досым көп!» деп,

Сыйладым пай-пай, бəрін.

Ағам қанша? 

Дəл санын айта алмаймын.

«Примерні бір жарым ағам бар» деп,

Бай баласы секілді байпаңдаймын. 

Жарты ағамыз өбектеп айналады,

Бірақ талай сырт беріп тайғанады.



Жарылқап бір массажды жасағандай 

«Маладес!» деп арқамнан жай қағады. 

Кім қорықса өнердің киесінен,

Ей, абырой, 

Сен соған тиесілі ең.

...Сіз шығарсыз, Өмеке, жалғыз ағам, 

Сыйлатұғын итті де иесімен.


56

№20


Ж±МА С¦ЛЕМ

Ертең емтихан деген күні бит туралы тақырыпқа ғана 

дайындалып үлгерген студентке «Ашатұяқтылардың түр-

лері» деген сұрақ келіпті.

– Ашатұяқтыларға қой жатады. Қойдың жүні болады. 

Жүн жүрген жерде бит жүреді. Бит бірнеше түрге бөлі-

неді! – деп  студент  судырата  жөнелсе,  профессор  сөзін 

бөліп: 

– Тағы қандай ашатұяқтыларды білесің? – депті. 

–  Ашатұяқтылардың  енді  бір  тобы – сиыр.  Қарасан 

келгір  сиырдың  да  жүні  болады.  Жүн  жүрген  жерде  бит 

жүреді.  Бит  бірнеше  түрге  бөлінеді! – деп  əлгі  əңгімесін 

қайталай бастағанда, профессор тағы да тоқтатып:

– Түсінікті, – дейді сынай қарап, – Ал, балық туралы не 

айтасың? 

– Балық суда өмір сүреді. Барлық балықтың қабыршағы 

болады. Егер ашатұяқ мал секілді жер бетінде жүргенде, 

міндетті түрде оған да жүн шығатын еді. Жүнде бит бо-

латын еді! – депті.

 

 

 

(Кеңес өкіметі кезіндегі бұралқы сөз)

Қызық айтыс бастадық жауабы жоқ,

Қожа менен молданың сауабы көп.

Жұма сайын үзбеймін сəлемімді,

Нұры көктен Алланың жауады деп.

Бəсең емес, 

Ойларым əсем еді.

Қызықтырмас қиқым сөз аса мені.

Битімді қайта-қайта сыға бермей,

Биік-биік қозғайын мəселені. 

Төмен кетсем басымды бағалама,

Шарқ ұрады биіктен шағала да.



Су ішетін жылқыдай жүзіп барып,

Сұлу сұрақ қойыңыз маған, аға.

Шырқайтұғын, Қожеке, бір əніміз,

Бір болып тұр жəне де ұранымыз.

Шабан атты шабынан түртіп қалып,

Шапқызатын болса екен сұрағыңыз.

Куə болып жүрміз ғой сұмдықтарға, 

Бастық болды бүркітке «дундук» қарға.

Мысалы, менен былай сұраңызшы:

– Інім-ау, жер бетінде шындық бар ма?

Сіз осылай қойсаңыз дөп сұрақты,

Бар сияқты, кей кезде жоқ сияқты.

Шындық деген футболдың ойынындай,

Тебетұғын əркім бір доп сияқты.

«Шындық – от» деп

Жазайын өлеңді нақ,

Бернард Шоудай ой тастап қоғамдырақ:

– Жақындасам мен отқа – күйемін-ау,

Алыстасам ал, оттан – тоңам бірақ!


58

№21


Ж±МА С¦ЛЕМ

Бір  құмырсқа  балықшының  қайығына  жармасып,  өзен-

нің арғы бетіне барса, ондағылар:

– Сен біздің жақтың құмырсқасы емессің! – деп жабыла 

талапты. Қайықпен қайта қашып өз жағына өтсе, мұнда-

ғылар:

–  Сен  бізді  тастап  кеткен  құмырсқасың! – деп  шат-

шəлекейін шығарыпты.

 

 

 

 

 

            (Мысал əңгіме)

Алпыс деген – ата жас, байыпты шақ,

Қарсы алатын жақсыны жайып құшақ. 

Өмір  – өзен, 

Ескекті есіп келем

Құмырсқаны тасыған қайық құсап...

№22

Ж±МА С¦ЛЕМ



Рим Папасына дəрігері:

– Денсаулығыңыз тозған, сізге жас жүрек керек! – деп 

кеңес берсе, маңайындағы бүкіл католик:

–  Сіз  үшін  жан  пида!  Менің  жүрегімді  салыңыз! – деп 

тұс-тұстан шулапты. 

– Олай болмайды, – депті Рим Папасы, – мен қазір құс-

тың үлпілдеген бір қауырсынын əуеге ұшырамын. Сол кімнің 

үстіне қонса, соның жүрегін маған ауыстырасыңдар. 

Рим Папасы қауырсынды қалықтатып ұшырса... Ой, пə-

ле-ай!  Анталаған  католиктер  аспанға  қарай  «Үф!  Үф-ф!» 

деп үрлей бастапты...

(Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен Бушпен  дидар-

ласқанда айтқан əзілі)

59

«О, туған жер, 

Берер ем жүрегімді...»

                                     Қадыр МЫРЗА-ƏЛІ

Бабам айтқан: «Біреуге мал қайғы деп,

Ал біреуге мал емес, жан қайғы» деп.

«Елбасы үшін садақа, қу жүрегім!» – 

Деп неліктен көкелер алдайды кеп? 

Алдамайтын ішінде бір-ақ адам,

Бірақ оның жүрегін сұрамаған. 

«Елбасыға берер ме ең жүрегіңді?»

Деп Несіпбек

1

 ақыннан сұра, балам.



Сен сұрасаң, ол бəлкім желпінеді,

Болып тұр деп Елбасы ел тірегі.

Би сияқты алыстан орағытып,

Уəлі сөз, уəжін келтіреді:

– Берекенің белгісі – «Бəйтерегім»,

Бəйтерекке қарайды байтақ елім.

Қатты сауал қойдың-ау қабырғадан,

Мысалы, мен былай деп айтар едім:

Бəйтеректің қай жерде тұратынын,

Дəл мен құсап білмейді бір ақының.

Елбасының орындап тапсырмасын,

Елбасы үшін таппадым сірə, тыным.

Тез келемін қоғамдық келісімге, 

Көрдім талай əрісін, берісін де.

Бір көзімді берер ем ойып алып,

Соқыр ақын болам ба ел ішінде?!

Тез келемін қоғамдық келісімге, 

Көрдім талай оңын да, терісін де.

1

 Несіпбек Айтұлы – ақын.



Бір аяқты берер ем кесіп алып,

Ақсақ ақын болам ба ел ішінде?!

Жүрген жоқпын дүние жию үшін,

Поэзия – сүйініш, күйінішім.

О, Нұр-аға!

Берер ем жүрегімді, –

Керек бірақ ол Cізді сүю үшін!


61

№23


Ж±МА С¦ЛЕМ

«Дарвин  маймылдан  туса  туған  шығар,  ал  мен  Адам 

атадан жаралғам».

 

 

 

 

         (Бауыржан Момышұлы)

Маймыл  ағаштың  басына  «жоғарылап»  көтерілген 

сайын көті көріне береді.

 

 

 

 

 

 

(Астарлы сөз)

Маймылынан Дарвиннің жаралдың ба?

Онда жауап бермейсің ар алдында.

«Адал бол!» деп уағыз айтатұғын

Қажеті жоқ хайуанға моральдың да.

Тесік ауыз тек тұрмай тиылмастан,

Арын сатып ас жейді бұйырмастан.

Тойдан қайтқан қазақтай мəз болса да,

Маймылдарда қылмыс жоқ ұйымдасқан.

Жер мен ағаш – жемісі, тіреуі де,

Жетіп жатыр түнеу мен түлеуіне.

Шимпанзе мен Горилла, Орангутан

Бөлінбейді үш жүзге біреуі де.

Жең ұшынан жалғасып бірдеңеге,

Бөленбейді үлде мен бүлдеге де.

Сыбайласқан жемқорлық жоқ оларда,

Түскен емес бір маймыл түрмеге де.

Маймылдардың қуғаны байлық емес,

«Крышасы» бермейді жайлы кеңес.

Дарвинжан-ау! 

Айырма жер мен көктей,

Ата-тегі адамның маймыл емес.



62

Тура жолдан қу сайтан тайдырған ба,

Қабырғамыз қайысар қайғырғанда.

Дарвинжанның сөзінің жаны бар-ау,

Сірə, айналып барамыз маймылдарға.

№24


Ж±МА С¦ЛЕМ

– Осы жерден бір бала өтті ме?

– Байқамадым. Не боп қалды? 

– Қолғап тауып алдым. 

– Қане?

– Міне...

– Өй, мынау менің қолғабым ғой. 

– Қайдағыны айтпашы, баланың қолғабы емес пе? 

–  Мен  мұны  баяғыда-а-а-а,  бала  кезімде  жоғалтып  ал-

ғам. 

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Жылқыда да жылқы бар,

Қазанаты бір бөлек.

Жігітте де жігіт бар,

Азаматы бір бөлек.

 

 

(Қазақтың қара өлеңі)

Егер елімізде 100 мың трактор болса, социализмді толық 

орнатуға мүмкіндік туар еді.

 

 

 

 

           (В.И.Лениннің арманы)

Қудың ойы – əйтеуір пайдалану, 

Ұрты толса мұртын да майлап алу. 

Бағы жанған байлардың бар арманы – 

Аспанға ұшса, арырақ айға бару. 

«Мен ұлтымның жауынгер-солдатымын,

Тіл тірілсе, табамын сонда тыным!»


63

Деп жабылып кіріссе жүз Шаханов

1

,

Төрге шығып тұрады онда тілім.



Құлыптаулы тарихым, сезіледі,

Соны ойласам ет-жүрек езіледі.

Абыз аға Əбіштің

2

 жүзі болса,



Ел атанып қалар ек шежірелі.

Атқа мінсе азамат асқаралы,

Көк шығарып көңге де, басқарады.

Имекеңдей

3

 жігіттің жүзі шықса,



Болар еді бар талант баспаналы. 

Өнер үшін жаралған меценат кем,

Теңдесе де теңгені неше қаппен.

Өмірзақтай

4

 ағаның жүзі болса, 



Тұлпар мінер

Жүргендер есек, атпен.

Дара туған қайраткер бізде ғана,

Дос сүйініп, қас-дұшпан қызғана ма?

Жүз мың «ДТ»

5

 секілді əрқайсысы, 



Тың иегеріп, жер жыртқан түз-далада.

1

 Шаханов – Мұхтар Шаханов, ақын.



2

 Əбіш – Əбіш Кекілбаев, қайраткер-жазушы.

3

 Имекең –  Иманғали Тасмағанбетов, мемлекет қайраткері. 



4

 Өмірзақ – Өмірзақ Сəрсенов,  кəсіпкер. 

5

 «ДТ» – дизельді трактор. 



64

№25


Ж±МА С¦ЛЕМ

Біреу құс сататын «Зоомагазинге» келіп:

– Мына тотыңыз қанша тұрады? – деп сұрады. 

– Жүз доллар!

– Неге?

– Өйткені, ол жүз сөз біледі.

– Мінəбіреу ше?

– Жүз елу доллар!

– Сонша сөз біле ме?

– Иə!

– Ал, анау жоғарыда биіктеу отырған попугайың қанша?

– Мың доллар!

– О-о, мың сөзді жаңылмай жатқа айта ма?

– Жоқ, ол бірде-бір сөз білмейді.

– Онда неге қымбат?

– Өйткені ол анау екеуінің тікелей бастығы. 

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Өмір деген шахмат тақтасы ма,

Бөлінетін қара мен ақ тасыңа?

Пешкі болып əуелі «ход» жасадым,

Орнатар деп Королім бақ басыма.

Ферзі, слон, офицер, ат та болды, 

Бəрі-бəрі Корольді жақтап өлді.

Біздің Король 

Бір емес бірнеше рет

Шаршы топта масқара-ай, «мат» та болды.

Өз басына жұмсаумен қара күшін,

Неше түрлі айлаға барады шын.

Шахматтың тастары тым-тырақай

Қарсыласқа жем болды Король үшін.

Құрығы ұзын бəрінен болғасын ба,

Жалғыз өзі жетердей он ғасырға.

Айқайы көп Корольдің шай-пайы көп,

Тек қорғанып отыр ол төр басында. 



65

№26


 Ж±МА С¦ЛЕМ

Жаңа үйленген жас жігіт əйелінің бір тауықты төртке 

бөліп, бір ғана ширегін қазанға асатынын байқайды да:

–  Əй,  жарымағандай  мынауың  не?  Мұны  саған  кім  үй-

ретті? – дейді.

–  Білмеймін,  мамам  сөйтетін, – дейді  əйелі  күмілжіп. 

Күйеу бала енесіне телефон шалып: «Мұны сізге кім үйрет-

ті?» деп сұраса, ол:

– Білмеймін, менің шешем солай жасайтын, – дейді. Əйе-

лінің  шешесінің  шешесінен,  яғни,  кемиек  болған  кемпірден 

«Мұны қайдан үйрендіңіз?» деп мəнісін сұраса, əжеміз:

– Е-е-е, шырағым-ай, мұны маған біреу үйретті дейсің 

бе? О заманда көтере қоятын қазан жоқ, кəстрөліміз кіш-

кентай болатын. Сондықтан да тауықтың төрттен бірін 

ғана асатынбыз, – депті. 

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Бұлан да бұлан, бұлан сан,

Бұланның санын оқ тесер.

Бұлаңдап жүрген жігіттің

Жомарт қолын жоқ кесер.

 

 

 

(Ақтамберді)

Шіркін-ай, үйімде ұным болса, мына көршіден май сұрап, 

анау көршінің қазанына қуырар ем.

 

 

 

 

 

    (Əпендінің əңгімесі)

Екі көзі мақаудың май қазанда,

Саудагердің сұқ көзі қай базарда?

Ұстын болған ұлтына азаматтар

Өз-ағаңдай

1

 көз салар Тайқазанға.



1

 Өз-ағаң – Өзбекəлі Жəнібеков, екі ғасыр бұрын Эрмитажға кет-

кен  Тайқазанды  кері  қайтарып  алуға  мұрындық  болған  ұлт  қайрат-

кері. 


66

Сақта Құдай, адамның асқағынан,

Артылмайтын шаруасы бас қамынан.

Қазаныңның қаймағын қалқып берсең,

Дəметеді-ау тағы да қаспағынан.

Баз біреудің беделі малдан да əрман,

Жем салам деп атыңа арбаңды алған.

Қазаныңнан ас ішіп, түбін тесер,

Сақтай гөрші, Құдая, «маңмаңдардан»

1

.



Қарамаймыз қазан мен кəстрөлге, 

Көп жүреміз өйткені «гастрольде».

Қазан аузы жоғары қазақпыз ғой,

Өнер үшін ықылас – басты рольде.

Араласқан аға-іні аз ақпыз ғой,

Тербетеді бесіктей ғажап бізді ой.

Асқанына риза болмаса да,

Сасқанына риза қазақпыз ғой.

Хан ұлындай жігіттің күтімі асса, 

Қыдыр дарып қонбай ма құты басқа?!

Қазақтың талай ыстық дəмін таттым,

Жетпейді-ау бірақ ыстық ықыласқа!..

1

 «Маңмаң» – бір ағамыздың лақап аты. 



67

№27


Ж±МА С¦ЛЕМ

Ілгеріде біреу:

–  Бүгін  Сейсенбайдың  бүркіті  сегіз  түлкі  алды! – деп 

желпінсе, оны естіген құрдасының иегі қышып: 

–  Əй,  онда  үйіне  барайық,  құр  қол  қайтпаспыз, – дейді 

жылмаңдап.

Екеуі емпеңдеп үйіне келсе, Сейсенбайдың қыраны сегіз 

түлкі емес, бір-ақ түлкі іліпті.

– Оу, бұл қалай? – демей ме құрдасы. Сонда өтірік соққан 

əлгі əпенді:

– Қайдам, таңертең құсының шүйілісіне қарағанда, сегіз 

түлкі алатын сияқты еді, – деп ақталса керек. 

  

 

 

 

 

 

   (Ел аузынан)

Ақыл-ойдың толысып, піскені ме,

Аға, сізді теңедім құсбегіге. 

– Қожа көкем сыпырды томағамды,

«Түс!» деді ме білмеймін, «Ұш!» деді ме? – 

Деп айтамын сұраса үлкен-кіші,

Болғаным ба жігіттің икемдісі?!

Құсбегінің құны да арта қоймас,

Қу

1

 ілмесе құйылып ителгісі. 



Ұшқаным жоқ аспанға биік үшін,

Қоса қабат сүйініш, күйінішім.

Сегіз түлкі алатын сияқты ма,

Селт еткізер сенімді шүйілісім?

Əңгіменің айтпай ма ел расын,

Бұл ойымнан, Өмеке, нені ұғасың?

Бір түлкінің ізіне қарап қалды-ау,

Сегіз түлкі ілетін сері басым...

1

 Қу – аққу. 



68

№28


Ж±МА С¦ЛЕМ

«Жақсы мал жалғыз жоғалмайды»

 

 

 

 

    (Қожалы ауылдың мақалы)

Өмеке, жоғалғам жоқ, бармын əлі,

Санауменен күн кештім əр күнəні.

Ақан сері секілді қол байланып,

Жүрегімді тербеді салдың əні. 

Мұқағали мұңдары жүр есімде,

Тағдыр мені тастады күресінге.

Баяғыда бабамыз іздеуші еді

Жоғалған бақырауық түйесін де.

Өмеке, жоғалғам жоқ, əлі бармын,

Іздесеңіз бір жерден табылармын. 

«Артқаны – алтын, жегені – жантақ»

1

 болып, 


Керуенді бастаған кəрі нармын…

1

 Шерхан Мұртазаның қаламгерлер туралы қанатты сөзі. 



69

№29


Ж±МА С¦ЛЕМ

Үйіндегі  қонақтармен  бірге  ішімдік  ішіп  масайған  ма-

масы  төсекте  жатқан  төрт  жасар  ұлының  маңдайынан 

иіскеп:

– Ұйықтай ғой, құлыным! Ұйықтай ғой! – деп еміреніпті. 

Сөйтсе баласы:

– Мама-а-а, – депті таңырқай қарап, – сіз папамның əті-

рін жағып алғансыз ба?

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Жанына ерткен ақын мен батырыңды,

Жайсаңдардың жолында жатыр үлгі.

Бұрқыратып жылына бір себетін

Беу, Өмеке, сағындым «əтіріңді».

№30


Ж±МА С¦ЛЕМ

Жетістік деген не?

Егер 4 жасыңда бұтыңа жіберіп қоймасаң – бұл жетіс-

тік.

Егер 12 жасыңда күліп-ойнайтын достарың болса – бұл 

жетістік.

Егер 20 жасыңда  қырындаған  қыз-қырқынды  дегеніңе 

көндірсең – бұл жетістік.

Егер 35 жасыңда ебіл-дебіл еңбек етіп, ақшаның астын-

да қалсаң – бұл жетістік.

Егер 60 жасыңда төске шауып, төсектен қалмасаң – бұл 

жетістік.

Егер 70 жасыңда  сайдың  тасындай  сенімді  достарың 

қасыңда жүрсе – бұл жетістік.

Егер 80 жасыңда  бұтыңа  жіберіп  қоймасаң – бұл  да 

жетістік.

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

70

«Еһе-һе-еумен» өтіпті екі-үш күнім,

Сонда менің осы ма жетістігім?!

Біле алмадым – қанша дос сырт айналып,

Біле алмадым – дұшпан боп кетісті кім?

Осы ма сонда менің жетістігім?!

Қайран, жастық!

Өмірдің басы қайда?

Таудан аққан тас бұлақ тасымай ма?

Қылышындай Қыпшақтың кейбір досым

Өкпеледі бір атым насыбайға.

Сонда өмірдің, Өмеке-ау, басы қайда?

Алла білер өмірдің бас-аяғын,

Мен несіне жетісіп масаямын?

Тəуба!

Тəуба!


Тоба қып жүрмін, аға,

Тазаланып қалды деп ас-аяғым.

Соған ғана, Өмеке, масаямын!.. 


71

№31


Ж±МА С¦ЛЕМ 

Мысал жазған Крылов тұспалменен,

«Мені айтты!» деп патшалар қысқан неге?

Бедірейген дəуірді бейнелеген

Аю, 

     Түлкі,

            Арыстан,

                       Тышқанменен.

Қатты айтуға қаймығып қаласың да,

Амал нешік, тұспалға барасың ба?

Астарлаймыз,

Байланыс бардай осы

Адам менен хайуанның арасында.

Тура кетсең туралып қаласың да,

Амал нешік, тұспалға барасың ба?!

Астарынан мысалдың аңғарсаңыз,

Айтылмайтын ақиқат – бəрі осында.

КƏРI ЌАСЌЫР





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет