Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К


Халық əртiсi Роза РЫМБАЕВАҒА



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата13.02.2017
өлшемі4,3 Mb.
#4074
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Халық əртiсi Роза РЫМБАЕВАҒА

Бiзде не жоқ, бəрi бар! Əсiресе, қазақ эстрадасында. Жас 

десең – жас, кəрi десең – кəрi бар. Бiзде бəрi бар!

Екi  əн  айтса – эстрада!  Жарты  əн  салғандар  жарық 

жұлдыз.  Неге?  Жарты  əннiң  жартысын  жарты  сағат 

қайталайды. Тұрып қалған пластинкадай бiр орында айнала 

бередi, айнала бередi. Мiне, звезда!

Баяғыда бiр ағамыз «Неғұрлым ертерек iшсек, соғұрлым 

ертерек мас боламыз» дейтiн. 

Қазiр  ше? «Салған  əнiң  неғұрлым  «фальш»  болса, 

соғұрлым табыс болады».

Ешкiнiң арманын бiлесiздер ме? Байғұс ешкi бауыздаларын 

сезгенде былайша армандайды екен: «Шiркiн-ай, кiм сойса 

да жанымды қинамай қасапшы сойса екен!».

Қазақ эстрадасына «қасапшы» жетiспейдi. Əйтпесе, бiзде 

бəрi бар.



211

Қазiргi қазақ эстрадасында екi Роза бар. Роза Бағланова! 

Роза Рымбаева! Бiреуi жөргекте жүргенде, бiреуi жер-көкте 

жүрген.


Роза  Тəжiбайқызы  ылғи  да: «Мен  бақытты  əншiмiн! – 

дейдi. – Алпыс төрт шетелде тоқсан тоғыз рет əн салған аса 

бақытты əншiмiн! Генерал Рокоссовский окоптың iшiнде ма-

ған орден тақты. Талай патшамен табақтас болдым. Бақыт-

тымын!»

Бақыт деген немене,

Жүйрiк ат па деп қалам.

Сан жарыстан озып кеп,

Бiр қазыққа тоқтаған.

Бақыт деген немене,

Сұлу қыз ба деп қалам.

Көп жiгiтпен би билеп,

Бiр жiгiтке тоқтаған.

Бақыт деген немене,

Апай ма екен деп қалам.

Сталинмен би билеп,

Хрущевке тоқтаған.

Бақыт деген немене,

Апай ма екен деп қалам.

Хрущевтi итерiп жiберiп,

Брежневке тоқтаған.

Бақыт деген немене,

Апай ма екен деп қалам.

Брежнев кеткесiн

Горбачевқа тоқтаған.

Бақыт деген немене,

Апай ма екен деп қалам.

Ақ патшаны паш етiп,

Қаһарман боп тоқтаған!


212

Роза Рымбаева окопты көрмесе де, Тасқын Оқапты көрдi. 

Бақытты! Ақ патша «Парасат» орденiмен марапаттады. Ба-

қытты!  Екi  рет  депутаттыққа  ұсынды.  Сахнаны  саясатқа 

айырбастамады.  Бақытты!  Ең  бастысы – елдiң  жүрегiнде! 

Бұдан асқан бақыт бар ма?

Қазақ қарап жүре ме? Жəй отырған қазақ бiр кебiстi бiр 

кебiске сұғып отырады. Əйтпесе, қазақ бола ма? Соңғы жыл-

дары  сахнадан,  теледидардан  Мақпалға  арнаған  майпалау 

секiлдi  пародия  жиi  орындалады.  Мақпалдай-ақ  əншi  бол-

сын! Өткен жолы «Тамашадан» тағы да айтып жатыр.

– Роза Рымбаева космосқа ұшуы мүмкiн бе? – дейдi.

– Розаны қайдам, Мақпал Жүнiсова ұшады! – дейдi.

Сондай да сөз бола ма екен? Роза мен Мақпал əн əлемiнiң 

космосына ұшқалы қай заман! Екеуi əлi ұшып жүр. Бөлек-

бөлек...


Роза Рымбаева – космонавт. Мақпал Жүнiсова – космонавт. 

Заманбек Нұрқадiлов – «борт инженер».

Зəкеңдей  «борт  инженерлер»  көбейсе,  шiркiн-ай,  қазақ 

эстрадасын айға апарып орнатуға болар едi.

Əй, бiрақ қазақ қарап жүре ме?

– Розаны Роза еткен «Əлия» əнi! – дейдi.

– Болгарияда өткен халықаралық эстрада əншiлерiнiң кон-

курсында  «Əлияны»  айтпағанда  Роза  көкке  шырқап  шық-

пайтын едi! – дейдi. Шыққанда қандай! Роза «Əлияны» кө-

тердi, «Əлия» Розаны көтердi.

Сонда  деймiн-ау...  Сол  конкурста  «Əлияны»  Роза  емес, 

басқа əншiлер айтқанда «Алтын орфей» жүлдесi бұйырар ма 

едi? Əй, қайдам?

Мысалы, Розаның бiр əнiн мен айтып көрейiншi.



А-а-а-а-ай!

Қазақтардың қапшығы

Арқасында болады.

Анау-мынау нəрсеге

Қапшықтың iшi толады.

Толған сайын қазақтар

Шалқаятын болады.

213

Ал, өзбектiң қапшығы

Кеудесiнде болады.

Кəкiр-шүкiр нəрсеге

Қапшықтың iшi толады.

Толған сайын өзбектер

Еңкейетiн болады.

Қалай? Маған «Алтын орфей» бересiздер ме? Əй, қайдам? 

Бiзде не жоқ, бəрi бар. Конкурс өз алдына, «конкуренция» 

деген  бар.  Бəсеке!  Қызылшақа  əншi  Рахат  Тұрлыханов  əн 

шырқады.

Жанарыңнан домалап

Бiр тамшы жас үзiлдi.

Ой,  рахат-ай!  Рахаттың  конкурентi  жоқ  едi,  табылды. 

Көзiнiң  жасын  мөлтiлдетiп  депутат  Ғани  Қасымов  шықты. 

«Тұрлыхановта  бар  дауыс  менде  де  бар!»  дегендей,  ол  да 

əндеттi.

Жаным-ау, неге мөлт еттiң,

Бiр тамшы көздiң жасындай?

...Бiздiң Ғани осындай!

Мiне, эстраданың ең соңғы екi тамшысы! 

Бiзде  не  жоқ,  бəрi  бар. «Есiнегенге  де  елiктейтiндер» 

бар. «Асылғазы басын қасып едi, Асылғазының қасындағы 

Қасымғазы да асыға басын қасыды». Анау түшкiрсе, мынау 

«Жəрекемалла!» дейдi. Бiреу графин сындырса, бiреу стакан 

сындырады. 

Ендеше, елп еткенге елiктемейтiн эстрада жұлдызы кiм? 

Роза Рымбаева!

Розаның сиқыры сол – бiр өзi сахнада бұлбұлдай сайрап, 

бүкiл залға қол шапалақтатып қояды.

Розаның сиқыры сол – бүкiл залды тамсандырып, əн сал-

дырып, бiр өзi сахнада қол шапалақтап тұрады.

Розаның сиқыры сол – самалдай соғып сахнаға шыққанда, 

құйқылжыған əнiмен ел-жұрттың рухани əлемiн дүр сiлкiн-

дiредi.

1997 жыл


214

ЌЎЙЌАНЫЅ ДƏМI



Халық əртiсi Құдайберген СҰЛТАНБАЕВҚА

Жасыратын несi бар, кемпiрқосақтың түсi секiлдi əр адам-

ның iсi де, түсi де əрқилы болады ғой. Бiр жұмырбас тышқан 

аңдыған  тымпи  мысық  секiлдi «Iшiмдегiнi  тауып  ал!»  деп 

тұрса,  ендi  бiр  есерсоқ  неме  «Қолыңнан  келсе  шауып  ал!» 

деп шалқақтайды. Бiреу қарайғанға қақтығып тұрады, бiреу 

сорайғанға соқтығып тұрады. Ал, баз бiреулер бар нəрсенiң 

өзiн ақи-тақи жоқ қылып тұрады.

Бiздiң Құдайберген бұлардың бiреуiне де ұқсамайды. Құ-

дайбергендi құдай жарылқап, азды-көптi несiбесiн аямаған: 

көрсiн деп көз берген, сөйлесiн деп сөз берген, тыңдасын деп 

құлақ берген. Сондықтан да болар «сыбырлағанды Құдай да 

естидi», Құдайберген де естидi.


215

Құдайбергеннiң  құйтақандай  кезiнде  қу  тiлдi  қушыкеш 

бiр қария:

– Балам, «А» деп айтшы! – деп құлағына сыбырласа ке-

рек. Сонда Құдайберген:

– «А»-ның үлкенiн айтайын ба, кiшiсiн айтайын ба? – деп 

бажырайып қараған.

– Өй, айналып кетейiн, болайын деп тұрған бала екенсiң. 

Ендi мына сұраққа жауап бершi: кетпеннiң басын бассаң не 

болады?


– Сабы сарт етiп маңдайыңа тиедi!

– Əй, балам, мынауың да үлкен пəлсафа. Мен бiлсем бар 

ғой, ешкiм естiмесiн, сенен үлке-ен кандидат наук шығады. 

Мектептi бiтiргесiн қайда барасың?

– Оқуға түсем! Оқуды бiтiргесiн əп-əдемi тауыққа барам.

– «Əп-əдемi тауық» деген не пəле тағы?

– Əп-əдемi тауық деген əп-əдемi тауық. Ағам сол Алма-

тыдағы əп-əдемi тауықта iстейдi.

–  Ой,  қызталақ,  қайдағы  жоқты  шығарасың.  Ағаң  əп-

əдемi  тауықта  емес,  ғалымдардың  ордасы  «Академнаукта» 

iстейдi.

– Əжем ғой əп-əдемi тауық деп жүрген...

Құдайбергендi  құдай  сақтап  мектептi  бiтiргесiн  «наук» 

қумай, тауық қуып кеттi. Баяғы қария балақайды ұстап алып:

– Əй, тапа-тал түсте тауық қуып жүргенiң не? Еңгезердей 

боп елден ұят емес пе? – деп құлағына сыбырлады.

– Суретшi болам!

– Суретшi болатын адам тауық қуа ма екен?

– Суретiн салам...

– Кiмнiң?

– Тауықтың.

– Əй, балам, құлағыңды берi ұста. Бояушы болғың келсе 

тауықтың емес, сайтанның суретiн салып үйрен.

– Е, неге?

–  Тауықты  танымайтын  адам  жоқ,  ал  сайтаныңды  тiрi 

пенде көрген емес. Бiрдеңе-шiрдеңенi құйын соққандай ши-

майлап-шимайлап «Мiне, мынау сайтанның суретi!» десең, 

оған жұрттың бəрi сенедi. Сенбесе маған кел!



216

– Жоқ, ата, сайтанды көрмей суретiн сала алмаймын!.. 

Құпия  емес,  Құдайберген  сай-саладағы  сайтанды  iздеп 

бiраз жүрдi. Жүрдi-жүрдi. Табылмады. Сосын «Сайтан iздеп 

сартiс болғанша, сахнада əртiс болайын» деп ойлады.

Мiнеки, айналып-айналып ақыр соңында əртiс болды да 

шықты.  Əртiс  болғанда  қандай,  Қазақстан  Республикасы 

Парламентi мəжiлiсiнiң əртiс-депутаты болды. 

–  Парламенттегi 67 депутаттың,  олардың  бəрi  əртiс.  Бi-

рақ iштерiндегi шын əртiс мен ғанамын! – деп төрт жыл тө-

бесiмен жүрдi.

Əгəрəки, əр адам орта есеппен күнiне бiр килограмм та-

мақ жеп, екi литр су iшсе, елу жылда өңештен өткен нəрсе-

сiнiң салмағы қанша болар едi?

Онда  екi  езуiмiз – ет  комбинаты,  аузымыз – астық 

қоймасы,  асқазанымыз  цистернаға  ұқсап  кетер  едi.  Мiне, 

мəселе  қайда?  Құдайберген  Сұлтанбаев  депутат  болғанға 

дейiн яғни, жарты ғасырдың iшiнде 18 мың 615 тонна тамақ, 

37 мың 230 литр су iшiптi. Не деген қуат! Ал ендi осыншама 

тамақтың күш-қуаты қайда жұмсалды! Əрине, қақ жартысы 

«Тамашаға», қалғаны бала-шаға... 

Ал, Парламентке ше? Айтар сөзi – ойында, бар қуаты – 

бойында,  шығын  шыққан  жоқ.  Саяхаттан...  Кешiрiңiздер, 

саясаттан  сахнаға  қайтып  келгенi  қандай  жақсы  болды.  Өз 

қуаты өзiнде. Құдайберген де қу ғой, көп қуатын көрермен-

дерiне сары майдай сақтаған болуы керек.

«Күндiз шешiнедi,

Түнде киiнедi».

Бұл жұмбақтың шешуi – Құдайберген дейсiздер ме? Олай 

емес. Құдайберген, керiсiнше, күндiз киiнiп, түнде шешiнедi. 

Бұл  жұмбақтың  шешуi – киiм  iлгiш.  Мырс  етiп  миықтан 

күлмеңiздер, «театр киiм iлгiштен басталады».

Құдайбергеннiң құлағы шалмаған нəрсе жоқ. Əуелi əже-

сiнiң «Түлкi неге қу?» деген ертегiсiн естiп өстi.



Ерте,

Ерте,

Ерте заманда,

Ешкiнiң құйрығы келте заманда

217

Түлкi мен тырна дос болыпты.

Көңiлдерi хош болыпты.

Екеуiнiң де

Екi-екiден баласы бар екен.

Бiрақ түлкiнiң iшiнде

«Қызғаныш» деген бəлесi бар екен.

Себеп?

Себебi тырна

Түрiң құрғыр түлкiден биiк ұшты.

Түлкi қалай жасырсын күйiнiштi?

– Айналайын тырна!

Сен қасымда серейiп

Бекерге тұрма.

Бұдан да биiк ұш! – деп қойды.

Аңқау тырна аспанға ұшқанда,

Түлкi оның жердегi баласын жеп қойды.

Кешке таман

Алдынан шығып тырнаның:

– Қарашы құдай ұрғанын! –

Деп көзiн түкiрiктеп,

Мүлəйiмсiп жылайды.

– Не болды, достым? –

Деп Тырна сұрайды.

– Жыламай қайтем, Тырнажан,

Менiң кетiп тұр мазам.

– Мазаңызға не болды?

– Ойбо-о-ой! – деп Түлкi бөгелдi.

Бұ дүние бүлiнiп кеткен екен.

Ұйқы қысып, 

Көзiм iлiнiп кеткен екен...

Ояна кетсем,

Төрт баламыздың бiреуi жоқ.

Сен ай жақты iзде,

Мен сай жақты iздейiн.

Басқа жаққа шабатын шамамыз жоқ.

– Сонда қайсымыздың баламыз жоқ?

– Əй, досым-ай,

Əбiржiп, шошымай

Кiшкене дем ал!

«Сенiкi, менiкi!» дейтiн не бар?

Ұзын мойынның бiреуi жоқ.

...Содан бастап бұл күнi

«Қу» дейдi екен түлкiнi.

Иə, солай. Əжесiнiң ертегiсiнен кейiн ел-жұртын елжiретiп 

қоятын үкiметтiң ертегiсiн тыңдады. Тыңдамағанда ше? Үкi-

меттiң iшiнде үкiлi депутат атанып, үлпiлдеп жүрдi ғой. 

– Ендiгi арманым – көзiм көрген көп түлкiнi қуалап, сах-

наға шығару! – дейдi Құдекең. 

Қайдам? «Ашаршылықта  жеген  құйқаның  дəмiн»  ауық-

ауық аңсайтын сияқты. 

Əй,  қойшы.  Көрермен  үшiн  «құйқаның  дəмiнен»  гөрi, 

күлкiдей шипаның дəмi тəттi-ау!..



1999 жыл

219

ЌЎДАЄИ, БIР ПАРТИЯ!..



Əзiлкеш əртiс Бауыржан ИБРАГИМОВКЕ

–  Мин  мына  сатира  һəм  юмор  вечерiн  организовать 

итiп,  туй  ясап  жатыр  дигəсiн  «Туй  кутлы  болсын!»  дип 

поздравить  итiп  килдiм.  Но  сiздер  бұ  вечерниң  атын  чуть-

чуть  дұрыс  қуймағансыздар.  Бұ  вечерниң  атын  «Көпен  де 

келе  жатыр,  құдағи  да  келе  жатыр!..»  дип  қою  кирəк  идi. 

Құдағины  ұмытуға  болмайды.  Мин  армияда  жүргенде  де 

құдағиды ұмытпай письмо яздым. Шул құдағи да маған бы-

лай  деп  письмо  языпты: «Бауыржан,  армиядан  исəн-аман 

қайтуына тiлəклəшпiз. Писмоңны узин уқып бирмəсəң, мин 

түшинбəдiм» диптi. Оказывается, бiр красавица қызға язған 

письмомны  құдағиға  ауыстырып  салып  жiберiппiн.  Хи-хи-

хи!..


220

Армиядан қайтқасын «Тамашада» вступайт иттiм. Құдағи 

обижайт итiп қалмасын дип, «Құдағи, бiр партия» дип тан-

цевайт  иттiм.  Менi «Тамашаға»  шығарып  сценарий  язған 

ким? Билəсизмi? Көзi кесiрткенiң көзiндей Көпен иптəш. Во-

о! Бит Көпен иптəштiң көзi зеленый же. Как светофор. Шул 

Көпен иптəш айтты:

– Бауыржан iнiм, – дедi, – син «бухгалтер» дигəн сузниң 

қайдан шыққанын билəсиңмi? – дедi.

– Конечно, билəм! – дедiм. – Ул французның сузi! – дедiм. 

Көпен иптəш айтты:

– Юк, Бауыржан! Ул французниң сузi емес, қазақның сузi 

дедi. «Бухгалтер»  дигəн  суз  «Бұқ  Ал!  Тұр!»,  яғни  «Бұғып 

барып ал да, тұрып кит!» дигəн қазақниң сузi, – дедi. Мин 

усыны айтып «Тамашаға» первый раз шықтым.

Бiр күнi құдағиға жүгiрiп бардым:

– Құдағи, – дедiм, – бiздiң сиыр сiзнiң сиырны сүзiп, ая-

ғын ақсақ қылды. Сiзнiң сиыр хромайт итiп қалды. Шо мне 

делать? Нимə iшлəймiн? – дедiм. Құдағи айтты:

– А-а, тогда нешауа! Сынық арбаның сықырлап жүре би-

рəтiнi сияқты храмой сиыр да хромайт итiп жүре бирəдi. Пi-

шен ашайтын тiлi исəн булса булды! – дедi. Синiң бит, «Мө-

ө-ө-ө» деп мөңiрейтiн бұқаң бар. «Кукареку-у-у! Қораз билəн 

тауық дружит итсə, куп булады жумыртқа!» деп шақыратын 

қоразың  бар. «А-а-а-а!»  дип  ақыратын  ишагың  бар.  Индi 

минəн бұзау хочешь, да? Не дам, бирмəймiн! – дедi.

– О-о, құдағи келе жатыр! Құдағи, бiр партия көңiл көтəр-

мейсiзмы? Бiр партия! Ну, ладно, сiзлəрдə туй болып жатыр 

икəн... Мин дə уз һунəрiмдi көрсəтейiн. Сейчас для вас цыган 

жырларын жырлап бирəйiн.

Открывать театр в наше время

Я скажу вам братцы нелегко.

Я плачу артистам за аренду,

Лучше бы открыл казино.

Мин Муслим Магомаевны театрға жыр жырлап қайтуға 

шақырып идiм, «Извини, Бауыржан, – дедi. – Я не Петросян, 



221

не Задорнов. Я же Муслим. Или ты пой, или я не буду больше 

петь». Сейчас он молчит, я пою.

А где-то свадьба пела и плясала

Меня туда забыли пригласить.

Какой же той пройдет без Бауыржана

На свете нету лучше тамады.

Ми  вчера  тойның  алдында  освежаться  итiп  құдағиның 

мунчасына түшiп жатыр идiм, бiреу двернi стучайт итəд.

– Бұ кiм? Кто там? – дип қычқырдым. Оказываетсi, құда-

ғиның икi туған iнiсi икəн.

– Давай, Бауыржан, – дейдi, – синiң ружьең бар бит, биздə 

патрон бар. Охотоға барайық! – дейдi. Мин айттым:

– Хатынымның қасынан қашқандай болып, тыржалаңаш 

голый қайда барам? Хазiр не могу, – дедiм.

Давай веник, давай таз,

Париться будем сейчас.

Құда кискəн утын юк,

Құдағи яққан мунча бар.

Хазiр татар малай, бир-икi генə елпенəм да барам! – 

дедiм.

Шүнибилəн,  үшеумiз  охотаға  шықтық.  Мин,  еще  татар 



құдағиның  икi iнiсi.  Үшеумiз  степнi  аралап,  бiр  кроликнi 

атып алдық. Но үшеумiз бiр кроликнi делить ете алмай құда-

ғиға келдiк. Мин:

–  Құдағи, – дедiм, – ружье  менiкi,  кроликнi  узым  стре-

лять иттiм. Только патрон ғана сiзнiң iнiңизнiкi. Честно айты-

ңызшы, кроликнi кiм алу кирəк? – дедiм. Құдағи айтты.

– Икi татар, икi татарға бiр кролик тə житəр. Бауыржанның 

мылтығы бар бит, тағы да атар! – дип кроликнi маған бермей 

қойды.

– Құдағи, как это так? – деп бушевайт итiп, шум шығарып 



идiм:

–  Бауыржан,  əфенде,  бұл  сəясат,  политика! – дедi  құда-

ғи. – Син узiң политиканы билəсиңмi?


– Конечно, билəм! – дедiм мин. – Например, бiзнiң театрға 

килгəн  хатын-қизлəр  зур  шлəпəлəр  киеп  утырганлықтан, 

артта  утырганнар  бiр  нəрсе  көре  алмайды. «Хатындардан 

шлəпалерiн баштан шешiп утуруларын үтiнəбiз!» дисəң, бұ 

хатын-қызлəр тыңламайды. Сосын мин политика жасап сөй-

леймiн: «Қырық яштан үткен хатынлар шлəпəлəрiн шешпей 

утырса да ярайды!» деймiн. Все! Күллi хатынлар шлəпəлерiн 

сразым снимайт итəдi.

– Юк! – дейдi құдағи! – политика дигəн ул емес, минə нəрсе 

ул:  əгəр  патша  патшаны  алдаса,  ул  политика,  яғни  сеясат 

булад.  Əгəр  генерал  бир  генералны  алдаса,  ул  стратегия 

булад.  Əгəр  мужик  мужикны  алдаса,  ул  мошенничество 

булад.  Только  разница  шунда  ғана:  олар  əммесi  бiр  нəрсе, 

тек названиесi ғана башқа-башқа. Вот это и есть политика. 

Кроликнi саған бермей, iнiме беру де – политика!

О,  құдағи  кетiп  бара  жатыр.  Құдағи  қайда  барасыз?  Бiр 

партия  танцевайть  итмəйсызмы?  Это  не  политика,  а  сизгə 

дигəн зор құрмет. Құдағи, бiр партия!..



1996 жыл

223

СЕРIК АЌЫН – СЕКСЕНДЕ!..



Ақын Серiк ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫНА

Серiк  ақын  сексенге  келсе  не  дер  едi? «Сексен»  деген 

сөздi айта алмай «Секс... секс... сексендемiн» деп селкiлдеп 

тұратын шығар.

– Серiк ата, жастық шағыңыз туралы бiр-екi шумақ өлеңдi 

суырып сап айта аласыз ба?

– Əй, қарақтарым-ай! Күлесiңдер, ə? Күлсең – кəрiге күл, 

бастарыңа келсiн, айналайын. 

– Ата, бiр-екi стишок о любви...

– Ə-ə-ə, өлең сұраған екенсiңдер ғой. Ұмытшақ болдым, 

айналайын. Миымда махаббаттан басқа ештеңе қалмаған. 

– Жiгiт кезiңiзде қандай болдыңыз, ата?

– Торғайдағы тойға барғанымда мен жиырма бесте едiм. 

Қазiргiден əлдеқайда сестi едiм. Бақпанды қаздың баласын-



224

дай балпаң басып жүрсем де, бағдарсыз жолда батпақ суды 

кешпедiм. 

...Серiк  ата  Қаңбақ  шал  секiлдi  қалбалақтап  қалды.  Ең-

кейдi. Есiне бiрдеңе түстi ме? Қайдам. Елуге келген шағында 

екiленiп  өлең  жазбапты.  Алда-жалда  «Айхай,  екi  жиырма 

бес!» деп өлең жазғанда ғой, өзi туралы былай сiлтер ме едi, 

қайтер едi...



– Махаббаттың қалдырмай артына сын

Магнит боп, əрине, тартыласың.

«Сұлуым-ай, сұлуым!» деп жүргенде

Жасап қалдым қалайша жарты ғасыр?

Елудi неге керек елеп тегi,

Шоршимын ба шортандай себеттегi!?

Елу деген ересек кезiң емес,

«Елу – екi жиырма бес!» демеп пе едi!

Елу шiркiн несiне сызданады,

Елу қыздың ерiнi жүз болады.

Жүз ерiндi, шiркiн-ай, сүймесем де,

Сүйгендей боп сыйладым қыз баланы.

Əмiрiне бағынбастан жүректiң,

Сұлу көрсем сұқтанбай-ақ дiр еттiм.

Маңғазданып шақырамын алыстан,

Ертедегi храмындай гректiң.

Тау суындай таусылмайды əн-арман,

Көп тарихым көрiнiп тұр жанардан.

Екi бетiм еркелiктен алаулап,

Асау шашым махаббаттан ағарған.

Көпке дейiн болып едiм сүр бойдақ,

Əсiресе əжем соны жүрдi ойлап.

– Əр күн сайын əр қызбенен танысып

Неғыласың! – дедi əжем ойбайлап.

225

– Əже, – дедiм, – қандай əппақ тiлеуiң,

Керек емес келiндi ойлап жүдеуiң.

Сол қыздардың бəрiн, бəрiн алмаймын,

Алсам алам тек əдемi бiреуiн!

Көрсеткiм кеп соңғы мода үлгiнi

Қып-қызыл қып кəстөм кидiм бiр күнi.

– Қызыл кəстөм неге киiп алғасың? –

Дедi Сейiт көргендей боп жындыны.

«Қызыл кəстөм кидiң» дедi-ау жолдасым,

Қызыл, қызыл...

Маған айтар сол ма сын?

Кисем кидiм қызыл кəстөм тек қана

Түсi қызыл болғасын.

Қыз дегенiң қырда өскен қызғалдақ,

Əсетпенен жүз əн жаздым қызға арнап.

Қызыл кəстөм,

Қызыл ерiн,

Қызыл ай...

Əлi күнге қол бұлғайды бiздi арбап.

Неге жетпей, неменеге жете алдым,

Сынығындай секiлдiмiн металдың.

Он алты жыл оқыдым-ау КазГУ-де

Жел жағынан жүремiн деп деканның.

Көргенiм жоқ бел кететiн көп iстi,

Көргенiм жоқ əкем көрген соғысты.

Мен не көрдiм есте қалар ерекше,

Көрсем көрдiм партиялық сөгiстi.

«Өзiм кiмге ұқсаймын» деп сұрағам,

Ел айтады: «Аумай қалған Сырағаң!..»

Ал, менiмше, ақын Қайсын Кулиев

Маған ұқсас қалмақтағы бiр ағам.

Оған ұқсау, бұған ұқсау не теңiм,

Ұқсай берсем Серiк болмай кетемiн.

Пушкин болу Шөмiшбайға түк емес,

Ал, мен өзiм Серiк болсам жетедi!..

1996 жыл

227

СЇЙЕМ СЕНI!..



Ақын Ұлықбек ЕСДƏУЛЕТКЕ

«Спортлотоның»  нөмiрi  секiлдi,  ақындардың  махаббаты 

да түрлi-түрлi. Бiрi даланы сүйедi, бiрi қаланы сүйедi. Анау 

ақын айға ғашық, мынаусы жұлдызға iңкəр. Ал, ендi алғашқы 

махаббатты ағыл-тегiл жырламаған ақын жоқ.

Алғашқы махаббат! Күндiз естен, түнде түстен кетпейдi.

Алғашқы  махаббат  туралы  əн  де  көп,  əңгiме  де  көп, 

өлең де қыруар. Ал, ендi екiншi махаббат, үшiншi махаббат, 

төртiншi махаббат деген өлең естiген емеспiн.

Алғашқы махаббаттың аты – алғашқы махаббат. Ал, одан 

кейiнгi  махаббаттың  бəрi  алғашқы  махаббатты  қайталау 

ғана.


Бiр ғана тақырып: «Мен сенi сүйемiн!». Ал, ендi осыны 

қай ақын қалай жырлаған?



228

Қарағым, айналайын, айдан əппақ,

Қасыңнан шыға алмаймын айналақтап!

Бұл – баяғы бабаларымыздың өлеңi. Арудың қасынан ай-

налақтап неге шыға алмайды? Сүйедi де! Сүйгесiн шыға ал-

майды.


«Жардың ернi түнде өпкен,

Жардың ернi күнде өпкен.

Теңiз суы секiлдi

Татқан сайын шөлдеткен».

 

 

 



 

Қадыр Мырза Əли!

Əсiресе, ақындар махаббатқа мас болып, кенезесi кеуiп, 

сұлулыққа сусап, шөлдейдi де тұрады.

«Сүйшi, сəулем, тағы да сүй, тағы да...»

 

 



 

 

Мағжан Жұмабаев!



«Сүйем сенi,

Сүйемiн,


Сүйе беремiн.

Сүйе берем,

Сүйемiн,

Сүйе беремiн.

Өлсем де басымды саған сүйеп өлемiн!..»

 

 



 

 

Кеңшiлiк Мырзабеков!



Тұмағаң, Тұманбай Молдағалиев ағамның да тұла бойы 

тұнған махаббат.

«Ғашықпын ба бiлмеймiн, жаным, саған...».

«Етегi бүрмелi қыз», «Басында бантигi бар қыз», «Туфлиiн 

аяп  жауынның  астында  жалаңаяқ  жүгiрген  қыз»  туралы 

өлеңдi көп оқыдық. Ал, сiздер «Дəлiз жуған келiншек» деген 

өлеңдi бiлесiздер ме? Жоқ, олай емес... «Дəлiздi швабрасыз 

жуған келiншек».

Мұны жазған кiм? Ұлықбек Есдəулет!

Сүю – қыздың  отырған,  тұрғанына  байланысты  емес. 

Ақынның көзiмен ақырын ғана қарау керек.


229

Құтылмайсың қашып түк,

Құшағыңды ашып, күт.

Қайта көрген түстей боп,

Қайта келген құстай боп,

Қайта оралар ғашықтық! – 

дейдi Ұлықбек.

Қайта-қайта ғашық болатын жалғыз Тұмағаң ғана емес. 

Ақынның бəрi сондай. Ал, Ұлықбек кiмге ғашық? Не нəрсеге 

ынтызар?


Ұлықбек  қадiрлi  елiн  сүйедi,  қасиеттi  жерiн  сүйедi.  Ал-

тайдан Атырауға дейiн, Шыңғыстаудан Маңғыстауға дейiн, 

Өскеменнен  Қаскелеңге  дейiн,  тiптi,  Арқаның  ақ  түтек  бо-

ранына дейiн ғашық. Мынау əлем оның «махаббатының му-

зейi» секiлдi. Мұңданады. Мұңаяды. Ашынады. Неге?

«Бабалардың қаны сiңген байрақ жер жыртысқа 

айналып» кетпесе 

екен деп ашынады. 

«Маңдайындағы 

əжiм уақыттың 

жұмбақ 

иероглифтерi» 



секiлдi. «Қылы 

үзiлген қобыздай 

күңiренедi», 

«белдеудегi 

байлаулы жарау 

аттай аласұрады», 

жер тарпып 

тыпыршиды.



Жиi ашынам!

ен далада

миы ашыған

сен ғана ма?

Қарақтылар

оқ құшқанда,

қанаттылар

230

көкке ұшқанда,

сауыры түтiн

шер далада,

бауыры бүтiн

сен ғана ма?

Көкек келiп

ұясы лаң,

зекет терiп,

жуасыған

бозторғайдай

жиi ашынам,

жиi ашынам! – дейдi. Ақын неге ашынады?

Бiр қанденге сəлем берiп шықсам деп,

Кезек күтiп отыр мiне, арыстан.

Осындайда  еске  түседi.  Бiздiң  ауылдың  бiр  қазағы  бiр 

өзбектен «Ташкенге қай жол барады?» деп сұрапты. Сонда 

өзбек ағайын «Ташкенге жол бармайды, Ташкенге өзiң бара-

сың» дептi.

Ұлықбек  ешқайда  барған  емес,  оның  поэзиясына  оқыр-

мандардың өзi барады.

Кеудесi бос керiлген адамның екi иығына екi шайтан мiнiп 

алып екi құлағына сыбырлайды дейдi: «Əй, сен кереметсiң! 

Сенен мықты жоқ, жұртқа сəлем берiп қайтесiң?..» деп жол-

дан тайдырады екен.

Ұлықбек – перiштелi ақын. 

Оның  Тұңғышбай  айтып  жүрген  қазақтар  туралы  өлеңi 

тұрмыстық пародияға сұранып-ақ тұр. Мысалы, былай...



Құда деген бiр ел бар құдай қосқан,

Шырайына қазақтың шырай қосқан.

Құдаңызды құдайдай күтпесеңiз

Қақ айрылып қара жер, құлайды аспан.

Кiммен құда боласың – Алла бiлер,

Қалғанын қалта менен кəлла бiлер.

231

Егерде бай мен кедей құда болса,

Арасында арықтау жорға жүрер.

Құдам-ай, құдам-ай,

Бұ қалай?

Кiммен құда боласың – Алла бiлер,

Қалғанын қалта менен кəлла бiлер.

Егерде «крутой» мен «крутой» құда болса,

Арасында «Мерседес», «Вольво» жүрер.

Кiммен құда боласың – Алла бiлер,

Қалғанын қалта менен кəлла бiлер.

Бiр кедей мен бiр кедей құда болса,

Арасында арпасыз дорба жүрер.

Құдам-ай, құдам-ай,

Бұ қалай?

Құда деген бiр ел бар алаңғасар,

Жəй жүргенде адамнан адам қашар.

Көк тiрегiн көкемен құда болсаң,

Жапырылып жарты əлем амандасар.

Құда болып мiнеки, берiп ек той,

Алдыңыздан арқанды керiп ек қой.

Барған жерде əйтеуiр бағы ашылсын,

Қыз бен қойдың жүрмейтiн жерi жоқ қой!..

Құдам-ай, құдам-ай,

Бұ қалай?

Орыстың атақты ақыны Сергей Михалков əдебиет инсти-

тутына түсу үшiн емтихан тапсырғанда профессор:

– Сұрау белгiсi дегенiмiз не? – деп сұрайды. Оның тео-

риясын қапелiмде айта алмаған жас қаламгер:

– Сұрау белгiсi дегенiмiз қартайған Леп белгiсi! – деп жа-

уап бередi. 

Ұлықбектiң сөзi де, өзi де леп белгiдей.



2004 жыл

232

ШЫРКҐБЕЛЕК ДЇНИЕ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет