Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Жайлыбай F.
Таңдамалы. – Астана: Фолиант, 2014.
ISBN 978-601-7568-45-0
Т.2. Өлеңдер, толғаулар мен поэмалар. – 344 бет.
ISBN 978-601-7568-47-4
Қазақтың көрнекті ақыны Ғалым Жайлыбайдың шығарма
лар жинағының бұл томына әр жылдарда жазылған өлең, толғау,
поэмалары топтастырылған. Әдеби қауымнан бағасын алған «Ақ
сиса», «Қара орамал» секілді дастандары бүгінгі қазақ әдебиеті
нің жұлдызды шығармалары санатында.
Сондайақ, бұл кітапқа бірнеше аудармалары да еніп отыр.
Азаматтық лирикамен қоса ақынның махаббат, балалық шақ,
табиғат тақырыбына жазған жырлары шынайы да сыршыл
дығымен ерекшеленеді.
ISBN 978-601-7568-45-0
УДК 821.512.122-1
ББК 84 (5 Қаз)7-5
УДК 821.512.122-1
ББК 84 (5 Қаз)7-5
Ж 19
Ж 19
©
Жайлыбай Ғ., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014
ISBN 978-601-7568-47-4 (Т.2)
3
ЖҮРЕГІНЕ ЖЫР ҰЯЛАҒАН...
(Ғ. Жайлыбай шығармашылығы туралы толғам)
Қазақ әдебиетінің қазіргі таңдағы өрісөресі, бағытбағдары,
даму деңгейі жөніндегі әңгіме әрқилы. Заман мен қоғам өзге
ріп жатса да, уақыт тынысы мен замандас тағдырын терең
нен толғап, жарқырата жазылған көркем шығармалар кем
шін деген пікірлер жиі айтылып жүр. Жаны бар сөз екендігі
екінің біріне белгілі. Бұл сын әсіресе көркемсөз – проза жан
рына көбірек қатысты. Әйтсе де оның ақтауға болатын айғақ
тары да баршылық. Айталық, хикаят, роман жанрының жүгі
ауыр, жауапкершілігі ерекше. Бүгінгі заман кейіпкерлерінің
болмысбітімін, қилы тағдырын, қоғамдықәлеуметтік өмір
дің бұрылысбұралаңын, шынайы шындығын толыққанды
зерттепзерделемей, оқырманмен көкейкесті ойтолғамдармен
бөлісетін бірегей көркем шығарманың жазылмасы белгілі. Ал
поэзия жанрының жөні басқа. Бұл орайда жыр көшіміздің
алда келе жатқанын айту парыз. Қазақ ақындары қара өлең
нің терең қайнарларын тауып, жауһар жырлар өрнектеуде.
Бүгінгі қазақ поэзиясының бағын ашып, бағасын асы рып
жүрген көрнекті ақындарымыздың еңбектері елге таныс,
есім
дері ұлтымызға мақтаныш. Міне, сол талантты тұл
ға
лар дың қатарында аса дарынды ақын Ғалым Жайлыбай да
бар. Біздің бүгінгі әңгімеміз осы бір өлеңдегі өрнегі бөлек,
жыр
лары жырынды ақынның шығармашылық жолына ой
жүгіртіп, пікір пайымдауға арналып отыр. Оған Ғалым ақын
ның жарыққа шыққан кітаптары да, елуді еңсерген жасы да,
ең бастысы рухани қазынамызды байытуға қосқан сүбелі үлесі
де лайық. Кезінде, көзі тірісінде, көрсек те көрмегенсіп, біл
сек те білмегенсіп, кейін, өлген соң өкініп, сан қырлы талан
тына табынып, сан сырлы әңгімелер қозғайтын жаман әде
4
тіміз бар ғой. Содан арылып, ар алдында ақиқатын айтуға
көшкеніміз де жөн ғой...
Қазіргі қазақ поэзиясының өрісі мен өресіне қарап, оның
әлемдік деңгейге көтерілген көркемдік күмбезінің көз жауын
алып, сұлулығына сұқтандырып, пәлсапалық парасатына там
сандырып, шығармашылық шеберліктің шырқау шыңына
көтерілгеніне қуанасың. Сондықтан да бұдан былай атақты
ақын болу, жауһар жыр жазу мүлде мүмкін еместей сезінетін
де сәттерді ойыңнан өткізесің. Ал келесі бір дарынды ақын
мен дидарласып, сом алтындай сара жырларын оқығанда,
әлгі ойыңның бекерлігіне көз жеткізесің. Уақыт озған сайын
жарық дүниеге ақындардың жаңа ұрпағына ілесе текті та
ланттар да қосыла береді екен. Бұл ойдың ақиқаттығына
ға жап ақын Ғалым Жайлыбайдың шығармашылығымен зер
делей танысқан кісінің шүбәланбасы шындық.
Ақын Ғалым – өлеңдегі өз өрісін, жасыл жайлауын жазып
жаңылмай тапқан тегеурінді талант. Оның өлеңдерінің бас
ты қасиеті – табиғилығы. Ақын өлеңдері еріксіз есіңді алып,
сезіміңді елтітіп, көңіліңді елжіретіп, толқытыптолғанды
рып, сүйсінтіпсүйсіндіріп, бірден баурайтын алапат қа
сиетімен жүрегіңді жаулап алады.
Ақын Ғалым адам болмысындағы бекзат қадірқасиет
тері не ғашық. Ол адалдық, адамдық, тазалық, кісілік, ізгілік
сын ды періштелік мінезқұлықты ардақтап, сол ізгі қасиет
терді қастерлеп, іңкәрлікпен, құштарлықпен жыр кестелеуге
құмар. Осылайша тебіреніп, толқып, шабыттана шалқып жыр
төккен талантты ақын Ғалым Жайлыбайды қазіргі қазақ поэ
зиясы ның көгіндегі жұлдыздардың бірегейі десек жарасар!
Жаңаарқа өңірінің жазиралы жазықтарында – даңғайыр
даланың қиыр қырларында жезкиігі желмен жарысқан,
өзенкөлдеріне үйрек ұшып, қаз қонған, оның айдындарын
аққулар мекендеген алтын бесік төсінде туып, алты жасында
аламан бәйгеде атқа шауып, бозбала шағында жылқы жайып,
сахарада саяқ өскен, қара қоста көкірегі қазынаға толы
алтын сандық қарттардың өткенкеткен өмір туралы ше
жірелей шерткен әңгімелерінің сырлы астарын көкейіне
тоқып ержеткен Ғалым қалаға ойсанасы толысып, өлеңдегі
5
өз орнын табу талаптілегімен арман қуып аттанған. Сөйтіп
қазақы орта, қазақы тәрбие, қазақы болмыс жас талапкер
дің алаштың арқалы ақындарының қатарына қосылуын тез
детті. Құдай берген туабітті талантының, жылдар бойы оқып
тоқып, жанын байытып, ойын кемелдендірген ілімбілімнің,
өмір сабақтарының арқасында ол дарыны дараланып, поэзия
өлкесіндегі өзге баспаған өз жайлауын – өз жолын тауып, қазақ
жырының көсегесін көгертіп, жаңартыпжасандыруға ерек
ше еңбек сіңіріп, сүбелі үлес қосты. Қысқасы, өміріне өлеңі
нен бақыт тапқан сирек талант.
Әдетте біз ақын өз өлеңдерінде қандай тақырыптарды
таңдап, қалам тербегенін бөлежара әңгімемізге арқау етеміз.
Ал шындығында өлең қандай тақырыпқа жазылуы керек деген
сұрақтың жауабы жалғыз: ақын өзін айрықша ойландырып,
толғандырған өмір құбылыстары туралы өрнектеуге тиіс.
Өйткені өлең – өмір туралы толғаныстар жемісі. Рас, өмірдің
өзі жұмбақ сырлар әлемі, алайда ақын сол құпия сырды ашуға,
кілтін табуға бойындағы бар талантын жұмсап, жыр кестелеуі
керек. Ал өлең жазудың, яғни жырдың жаратылысы туралы
жаңалық ашу қажетсіз. Өлеңнің сөзі сара, ұйқасы қорғасындай
құйылған, ойлары алмас қылыштай өткір, теңеулері таңдай
қақтыратындай тапқыр әрі жаңаша болса ғана көркемдік
кестесі келісті, шеберлігіне шек келтірмейтін нағыз парасатты
поэзия санатына қосылатын рухани қазына саналары сөзсіз.
Ақын Ғалым шығармашылығы осындай ақындық шеберлік
тің көрігінде шыңдалғандығын атап айту парыз.
Бір орнында тұрған дүние жоқ. Бәрі ұдайы қозғалыста,
өзгерісте. Ендеше, сол өзі ғұмыр кешіп жатқан заман мен
қоғам, оның қордаланған күрделі мәселелері, сол ортадағы сан
тағдырлы адамдардың тіршіліктынысы, оймақсаты, арман
аңсары ақынның сезімін тербетеді, сол кезеңнің сырсипаты
ойлантыптолғантпауы мүмкін бе?! Олай десек түбірінен қа
телесер едік. Ақын адам ретінде өміртіршілікке қонақ бол
ғанымен, өзі ғұмыр кешіп жатқан уақытқа қонақ емес. Сол
қоғамның ыстығына жылынып, суығына тоңбаса, мезгілді
мейман секілді жайбарақат: түк көрмегендей, түк білмегендей,
түк сезбегендей өткізсе, онда ол сол елдің Азаматы ма?! Яғни,
шын ақын қоғам мен заманнан тыс, өз бетінше, томағатұйық
6
өмір сүруі қисынға келмейтін нәрсе. Ол азамат ақын ретінде
сол заман, сол қоғам және сол елді, жерді мекендеген елдес
жер
лестерімен біте қайнаса тіршілік кешеді емес пе?! Сол
қоғам, сол адамның мұңын мұңдап, жырын жырламаса оның
ақындығының, азаматтығының құны көк тиын емес пе?!
Бұл, әрине, ақын күнделікті тіршіліктің кез келген оқи
ғасын, дерегі мен керегін қалдырмай өлең жолдарына тү сіріп
отырсын деген пікір емес. Ақын – өзі дәурен сүріп жатқан
заман және замандастары, яғни адамдардың жан сарайын
ашып, ізгі қасиеттерін, үкілі үміттерін, мөлдір сезімдерін,
мұңшерін, қуанышшаттығын егілтіптөгілтіп жырлай алса
ғана нағыз ақын. Ақынның азаматтық болмысының риясыз
ашылып, елжұртының алдындағы перзенттік парызының
өтелуінің нақты көрсеткіші осылай сипатталса керек. Міне,
осы тұрғыдан келгенде де Ғалым Жайлыбай ақынның лиро
пәлсапалық поэзиясы – айрықша бағалауға лайық, ұлттың
рухани қазынасына қосылған олжа.
Мына ұстараның жүзіндей қылпылдаған құбылмалы
заманда әдебиет қоғам өмірінен қол үзіп, әлеуметтік мәсе
лелерден шет қалса не болғаны?! Ұлтының жоғын жоқтап,
барын базарлап жыр дестелеу хас ақынның қастерлі борышы
ғой. Қазақ халқының өміртағдырының қилы кезеңдерін
өлеңдеріне арқау еткен ақынның сөздеріне сүйсініп, толғақ ты
ойларын көңіліңе тоқисың. Ақынның қайраткерлік қасиеті
не риза боласың. Асқақ сезіммен, адал көңілмен шындық
тың шырайын келістіре көркем кестелеген азаматтық әуен
дегі өлеңдер ғана жүрекке жетіп, көңілге қонатынын Ғалым
ақын жантәнімен сезінеді.
Ақынның атамекені жазиралы Жаңаарқа мен іргелес қара
орманды Қарқаралы өңірінде жусан жұпар шашпайтын болған.
Себебі Байқоңырдан көкке көтерілген ғарыш кемелері кей
кейде жеріне жетпей осы аймаққа құласа, ұлан дала гептилден
уланып, табиғат та, адамдар да жапа шегуде. Осынау оқиға
абзал жүректі ақынды неге қайғыртып, қанын қайнатпасын.
Құрдасының «Уды у қайтарады» дегенге сеніп, араққа аңқасы
кеуіп тұратынын ашына өлеңіне қосуы да орынды. Бұл – қолдан
жасалған апаттың адам баласына тигізген залалын айтудың
амалы әрі ақынның тапқырлығына жарқын мысал.
7
Ақынның «Жетім құлын» деген өлеңі де осы тақырыппен
төркіндес:
«Протонның» уынан енесі өлген –
Көлеңкеде жылайды жетім құлын...
Жетім құлын иесі – жесір әйел –
Өз-өзіне қол жұмсап күйеуі өлген...
...Жетім құлын қаңғиды әр аулада,
Жесір әйел жылайды түніменен...
Зымыранның зауал шектірген зардабын зейінінде зер
делеген зиялы ақын осы бірекі мысалды жымдастыра жыр
жазып, елжұртының жанын кемірген сұмдық сұрақтан сыр
сабақтаған. Ақын адам мен табиғаттың мұңды тағдырына
бізді де ортақтастыра отырып, алдағы күндерге алаң көңілін
жасырмай, жаны ауырып жырға қосқан.
Адамдарды тағдырдың өңменнен өткен ызғарлы желі
тоңдырып, торықтырған осындай қысылтаяң сәттері аз ба?!
Сондай қилы кезеңдердің жаныңды жауратқан жанды су рет терін
ақын айнақатесіз көңіл айнасына түсіріп, жадыңды жаң ғырта
білуімен де біліктілігін, жан иірімдерін тап басар тамыршыдай
сезінуімен ақылман да алғырлығын аңғартып отыр.
Алмағайып қоғамның қиынқыстау кезеңдері, елжұртты
жүдеткен жоқшылық, яғни тұрмыс тауқыметтері арқасына
аяздай батқан азамат ақын ашына айтып, ақиқат алдында
арына жүгініп, жыр толғайды. Ел есеңгіреп, ертеңгі күнінің не
боларын болжай алмай, күйкі тіршілік кешіп жатқан мезгілде
ұлтының осы тығырықтан шығып, босағасы берік, шаңырағы
шаңқан іргелі мемлекет қатарына қосылуын армандап, санасы
сарғайған ақын жырлары үміт пен күдікке толы:
Ұлтым қайғы кешкенде,
жұртым қайғы,
Сарыуайым сағаты сыртылдайды.
Ақындары алақан жайған елдің
Қатындары қол бастар ұл тумайды...
8
Осылайша опына отырып, ақын кемел келешекке жеткізер
үкілі үмітінен күдер үзбейді. Өз өлеңдерінде өтпелі кезеңге
өкпесін айта отырып, қарын тояр, көйлек көгерер, алайда
ұлтымның қайсар рухы, жасын жігері жасымаса екен деген ізгі
тілек қосқан Ғалым ақынға сен де сенесің. Пәк пейіл, ақ жүрек
ақын қара басы емес, дүйім дүние – жалпақ ел – ұлтының ұлы
армандарын айтып, осындай ойлы, осындай өрелі өлеңдер
жазуға аса асық.
Тынымсыз тіршілік, дүрбелең дүниенің жанарындағы қай
қайдағы құбылысты көзі көреген, сезімі сергек, ойы ұшқыр
ақын жүрегінен өткізіп, өлең өрнектеуге өте шебер. Пікірімізді
тірілтер бірер мысалға жүгінелік.
Теледидардан жетімханада тәрбиеленіп жатқан бүлдір шін
дердің тұсауын кесіп, батасын беріп жатқан әжелерді көр
ген ақын отыра қалып қалың ойға батады. Жаны жабырқап,
жеңілтек мінезді қызжігіттердің кесірінен тірі жетім атан
ған сәбилердің тағдыры жүрегін сыздатып, көңіліне қаяу
салады. Ананың ақ сүтін ембеген, бесік жырын естімеген
бейкүнә бөбектің келешекте қандай адам болып қалыптасары
толғантып, ойы ойран, санасы сарсаң күй кешкен ақын жалпақ
елге жар салып, жетімдерді жебей жүруге, жастарды жаза
басып адаспауға шақырып, шыбын жаны шырылдап жыр
жазған. Жүрегі бар адамның жетесіне жететінақ өрелі өлең.
Бүгінгі күндері тұрмыс тауқыметін тартқан қызкелін
шектер қара базарда қаптап жүр. Әсіресе, әйел балаларға обал
ақ. Оқып, тұрмысқа шығып, арыс туар алаштың арулары көне
күрте, ескі етігін сүйрелеп, көк базарда қап арқалап, қаңғып
жүрсе, соны көрген қайран ақын жүрегі қынжылмай қайтсін
ау?! Ұлтының ұпайын түгендеп, намысын жыртып, тағдырына
алаңдап, араша түсу нағыз ақынның перзенттік парызы емес
деп кім айтар?!.
Адам өмірінің өткелдері үміт пен күдікке толы. Қысқа
ғұмырдың қас қағым сәттерінен терең сыр ұққан ақын оқыр
манымен оңаша отырып ой бөлісуге құштар. Өрт өмірді өле
сүюге үндейтін мұндай мұңды да сырлы жырларының бағасы
берен, әсері ерен. Өткінші өмірдің құдайы қонағы болған дық
тан әр адам маңдайына жазылған тағдырды басынан ке
шіре ді, дәмі таусылғанша тіршіліктің шырынын да, кермегін
9
де татады. Сондықтан біреудің байлығына, біреудің билі
гіне қызықпай, қызғанбай, адалдықтың ала жібін аттамай,
өзгені даттамай ғұмыр сүру ғанибет. Мына бір өлеңнің жалғыз
шумағы өзегіңді өртеп, шындығына бас идіріп тұр емес пе?..
...Қайғы-бақты қатар кеш...
Артық-кемін
Ай құлақты бейіттер теңестірер... –
деп ақын өзіне де, өзгеге де өмір сабағынан суыртпақтап сыр
шертеді.
Бүгінде баяғы гүлденген қазақ ауылдарының тірлігі мен
бірлігінде береке жоқ. Ел іші көшіпқонып, қалаларға қоныс
аударып, күнкөріс қамымен әуресарсаңға түскен мезгіл.
Ажары тозған аяулы атамекен – қарашаңырақ қайран ауыл
дардың сол көрінісі көңілге қаяу түсіреді. Әсіресе, әсершіл,
елде туып, ержеткен ақындардың жандары жараланып, жыр
толғаулары жиілеп кетті. Ғалымды да сол сансапалақ ойлар
сансыратып, қолына қалам алдырған:
Ауыл бардым,
алдымнан құм борады.
Құм бораны...
көңілді мұңға орады.
...Құм бораны борады мен келгелі,
Өңсіз өңір маған да өң бермеді...
...Өтпелі шақ, кім оның өткелдесі,
Осы өлкеге соға ма көктем көші?
...Ауған барып, сау қайтқан Ауғанбайдың
Аудан барып қайтқанға жоқ теңгесі...
Қазіргі уақыттың жан ауыртып, жүрек сыздатар тауқы
меттері осылайша сан сыр, сан қырымен өлеңге көшкен. Бұл,
әрине, әлеуметтік өмірдің әлеулейі емес, шыңғырған шындығы.
Жарасы ауыр жанымды жабырқатып,
Қараша ауыл қарайды құбылаға...
10
Өтпелі кезеңнің өкпек желіне ұрынып, кешегі бақуат
тірлігінен айырылған қараша ауылдардың бүгінгі сиқын
көрген біздер де ақынға қосыла қан жылаймыз. Өйткені сол
өлкелерде өнген ұрпақпыз. Ақын сезімі соны дөп басып тұр.
Енді бір сәт ақын сол жұпыны ауылын сағынып, жүрегі
елжіреп, егіліп, сырын жырына қосады:
...Гүл шағында,
демеймін нұр шағында,
Біздің ауыл Арқада, құм шағылда.
Жетілгенбіз сол құмның құрсағында...
Ақын әркімнің кіндік жұрты – өз Меккесі деген ақиқат сөзді
орайын тауып, осылай тірілткен.
Соңы тұйық жолдардың,
басы – даңғыл.
Жүрегімнің жаутаң көз жасы жаңбыр.
Жалаңаяқ жүгірген балалықтың
Сипап қайтқым келіп жүр басынан бір...
Жанжүрегіңді шымшым сыздатқан шуақты шумақтарды
қайталай оқи бергің келетіні қалай? Иә, бұл – зерделі ойдан
туған зерлі өлең... Өйткені...
Сұрқай өңді сұр қаланың тынымсыз тіршілігі қажытқан
қыр баласының боз жусан иісі мен бозторғай даусын аңсауы –
сайын даланың саясында өсіпжетілген бүтін бір ұрпақтың
көңіл күйі. Ақынның ауыл тақырыбын толғаған өлеңдерін
оқырмандары айрықша ыстық ықыласпен қабылдау сыры да
осында.
Үміттердің үкісіндей мұратын
Үлбіретіп, үздіктіріп, үзілтіп,
Сол өлкеден жолға шыққан бір ақын...
Жүрегіне жыр ұялатқан сол қараша ауыл болса, ақын оны
қалайша аяламасын?! Үмітіне үкі тағып, ақындық жолына –
11
арман сапарына алыс ауылдан аттанған Ғалым ақынның тура
жолын адаспай тапқанына оның бүгінгі өмірі мен өлеңі куә...
Дүрия дүние дидары, дүрмекті дәуреннің қилы кешулері
барысында сана сәулесі түскен өмір суреттерінің сырсипаты
ақынға түрлі ой салып, толғандыруда.
Болмашы бір мәселеден жолжөнекей жолыққан бейтаныс
біреудің үзік әңгімесінен, елеусіз ғана оқиғадан ой түзіп, тәлім
алып, өмірлік өлең жазу – хас талантқа ғана бұйырған бақыт.
Ақының сондай сәттерде жазылған отты өлеңдерінің арман
дай ойларымен өзегіңді өртеп, тербелтіптеңселтіп жіберетін
құдіретіне қайран қаласың. Сондай бір өлең – «Ескі жұрт».
Ақын араға жылдар салып, ауылына ат басын тірейді, қасында
қалада туған баласы бар. Ауыл аралап жүріп, баласына өзінің
туыпөскен үйін көрсетіп, әңгіме тиегін шертеді:
Әкең, балам, осы жер – ержеткен жер,
Сезімімнің селдірін селдеткен жер.
Ақ батасын атаның қабыл етіп,
Ақ тілеуін анамның тербеткен жер.
...Ескі жұртқа жайылған тамырым бар –
Туған жерге байланған кіндігім бар.
Әр қазақ баласының басында бар таныс тіршіліктің сыры
мен жыры бұл. Бір кездері балалық шақтың бал дәурені өткен,
бүгінде орны – қара жұрты ғана қалған ескі үйлерді, қараша
ауылдарды еске салып, көңіліміз құлазып, шерлі әуен шертері
шындық. Ақын бір өзінің емес, көптің көкейіндегі сөзді тіріл
тіп отыр.
Енді бір тойға арнап тігілген киіз үйлердің Қытайдан
әкелінгенін көріп, қатты қайран қалады. Аты бар да, заты жоқ,
көзге қораш – жасанды үйлерге қарап тұрып, ұлтының ұясы
болған киелі қазақы киіз үйін жоқтап, жүрегі жылаған ақын
сол сезімін жырына қосқан. Өзінің ата кәсібі – киіз басу мен
одан жұмыртқадай тізілдіріп алты қанат ақшаңқан киіз үйлер
тігуді ұмытқан елдестеріне өкпесі өлеңде келістіре өрнектел
ген:
12
...Туырлықтары кенептен екен –
Керегелері темірден...
...Киіз бен ағаш сүйегі, дені,
Сөзіме кім бар таласар?..
Киіз үй – біздің киеміз еді,
Қазаққа ғана жарасар...
Бүгінгі таңда ел жақсылары еленбей, байшыкештер мен
билік төріндегілердің аты озып, бағы жанып тұрған заман.
Ұлтына тірек болатын текті тұлғалардың тасада қалғанына
қынжылған ақынның хан алдында да қасқайып тұрып хақ
сөзін айтатын – адалдықтың алмас қылышындай болғаны, То
лыбайдай сыншыларды жоқтауы – жұртшылық жүрегіндегі
сөз. Жалпы Ғалым Жайлыбай ақын осы бір толғауы тоқсан
тақырыпқа айрықша мән беріп, жеріне жеткізе жырлап
бақ
қан. Сөйтіп, Абай бастаған ұлтымыздың кешегібүгінгі
ұлылары мен игі жақсыларының ғибратты ғұмырларының
өмірілік өнегесі өлеңге көшкен. Негізінен, бұл тақырыпқа
қалам тербемеген ақын жоқ. Ғалым болса бұл орайда да өз
жолын, өз жөнін тапқан. Олардың ғазиз есімдері қазақ халқына
несімен қадірлі екендігін айта отырып, оған бүгінгі ұрпақ
ұлықтауға, ұмытпауға тиіс рухани ерліктерін ұштастыра жыр
қашаған.
Мысалы, «Абаймен сырласу» өлеңінің мына жолдарына ой
жүгіртіп көріңіз:
...Ұлы болуға ұмтылғандар бар,
Ұл болып алмай алдымен...
...Алаштың асқан тәңірі Абай,
Көреміз біз де жолда азап.
Жаратқан хақтың әмірі қалай –
Сен көрген қазақ – сол қазақ!
Ақынның абыз Абаймен сырласу жырының қатпары қалың,
айтары ақиқат. Ұлы ақынның ұлағатына құлақ аспаған
бүгінгі ұрпағының әлі күнге сол баяғы керенаукербез кесірлі
мінезі сол қалпы – сол қазақ екендігін айтып ашынған Ғалым
13
ғұламадан ғибрат алмай, әкенің баласы болуға жарамай жатып
ұлы атағына ұмтылғандардың көбейіп кеткендігін ашына
айтуы да шынайы шындық.
Мына бір жыр жолдары да жүрегіңе жата қалады:
Аға сұлтан атағы аздық етер
Асыл туған атадан Құнанбайға.
...Құнекеңдей құндысын құныкер ғып,
Сұлтандарын бұл қазақ ұлтан еткен.
...Тобықтыдан Құнанбай тумаса егер –
Құнанбайдан Абай да тумас еді...
Кеңес заманының кері кеткен саясатының кесірінен асы
лымызды ардақтай алмағанымыз және оның бір Құнанбай
ғана емес, күллі Алаш ардагерлеріне қатысты қасіретті тағдыр
екенін мегзеген ақынның аталы сөзіне қалай риза болмассың?!.
Қазаққа берген құдайдың, баба,
сыйы едің.
Қорқыттан қалған қоңыраулы керуен күй едің.
Тамадан емес, анадан туған абызым –
Шақадан емес, атадан туған киелім.
Бүгінгідей бөлектену, жақсысын өзге өгей санап, ортақ
тастырмау, ағайын арасын алалап, бар қазақтың бір қазақ
екенін естерінен шығарған «жүзшілдерге» осындай өнегесі
үлгілі сөз арнау бәрімізге Ықыластың қобызындай шерлі күй
шертіп, есімізді жиюымызды ескертіп тұр емес пе?!.
Әйгілі Әсет Найманбайұлы сынды аспандағы аққуға әнін
қосқан әншінің өнерін сөзбен сипаттауы да керемет:
Ән салса ағындаған, арындаған,
Бұлбұлдай даусы көкте дамылдаған.
Толған ай толықсытып топқа салып,
Жорғадай майда қоңыр мамырлаған.
Артына әсем ән, өмірлі өлең қалдырған, айтыстың да
ақтангері Әсеттің өзі де, өнері де мәңгі жасайтыны да жырда
әдемі, әрлі, сырлы сөздермен әспеттелген.
14
Ал енді «найзасын жанып намысқа, қылышын көкке
суарған», «оқтаулы мылтық, отты өлеңнің» иесі ер Махамбет
туралы ақын толғауы – тосын түйінтұжырымдарымен сүй
сіндіретін сүлей жыр:
Керуенге керім ілескем...
Ғасырдан ғажап жыр ескен.
Басын шап, мейлі, кес тілін –
Өлмейді Ақын, абайла!
Махамбет мәңгі Арайна...
Махамбеттің ерлігін, ақындығын өрнектеген өлеңдер жетіп
артылады, алайда жасын жүрек ақынды мәңгілік Арайнаға
теңеген – тек Ғалым ақын.
Арманда кеткен Алаш арыстары да ұмыт қалмаған.
Ғалымның «Толқындар» деген өлеңі марқасқа ақын Мағжан
Жұмабаевтың рухымен сырласу сынды. Ақын қоғам мен
адам тағдырын салыстыра әңгімені әріден бастап, ұлтының
жазықсыз жазаға ұшыраған ұлы перзенттерінің өздері өлсе
де сөздері – ұлтжанды рухтары мәңгі жасайтынын айтуға
асыққан. Бұл әрі Алаш қайраткерлерінің ақталып, ор
тамызға оралуына орай, ел үшін күрескен ерлердің есімдері
ұмытылмайтынын тілге тиек еткен ғақлиялы ғазал. Таң ат
пайын десе де күн шығатыны сияқты, өздері өлсе де өнерлері
өлмейтін Мағжан сынды ұлт ақынның мәңгі жасайтын рухани
мұрасын өшіру мүмкін еместігі ақиқат қой. Ғалымның түйінді
сөзі оқырмандарын осы пікірге жүгіндіріп отыр.
Соңғы жылдары Сәкен сынды саңлақ ақын туралы кейде
артықауыс сыпсың сыни сөздер айтылып қалып жүр. Алайда
өлеңімен де, өмірімен де ұлтының – қазағының бақытты
болашағы жолында күресіп, жанын пида еткен ардагер
азамат, ақиық ақынның мәңгілік елжұртының жүрегінде
сақталатынын Ғалым жақсы айтқан:
Ақбоз атты құлатқан жала – керме,
Магаданға мола іздеп бара берме!
Сәкен деген – халқымның рухы ғой,
Рухтарды көмбейді қара жерге...
15
Бұл сияқты қазақтың бағына жаралған, ұлтының рухани
ұстаздарына айналған небір марғасқа ақын, жазушы, ғалым,
азаматқайраткерлер хақында Ғалым жазған жырлардың
бәріне бірдей тоқталу мүмкін емес. Жоғарыда әңгімемізге
арқау болған бірсыпыра өлеңдердің сырсипатына қарапақ
талай тағылым алуға болатынына көз жеткіздік. Бір ескеретін
жағдай: бұл әшейінгі әдеби мадақода емес, мағынасы терең
пәлсапалық толғаулар.
Адам баласының болмысындағы асыл қасиеттердің бірі –
сүйіспеншілік сезімі. Сол бір Алла сыйы – махаббаттың асыл
да асқақ, нәзік те құдіретті, жан дүниеңді жаулап, баурап
алатын сиқырлы да қымбатты сезім екендігіне сендіретін де,
сезіндіретін де өлең өрнектеу – ақынның ақынына бұйыратын
бақыт. Ғалым сол сирек, сол бірегейдің санатындағы ақын
екенін кесіп айтамыз. Ал адамның махаббаттың ғажайып сезім
дариясы мен ариясы екендігін мейлінше жеріне жеткізе көкке
көтере жазғандығына көз жеткізу қиын емес.
Ғалымның ғашықтық ғазалдарында мөлдір мұң мен сұлу
сезім астаса араласып, жаныңды біресе елжіретіп, біресе
егілдіріп, көңіл иіріміңді құйындай ақтарыптөңкеріп, есіңді
шығаратын алапат күшімен арбап алары ақиқат. Жаны нәзік,
сезімі сергек ақын оқыстан кездескен оқиғадан да өлең өре
қоюға өте бейім.
Ақын Алатаудың баурайында, аялдамада автобус тосып
тұрған. Аспанның түбі тесілгендей нөсер жаңбыр төпелей құйып
тұр. Бір сәт бейтаныс бойжеткен бозбаланың қолшатырының
астына келіп тұра қалады. Өзі қалшылдапдірілдеп әбден
жаураған. Перизат қыздың қылығы шабыттандырған шайыр
аруды «жыр отын жағып жылытып алады». Бір өлеңнің туу
тарихы ғана бұл. Ал ақын оңашада өз өмір жолына үңіліп,
небір ойлар кешіп, небір жырлар жазбады дейсің?! Өткен өмір,
кешкен жас дәуренін етжүрегі елжіреп есіне алмайтын адам
бар ма? Әсіресе, ол ақын болса... Міне, сол сағымға айналған
сағынышты күндер керуені көшкен бұлттай басымыздан «өтті
кетті» деп жүрек сыздата жазылған жырлармен жүздескенде,
қимасыңмен кездескендей қуанышқа бөленерің белгілі.
Бозбала дәуреннің бойжеткені, өзі өлердей ғашық болған
«қалқа қызға» қосылмаған ойы, басқа тағдыр туралы жүрек
16
шымырлатқан ақын сырлары қандай керемет. Жігіт көзінен
көктем көрген қаракөз қарындасқа сырттай сонша құмартып,
сүйсінсе де, әдептен асып жүрегін ала жүгірмейді. Өлең
кейіпкері:
Өртімді іште сөндірдім,
Қалқам-ай,
саған тіл қатпай, –
деп сыпайы сыр ашып, сабыр сақтап, тағдыр толқынына ес
кексіз қайық салмауы қандай сырбаз мінез. Махаббат мұңын,
сүйіспеншілік сырын осылайша баяндау да ғажап қой.
Ғалым ақын енді бірде арада отыз жыл өткен соң жолыққан
бала ғашығына жыр арнап, оған деген пәк сезімі туралы
сыпайылап сыр шертеді:
Көктем көздің жасындай боп сырғи ма,
Сырғи-сырғи бет түзедік ылдиға.
Өткен өтті...
Құрысын бәрі, Гүлмира,
Есіңе алып жүрсің бе әлі, Гүлмира,
Ай алқалы, күн сырғалы Гүлмира...
Не деген сырбаздық. Не деген өкініш. Не деген наз. Сырбаз
ақынның сырлы жырына сүйсінбеске не шара?!.
Сүйіспеншілік сырларын ақтарған ақберен ақын жырлары
оқырман ойын онға бөліп, көңілдерінде құйын ойнатып,
сезімдерін біресе үкідей үлбіретіп, біресе саумал самалдай
желпіндіріп, біресе үздіктіре аңсатқан арманына айналып
кететін құдіреті бар.
Көңіліме сол қалқа ұнады да,
Әуен келді мың түрлі құлағыма.
Сынақтардың мекені – Сарыөзектің
Сары қазының барайын сынағына.
Адам баласына тән мінезқылық: сұлу көрсе сүйсіну,
жаны жақсыға жанасу, сырын ашып, көңілін білдіру, қуана
17
қауышып, қимай қоштасу алдымен ғашық жандарға жарасты
болса керек. Ғалым ақын өз өлеңдерін сол сипатта өрнектейді:
Өлеңін сыйға тартар гүлдесте ғып,
Ақынының жүрген жері күнде естелік.
Кеңгірдің толқынындай толқыған қыз,
Қайтейін, тілден қорқып тілдеспедік.
...Қорланын қорықпай-ақ жырға қосқан,
Менен де Естай ақын бақыттырақ.
Ақынның асау сезіміне құрық салып, аруға ауған көңілін
жырға орап, өлеңнен гүл ұсынуы жан сүйсінтеді. Оның себебі –
бұл көпшіліктің көкейіндегі сыр. Ақынның сүйіспеншілігіне
бөленген қыз қандай сұлу болса, өлеңі де соған сай көркем
кестеленген. Сондықтан да біз поэзияны сезімнің сиқырлы
әлемі дейміз. Ол – адамның көңіл күйінің астарлы, жұмбақты,
құпиялы сырсандығы. Ал ақын болса – жан сұлулығының
суретшісі. Шын шайыр өзгелер көрмегенді көреді, сезбегенді
сезеді, ойламағанды ойлайды. Міне, Ғалым ақынның поэзиясы
осындай кемел қасиеттерімен айрықшаланып, айдарынан жел
ескен жақұт жырлар жазуына жол ашып тұр.
Табиғат пен адам арасындағы табиғи байланысты бейнелеу
арқылы пәлсапалық ой түйіндеу де Ғалым ақынның ен салып,
еншілеп алған төл тәсілі. Ғалым – жаратылысқа жан бітіріп,
тілдесіп, сол арқылы адам табиғатының тылсым сырларын
ашып, оның болмысындағы кісілік, ізгілік, адамдық, адалдық
сынды сындарлы қасиеттерін жарқыратып, жан сүйсінте жа
зудың хас шеберіне айналған ақын. Ол – табиғат көріністерін
тамашалай отырып та, сан қилы қиялдарға батып, өмір туралы
өлең өрнектеудің соны соқпағын тапқан талант.
Өліара шақтың өлеңін айтып,
Қап-қара нөсер тұр төгіп...
...Өмір де бүгін,
Көңіл де бүгін
Қыс пенен күздің арасы...
2266
18
Ғалымның құйқылжыған көңілі қоңыр күздегі қарашаның
қара жаңбырына жан бітіріп, өліара шақтың өлеңін айттырып
қоюы сезімі сергек ақынның басқа жан баласының ойына
оралмайтын таңғажайып тапқырлық, ала бөтен алғырлық
қой, тегі. Хантәңірі екі елдің шекарасын бөліп тұрған тау
ғой. Оған «Тәңір таудың өзі де арағайын» деп жаңаша сипат
беруі де тамаша тапқырлық. Ал ақынның Жезқазғанды
Қаныштың арналы арманына жаралған жүректегі жерұйық
деуі де тапқырлықтың төресі. Алыс ауылдан Астанаға келіп,
ақындықтың арғымағын ауыздықтаған Ғалымның Алматы
ны өлеңінің кіндік шешесіне балауы қандай ғажап. Дүйім
елге белгілі Шайтанкөлді өз көзімен көріп, өз жүрегімен
қабылдаған. Мына қос жол соның жемісі:
...Көл біткеннің барлығы жер үстінде,
Шың басына сен ғана шығып алған.
Табиғаттың кезекті бір маусымын тың теңеу тауып, қазақы
ұғымға үйлестіріп, әдемі әдіптеген мына жыр жолдарына назар
аудармай өте алмайсың:
Қасқыр боп қаңтар ұлыған,
Сары аяз тісі сақылдап...
Жүйесін тапқан сара сөз, соны теңеу мына бір жыр
жолдарына түсіпті:
Азаннан бері аңырай құйған,
Жылауық бұлттың таусылды жасы...
Есіл өзенінің жағасында серуендеп жүрген ақынның
жүйрік ойы тоқтаусыз толқып аққан, еселей есіп аққан
өзен толқындарына көзі түскен сәтте оның арынды ағысы
тоқтаусыз өтіп жатқан өз өмірін – адамдар өмірін есіне салып,
күрсіндіреді:
Есілдің ерке толқындарындай
Ағып барады есіл күн...
Жаңбыр жауып өткенен кейінгі қарапайым көріністен өмір
туралы қағидалы түйін тауып, пәлсапалық ой түзеді:
19
Жапыраққа ілінген жалғыз тамшы,
Жанардағы жастай боп мөлдірейді...
Өлеңнің басындағы осы сурет, соңына қарай ақын тамшы
ғұмырдың мәнмағынасын тамыршыдай тап басып, көрген
түстей сәттік тіршілікті әлгі көп ұзамай үзіліп түсер тамшыға
теңеп отыр. Өлең түйіні төмендегі жыр жолдарында:
Жапыраққа ілінген жалғыз тамшы –
Маңдайыма жазылған жалқы ғұмыр.
...Жалғыз тамшы ілінген жапыраққа,
Үзіледі...
Сіңеді топыраққа...
Ақын ақ қайыңды көктемде көргенде оны ақ балтырлы, көк
көйлекті қызға балаған. Ал күзде көріп, көйлегін біреу шешіп
алғандай ойға берілген. Сол сәт ойына оралған жыр жолдары:
О, ақ қайың, саған қарап ұқтым мен
Өмір мәңгі көктем емес екенін...
Жаратылыстың жамалын аузының суы құрып жалаң
суреттемей, осындай ойлы, мәнмағыналы, тұжырымтүйінді
жыр жазғанға не жетсін!
Сөз соңында Ғалым ақын шығармашылығының жалпы
сипатына тоқтала кеткен артық болмас. Ақынның сөздері
суреткерлігін, ойлары парасаттылығын, сезімі жан тазалығын
айғақтап тұр. Оның тақырыбы сан алуан, ой орамдары кемел,
тілі шұрайлы, теңеулері үр жаңа, мазмұны мағыналы орам
өлеңдері өзгермелі өмірдің, құбылмалы қоғамның қыры мен
сырын тереңнен толғауымен ерекше. Жас ұрпақтың ұлттық
рухын оятуы, елі мен жерін сүюге, атамекенге адал қызмет
етуіне септігі тиетін текті өлеңдері тіпті де көп.
Ғалым Жайлыбайдың өлеңдерін оқи отырып, бейне бір
қырдың қоңыр самалы ескен қоңыр кеште қазақтың ұл
тымыздың үзілдіре созылып, әуезді әуенімен, сырлы сазымен
шымшымдап шымырлай бойға жайылып, үрзада үнімен
20
үздіктірген элегиялық қоңыр әнін тыңдап отырғандай, біресе
жанжүйең жадырап, біресе көңілің босап, тәтті сезімдер
бесігінде тербеліп, эстетикалық ләззатқа бөленіп, өзге дүниені
ұмытып, өзіңді жырға көшкен өмір кешулерінде жүргендей
әсерге бөленесің.
Ойлау жүйесі жөнінде айтсақ, ұлтжандылық жолын
ұстанған ұрпақтың өкілі, қара өлеңнің қалыптасқан дәстүрлі
сипатынан қашқақтамайақ сындарлы жырлар сомдап жүрген
де Ғалым ақын. Тағы бір тоқтала кететін жағдай: ақынының
өлеңге өз өмірбаяны, өз тақырыбы, өз тағдырымен келгендігі.
Ойшыл, сыршыл, сезімтал, арда ақын өлеңдерінің өрімі де,
өзегі де, ұйқасы, ойы, бейнелеубояуы, теңеуі – бәрі де үр жаңа,
бәрі де бір өзінікі. Ақынның назы нәзік, бояуы айшықты,
сазы әуенді, мазмұны маңызды – уақытпен үндес өлеңдерін
бейне роман сияқты үзбей, бас алмай қызыға, құмарта оқып
шығасың, жаның ләззат табады.
Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ поэзиясының төріне
көтерілген Ғалым Жайлыбай – жүрегіне жыр ұялаған ұлты
мыздың көрнекті ақыны. Шығармашылық бабында жүрген
шайырды қалай қадірлеп, қалай төбеңе көтерсең де бек
жарасарына берік сенеміз. Өлеңдегі өмірі мен жырдағы
жұлдызы жарқырап, жайнай берсін дейміз. Шабытының шаң
қай түсіндегі ақынның:
Келер күндер, білмеймін, береді не,
Дүниенің кім жеткен дерегіне?
Өртенген мұң өзекте...
Өлеңдерім
Ертеңдердің жарай ма керегіне?!.
Жазғаным жасық жыр болып, ұрпағым алдында ұятқа
қалмайыншы деп шамырқана шабытына қамшы басқан Ғалым
ақынның өнерінің өлмесіне, жамиғат жадында сақталарына
күдіктену күпірлік. Оның өлеңдері қазақтың өмірлік рухани
қазынасының сандығында сақталарына толық сенімдіміз.
Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Алматы. 18.03.2012
МАМЫРӨЛЕҢ
23
Достарыңызбен бөлісу: |