ПОДПОЛКОВНИК СҰЛТАНБЕКОВ
Қиыр Шығыстағы үлкен бір
әскери бөлімді қазақ жігіті
Қажытай Сұлтанбеков басқарады.
Өжеттігін халқымның,
тереңдігін,
Қол бастаған аян ғып өрен бүгін,
Комбат біздің Қажытай Сұлтанбеков –
Көкшетаудың тумасы,
Зерендінің.
Қайда болсын сыйлайды ел ұлықты есті,
Сөге алмайды әскери ғұрыпты ешкім.
Жеңісті алып келіпті ол дүниеге
Мамыражай майында қырық бестің.
Жылжып алға сынапжыл жоғала ма?
Мақсат тауды іздеген таба ала ма?
«Қобыланды батырды» жаттап өскен
Қарасирақ қазақы қара бала.
Қырық үште...
Қырғыннан «самауыр» боп,
Көкесінің келгенін бар ауыл боп,
Аңыз етіп жеткізген жүрген ұлға
Қаршадайдан қырманда қарауыл боп.
Қиындыққа қайралып өсті демде,
Сәби шақта сан мұңлы көшті реңге.
– Жеңіс! – деген,
– Ұл! – деген егіз сөзді
Көкесі оның көз жұмған естіген де.
169
Өткен күнді жалғайтын алдағыға,
Анасының арманы, бар бағы да.
Өзі бопты, «көкенің көзі» бопты,
Қажымапты қиындық салмағына.
Медеу тұтып, дүниеай, жас көңілге,
Отан үшін тіккенін басты өлімге.
– Көкем менің болды, – деп сан мақтанған, –
Бауыржандай батырдың әскерінде.
Айналайын, алыбым, байтағым да ел,
Тозбас тамыр, мамырда қайта гүлдер.
Қайта гүлдер...
Бүгіннің бұлбұлдары
Ұлы істерін ұрпақтың айтамын дер.
Туған жердің айналған ажарына,
Ақ таңдардың аз емес ғажабы да.
Сенім артқан туған ел сұңқарым деп
Қажытайдай қажырлы қазағына.
Көңілденсе «братцы» деп дүйім ұлға,
Мағыналы күлкі ойнап миығында,
Бұйра шашы толқындап тұрар еді
Қос жұлдызы жарқырап иығында.
Қасиетін көрген жан білер еді,
Ерлердің де ішінде шын ерені.
Сапқа қойып сегіз жүз
он сегізді –
Қаһарланса бұлттардай түнереді.
Даламыздың дара бір туған ұлы,
Туғаны жоқ билердей туралығы.
Сені көріп сан жерден сан бауырдың
Санасында біз жайлы туған ұғым.
170
Ар ақтағы – сенгені, сиынғаны,
Екі болып көрмеген бұйырғаны.
Бейбіт күннің өзіңсің Бауыржаны –
Қол бастаған нар қазақ Қиырдағы.
1979
171
СЫНАҚТАН ӨТПЕГЕН
АБИТУРИЕНТ
Білмеген соң тағдырдың
Отырардың,
«Екілік» деп тарихтан
қапы қалдың.
Буырқанып,
бусанып байғұс бала,
Көтере алмай басыңды
жатып алдың.
Ел айтады:
«Етікші – ерінбеген...»
Тықыршысын,
асықпа,
көңіл дөнен.
Ертең сенің алдыңда емтихан бар
Ұлы ұстазға тапсырар Өмір деген.
Тый жасыңды,
ол сынға жылап барма,
Жылап барып,
тағы да «құлап» қалма.
Досым,
сенің алдыңда сынақтар бар
Жігерлілер жететін мұраттарға.
Айтамын да сан сыннан сыр ұққасын,
Жер болғаны жараспас жігіт басың.
Таразысы тағдырдың сұрыптасын,
Сеніміңнен әйтеуір суытпасын.
172
...Тіршіліктің дәмтұзын татып келем,
Сағат сайын сан ойға батып келем.
Армандарға аттанған сапарларда
Сүрінудің өзі де бақыт дер ем.
...Әділ қазы барында уақыт деген.
1979
173
БАЗАРДАҒЫ БАЛА
– Мына апайдың жүзімінай,
жүзімін!
– Мына алманың қызылынай,
қызылын!
Тамсанған ел.
Жексенбі күн базарда
Саудасаттық қызуынай,
қызуын.
Қоятындай бір қызықтан құр қала,
Әр нәрсеге қадалар көз ұрлана.
– Алма алыңдар,
үшақ теңге келісі,
Ағалар, – деп дауыстайды бір бала.
Үшақ теңге...
Ойға қалдым не түрлі...
– Алыңыз, – деп ол тағы да өтінді.
Ойын қуар жас балаға кекілді
Алма сату жараспайтын секілді.
Жасы ондардан жаңа ғана асыпты,
Пайда іздеуге несіне ерте асықты?
«Саудагердің туғаны жоқ...» дейді жұрт,
Кім үйреткен бұған мына кәсіпті?
Ел алмадан алса деп ол тілейді,
Алмасы өтсе құлпырады, түлейді.
Адамдармен қатынасты ақшамен
Бастау деген...
қатерлі де үрейлі.
174
...Қолдағының өткеніне мәз ол да.
Өмірінің көктемі де, жазы алда.
– Үш теңге, – деп кесіп айтып бағасын,
Алма сатып бір бала тұр базарда.
...Ілікпей ме назарға?
1980
175
АЙНАЛАЙЫН, АДАМДАР!..
...«Россия» жолаушылар поезы,
Москваға бет түзеген Шығыстан.
Бетім еді елге қайтқан әскерден,
Жауынгер ем жүрегінен жыр ұшқан.
Туған жердің от құшағы тым ыстық,
Тартады алға,
құс боп ұшып келем мен.
Отанымның арай таңы тыныштық,
Құйылады көкірегімнен өлеңдер.
Көктемемен көңіл қалған жарасып,
Аялдама,
Ежелгі Омбы қаласы.
Келіп кірді купемізге қарт кісі:
«Сәлем қайда, ей, қазақтың баласы?!»
Есімде жоқ – қуандым ба,
састым ба...
Ерік бердім сел сезімге, тасқынға.
Кеудесіне алпамсадай адамның
Құлай бердім құшағымды аштым да.
Қалды дей ме қайдан ғана жараса,
Жолсеріктер қарай қалған, тамаша.
Орта жолдан ұлын күткен әкемдей
Басты мені бауырына қара шал.
Сөз бастады:
«Балам...» – деп ол күлімдеп,
Дейді халық «Түсі игіден түңілме».
176
...Танысымнан жақын болған бейтаныс
Ақсақалды аңсап жүрмін бүгінде.
...Ізгіліктің өлшеуі жоқ заманда
Көздеріңді көкжиекке қадаңдар.
Қара шалдай құшақ жайып тұрыңдар
Бірбіріңе айналайын, адамдар!
1980
177
МАЙЛЫБАЙ – МӨЛДІР
Оқшауланып түскендей дара сынға,
Талдыеспе мен Самайдың арасында,
Майлыбай – Мөлдір атты бір мола бар
Арқаның ұланғайыр даласында.
Бетпақтың аппақ айна бұлақтары,
Бестаудың қыземшектей қыраттары...
Ол жайлы айта алмайды ешбір дерек,
Әйтеуір сұрақ бәрі...
Мен сенің болмысыңнан сыр аңғарам,
Ақ далам,
арман далам,
қыран далам.
Ол әлде жаугершілік заман ба екен
Есіл ер «Елімай!» деп ұрандаған?
Майлыбай қатарынан жөні бөтен,
Жігіттің тәкаппары, өрі ме екен?
Аққуға аспандағы әнін қосқан,
Үш жүзге аты әйгілі сері ме екен?
Бір байдың ертелікеш малын жайды,
Үмітін талақ етіп, уайымқайғы
дер едім...
Қайран көңіл сол жігіттің
Бармасын ұсақтыққа пайымдайды.
Мөлдір қыз әлді жерден шықты ма екен?
Көз жасын көп жұмбақтан сықты ма екен?
Талайға арман болған асыл ару
Жан сырын Майлыбайдың ұқты ма екен?
12266
178
Тасыр тірлік түйінін жас ұқтырып,
Кезікпей бұл жалғанның ашық күні.
Қос өрен бірбіріне ынтығумен
Кешті ме мәңгілікке ғашық ғұмыр?
Кек кернесін, сыр бермей дұшпанына,
Әлде олар түсті тағдыр қыспағына?
Жетті ме,
Армантауға жетпеді ме,
Құшты ма, бірінбірі құшпады ма?
Белгісіз.
Айқындар ем, жоқ дерегі,
Бағзы бір заманда олар өткен еді.
Молаға егіз есім берілуі
Жүрген жоқ толғандырып текке мені...
1977
179
ТОЙЫ БҰЛ ДАРАЛЫҚТЫҢ...
(Академиктер Серік Қирабаев пен
Әлия Бейсенованың мерейлі тойларына)
Ұғатын ел қадірін,
дос қадірін,
Ұлтыма ұлағатты қосқан ұғым,
Сексеннің сеңгіріне сергек шыққан –
Қараөткел төрге оздырды қос ғалымын.
Жаңаарқаң жапырағыңды жайып еді,
Бағдарың байсал тартып байып еді.
Серағам Қирабаев –
Сәкенше айтсам:
«Жеріне біздің жақтың лайық ері».
Жаратқан бұйыртпайды жасыққа бақ,
Арманға қаршадайдан асық талап,
Әкелдің санамызға сан жаңалық
Сәкеннің «сыр сандығын ашып қарап».
Жасының жарқ еткенде жарқылдаған,
Келесіз тұнық іздеп әр тұнбадан.
Сөйлесең
Ғасыр болып,
Қасым болып,
«Бір күй бар домбыраңда тартылмаған».
Дабырсыз,
дабырасыз дара қайың,
Қазақы қалыбы бар қарапайым.
180
Нар болып,
бар болып жүр алдымызда,
Ар болып сөйлейтұғын ағатайым.
Биіксіз шың секілді,
құз секілді,
Інілер ізет етер біз секілді.
Кейкейде жаз секілді жайдарысыз,
Кейкейде салқындаусыз күз секілді.
Көрінсе бір қуаныш төбелері,
Көк белі көктем болып көгереді.
Дария Серағама Серік болар –
Дұрысы – Әлия апам керек еді.
Өзінде өз биігі,
мұнарасы,
Қол соғып құрметіне тұр Алашы.
Академик Әлия Бейсенова –
Ұлтымның ұлағатты бір анасы.
Кешегі көзін көрген сан алыптың,
Атсыншы алдарыңнан ағарып күн.
Ойы – гүл,
орман жұрттың омырауында.
Тойы бұл даралықтың,
даналықтың!
181
* * *
(Тұрсынбек Кәкішевке)
Күндерің керуенкеруен көшке ергенде,
Шықпайды мұндай асыл ексең жерге.
Сексенін сертке ұстаған семсер етіп
Тұрсынбек көкем келді сексен көлге.
Жанына жуытпайтын аласаны,
Қазақтың дархан көңіл дара шалы.
Тұрсынбек көкем келді сексен көлге,
Сексен қыз таранса да жарасады.
Секілді Абай жазған жыр айшығы,
Тәнті еткен жан иесін шырай, тілі,
Тұрсынбек көкем келді сексен көлге,
Көркем сөздің төресі, снайпері.
Қадалса тарихқа от жанары,
Жаңылмай іздегенін дөп табады.
Ұстаған көкірегін қалқан етіп,
Сәкеннің, Мағжанның да оққағары.
Аға де,
Арысым де,
Артығым де,
Ұқсайды өзінің де қалпы күнге.
Тұрсынбек Кәкішұлы –
бір білерім –
Туғаннан сөйлейді тек АР тілінде.
Жаралған жаны түгел төзімдерден,
Ханның да қаһарланса сөзін бөлген.
182
Сәбеңнің мұңдасы боп,
сырласы боп,
Ой тұнған Әуезовтің көзін көрген.
Шәкіртке аңсап келген алыс жерден,
Жан тартып, бауырындай дәріс берген.
Шындықтан сына қағып келеді әлі
Пендеге жалған сөйлеп,
шалыс келген.
Салмағын салсадағы мүшкіл қайғы,
Жалтақтап, жалбарынып іс қылмайды.
Алланың оған берген бір мінезі –
Таққа да, атаққа да пысқырмайды.
Алдына қол қусырып келгін мейлі,
Шен сұрап, шекпен сұрап телмірмейді.
Ерліктің еңкіп кірер ордасындай,
Іргесі тастай берік,
жел кірмейді.
Секілді Бұқар жазған жыр айшығы,
Тәнті еткен жан иесін шырай, тілі.
Асыл сөздің турашыл тума биі,
Қазақтың екі атпайтын снайпері.
183
ӘН ШЫРҚАШЫ, АҒАЖАН!
( Игілік Омаровқа)
Әсем үн секілденген таң желегі,
Қазаққа қашаннанақ ән керегі.
Ағажан, шырқашы бір, желпінейін,
Өзің ғой Арқа әнінің бәйтерегі.
Өлеңнің қалықтатып бір ақ құсын,
Өнердің сезіп өскем қуаткүшін.
Шыққанда аққу үнмен алдымыздан
Ақ сапар тілеп жүрген сияқтысың.
Ынтық ең сұлулыққа ең көрікті,
Туған жер көңіліне дем беріпті.
Дариғаай,
өнер үшін туған ұлдың
Қиын ғой мойындауы егделікті.
Ақ жаның
тазалыққа,
бұлаққа үйір,
Ақ дала
ақ самалды – тұрақты үйің.
Әншісін дүйім халық тосып отыр,
Келтірші домбыраңның құлақ күйін.
Бұлбұлдай жаңа тапқан әнұясын,
Өнердің кешіп жүрсің дариясын.
Қолға алып домбыраңды әуелетші,
Ағажан, Балуан Шолақ «Ғалиясын».
184
Әнарман
бақыт болар әнұл үшін.
Жүйріктер жаралады халық үшін.
Өрнекті нақышыңмен тербеп жібер
Кәкімбек ағамыздың «Сағынышын».
Бірісің Арқадағы талантты ұлдың,
Келеді ту сыртыңнан қарап тұрғым.
Сәкеннің «Біздің жақта» әнін айтшы,
Басына шығып алып Арап қырдың...
1981
185
«АҚЕРКЕ»
«Ақерке!»
Ән есімдей,
күй есімдей,
Көңілде самал қалды жиі есілмей,
«Ақерке» – ән ішінде аққу шығар –
Игілік Омаровтың киесіндей.
Боздаған қобызының қыл ішегі,
Үні де алтын еді,
күміс еді.
...Мен көрген ағалардың асылы еді –
Мен көрген әншілердің ірісі еді.
Қаққанда ән қанатын,
жыр қанатын,
Тулаған толқынымыз бірге ағатын.
Базары тарқамайтын Түгіскеннің –
Ажары «Ақеркемен» нұрланатын.
Ән тербеп аспанда ай мен
көкте күнін,
Көгерткен көсегесін көктемінің.
Талантты бір шәкірті өзім едім –
Игілік Омаровтың мектебінің.
Өрге озсаң өркен жайған өрісі елі,
Ел іші – өнерінің кеніші еді.
Жазғұмыр жазиралы Жаңаарқаның
Байрағын желбіреткен «Жеңіс» елі.
186
Қарасақ оңымызға,
солымызға,
Созылған соқпақ қалды соңымызда.
Икеңнің «Ақеркесі» ақ самала –
Жарығын шашатұғын жолымызға.
Қонса да басымызға бақ ертелеп,
Келеміз сол ауылға әлі еркелеп.
Ағаның аруағын аялап бір –
Ат қойдым немереме «Ақерке» деп.
Тұма боп тұнығыма тұнған үнің,
Таланттың таниды елі шын қадірін.
Үзілтіп,
үзілдіріп,
үздіктіріп –
Көшірдім «Ақеркені» жырға бүгін.
187
* * *
Көңілкөлге қондыршы қоңыр әнді,
Үзілдіріп...
Үніңмен қоңыраулы...
Талақ етіп тірліктің қайғымұңын,
Ашып тастап тыңдайын омырауды.
Бәрекелді!..
Білмеппін күн ілгері...
Не құдірет, қалқамау, үніңдегі?
...Көз алдымда – аққулы айдын көлдер,
Құлағымда – тұлпардың дүбірлері.
Өрекпіген өзектен өлең көшіп,
Салсерімен тұрғанмын сәлемдесіп.
Түйе палуан,
Төле би ауылына
Халық біткен қарайды елеңдесіп.
Жайлау қандай күй тұнып,
жыр ораған,
Көмкерілген қырмызы құба далам.
Керегенің іргесін түріп тастап,
Ақбоз үйден ақмаңдай сығалаған.
...Бабалардың бойымнан ғұрпын іздеп,
Отырғанда арылмай кірпі зілден,
Әулиедей әніңе елтіп қалдым,
Шырқау шыңға шығып ап кілт үзілген.
Кейін сырып қан жоса,
даудамайын,
Айтқан уақыт ақ тілек, арманайын,
188
Егіз ішекті абызым, тыңдатсаңшы,
Тіл қатсаңшы, домбыра, айналайын!
Сары белдің самалы сағымынан,
Бастау алған бастардың
бағы бұла,
Еліктіріп,
ерітіп,
желіктіріп,
Тағы бір ән шырқашы, тағы бір ән!
Бұрын ұққан әуенді,
бүгін ұғар,
Баспаса екен өнердің шыңы мұнар,
Қасиетті қазақтың халық әні
Жетімсіреп жүрмесін, тұғыры бар.
189
* * *
Іркілмеген,
дүркіндеген жыр кімге?
Өлеңдетпей өмір кешу мүмкін бе?
Туған екем мұзарттағы мұзбалақ –
Мұқағали ағамызбен бір күнде.
Қыз ғұрыптың,
ізгіліктің досы мен,
Қалған күнә керуен күндер көшінен.
Тоқал тамда
тал бесігім тербеліп,
Ерке болып,
ертегі еміп өсіп ем.
Ойхой,
Арманағысымды білсе елім,
Сая маған,
аялаған бір сенім.
Даралығым –
балалығым тез бітіп,
Жабағыны жайдақ мінген жыршы едім.
Қаршадайдан көкірегімді жыр қысты,
Жыр қысты да...
Жиіжиі нұр құштым.
Ақын ғалам,
Жақын маған тірлікте
Ақпан әні,
ақ бораны бұл қыстың.
...Мен туған күн –
ақын туған күн десем,
190
Жақсылыққа жорығаным,
күлме сен.
Ақиқаты –
арман – асау арғымақ,
Шауып барып,
ауып қалып жүрмесем.
1981 жыл
191
ПАРАСАТ ЖЫРЫ
(Төлен Әбдікке)
Ойдан қашқан тобырда,
Сайдан қашқан,
Қуанышың қуарса
Қайғы алмасқан.
Сізді оқысақ, ағасы,
Санамызда –
Ізгілік пен Зұлымдық майдандасқан.
Әлемінің арайлы
бар құрылығы,
Қаламының ұшында тағдыр нұры.
Сіздің айтқан сөзіңіз –
Жүрек сөзі,
Сіздің жазған жырыңыз –
Ардың жыры.
Сарыарқаның жаралып самалынан,
Бақ саулаған қырансың балағынан.
Егіз ішекті, ағатай, домбырасың –
Шертпе күйлер төгілген шанағынан.
Күрсінгенде көңілің
күзге елеңдер,
Тереңіңде тербелген ізгі өлеңдер.
«Парасат майданынан» табар, аға,
Бүтін сөзін бүгіннің іздегендер.
Алмаарулар өледі
неге ғана?
Өлең жазып кеттік біз «Өліарада».
192
Арасынан аққара сәуле іздеген –
Әулиелік көремін сенен, аға!
Ізгілікке ізет қып
із кесеміз,
Жаз көреміз, содан соң
күз кешеміз,
Зәмзәмінен Төкеңнің сіміре кет –
Мәңгіліктің ауылын іздесеңіз...
193
ЖАБАЛДЫҢ ЖАЗИРАСЫ
МӘҢГІ КӨКТЕМ...
Тірліктің аты өмір де,
заты – майдан,
Алаштан ат оздырған
ақыл, айлаң...
...Бергі атаң –
бақ байланған Бабаназар,
Арғы атаң –
ай таңбалы Атығайдан.
Жабал дос,
Жабал бауыр,
Жабал аға,
Тойыңда не айтайын саған, аға?..
Қазақтың Қараағашы дүр сілкініп –
Саумалкөл шомылғандай самалаға.
Сері Ақан төгілткенде әнді көктен,
Құлагер аламанды шаң ғып өткен.
«Көкшетау кейде қарлы,
кейде қарсыз...»
Жабалдың жазирасы мәңгі көктем.
Қасыңда ағаң бардай,
жағаң бардай,
Қазаққа ұлдар керек Жабалдардай.
Айнасы айдынының –
үңілсеңіз –
Сексен қыз сексен көлде таранғандай.
13266
194
Біржан сал,
Ыбырайдың жаттап әнін,
Басталған байтағыңнан
бақталабың.
...Абылай алаңынан
толғап кетсең –
Қарауыл Қанай би ме
деп қаламын.
Көгертіп Көкше қырды көтерсе елі,
Жігітсің аты еңселі,
заты еңселі.
Күн бүгін Еркеш ақын елге оралып,
Қолына домбыра алған Сәкен сері.
Ағасы,
алпысыңыз – арлы бесін,
Мәуесі Қараағаштың мәңгі десін.
Күн бүгін
Жақан Сыздық таң атқанша
Айтатын «Әли қарттың әңгімесін».
АтығайҚарауылдың
айбатты елі,
Тойласа жарасады
айлап тегі...
...Ішінде қайраткердің қаламгері,
Ішінде қаламгердің қайраткері.
Бұл өмір –
түсінгенге жалған, сынақ,
Келеміз ақ қайыңнан арман сұрап...
Қарасай,
Ағынтайдың рухы болып
Жабалдың маңдайында жанған шырақ.
195
Көгеріп,
көктем іздеп көшкен белім,
Сен бүгін бір ұлыңмен төске өрледің.
Елдіктің еңсе тіктер ордасы едің,
Тойларың құтты болсын,
Көкшем менің!
196
* * *
Замандасым,
Сенен менің жоқ хақым сыр бүгуге,
Сырды бүксем арнаймын жырды кімге?
Төмпешікті төбе деп ойлайды екен
Көрмегендер биіктеп тірлігінде.
Алдыартыңа бір сәтке қарадың ба,
Не жазыпты тағдырдың таланыңа?
Ақ әженің зырлаған ұршығындай,
Дөңгеленіп күндерің барады ма?
Кездеріңді қырмызы ұрлап алып,
Заңдылық қой
өтуі жылдар ағып.
Ертеңдерің есігін қақпас бұрын
Бүгініңнен болдың ба сырға қанып?
Алғы күнге арманың ала қашып,
Жалғандықпен жүрсің бе жағаласып?
Білесің бе,
аттай боп арқандаулы,
Бір шеңберді айналу жарамасын?
Жанжағыңа бір сәтке қарадың ба,
Не жазыпты тағдырдың таланыңа?
Ақ әжеңнің зырлаған ұршығындай,
Дөңгеленіп күндерің барады ма?..
1982
197
БАСЫНАН ИМАНАҚТЫҢ...
(Әнші Ғалым Мұхамедин
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанғанда)
Ғалеке!
Сен де Ғалым,
Мен де Ғалым,
Аздыкөп өнеріміз елге мәлім.
Қазақтың кең даласын кезіп кетті
Жезкенттен жезкиік боп желген әнің.
Ақынның әнші шығар кемелесі,
Өнердің жайылғанда керегесі.
Арқада ақылымен мыңды жыққан
Сен едің Мәзбек бидің немересі.
Зар болып замананың сызы қалған,
Өмірдің күтер кейде қызығы алдан.
Сен туған Сарыарқаның сауырында
Сәкеннің ақбозының ізі қалған.
Сол ақбоз ауыздықпен алысқандай,
Жүйріктер жүйріктермен жарысқандай.
Қайрат,
Серік,
Бекболат,
Ғалым болып,
Басынан Иманақтың ән ұшқандай.
Беу, өлең!
Ұрпағымды жалғар өлең,
Гәккулеп аспанымда самғар өлең.
198
Сайраған Орта жүздің бұлбұлдары
Сері Ақан, сал Біржаннан қалған өлең.
Жалғандық,
әнжырыма жақындама,
Біз туған – әнші дала,
ақын дала.
Ұлытау Жаңаарқадан сүйінші сұрап
Атыңды асқақтатып жатыр ма, аға?..
Әніңмен әлеуметке қалдың ұнап,
Бағың да шаңқай түсте жанды бірақ...
Ескене ескен желден хабар айтып,
Той бастап жатқан шығар Талдыбұлақ...
Ақын ем сандығындай сырлы ойлардың,
Немесе тұмасындай жыр қайнардың.
Әлия жеңгемді де құттықтайын
Қызындай маңмаң басқан Құлбай байдың.
Қолыңа домбыра алсаң өршіген ең,
Қуансын ағайындос, көршікөлем.
Ғалеке, Жезқазғанға жете алмадым,
Аққу боп айдыныңа қонсын өлең...
199
БАЛДӘУРЕНІМ – БАЗАРЫМ
...Менің раушан-ғұмырым.
ОЛЖАС
І
Кеудемізден ұшырып жыркептерді,
Есейдік біз,
өткен күннен жоқ белгі.
Ақ тақырда асық атып ойнаған
Ұмытпашы сонау бала көктемді.
Көз алдымда елес, сағым, сурет кіл,
Мамыр айы...
Жатқан кезде түлеп қыр...
Гүл теруші ек,
көк шыбық ат тақымда,
Қайран көңіл бүгін соны тілеп тұр.
Күн батқанша мекеніміз далатын.
Балалықай,
армандай әр сағатың.
...Есіңде ме, достым, сол күн екеуміз
Сарысу жаққа балық аулай баратын?
Асау өзен арнасымен жатты ағып,
Біз отырдық...
Мол олжаға шаттанып.
Қол жүріп тұр...
Қалтқы батса болғаны,
Түсті дей бер шелекке кеп ақ балық.
200
Қуанышпен дауыстадың:
«Болды!» – деп,
«Шелек біздің ақ балыққа толды!» – деп.
Көкжиекке күн де сіңіп кетіпті
Себезелеп күміс нұрын соңғы рет.
Қолда шелек,
үй алыс,
түн қараңғы...
Ауыл оты адастырмас адамды.
Сездірмеген боп келемін досыма,
Бір қорқыныш билегенмен санамды.
Бір қара бұлт бізге қарай төнді шын,
Тас қараңғы көзге түртсе көргісіз.
Аяқ асты сыбдыр етті,
дүр етті...
Мына дүние не боп кетті – белгісіз.
Сен құладың мойыныма асылып,
Мен жатырмын көз жасымды жасырып.
Сонадайда төңкеріліп шелек тұр,
Ішіндегі балық қалған шашылып.
Бойым мұздап, денем дірдір етеді,
Тап болған соң дию, жыртқыш мекені.
...Сонда қалай бізге болған беймәлім
Үрейді алған үркек қоян екені?
...Бітпегенмен ерке шақтың жазы әлі,
Тарқап кеткен балалықтың базары.
Ғалам жайлы,
адам жайлы толғанып,
Досың бүгін ойлы өлеңдер жазады.
Сендік арман баяғыша асқақ па?
Жете алдың ба көкейтесті мақсатқа?
Хабарсызсың...
201
Естуімше сыртыңнан,
Аздыкөпті ие бопсың жақсы атқа.
Шиден қашқан сол қояндай уақыт та,
Зымырайды,
бастасын тек бақытқа.
Көктемеде келіп қайтшы ауылға,
Сыр шертейін,
Бөлейін жыржақұтқа...
ІІ
Жас кездегі тотай ұлдың бірі мен,
Ол күнге енді ойлы көзбен үңілем.
Есімде әлі тауып берген көк сақа
Әжем марқұм әбдіренің түбінен.
Балалықтың қызығына қанбақ кім?
Бұл көк сақа
оңқай,
гүлгіш,
салмақты.
Мұныменен ойнағанын естідім
Оқудағы ағайымның ардақты.
Мергенсіген сан баланың желігін
қағып алдым,
осал дейді мені кім?!
Содан былай бұл көк сақа боп алды
Жан қалтамнан түспейтұғын серігім.
Алаңқайлау, тақыртұғын үй маңы,
«Тауатауа» ойнаушы едік жиналып.
Көк сақаға іштен тынып балалар
Кенейлерін беретұғын қиналып.
...Жылдар көші емес артқа қарамақ,
Мектеп бардым, кітап ұстап, қалам ап.
202
Көк сақаны сыйға тарттым ініме
Көптен бері сұрап жүрген ағалап.
Аққараны танып, мен де ес білдім,
Жас бала деп қорашсынған ескірді үн.
Көк сақаны сыйлаған күн ініме –
Балалықпен қоштасыппын...
кеш білдім.
ІІІ
Сезімімді шайқап өтіп дауыл жыр,
Көкірегімнен сел боп құйып жауын нұр...
Тұрғанымда
сәлем бере келдіңдер,
Қарасирақ балалары ауылдың.
Татусыңдар тайқұлындай тел өскен,
Балалық та бақыттылық емес пе?
...Ойлы көзбен қарап тұрмын сендерге,
Көкорайлы көтеріліп белеске.
Таныс емес бақастық пен қайғымұң,
Балдәуреннің сендерде бар байлығы.
Мен де бір кез жалаң аяқ қыр кезіп,
Мен де бір кез асық атқам, тай мініп.
Алға ұмтылдық,
жігіт болдық нар талап,
Жүрміз енді ел үмітін арқалап.
...Тап сендердей бірге ойнаған топ едік,
Тірлік жолы бөліп кетті сан тарап.
Думан шақтан бойға сіңген бар ғұрып,
Бірақ бала бола алмайсың мәңгілік.
Қимағанмен қызығы көп күндерді,
Ержету мен есею де заңдылық.
203
Көрерсіңдер тірліктің сан жарысын,
Сендер үшін алғы күннің бәрі сын.
Маңғаздықты өмір өзі үйретер,
Бойларыңа бала мінез дарысын!
ІV
Ақтауыма елім артқан үмітті,
Ертеңдерім емес маған күдікті.
Жиындарда сынау керек шешенді –
Қиындарда сынау керек жігітті.
Мен әулие, әнбие емес көріпкел,
Қаныма жат бәз біреуге еліктеу.
Құлагерге Батыраштар тап болып,
Шын таланттар ерте өшеді неліктен?
Ерке өлеңдер –
бұлбұл құстың таңғы әні.
Ақындардың жанып өлу – арманы.
Тәлкек етіп ойнағысы келе ме
Тағдырымның ережесіз заңдары?
Сыншы күндер
сан сауалын қойды алға,
Додаға түс,
Өмір атты той барда.
Елегізіп отырамын кейде бір
Ерік беріп қамалаған ойларға.
Елсіздерде өз бетіммен келем мен,
Маған жолдар таңсық емес көнерген.
Бір ақиқат –
мынау ақ зер әлемге
Анам мені бірге туған өлеңмен.
204
V
Бақытым менің атпаған әлі таң шығар...
Жақынау кезім өзімдіөзім қамшылар.
Сәл шыдай тұршы,
бойымды жинап алайын,
Сезімімдегі тамшылар.
Қояды жүрек ататын таңға нұр тілеп,
Көңілден қайран селсезім бұлты күркіреп.
Ақ сағымдарға телміріп ұзақ қараймын,
Аққудай әсем жыр тілеп.
Сыр бағып жүрем
шырақтай отты көздерден,
Ұрланып жүрем
ессіздер айтқан сөздерден.
Өзімдіөзім танымай қалам кей кездер,
Табиғат сынды өзгерген.
Жақсылық ісім аз шығар, бәлкім, әлі де,
Бақ тілеп жүрем бақытсыз жанның бәріне.
Қосылғым келіп кетеді кейде шырқап бір
Бұлбұл құстардың әніне.
Бақытым менің атпаған әлі таң шығар,
Жақынау кезім өзімдіөзім қамшылар.
Көк құнамды бабында қосам бәйгеге,
Сәл шыдай тұршы,
Сезімімдегі тамшылар!
VІ
Қандай әсем,
қырқада гүл өседі,
Ақша бұлтқа ақ сағым ілеседі.
Табиғаттың бұл кезі қашаннанақ
Сұлулық пен пәктіктің үлесі еді.
205
Қандай рахат,
ағаштар бүр жарады,
Бүр жарады,
дүние нұрланады.
Алақанын жас өндір жайып күнге,
Биші қыздай ақ қайың ырғалады.
Салсамалдың ұғасың сырын әлі,
Бұлт пердесі сәтінде сырылады.
Жастық тойын дүние тойлап жатыр,
Күн де бүгін ерекше шұғылалы.
Бұлбұл тектес құс үнін,
сырды ақтарған,
Ертелікеш жатады тыңдап далам.
Жыр сыйлайтын,
жаныманұр сыйлайтын
Көктемқыздың құшағы қымбат маған.
1975
206
* * *
Киелі жер жұмбақ болған сыры мың,
Бала кезден ойға түйген бір ұғым.
Өзіңе арнап жасын жырдың жақұтын,
Болашақтан бәйге тілеп жүр ұлың.
Саған деген өтемек тек парызды,
Көкейімде мұраттарым бар ізгі.
Көлің – менің сезімдерім тұптұнық,
Желің – анам алақаны тәрізді.
Қаршадайдан ғашық болған өмірге,
Қарлығаш ем қалықтаған көгінде.
Таныс соқпақ,
Таныс дала,
Таныс қыр,
Тағдырым бір өздеріңмен тегінде!
Арман тауға қадам басқан нық, бекем,
Мәрт ұлдарың саған тартқан мықты екен,
Бойға сіңген болмысының бедері,
Айналайын, қасиетті құт мекен!..
1974
207
* * *
Ата дәстүр бар оралған,
Көңілде біздің нар мұрат.
Алпыс жыл бойы жоғалған
Қазығын тапты арғымақ.
Рахмет саған, Наурыз!
Арайын төккен алтын күн,
Бабамның арманойысың.
Айнасы ата салтымның,
Ақжарма көңіл тойысың.
Көк шығып мынау бөктерге,
Рахман нұрын төккенде.
Арғымақ мінген ағалар
Өзіңмен бірге жетті елге.
Жақсы үміттерге жүрек – төр,
Армандар – сұлу ақмаңдай.
Көңілден тәтті тілектер
Кептер боп ұшып жатқандай.
Келді ғой дәмін татар күн
Қазаққа біткен кеңдіктің.
Құласы ма едің Ақанның,
Мұрасы ма едің елдіктің?!
Қарсы алам күліп таңдарды,
Бабамның бізге сыйы осы.
Дәстүрін ұмытқандарды
Наурыздың ұрар киесі.
208
Өмірді өтем ән қылып,
Болмасын дәуір ызғары.
Есенсау жүрсін мәңгілік
Халықтың Наурыздары!
209
Достарыңызбен бөлісу: |