Бағдарламасы бойынша жарық көрді ЖҰбаныш а. Жаңбыр жауса екен әңгімелер, пьесалар



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата08.01.2017
өлшемі4,64 Mb.
#1413
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8

Айгүл ЖҰБАНЫШ
ЖАҢБЫР ЖАУСА ЕКЕН...
Әңгімелер, пьесалар
Алматы
2014

УДК 821. 512. 122
ББК 84 (5 Қаз)-44
Ж –80
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді
      
ЖҰБАНЫШ А.
       ЖАҢБЫР ЖАУСА ЕКЕН... Әңгімелер, пьесалар/
       А.Жұбаныш – Алматы, «Хантәңірі», 2014. – 216 бет.
 ISBN 978-601-03-0285-3
Жас прозашы Айгүл Жұбаныштың тұңғыш кітабында балалық 
шақтың  мөлдір  сезімі,  адам  мен  қоғам  арасындағы  қарама-
қайшылық, өмір белестері, адами болмыс, махаббат, мінез-құлық 
сөз болады. 
 
УДК 821. 512. 122                 
ББК 84(5 Қаз) - 44
ISBN 978-601-03-0285-3
© «Хантәңірі», 2014
Ж-80

3
Жаңбыр жауса екен...
Айгүл ЖҰБАНЫШ
 МӨЛТЕК ӘҢГІМЕЛЕР.
Айгүл  маған  әңгімелерін  әкеп  бергенде  ойыма 
әдебиетке келген қыздарға біртүрлі қарайтын ақын-
жазушы  ағаларымның  көзқарас,  пікірлері  орала 
кетті.  Әдебиет  жолы  нәзік  әйел  заты  түгілі,  рухы 
күшті, қайратты ер азаматтың өзіне оңайға соқпасын 
бір жолы Қадыр Мырза Әли аға айтқаны есімде. 
Ол  рас,  себебі  бұл  таңдау  еріккеннің  ермегі  емес, 
тағдыр жолы. Әйел заты әдебиетке арзан атақ-даңқ 
іздеп  келсе,  оның  сазайын  түбі  мықтап  тартады. 
Сөз киесі болады. 
Айгүл  Жұбаныштың  әңгімелерін  «Қалай  болар 
екен?!»  деген  бір  үміт,  бір  күдікпен  оқып,  бірден 
жазу стиліне көңілім толмай қалғаннан сақтағанына 
қуандым.  Жазушы  сөзді  толтырып,  сөз  тізбегін 
келтіре  салатын,  көбік  қылатын  болса,  онда  жұрт 
жазуын менсінбейді.
Проза – текті, ақсүйек жанр. Таланты жоқтың 
жетегіне көнбейтін. 
«Жаңбыр жауса екен...» атты сезім тақырыбына 
жазылған  әңгімесінде  Айгүл  адам  мен  табиғат 
құбылысын қабыстырып, қыз бен жігіттің алғашқы 
түсінісуін әдемі бере алған. Қыздың психологиясы 
жаңбыр стихиясы арқылы, паралелизммен ашылуы 
ұнады. Бойжеткен дүниетанымы балалық шағынан 
осы  мезгілге  ауысады.  «Қыз  қулық»,  «Жаңбыр 
біздің  ішкі  көріністеріміз  ғой»,  «Аспанның  көз 

4
Айгүл ЖҰБАНЫШ
жасы»  сияқты  эмоциональды  тіркестер  қыздың 
жан дүниесін ашатын кілтті сөздер. Таксист жігіттің 
актер  болып  шығуы  сенімді.  Айгүл  кей  сәт  сөзін 
артық  шығындап  алатыны  бар.  Бұл  оның  сезімге 
берілгіштігінен болса керек. 
Жауым  дейтін  жаңбыры,  қос  бұзауы  ығып 
кететін, суық тиіп қалып азабын тартатын кейіпкер 
қыз  бойжеткенде  көктің  нұры,    жаңбыр  суы  бағы 
болып шығады. Қос жүректі табыстырған жаңбыр. 
«Бәлкім,  мен  жаңбырға  ғашық  болған  шығармын, 
бәлкім...»,  жүрек  лүпілі,  рухани  тазалықты  аңсау 
берілген, бірақ, бір сөздің қайталануы артық. 
Айгүлдің  маған  ерекше  ұнаған  әңгімесі  –  
«Бөрте».    Нақты  оқиғаға  құрылған.  Суреттеулері 
жанды,  көзге  елестейді.  Балалық  шақтың  шынайы 
дүниетанымын  айғақтайды.  Ұлттық  мінез  бар. 
Оқиға жанды, өмірден алынған, малмен өсетін қазақ 
баласының бейнесі айқын берілген. Қыз баланың үйі, 
әке-шешесі, бауырлары, сүйкімді ақ лағы бәрі-бәрі 
өз болмыс-бітімімен көрінеді. Адамшылық, мейірім, 
қатігездік  түйіндері  нақты  берілген,  баланың  көзі, 
баланың  болмысы  сақталған.  Әңгіменің  соңын, 
философиялық түйінін басқаша беруге де болар еді. 
Бөртені қонақасыға соймай қоюы керек еді. Басқаша 
аяқталса деймін. 
Ең бастысы, әңгіме оқырман жүрегінде аяушылық, 
мұң оятады. Ақ лақ пен қазақ баласының жараты-
лысына сағыныш қатар қоздайды.
Ешкі  лағын  жоқтап  маңырауы  көкіректе  шемен 
болып қалады. Бұл шеберлік. 
«Ақшаның  құлы»  –  стилі  басқа  әңгімелерінен 
бөлек, бүгінгі қоғам бейнесін беруге талпыныс. Пу-
блицистика басып тұратын жерлері бар, арылу ке-

5
Жаңбыр жауса екен...
рек. Көркем проза мен публицистиканы шатастыру 
кемшілік. Әңгімеде қазіргі қазақтың сөйлеу мәнері 
сақталған. «Әйел біткеннің арманы – байлық. Ау-
ыздарын  ашса  –  ақша,  аяқтарын  басса  –  ақша». 
Бұл рас. Оқушыны бағыттап отыратын тұсы кейде 
артық сезіледі. 
Айгүл Жұбаныштың  «Қуыршақ» атты әңгімесі 
трагедиялы. Бір жетім қыздың тағдыры. Әсірелеу бар 
сияқты. «Ақшаның құлы» әңгімесіндегі ұшырасатын 
жезөкше  тақырыбы  мұнда  қайталанады.  Бәлкім, 
артық. Жезөкше идефикс болмауы керек. Жаңбыр 
лейтмотиві бар.
Қуыршақты әжелеріміз шайтан дейтін, қуыршақ 
әңгімеде иллюзия, жалған өмірдің атрибуты, оның 
бір атауы жалғыздық пен жетімдік. Әңгіме диалог-
тар  арқылы  ашылады.  Айым  шынайы  өмір  сүргісі 
келеді, бірақ ол оның қолынан келмейді, бала кезгі 
күйзелістері  әсерінен  жүйкесі  тозған,    дені  сау 
еместігі детальдармен берілген. 
Қуыршаққа  өз  өмірін  көшіру  арқылы  автор 
Айымның  қайғысын  ашуға  тырысады.  Әңгімеде 
қиял мен әсіре көру белең алғаны білінеді. 
«Ақ  апа»  атты  әңгімесі  жетімдік  тақырыбын 
қозғайды.  Соңғы  түйінінен  Мұхтар  Әуезовтың 
«Қорғансыздың  күні»  және  «Көксерек»  атты 
әңгімелерінің трактовкасы, пәлсапасы айқын көрінеді. 
Бұл сарынды Айгүл Жұбаныш тіпті иррациональды, 
түйсікпен алғаны сезілері тағы айқын. Жас автордың 
қолтаңбасын классикаға еліктеу басып кетпеуі керек. 
«Ақымақ»,  «Күләш»,  «Қара  сөмке»  атты  үш 
әңгімесі қазіргі қазақ қоғамында ер азаматтың құны 
төмендеп, әйел заты отбасын асыраушы болып кет-
кен құсасын ашады. 

6
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Айгүл  аттасым  лирикалық  әңгімеге  бейім  екен. 
Жан дүние ол үшін ең басты нысана. 
Айгүл Жұбаныш прозада өз сүрлеуін табарына, 
қаламы ұшталарына мен сенемін. Ақ жол тілеймін!
Айгүл КЕМЕЛБАЕВА, 
жазушы, 
«Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

І бөлім
ӘҢГІМЕЛЕР

9
Жаңбыр жауса екен...
ҚАРА СӨМКЕ
Таң қылаң бере бастағанда көзім ілініп 
кеткен екен, қалта телефоныма Мая есімді 
құрбым: «Өмір мен өлімге анықтама 
берші?» деп хабарлама жіберіпті. «Өмір – 
мен үшін жарық әлем, жарқын болашақ. 
Өлім – қара түнек, қураған сүйек» деп жа-
уап қайтардым. Бірер уақыттан соң ол 
қоңырау шалды. 
– Ұйықтап жатырсың ба?
– Біраз қисайып көз шырымын алдым.
– Сол ұйықтағаның жарайды. Біле білсең, 
ұйқы – өлімнің кіші түрі.
– Өмір мен өлімді өзің қалай түсінесің?
– Мен үшін өмір – биік шың тәрізді. 
Қанша өрмелесең де, шыңға жету қиын. Ал 
өлім өмірден әлдеқайда жеңілірек көрінеді. 
Ажал тырнағына ілсе болды, шыңырау 
шұңқырға батыра салады.
– Соңғы уақытта өлім туралы жиі ойла-
натын болыпсың? 
– Түсіме құрсағымда жатқан нәрестем 
кірді. Ер бала екен деймін. Өзі біртүрлі 
көңілсіз. Үй алдына екі үлкен сөмкені 
көтеріп әкеліп: «Анашым, қайсысын ала-
сыз?» – деді. «Мұның ішінде не бар?» деп 
ем: «Ақ сөмкеде –  Өмір, ал қара сөмкеде – 

10
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Өлім», – деді. Мен сөмкенің біріне қолымды 
созып жатып, оянып кеттім.  
– Егер түсің өңіңе айналса қай сөмкені 
таңдар едің? 
– Ойланбастан қара сөмкені арқалап ке-
тер ем...
– Осыншама қатігез болар ма едің?!
– Түсінесің бе, мен оның өрісін кеңейткім 
келмейді! Ел бетіне қалай қараймын. Мені 
қойшы, анам жер бетін басып жүре алмай 
қалады ғой. 
«Мұны ертерек ойлануың керек еді», – 
дегім келді де, тілімді тістей қойдым.  
– Мен сенің түсіңді жорып көрейін. Бұл 
тегін түс емес. Бәлкім, түсік жасатпассың. 
Жатырдағы нәресте өзінің жарық дүниені 
көре алмайтынын біліп, түсіңе кірген. Де-
мек, бұл тегін бала емес. Екі сөмке дегенің 
– ырыс-несібе... 
Ол менің сөзімді жақтырмай, әңгімені 
кілт тоқтатты. 
– Бала кезімде марқұм әжемнің аузынан 
«некесіз бала туғаннан сақта» деген сөзді 
жиі еститінмін... 
Телефон желісі үзіліп кетті. Шамасы 
Маяның қалта телефонында бірлік таусыл-
са керек. 
 Әсілінде мен Маяны жек көрем. Екеуміз 
жатақхананың аядай бөлмесінде екі 
жыл бірге тұрдық. Сырт көзге салмақты 
көрінгенімен, бұл қыз қашанда ер 
жігіттердің назарында жүруді қалайтын. 
Ойнап жүріп от басқан түрі, міне, осы. 

11
Жаңбыр жауса екен...
Оқуға келген жылы анасына: «Қандай сәтте 
де бір-бірімізге демеу боламыз», – деп уәде 
берген едім. «Уәде – құдайдың сөзі».  
Мая қайта қоңырау шалды. 
– Мені жек көретініңді сеземін. Бірақ 
мұндай қиын сәтте адам досын жар жолда 
қалдырмас болар?
– Мынадай қылығыңнан кейін сені әсте 
досым деп атауымның өзі қиын. 
Ол жауап қайтармады. Жылағандай 
сезілді маған. Жылап, жеңілдеп алсын деп 
тіл қатпадым. Көздің жасы төгілгенімен, 
көңілдің дертін жуу қиын. Аяп кеттім. 
– Мая, баланың әкесіне түсіңді айтып 
көрсең қалай болады? Бәлкім, ойланар. 
Үйлену тойын жасарсыңдар...
– Айттым... Ол да қара сөмкені таңдады...
– Қатігезсіңдер! 
 – Өзімнің көз алдымда өзім солып бара 
жатырмын. Маған ұрыса бермеші. 
Телефон үзіліп кетті. Қайта қоңырау ша-
лып ем, сөндірулі. Мен Маяның жігітімен 
кездесуді жөн көрдім... 
*** 
– «Сәбидің бәрі бақытты,
 болуы үшін жаралған»,– 
деген ән жолдарын естіген боларсыз. 
– Қазақша әндерді көп тыңдай бермеймін. 
– Сіз өмірге келгеніңізге қуанасыз ба?
– Әлбетте.
– Өмір сізге несімен қымбат?

12
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Сіз біртүрлі қияли қыз екенсіз! Ол маған 
қарап тарқылдап күлді. 
– Жауапсыз қалғым келмейді. 
– Өмір – қайта айналып келмейтін 
сәттерімен қымбат. Жүресің, көресің деген-
дей. Ал, өлім – ол енді мәңгілік ұйықтау. 
– Бәлкім, Маяның құрсағындағы 
сәбиіңіздің жарық әлемді көру бақытына 
сіз себепші боларсыз? 
Ол ыршып түсті. «Жоқ, мен дәрігерлермен 
келісіп қойдым». 
– Мая сәбиді дүниеге әкелсе болды, 
біздің Лира есімді құрбымыз асырап ала-
ды. Лираға ана болу бақыты бұйырмаған. 
Түсінесіз бе?
– Мен «ұрпағымды» әркімге тарататын 
жынды емеспін. 
– Ендеше, мен сіздің үстіңізден 
шағымданамын. 
– «Екеудің ісіне ессіз түседі» дегенді 
ұмытпағайсыз...
Ол мұнан ары менің сөзіме құлақ аспады. 
Айтқан «ақылым» желге ұшты. Шетелдік 
қымбат көлігіне мінді де, лезде ғайып 
болды. Мен бұрқыраған шаңның астына 
көміліп қала бердім. 
*** 
Лира екеуміз Мая мен әлгі жылпос жігіт 
келген жеке клиникаға жете алар емеспіз. 
«Осы сәбиді құшағыма алуды нәсіп ете 
гөр», – деп Лира жылап келеді. Клини-
ка табалдырығынан аттауымыз мұң екен, 

13
Жаңбыр жауса екен...
қолына шағын әдемі сөмке ұстаған жылпос 
жігіт дәрігерге алғысын айтып жатыр екен. 
Біз кеш қалдық... 
Жылпос жігіт жөніне кетті. Сәлден соң 
клиникадан аяғын ілби басып Мая шықты. 
Әлсіз. Қолында қара сөмке. Мен алғаш 
рет құрбымнан жирендім. Ол мен үшін 
пайдалануға жарамай қалған ескі сөмкеге 
ұқсап кетті. 
«... Ақ сөмкеде –  Өмір, ал қара сөмкеде – 
Өлім». Қайсысын таңдайсыз, анашым?»

15
Жаңбыр жауса екен...
ҚУЫРШАҚ
«Айым үшінші қабаттан секіріп, өз-
өзіне қол жұмсамақшы болыпты», – де-
ген суыт хабарды естіп, дереу пәтеріне 
келдім. Мен білетін Айым бала кезінен ба-
тыл қыз еді. Кейін өмір көп өкіндірді оны. 
«Шыдай алмады-ау шамасы», – деймін өз-
өзімнен. Аман болса игі еді. Үйдің алдына 
қарақұрым халық жиналыпты. Көп орта-
сынан өтіп, қыз жанына бару мүмкін емес. 
Жанымдағы апайдан «қыз аман ба?» деп 
сұрап ем, қабағын түйіп: 
– Тірі. Жезөкшелікке салынғандарды 
ажал қайтсін?! Қабылдаған клиенттері 
ақысын дұрыс төлемеген шығар (сылқ-сылқ 
күлді). 
– Сіз де пендесіз. Сіздің де қателігіңіз бар! 
Ертеңгі күніңізді ойлаңыз! – дедім ызала-
нып. 
– Неменеге ашуланасың? Менің не кінәм 
бар? – деп әйел шаптығып шықты. Мұнан 
ары одан жөн сұраудың қисыны жоқ екенін 
түсіндім. 
– Қыздың жүйкесі тозған сияқты, – 
деді бір ағай әңгімеге араласып. – Балкон-
нан алдымен қуыршақты, сосын өзін-өзі 
лақтырып жіберген. 

16
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Жамандық атаулы өзімен кеткей, таң 
атпай дүйім елді дүрліктіріп, – деді әлгі 
әйел. 
Мұнан соң ешкімді тыңдағым келмей, 
көптің ортасына ендім. Айым сұлқ жатыр. 
Басы қанаған. Қасында қуыршақ. «Айым», 
– деп айқайлап, жанына жақындай беріп 
ем, полицейлер жуытпады. Тірі болса игі 
еді... Сәлден соң жедел-жәрдем жетті. «Дер 
кезінде емес, адам өлген соң келеді осылар», 
– десті жиналғандар. Халық шулап жатыр. 
Дәрігерлер қыз жанына ешкімді жуытпай, 
көлікке мінгізіп алып кетті. Мен іле-шала 
таксиге отырып, жедел-жәрдем ізінен ердім. 
Қобалжып отырмын. Айымның келешегі 
не болмақ?! Құдды аурухана басқа жаққа 
көшіп кеткендей, жеткізер емес. Көлік 
жүргізушісі музыка қосты. «Билейтін ән 
екен», – деп жымыңдады. Тіл қатпадым. 
Жандүнием алай-дүлей. «Біреуге қайғы, 
біреуге қуаныш сыйлайтын беу, өмір-
ай-й!». Жүргізуші бетіме бақшия қарады. 
Көңілсіздігімді байқады ма, мұнан әрі тіл 
қатпады. Ауруханаға келгенімде, Айымды 
жан сақтау бөліміне әкетіпті. Мен сыртта 
қалдым.  
– Жағдайы тым ауыр. Аяқ-қолы сынған. 
Психологиялық ауытқушылық бар. Сәлден 
соң, жағдайын білуіңізге болады, – деді бас 
дәрігер. 
Тынысым тарылып, далаға шықтым. 
Айымның ендігі тағдыры не болмақ? Да-
лада жаңбыр сіркірей бастады. Аспан да 

17
Жаңбыр жауса екен...
Айымның жағдайына алаңдап жас төккен 
сияқты көрінді маған. Ол жаңбырды жақсы 
көретін. Жаңбырмен бірге қосыла жы-
лайтын. «Неге жылайсың?» – дегендерге: 
«Аспанның өзін жылатып қойғанымыз ұят 
қой, қосылайық та», – деп күлген сыңай 
танытатын. Ел оның жан жарасын қайдан 
білсін?! 
Көшеде орыс әжей гүл сатып отыр екен. 
Біз бұл кісіден үнемі гүл сатып алатынбыз. 
Өзі бізді жақсы көреді. Кейде қалтамызда 
ақша болмаса, тегін беретін. Бұл жолы 
үш тал раушан гүлін сатып алдым. Айым 
гүлді жақсы көретін. «Гүл ғана мендегі 
көңілсіздіктің орнын сәл де болса толты-
рады», – дейтін. Жылағым келді. Егер 
Айымнан айрылып қалсам... Жо-жоқ, не 
айтып кеттім өзі?! Айым – мықты қыз. Ол 
оңайлықпен өмірдің соққысынан жеңіле 
қоймас! 
Палатаға кірсем, Айым қуыршағымен 
ойнап отыр екен. Бір қолы мен аяғын таңып 
тастапты. Мені танымады. Бетіме аларып 
қарады да, тарқылдап күлді. Сосын ызала-
нып, «Сені жек көрем», – деді. Үндемедім. 
Гүлді үстел үстіне қойып ем, алып беруін 
өтінді. Қуанып кеттім. Қазір гүлді иіскеп, 
тынышталады ғой деп ойладым. Өйтпеді. 
Гүлді асықпай, сындыра бастады.
–  Қуыршақ, кел, тездетіп же! Аш 
аузыңды! 
Гүл жапырақтарын қуыршақ аузына 
тақады:

18
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Ақымақ неме, аш аузыңды, тездетіп 
жемесең несібеңнен айрыласың. Қазіргі 
адамдар тойымсыз. Бол!
 Ашуланып, қуыршақты ұра бастады. 
Маған сұрланып қарады да, гүлді бетіме 
лақтырып жіберді. Үндемедім. Ол тағы да 
тарқылдай күлді. Сосын шашын жұла ба-
стады. Шыдай алмай, айқайлап ем, сұқ 
саусағын мұрнының ұшына апарып, «тсс!» 
деді. Айымның даусын естіп, палатаға 
дәрігерлер кірді. Ол маған ызаланып:
– Қуыршақпен ойнағанымды тағы да 
көре алмадың, – деп айқайлады. 
– Айым, білесің ғой, мен сені жақсы 
көрем. 
Ол зорлана жымиып, «жоқққ» деп 
айқайлады. «Егер жақсы көрсең, бала 
кезімде менің қуыршағымды тартып алмас 
ең». Ол мені шатастырып тұр... Дәрігерлер 
палатадан шығуымды өтінді. 
Бас дәрігердің кабинетіне кірдім. 
– Кешіріңіз, Айымның денсаулығы 
қалыпқа келе ме?
– Сізге ештеңе айта алмаймын. Шамасын 
байқадыңыз ғой. 
– Осы ауруханада емделе ма әлде...
– Сізге нақты жауап бере алмаймын. 
Күйініп кеттім. Ызадан жылап жібердім. 
– Нақты жауапты сонда кімнен аламын?
– Екі-үш күн науқастың жағдайын 
бақылаймыз. Сауықпаса, психо-
неврологиялық ауруханаға ауыстыратын 
боламыз. 

19
Жаңбыр жауса екен...
Айымның палатасына келдім. 
Дәрігерлердің салған екпесін ауырсы-
нып жатыр-ау деймін сірә, Айымның 
шыңғырған даусы естілді. Мұнан ары тұра 
алмадым...
***  
Айым – менің бала кездегі досым. Анасы 
ертеректе көз жұмып, жасынан тағдырдың 
тауқыметін тартты. Әкесі ішімдікке са-
лынып кеткен. Алдында бірге туған арқа 
сүйер аға-апасы жоқ, ізінен ерген іні-сіңлісі 
жоқ қаршадай қыз өмірдің қай тепкісіне де 
мойынсұнбады. Өгей шеше өз балаларына 
жақтасып, үнемі Айымды шеттететін. Ол 
достарынан да осылай шеттеліп қалды. Сон-
да да ештеңе сездірмейтін... 
Анам қалаға барған сайын үнемі екеумізге 
қуыршақ әкеліп беретін еді. Қуыршақты 
қуана алған Айым екі-үш күн біздің үйге 
келмейді. Содан кейін шүберектен тігілген 
ескі қуыршағымен мұңайып қайта ора-
лады. Үнемі осылай етеді. Сөйтсек, жаңа 
қуыршағын үйіндегі өгей анасының ізінен 
еріп келген ересек қыздары тартып ала-
ды екен. Кейін Айым анам әкеліп бер-
ген қуыршақпен біздің үйде ғана ойнап, 
қалдырып кететінді шығарды. Оның ойы-
ны менікіне мүлдем ұқсамайды. Біртүрлі 
мұңлы ойын. Қуыршағын бірде жылата-
ды, бірде жұбатады. Кейде томсырайып 
тілдеседі. Көбіне қуыршақтың мейірімді 

20
Айгүл ЖҰБАНЫШ
анасы болуға тырысады. Өзі де қуыршақ 
сияқты сүйкімді қыз болатын... 
...Кейін Айымды нағашы жұрты алып 
кетті. Сыр елінен туыстары іздеп келген-
де қуанып еді, ауылдан кетерде біртүрлі 
көңілсіз күй кешті. Туған жерін кім 
қиып кетсін?! Екі сағат жалғыз өзі ана 
бейітімен қоштасты. Ауыл тұрғындарымен 
қоштасарда жыламады. Сағынып жүретінін 
жеткізді. Ал анама жымиған қалпымен 
«қуыршақтарыңыз үшін алғысым шексіз», 
–  деді. Айым мінген көлік қозғалғанда, 
ауылдың балалары қимай, ұзақ жолға дейін 
шығарып салдық. Ауылдан кеткен соң, 
Айым уәдесінде тұрды. Жиі-жиі хат жол-
дады. «Сәлем хат, көңілім шат, гүлденген 
әлем, Айымнан сәлем», – деп басталатын 
хатында үнемі әжесінің көп-п-п қуыршақ 
алып беретінін жазатын. Кейін байланыс 
үзілді. Біз қалаға көштік. Айымға жаңа 
мекенжайды жазып ем, жауап болмады. 
Кейін сұрастыра келе, досымның әжесінен 
айрылғанын, нағашы жеңге «тепкісінде» 
болып, түрлі жұмыстар жасап, кейін 
жезөкшелікке салынғанын естідік. Досым-
ды жаманатқа қимадым. Бәлкім, қаңқу 
сөздің бірі болар... Ел айта береді ғой... 
Бірде туыс ағаммен түнгі қаланы тама-
шалау үшін көшеге шықтым. Бір көшенің 
бұрылысынан тәнін сатып тұрған топ 
қыздарды көрдім. Біртүрлі жиіркенішті. 
«Шетелде жезөкшелікті «мамандық» дейтін 
көрінеді. Ал бұл қазақтың қыздарына жа-

21
Жаңбыр жауса екен...
раса ма?» Терезе жақтауына сүйеніп, ой-
ланып отыр ем, көп қыздардың ортасынан 
Айымды танып қалдым. Иә, иә, кәдімгі 
Айым. Қосылған қара қасы, қыр мұрны... 
Еш өзгеріс жоқ. Өзінен әлдеқайда ірі орыс 
қызымен керісіп тұр.
– Көке, тоқтатыңызшы. Тоқтатыңызшы 
деймін көлікті.
Көкем түсінбей қалды.  
– Қараңызшы, анау біздің Айым ғой. 
Алып кетейікші, қазір ана қыздар ұрып та-
стайды. 
Көкем көліктен жүгіре шықты. Қыздар 
жақ-жақ болып, төбелесуге кірісті. Көкемді 
тыңдар емес. Қулық жасауға тура келді. 
Көкем қыздарды «саудалауға» кірісті. Ай-
ымды жетектеп көлікке әкелді. Қысқа 
көйлек киген Айым машинаға отыра сала 
маған тиісті.
– Жаныңда үріп ауызға салғандай 
қуыршақ қыз отыр ғой, мені неге құмарт-
тың, жігітім? Әлде мына бикеш... 
Көкем жөткірініп алды да, «Бұл қыз – 
менің қарындасым», – деді.  
– Охо, (сұқ саусағын шошайтты) сон-
да біздің әрекетімізді қарындасың қарап 
тұра ма? Ха-ха-ха-а-а (Күлкісі қандай 
сүйкімсіз!). 
Айымға тіке қарадым, бәлкім таныр деп. 
Жоқ, олай болмады.
– Немене ағаңа жанып ашып кетті ме? 
Әлде сен де... 

22
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Әрі қарай тыңдай алмадым. Сөзін бөліп 
жібердім.
– Айым, қалай өзгеріп кеткенсің? 
Жылап жібердім. Шылым тұтатпақшы 
болған Айым абдырап қалды. Ағам көлікті 
тоқтатты. Барлық жайды айтып жатыр-
мын, айтып жатырмын... Айым сол кезде 
бір-ақ таныды. Еріксіз көзіне жас келді. 
Қазіргі әрекетіне өкініп, менен кешірім 
сұрауға кірісті... 
Біз Айымды қояр да қоймай пәтерімізге 
көшіріп алдық. Екі ғана чемоданы бар. 
Бірінде киім-кешегі, енді бірінде толған 
қуыршақ... Көкем Айымды жұмысқа 
тұрғызатынын айтты. Бірақ Айым 
«үйірінен» ұзай алмады. Бір айдан соң 
тілімдей қағазға былай деп хат жазып, үйден 
кетіп қалыпты: «Қуыршақ қыз, (біз бір-
бірімізді осылай атайтынбыз), «қасқырды 
қанша бақсаң да, орманға қарап ұлиды». 
Мені тәрбиелеймін деп талпынба. «Төсек» – 
менің өмірім!..» Өзі хабарласып тұратынын 
және жазыпты. Ұялы телефонының нөмірін 
жазуды да ұмыт қалдырмаған. Біз арагідік 
сөйлесіп тұрдық. Бірақ кездесе алмадық. 
Айымның «қызметінен» қолы босамай-
ды... Соңғы тілдескенімізде, ол өмірге риза 
еместігін айтты. 
***  
Айым өз-өзіне келе алмады. Дәрігерлер 
оны жындыханаға жатқызды. Іздеп барып 

23
Жаңбыр жауса екен...
ем, ол мені танымады. «Қуыршағымды 
алып кетуге келдің», – деп мазасыздан-
ды. Алдап жанына отырып, арнайы сатып 
алған қуыршағымды бердім. Бала сияқты 
мәз болды.
– Келесі келерде «Барби» сатып әкеліп 
берші иә? — деді.
– Оны қайтесің? – дедім.
– Фигурасы ұнайды. Бір қарағанда мен 
сияқты. Тек жігітсіз жүргендері қиын. 
– Айым, қуыршақта жігіт болмайды. 
Бүгін дәріңді іштің бе? 
– Неге жігіт болмайды? Болады. Сендер 
көре алмайсыңдар, сосын оларды жалғыз 
санайсыңдар. Мына қуыршақтардың 
барлығы күнде менімен сырласады. (Ол бас 
жағындағы жиналып тұрған қуыршақтарды 
көрсетті).  
Аяп кеттім. Айымға үйге кететінімді 
айтып ем, мені қаттылап құшақтады да, 
қуыршақтарды орау үшін ұзын мата әкеліп 
беруімді өтінді. «Болмайды!», – деп ем, 
«Дәрігерлер сені тыңдайды ғой...», – деді 
көңілі түсіп...
 
***  
Бүгін тағы да жаңбыр жауды. Айым жа-
уын астында жалғыз отыр екен. «Жаурап 
қаласың ғой», – дегенімде, таза ауа жұтып 
отырғанын айтты.  
– Әдемімін бе? – деді.
–  Әрине.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет