Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет16/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, 
Өткізбей қараңғыда бекер жасты. 
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты».
Бұл – осыдан сексен жыл бұрын өз заманына орай айтыл-
ған  сөз.  Небəрі  жиырма  үш  жастағы  ақынның  халқы  үшін 
азап шегуі. Публицистикалық сарынға толы азаматтық пози-
циясының басы.
1909 жылы Қазанда жарық көрген Міржақып Дулатовтың 
«Оян,  қазақ»  атты  өлендер  жинағы  түгелдей  осы  сарын-
да  жазылған.  Онда  ғашықтық,  лирикалық  тақырыптағы 
өлеңдер  жоқ.  Тақырыбы  айтып  тұрғандай,  тіке  халықтың 
өнерге, білімге құлшынуын, озық елдермен иық теңестіруін 
армандаған ақ ниет, шынайы тілегі жырланған.
Ақын халқына өмірдің ағысын ұқтыруға ой жіберіп, жол 
нұсқайды.  Дəуір  шындығын  бұра  тартпай,  сол  қалпында 
айтады.  Қазақ  елінің  Россия  мемлекетіне  қосылғанын  да 
табиғи  құбылыс  санайды.  Бірақ  патшаның  озбырлығына 
қынжылады:
«Патша айтқан, əділдікпен билеймін деп, 
Дініне һəм жеріне тимеймін деп. 
Оқ атпай, қылыш шаппай бағынған соң, 
Қалайша қадіріңді білмеймін деп. 
Қалдырып осылардың һəммесін де, 
Шығып тұр біздің тұста бұл күнгі заң», –
деп,  кезіндегі  уəде-шарттың  бұзылғанын,  зорлықтың  бар-
ған  сайын  артып,  елдің  тозып  бара  жатқанын  жырлай-
ды.  Əділдікті  көксейді.  Əділетсіздіктің  себеп-салдарына 
ой  жібереді.  Туып  отырған  қайшылықты  дəлелдеуге  ты-
рысады,  халыққа  оның  сыр-сипатын  ұқтырғысы  келеді. 


97
Түп-төркінін  ашады.  Сөйтіп,  жинақтың  «Сөз  басында»: 
«Əркім  өз  қолында  барына  жомарт  болғаны  секілді,  мен 
де  аз  мағлұматымша  бишара  халқымызға  пайда  келтірмек 
мақсатымен осы кітапты жаздым» деп айтқанындай, өз хал-
қадірінше халқына қызмет етуге ұмтылады.
Кітап халық арасына тез тарап, авторына зор бедел əкеле-
ді. Оның айғағы ретінде сол кездері Троицкіде шығып тұрған 
«Айқап» журналының 1912 жылғы 1-санында жарияланған 
мына  бір  деректі  тілге  тиек  етуге  болады: «Өткен 23-де-
кабрьде  Семейпалат  окружной  соты  Меряхуп  Дулатовтың 
ісін қарады... Окружной сот кешкі сағат 7-де Меряхуп Ду-
латовты уголовный уложение 1-3-ші статьясының 6-пункті 
бойынша айыпты деп тауып, бір жыл крепостке хүкілі етті. 
Соттан бұрын жарым ай түрмеде отырғаны есеп емес...».
Мұны  оқыған  қазақтың  көзі  ашық  интеллегенциясы 
ақынның қайғысына ортақтасып, үн қатады. Мəселен, 1911 
жылы  жазылған  «Тұтқын»  деген  өлеңінде  дарынды  ақын 
Мағжан Жұмабаев: 
«Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш кетпес 
Күн батқанмен, таң атпайтын түн жетпес.
Ер жүректі азаматтың басына 
Бұл жалғанда нелер келіп, не кетпес?» –
деп  жырлап,  рухани  серіктестік  танытқан.  Сол  секілді  Ах-
мет Байтұрсынов та оның зердесі мен кісілігін терең сезініп, 
1912 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Маса» деп ата-
латын екінші жинағында оған «Ақын ініме» деген өлең ар-
нап, былайша тебіренеді:
«Жай жатсаң жаңылмайсың, адаспайсың, 
Күресте кім кетпейді ғапыл, інім. 
Ат қойған аз-көбіне қарамастан, 
Ақылға біздер жарлы пақыр, інім».
«Зер  қадірін  зергер  таниды», – демекші,  кейіннен  Міржақып 
та  Ахмет  Байтұрсыновтың  ақындығын  пір  тұтып,  азаматты-
ғына басын иіп, «Сөз ақыры» деген өлеңін жолдайды. Онда:


98
«Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,
Сөзі алтын, мағынасы меруерттей. 
Оқыған ғибрат алып жас жігіттер,
Һəммесі өз халқына қызмет еткей», –
деп  оның  талантты  қарымын  жоғары  бағалап,  сол  кездегі 
қазақ  жастарына  одан  ғибрат  алып,  еліне  қызмет  етуін  ті-
лейді.  Творчестволық  осы  байланыс  мақсаттары  ортақ,  ар-
мандары  бір  қос  алыпты  бір-бірімен  жақындастырып,  ке-
йіннен бірігіп күресуге (бұл жерде «Қазақ» газетінде бірге 
істеген кездерін айтып отырмыз) алып келеді. 
Міржақып Дулатовтың ойы ұшқыр, қаламы жүйрік жур-
налист  ретінде  танылуына  оның  «Қазақ»  газетінде  Ахмет 
Байтұрсыновпен  бірге  еңбек  еткен  кезеңі  ерекше  із  қалды-
рады.  Бірақ,  бұл  оның  публицистік  қызметі  «Қазақ»  газеті 
шыққанға  дейін  болған  жоқ  деген  ұғым  туғызбауы  ке-
рек.  Оның  «Оян,  қазақтан»  басқа 1910 жылы  жарық  көрген 
«Бақытсыз Жамал» романы мен 1913 жылдың басында Орын-
борда басылған «Азамат» атты публицистикалық сарындағы 
өлеңдер  жинағын  айтпағанның  өзінде, 1911 жылдан  бас-
тап  Троицкіде  шығып  тұрған  «Айқап»  журналына  арала-
са бастаған кезін журналистік қызметінің кемелденген тұсы 
деп  қарауға  əбден  болады.  Журналда  оның  өлеңдері  мен 
мақалалары үзбей жарияланып тұрған. Сан-салалы ғылымнан 
хабары бар, табиғат берген дарынды ол сол кезден бастап-ақ 
қазақты толғантқан мəселелермен ұштастырып, журналистік 
қабілетін шыңдай түскен. Оның Айқапта» жарияланған «Хан 
Абылай», «Қапастағы  ұрының  мінəжаты», «Жазу  тəртібі», 
тағы басқа мақала, өлеңдерін оқи отырып, осылай ой түюге 
толық  хұқымыз  бар.  Мəселен,  оның  «Жазу  тəртібі»  де-
ген  мақаласы  Азамат  Алашұлы  деген  бүркеншік  атпенен 
журналдың 4-5-сандарында жарық көрген. Онда автор Ахмет 
Байтұрсынұлының қазақ жазуындағы арабтың артық əріпте-
рін  алып  тастауын,  жіңішке  дауысты  дыбыстарды  білдіруге 
арналған  қосымша  белгі – «дəйекше»  енгізуін  қуаттайды. 
Сөйтіп: «А.Б. (Ахмет  Байтұрсынұлы – автор)  ноғай  жазу-
шыларын  жатырқағандықтан  емес,  қазақ  тілінде  қанша  ды-


99
быс болса, сонша белгі көрсетіп, артық харіптерді кеміткен. 
Сонымен қазақша жазу-оқуды оңайлатқан. Сынаушы да осы 
арасын көздеуге керек еді, – дей келіп, – А.Б.-ның жазу тəр-
тібін  ұнатқанымен  басқа  қосарым  мынау:  қазақ  əліппесіне 
«Ф» мен «X» да кірсе екен деймін. Таза қазақ сөзінде болма-
са да қазақ тіліне кірген араб, парсы сөздерінде һəм Ахмет, 
Мұхамеджан, Фазыл... деген секілді қазақ аттарында бұл екі 
харіф көп ұшырайды. «Ф» мен «X» əліппеге кіргенменен, жазу 
тəртібіне қиыншылық келтірмейді. Естілуінде де, жазылуын-
да да бұлардан айыра алмастай ұйқас харіфтер жоқ»,  – деген 
өміршең ұсыныс айтады. Мақаланың құндылығы да осында. 
Тағы бір ерекшелігі, ол таза қазақ тілінде жазылған. Ал тіліміз 
бір жүйеге келіп, толық қалыптасып болмаған, демек, ноғай 
татар,  араб,  парсы,  орыс  тілдерін  араластырып, «алабажақ» 
күй  кешіп  жүрген  кез  үшін  бұл  үлкен  жетістік. «Айқап» 
журналында  жарияланған  өзі  шұбар  тілді  материалдардың 
ішінде  мұның  жеңіл  оқылып,  көзге  жылы  ұшырайтыны  да 
сондықтан. 
Дей тұрсақ та, айналадағы тіршіліктен бейхабар, ұйқыда 
жатқан елі үшін жарық сəуле, шам болып жанған жалынды 
журналистің  публицистік  шеберлігін  толық  таныта  алған 
тұсы – «Қазақ»  газетін  шығаруға  атсалысқан  кезі.  Жоға-
рыдағы  еңбектерін  ескерсек, XX ғасырдың  басында  қазақ 
əдебиетіне тасқынды бір арна болып қосылған жас ақынның 
«Қазақ» газетіне құралақан келмегендігін байқаймыз. Жазу-
шылық қырынан танылған, газет-журнал ісіне араласып үл-
герген,  қаламы  ұшқыр,  ойы  жүйрік  журналистің  апталық 
табалдырығын шəкірт болып емес, белді бір азамат ретінде 
аттағанына көз жеткіземіз.
М.Дулатовтың газеттің екінші редакторы қызметіне рес-
ми түрде бекітілген уақыт – 1914 жылдың 19 мамыры. Осы 
турасында архивте сақталынған Орынбор генерал-губерна-
торының  Ішкі  істер  министрлігі  жанындағы  баспасөз  жө-
ніндегі  Бас  Басқармаға  сол  күні  жолдаған 2732-нөмірлі  іс-
қағазында былай делінеді: «Согласно циркулярному распо-
ряжению  от 5 декабря  минувшего  года  за  №7022,  уведом-
ляю  Главное  Управление;  что  мною  одновременно  с  этим 


100
разрешено  обязанности  второго  ответственного  редактора, 
в полном объеме, издаваемой в г.Оренбурге, образованным 
издательским товариществом «Азамат» еженедельной газе-
ты на киргизском языке «Казак», ...киргизу 1 аула Сары-ко-
пинской волости, Торгайского уезда и области Мир-Якубу 
Дулатовичу Дулатову.
1
Осы дерекке қарап, М.Дулатовтың «Қазақтағы» қызметі 
газет шыққан уақыттан емес, кейіннен басталады екен деген 
ұғым тумауы керек. Бірақ, өкінішке қарай, сондай да пікір 
қалыптастырып  жүрген  зерттеушілер  жоқ  емес.  Əрине,  ол 
қателескендік болып шығады. Көрнекті қалам қайраткерінің 
апталыққа сіңірген еңбегі ол жарық көрмей тұрып-ақ бастау 
алатынына  жоғарыда  нақты  деректер  келтірген  болатын-
быз.  Оны  мына  мəліметтер  де  айқындай  түседі. «Жұлдыз» 
журналының 1990 жылғы 6-нөмірінде жарияланған «Ардақ-
тап  өтем  əкемді»  атты  Міржақыпқызы  Гүлнар  апайдың 
естелігі  көзіқарақты  оқырманға  етене  таныс  болуға  тиіс. 
Сондағы  мына  бір  дерек  еріксіз  назар  аудартады: «1913 
жылы  аңсап  күткізген  Міржақыптың  Орынбордан  жазған 
хаты  келді.  Жүрегіміз  орнына  түсіп,  бірсыпыра  тынышта-
лып қалдық. Міржақып хатында амандығын білдіріп, Семей 
түрмесінде  бір  жарым  жыл  отырып,  енді  құтылғанын  жа-
зыпты». Бұл – ақынның немере қарындасы (ағасы Асқардың 
қызы) Ботаның естелігі. Одан əрі сол хаттың мəтіні алғаш рет 
ғылыми айналымға енгізіледі. Естелік сонысымен де құнды. 
Хатында ардақты Алаш азаматы Семей түрмесінен босанып 
шыққаннан  кейін  із  жасырып,  Түркістан  жəне  соған  таяу 
Қырнақ  қыстауында  қазақ,  өзбек,  қырғыз  ағайындар  орта-
сын паналағанын жəне болашақ газет шығару үшін қаражат 
жинаумен  айналысқандығын  тілге  тиек  ете  келіп: «1913 
жылдың  бас  кезінде  Орынборға  келдім,  сондағы  ғалым-
жазушы,  өзімнің  ұстазым  əрі  ағам  Ахмет  Байтұрсыновқа 
барып сəлем бердім. Ұзақ кеңесіп, қазақ халқына арнап га-
зет  шығармақ  болдық.  Бұл  пікірімізді  Əлихан  Бөкейханов 
ағамыз  толық  қолдады. «Іске  сəт»  деп  жұмысқа  кірістік. 
1
 Санкт-Петербург қаласындағы Орталық мемлекеттік архиві 776-қор., 
21 тікпе, 16-іс.


101
Үкімет  орындарының  есігін  тоздырып  жүріп,  əзер  дегенде 
рұқсат алынды. Түркістанда жиналған мол қаржыны, Уфа-
дағы «Ғалия» медресесі шəкірттерінің қосқандарын осы игі 
іске бағыштадық. Редакцияға қолайлы үй қарастырып, оны 
да  таптық.  Редакция  құрамы,  оның  мүшелерін  белгіледік. 
Шығарушы  бас  редакторы  Ахмет  Байтұрсынов,  екінші  ре-
дакторы  мен  болып  газетімізді  «Қазақ»  деп  атап,  шығара 
бастадық»,
1
 – деп біраз жайдан хабардар етеді.
Бұл  хаттың  деректік  мəні  орасан  зор.  Ол  мынадай  ой-
толғамдарға жетелейді. Əуелі М.Дулатов Семей түрмесінен 
мерзімінен бұрын қашып шыққан болуы мүмкін деген бол-
жамды пікір туғызады. Өйтпесе, 1911 жылдың шілде айын-
да тұтқындалып, 19 ай абақтыға кесілген қаламгер қалайша 
1912 жылдың аяғына қарай Түркістаннан табылады?
«Қазақ» газетінің 1917 жылғы 247-санында жарияланған 
жандармдық  деректерде  оның  тұтқындалу  мерзімі  былай-
ша көрсетілген: «М.Дулатов 1911 жылы июль ішінде абақ-
тыға  жабылды. 103 һəм 129-статьялар  бойынша  айып-
талып,  Семей  окружной  судының  үкімі  бойынша 19 ай 
крепоста  отырды».  Осыған  қарап  есептейтін  болсақ,  онда 
қаламгердің  абақтыдан  босанатын  уақыты 1913 жылдың 
екінші айына келіп жығылады. Алдыңғы тарауда тілге тиек 
етілген  «Газеттің  шығуына  алғаш  дайындықтар  басталып, 
жұмыс қызған шақта Міржақып Дулатов Семей түрмесінде 
жатқан болатын» деп, оны бұл жұмыстан қалыс қалдыратын 
автор  пікірі  осындай  есептеуден  туса  керек.  Алайда,  оның 
шындығы басқаша екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Қалай 
болғанда  да,  ардақты  Алаш  азаматы 1912 жылдың  соңына 
қарай азаттыққа шығып, «Қазақтың» дайындық жұмысына 
белсене  араласқаны – дау  туғызбайтын  ақиқат.  Ал  оның 
абақтыдан  қашып  шығуы  мүмкін  дейтініміз,  жоғарыдағы 
хат мазмұнынан туындайды. «Семеймен қош айтысып, ізімді 
білдірмеуге тырысып, Түркістан қаласына жеттім, жасырын 
күнкөрісте  болғандықтан,  сіздерге  хабар  жеткізе  алмадым. 
Түркістан  жəне  оған  таяу  жердегі  «Қырнақ»  қыстағында 
1
 Санкт-Петербург қаласындағы Орталық мемлекеттік архиві 776-қор., 
21 тікпе, 16-іс.


102
қазақ,  өзбек,  қырғыз  ағайындардың  арасын  паналап, 1913 
жылдың басына дейін сонда болдым», – деген жолдар сон-
дай  ойға  жетелейді.  Олай  болмаса,  абақты  мерзімін  толық 
өтеп  шыққан  кісінің  із  жасырып,  жасырын  күнкөрісте  бо-
лып,  жырақтағы  Түркістан  жерін  паналап  несі  бар?  Иек 
астындағы елінде тұра бермеді ме? Бұл əлі де болса, зерттеп, 
зерделей түсуді талап ететін қаламгер өмірінің бір жұмбақ 
тұсы.
М.Дулатов үш жыл бойы газеттің екінші редакторы қыз-
метін атқарды. Ал 1917 жылдың 14-қыркүйегінен бастап бі-
рінші  редакторы  міндетін  де  мойнына  алған.  Бұл  жөнінде 
газеттің  сол  күнгі 243-нөмірінде  жарияланған  Жақаңның 
«Ашық  хаты»  біраз  жайдан  сыр  тарқатады: «Жалпы  қазақ 
съезі Учредительное собраниеге (Бүкілресейлік – С.Қ.) Тор-
ғай  облысынан  депутат  белгілегенде  списокке  мені  екінші 
қылып көрсеткен еді. Мен төменгі себептер бойынша спи-
соктан шығамын һəм тасқа түспеймін», – дейді ол бұл хатын-
да. Содан соң оның басты себебі ретінде «Қазақ» газетіндегі 
басшылықты алға тартады: «Ахмет һəм мен екеуміз де депу-
тат бола қалсақ, газет иесіз қалар. ...Бір кісі бір іске жарай-
тын болса да аз болмас. Халыққа қызмет етемін деген кісіге 
бəрі бір: депутат бол, газет шығар...»
Осы  жолдарды  оқи  отырып,  Алаштың  ардақты  ұлының 
азаматтық  шешіміне,  өнегелі  ісіне  еріксіз  тəнті  боласыз, 
жаныңыз  жадырайды.  Оның: «Өзгеміздің  бəрі  сай  болып, 
жалғыз  депутатқа  қарап  тұрған  іс  жоқ.  Депутаттықты  таң-
сық  көріп,  атағына  қызығып  яки  бəсеке  үшін  баратын  кісі 
болмасқа  тиіс.  Екі  қазақ  таласып,  бір  орысқа  олжа  болсақ, 
онан тапқан абыройға түбінде ие табылмай жүрмесін. Осы-
ны  əркім  ескерсе  екен», – деген  өтініш-уағызының  бүгінгі 
күні  де  қоғамдық  мəн-маңызы  жойыла  қойған  жоқ,  құны 
жоғары.
Ол – газет жұмысын ұйымдастыруға қатысып, оған жетек-
шілік етумен бірге қаламымен де аянбай қызмет көрсеткен, 
жүйрік  ойлы  публицист. «Қараңғы  қазақ  көгінде»  жарық 
жұлдыз  болып  жанған  жалынды  журналистің  «Қазақтағы» 
шығармашылық қызметі де – бөле айтуға тұрарлық, толым-


103
ды еңбек. Оның газеттің əр нөміріне дерлік мақала, өлең я 
əңгімесі  жарияланып  тұрған.  Тіпті,  кейде  екі-үш  туынды-
сы  бір  санында  қатар  жарық  көріп,  оқырманын  тəнті  ет-
кен  кездер  де  жоқ  емес.  Мұндай  жағдайда  журналистер-
ге  тəн  инабаттылықты  сақтап,  бүркеншік  аттарын  кəдеге 
жаратқандығы  көрінеді.  Сонымен  қоса,  ол  «қырағы  көз» 
патшалық  цензурадан  із  жасыру  үшін  де  керек  болған. 
«Мадияр», «Арғын», «Тургайский», «Азамат», «Қауіп  Қа-
теров», «М.Д.», «Түрік  баласы»  деп  қол  қойған  материал-
дар – «Қазақтың»  ең  бір  құнды  жарияланымдары.  Бұлар 
М.Дулатовтың бүркеншік аттары екені бүгінде толық анық-
талып  отыр.  Мəселен,  алдыңғы  үшеуінің  төркіні  жөнінде 
автордың  өзі  былай  деп,  төрт  жол  өлең  шумағы  арқылы 
құлаққағыс етеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет