Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет14/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
МІР ОҒЫНДАЙ МІРЖАҚЫП
Алғашқы  нөмірінен  бастап  соңғы  санына  дейін  «Қазақ-
пен» біте қайнасып, бірге жасасқан, оның бар ауыртпалығын 
«бас жазушысы» А.Байтұрсыновпен бірдей тең бөлісе арқа-
лаған  газеттің  «екінші  жазушысы» – Міржақып  Дулатов. 
Көрнекті қалам қайраткерінің шығармашылық қызметі сан-
салалы.  Оны  дарынды  ақын,  талантты  жазушы,  кемел  ау-
дармашы жəне бірқатар оқу құралдарының авторы ретінде 
жетік  білеміз.  Сонымен  бірге  журналистік  қызметі  өз  ал-
дына  бір  төбе.  Бірақ,  осы  күнге  дейін  оның  бұл  қызметі 
терең зерттеліп, толық ғылыми айналымға енді дей алмай-
мыз. Ал, мұнсыз жұрттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, аз 
өмірінің тек ащысын көріп өткен қайраткердің бүкіл болмы-
сын  танып,  білу  мүмкін  емес.  Өйткені,  өзге  қызметтерінің 
бəрін түйіндеп, бір мақсатқа жұмылдырып отырған осы «өз 
заманының  шежіресін  жазатын»  публицистке  тəн  журна-
листік болмысы емес пе? Оған жалынды журналистің өмір-
баянын тілге тиек ете отырып та көз жеткізуге болады.
М.Дулатов 1885 жылы 25-қарашада  қазіргі  Қостанай 
облысы,  Жанкелдин  ауданы, «Қызыл  бел»  совхозының 
Сарықопа  деген  жерінде  дүниеге  келген.  Əкесі  Дулат  өз 
заманының  оқыған,  сауатты  адамы  болған.  Етік  тігіп,  ер-
тұрман жасаған өнерлі жан екен. Шешесі Дəмеш – Торғай 
уезіне  аты  мəлім  Қараман  байдың  қызы.  Өте  келбетті,  та-
лайлар  сөз  салып,  қолы  жетпеген  қас  сұлудың  өзі  болған. 
Көркіне  сай  өлең  айтып,  домбыра  тартқан,  ақыл-парасаты 
мол ел анасы болыпты. Міржақып екі жасқа келгенде ана-
сынан  айырылған.  Он  екі  жасқа  толғанда  əкесі  қайтыс 
болған. Сөйтіп, жастайынан жетім қалған бала тез есейеді. 
Ағасы  Асқардың  көмегімен  əуелде  ауыл  молдасынан  қара 
танып, 1897 жылы Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ учи-


93
лищесіне оқуға түседі. Одан ауыл мұғалімі деген атақ алып 
шығады. Калған білімді зейінді, зерек Міржақып өз бетімен 
оқып игерген.
Публицистік  қызметі 1906 жылы  Петерборда  екі  саны 
шығып,  өкімет  тарапынан  тұтқындалып,  өртелген  «Серке» 
газетінде «Жастарға» деген өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» 
атты  публицистикалық  мақаласы  жариялануымен  баста-
лады.  Бұл  газет  татардың  «Үлфəт»  атты  апталығының  қо-
сымшасы  ретінде  жарық  көрген.  Ол 1905 жылы 26 мау-
сымда Ахмет Байтұрсынов, Əлихан Бөкейханов жəне басқа 
да  қазақ  оқығандары  Қоянды  жəрмеңкесінде  бас  қосып, 
Петербордағы  кіндік  хүкіметке  қазақ  халқының  атынан 
арыз-тілек  жібергенде  қойылған  он  бір  түрлі  талаптың 
бірі – қазақ  тілінде  газет  шығару  талабымен  басылған  бо-
луы мүмкін. Қазақ халқының саяси-мəдени өмірінде үлкен 
мəні бар бұл оқиға Міржақып сияқты ел-жұртының қамын 
жеген азаматтарды одан əрі топтастырып, қайрап, шыңдай 
түсті.  Осыдан  кейін  Міржақыпты  жатса  да,  тұрса  да  хал-
қының, ұлтының болашағы толғантады. Өнер-білімнен кен-
же  қалған,  сахарада  көшіп-қонып,  мал  бағып,  қыс  күйлі, 
жаз  жайлы  басқа  тілегі  жоқ,  бейқам  жатқан  қараңғы  еліне 
қарлығаштың қанатындай су сеуіп, көңіліне сəуле шашуды 
мұрат  тұтады.  Оның 1909 жылы  Қазан  қаласында  жарық 
көрген  «Оян,  қазақ»  атты  өлеңдер  жинағын  оқып  отырып, 
осыны аңғаруға болады. Міржақыптың есімін күллі қазаққа 
танытқан бұл кітап халық арасына тез таралып, көпшіліктің 
өтініші бойынша келесі жылы Уфа қаласында екі рет баспа 
жүзін  көреді.  Бірақ  кітаптың  төңкерісшіл  рухтағы  идеясы, 
күреске  шақырған  үні  патша  өкіметіне  ұнамайды.  Сөйтіп, 
халықтың  кемшілігін  сынап,  оқу-білімге  үндеген,  бірлікке, 
еңбек  етуге  шақырған  автор  идеясы  жандарм  басқармасы 
тарапынан  қылмыс  деп  саналып,  жауапқа  тартылады.  Ол 
жөнінде  журналистің  өзі  «Қазақ»  газетінің 1917 жылғы 
233-санында  былай  жазады: «Оқушыларға  мағлұм  «Оян, 
қазақ» атты өлең кітабымды ескі өкімет шам көріп, «қазақ 
оянып кетеді» деп қорқып, 1911 жылы мені сотқа берді. Сол 
себепті жыл жарымнан артық абақтыда жатып шықтым».


94
Бір ғажабы, алты жарым ай түрме қапасын көріп, бір жыл 
Петропавловскіге  саяси  көзқарасы  үшін  жер  аударылған 
Дулатовты  бұл  жай  мұқалтпай,  керісінше,  шыңдай  түседі. 
Ол  айдауда  жүрген  кездерінде  де  уақытын  босқа  өткізбей 
ізденумен болады. Петропавлда жергілікті əкімшілік мекеме 
орындарында аудармашы бола жүріп, жазудан қол үзбейді. 
Мəселен,  Троицкіде  белгілі  ақын-журналист  Мұхамеджан 
Сералиннің жетекшілігімен қазақтың тұңғыш журналы «Ай-
қап» шыға бастағанда қуанышын білдіріп, 1911 жылғы 4-са-
нында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет