Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет2/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
АЛҒЫ СӨЗ
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап-армандаған ел егемен-
дігіне қол жеткізіп, өз алдына дербес, Тəуелсіз Қазақстан мемлеке-
тінің іргетасы қалана бастағанына биыл жиырма екі жыл. Бұл та-
рихи  өлшем  таразысына  салғанда  қас-қағым  сəт  көрінгенмен  де, 
адам өмірімен салыстырып қарағанда едəуір уақыт. Бұдан жиыр-
ма екі жыл бұрын дүниеге келген сəби – бұл күнде есі кірген ер 
жігіт. Соған ұқсас осы мезгіл ішінде халқымыздың ой-санасында 
да  үлкен-үлкен  өзгерістер  болуда.  Ең  бастысы,  бірнеше  ғасырға 
созылған  отаршылдық  езгі  салдарынан  қанымызға  сіңе  бастаған 
кұлдық  психологиядан  арылуға  деген  талпыныстың  өзі – үлкен 
жетістік. Соның нəтижесінде халқымыз ұлт ретінде өзін-өзі танып 
қана қоймай, сонымен бірге жасампаздық қырымен сыртқы елдер-
ге танылуға мүмкіндік туып отырғанын бөле айтқанымыз лəзім.
Тарихы жоқ ел болмайды. Елдің ертеңі бүгіннен басталады де-
сек, ол – дау жоқ, кешегінің жалғасы. Ендеше ел болашағын ойлау-
ды өткенімізді біліп, бүгінімізді танудан бастағанымыз құба-құп. 
«Тарихты бірін өзіміз ұнатып, құптайтын, ал келесісін «жағымсыз» 
санап,  бойымызды  аулақ  салатын  үзік-үзік  оқиғалардың  жиын-
тығы  деп  пайымдамау  керек.  Яғни,  өткенімізді  тұтас  күйінде, 
ешқандай  боямасыз,  қоспасыз,  қаз-қалпында  қабылдағанымыз 
лəзім.  Ал  өткен  жылдар  шежіресін  үнемі  əрі  бұрмалаусыз  зер-
делеп  отырудың  жөні  бөлек.  Мұның  өзі  өткендегі  тəжірибенің 
жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, 
жаманнан жирену үшін қажет», – дейді бұл турасында Елбасымыз 
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Жадымызда жатталсын, татулық дə-
йім сақталсын» деген тарихи еңбегінде.
1
1
 Назарбаев Н.Ə. Жадымызда жатталсын, татулық дəйім сақталсын // 
Егемен Қазақстан, 1998, 16-қаңтар.


4
Қолдарыңызға тиіп отырған еңбек, міне, осындай талап-тілек 
тұрғысынан, заман сұранысына сай жазылды. Баспасөз қай уақыт-
та да қоғамдық өмірдің айнасы, шығып тұрған заманының шынайы 
шежіресі  екендігі  белгілі.  Оған  Алаш  басылымдарының  тағдыр 
тауқыметі мен көтерген көкейкесті мəселелерін тарата талдау ба-
рысында  тағы  да  көзіміз  айқын  жетті.  Айталық, «Қазақ»  газеті-
нің  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  қоғамдық  өмірі  тарихынан  алар 
орны – өз  алдына  бір  төбе.  Ол  əдебиетіміз  бен  мəдениетіміздің 
гүлденіп  дамуына  ғана  емес,  ұлттық  ой-сананың  бүр  жарып, 
азаттық  идеясының  лаулап  жануына,  ел  тəуелсіздігі  жолындағы 
ғасырларға ұласқан ұлы күрестің қанат жайып, ақырында жеңіске 
жетуіне қосқан үлесі орасан зор басылым. Бұл – ешқандай дəлел-
деуді тілемейтін, таласы жоқ, тарихи шындық.
Кезінде «қазақтың еңкейген кəрі, еңбектеген жасына түгелімен 
ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, 
күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған 
«Қазақ» газетінің»
1
 тарихи құны жоғары.
Біріншіден, газет материалдары XX ғасырдың алғашқы жиыр-
ма жылында қазақ даласында көрініс тапқан қоғамдық үрдістер-
дің деректемелік көзі ретінде аса қымбат. 
Екіншіден,  ғасыр  басындағы  ұлт-азаттық  қозғалысының  қа-
лыптасып,  даму  арнасында  дүниеге  келген  басылым  ел  бостан-
дығы  жолындағы  күрес  идеологиясының  ұясы  болуымен  де  ба-
ғалы. Ендеше екі жақты қыспаққа – отарлық езгі мен феодалдық 
мешеулікке қарсы күресте шынығып, шыңдалған қазақ зиялыла-
рының ұстанған жол, мақсат-мұраттарын анықтауға «Қазақ» мате-
риалдары мүмкіншілік береді деген сөз. 
Үшіншіден,  Алаш  көсемдерінің  там-тұмдап  жинаған  өмірлік 
мəні зор бай тəжірибелері мен тəлім-тəрбиесінен өнеге алу үшін де 
бүгінгі ұрпақтың басылым мұраларымен танысуы ауадай қажет.
Төртіншіден, газет тігінділерін парақтау арқылы бүгінде ұмы-
тыла  бастаған  халқымыздың  ықылым  заманнан  келе  жатқан  ата 
салт, озық дəстүрлерін жете біліп, терең игеруге мүмкіншілік туа-
ды.  Ол,  сөз  жоқ,  соңғы  кездері  рухани  жұтаңдыққа  ұшыраған 
ой-сананың  қайта  көктеуіне,  бүр  жарып,  қанат  жая  өркендеуіне 
септігін  тигізетініне  сеніміміз  мол.  Осы  қырынан  келгенде, «Қа-
зақ» бір ғана ұлттық баспасөз тарихын білу үшін, яғни журналис-
терге ғана қажет басылым емес, ол – берісі тарихшыларымыз бен 
əдебиетшілерімізге, керек десеңіз, барша жұртымызға керек асыл 
қазына.
1
 Əуезов М. Ахаңның елу жылдық тойы //Ақ жол, 1923, 4-ақпан.


5
Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов жəне М.Дулатов сынды халқы-
мыздың  біртуар  ұлдары  басшылық  еткен  басылымға  сол  кез-
дегі қазақ оқығандарының, көзі ашық, көкірегі ояу зиялы азаматта-
рының  үн  қатпай  қалғаны  некен-саяқ.  Осыдан-ақ  газеттің  арқа-
лаған  жүгінің  қаншалықты  ауыр  əрі  жауапты  болғандығын  аң-
дау  қиын  емес.  Алдымен,  патша  үкіметінің,  кейін  келе  кеңес 
өкіметінің  газет  соңынан  тал  түсте  шырақ  ала  түсіп,  ізін  андуы, 
жөн-жосықсыз айыпқа тартуы, ақыр соңында үні жұрт құлағына 
жетпестей  тар  қапаста  «құлыпталып»  ұсталуы  бекерден-бекер 
емес-тін. «Қазақ» кезінде халқының көзі, құлағы һəм тілі қызметін 
атқарды. Ал осы үшеуі аман тұрғанда халықтың ақыл-есін жаулап 
алу босқа төгілген термен тең екендігін жақсы үғынған отаршыл 
пиғылдағы елдің «көсемдері» «Қазақ» секілді ұлттық басылымдар 
мен оларға сөз жазушы азаматтардың үнін өшіру арқылы ойлаған 
мақсаттарына қол жеткізуге тырысып бақты. Белгілі бір дəрежеде 
ол армандары орындалды да. Қазіргі мəңгүрттік дертінің ел ішінде 
дендеп тұруы, тіліміз бен дініміздің нашар халі, керек десеңіз, ел 
тəуелсіздігіне  деген  жұрт  ынта-жігерінің  енжарлығы  сол  сепкен 
ұрықтың жемісі демегенде, не дейміз?!
Аурудан құлан-таза айығудың амалы – оның неден болғанын 
біліп,  соған  қарай  ем  қолдануда  екенін  «Қазақ»  қаламгерлері 
оқырмандарына  жиі  ескертеді.  Олай  десек,  кезінде  соқыр  сая-
сат  салдарынан  жөн-жосықсыз  жабылып  қалған  ұлттық  рухани 
бұлақтардың көзін ашып, шөліркеген жұртына сусынын қандыра 
қызмет етуіне мүмкіншілік туғызсақ, ел рухының тірілуіне септігін 
тигізерінен үмітсіз емеспіз, сеніміміз мол.
Еңбекті жазу барысында Алаш баспасөзінің, əсіресе «Қазақ» га-
зетінің тағдыр-тауқыметін, арғы-бергі тарихын тұтас қарастырып, 
күні бүгінге дейін белгісіз, айтылса да, жартыкеш баяндалып кел-
ген  бірсыпыра  мəселелерге  терең  зерттеу  жүргізуге  тырыстық. 
Атап  айтқанда,  апталықтың  шығу  тарихы,  шығарушылары  мен 
тұрақты  авторлары  жəне  жер-жерден  хабар-ошар  жазып  тұрған 
тілшілері туралы газет тігінділері мен мұрағат материалдары негі-
зінде шындық тұрғысында ғылыми пайымдаулар жасалынды. Бұ-
лардың əрқайсысы жеке-жеке тарата əңгімелеуді талап етеді.
Мұрағат материалдарына жүгінсек, Алаш азаматтары «Қазақ» 
газетін шығаруға сегіз жылдай дайындық жұмыстарын жүргізген-
дігі  байқалады.  Оған  сонау 1905 жылы  Қоянды  жəрмеңкесінде 
14500  адам  қол  қойған  Қарқаралы  петициясы  айқын  дəлел.  Сол 
арыз-тілекте  қазақ  тілінде  бейресми  газет  шығаруға  рұқсат  ету 


6
жөнінде патша үкіметінен арнайы талап етілген бап бар екендігі 
бұрыннан белгілі жай. Белгісіз болып келгені – халқымыздың азат-
тық жолындағы күрес тарихынан ойып тұрып орын алатын осынау 
наразылық құжатты Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов жəне Ж.Ақбаев 
сынды  ардақты  Алаш  азаматтары  ұйымдастырғаны.  Бұл  жөнінде 
Ə.Бөкейхановтың «Семипалатинский листок» газетінің 1905 жылғы 
8-желтоқсанда жарық көрген Ресей мемлекеті земскі жəне қалалық 
қоғам  қайраткерлерінің  съезінде  жасаған  баяндамасында  нақты 
мəліметтер келтірілген. Ендеше, кейіннен «Қазақ» қаламгерлерінің 
ұйытқысы болған тап осы топ сол кезден бастап-ақ жалпыұлттық 
газет шығару идеясының жетегінен ұстап, соны жүзеге асыру жо-
лында көп ізденісте болған деуімізге толық негіз бар.
Кітапта  ұлттық  бейресми  баспасөзіміздің  қалыптасып,  даму 
дəуірінен  біраз  мағлұматтар  келтіріледі.  Оған  да  тегін  тоқталып 
отырғанымыз жоқ. Сол арқылы, біріншіден, «Қазақ» газетін басқа 
басылымдармен салыстыра қарастыруға қол жеткізсек, екіншіден, 
олардың арасындағы байланыстарды анықтауға мүмкіншілік туды. 
Мəселен, «Серке»  газетінің  тарихынан  қысқаша  мəлімет  келтіре 
отырып, оның «Қазаққа» қатысты жоқ еместігін дəлелдей түстік. 
Алғашқы басылымда тырнақалды туындылары жарияланған көр-
некті қайраткер М.Дулатовтың журналистік-редакторлық қызметі 
кейіннен  «Қазақта»  жалғасын  табатындығы  соның  бірден-бір 
кепілі.  Ендеше  бұл  екі  басылымды  идеялас,  бір  мақсатта  жарық 
көрген, егіз газеттер деп қарастырсақ, негізсіз болып шықпайды. 
Олай десек, ұлттық бейресми баспасөзіміздің алғашқы қарлығашы 
саналатын  «Серке»  газетін  «Қазақтың»  ізашары,  алғашқы  үлгісі 
деп бағалаған лəзім.
Еңбекте «Қазақ» газетінің қаржыландырылу көздері туралы осы 
күнге дейін айтылып келген кейбір пікірлердің шындыққа қайшы 
екендігі дəлелденді. Газет жарияланымдары мен мұрағат материал-
дары негізінде апталықтың үш түрлі жолмен қаржыландырылғаны 
алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр. Біріншісі əрі негіз-
гісі – газетті  жаздырып  алушылардан  түскен  қаражат.  Екінші-
сі – басылымда жарияланып тұрған жарнамалардың төлем ақысы. 
Үшіншісі – апталық жанынан құрылған «Азамат» серіктігі мүше-
лерінің жарналарынан құралған сома. Соңғысы, негізінен, «Қазақ» 
баспаханасын  сатып  алуға  жұмсалынған.  Бұлардан  бөлек  газет 
ерекше қиыншылыққа ұшыраған кездері, дəлірек айтсақ, бірінші 
дүниежүзілік соғыстың басталуымен ел əл-ауқатының күрт нашар-
лап, нəрсе-қараның қымбаттауы себепті апталықты жаздырып алу-


7
шылар қатарының кемуімен байланысты жеке кісілер тарапынан 
да жəрдемпұл жиналып, кəдеге жаратылып отырғанын айта кету 
керек.  Бірақ,  ондай  жанашыр  адамдардың  тізімі  газетте  міндетті 
түрде жарияланып, қосқан қаржылай көмектері қайда пайдаланы-
лып  жатқандығы  туралы  үнемі  есеп  беріліп  тұрғанын  да  ескер-
ген жөн. Ендеше «Қазаққа» кімдер қандай көмек көрсетті, қанша 
қаржы бөлді деген даулы сұрақтарға газет тігінділерінің материал-
дары жауап береді деген сөз. Оған еңбекті жазу барысында толық 
көз жеткізіп, кейбір зерттеушілер айтып жүргендей, апталық жеке 
байлардың идеясы негізінде, солардың құрылтайшылық етуімен, 
яғни  қаржысымен  жарық  көрмегеніне  көз  жетті,  ол  халықтың 
қолдауымен,  соған  арқа  сүйеген  Алаш  азаматтарының  жанкешті 
еңбектері мен жоқтан бар жасай білген шебер ұйымдастырушылық 
қабілеттерінің арқасында дүниеге келіп, үздіксіз шығып тұрғаны 
нақты деректермен дəлелденеді.
Газеттің  шығарушылары  мен  тұрақты  авторлары  турасында  да 
осы  күнге  дейін  беймəлім  болып  келген  біраз  шындықтың  пер-
десі түріледі. Басы ашық мəселе, апталықтың алғашқы дайынды-
ғынан  бастап,  алты  жылға  таяу  ғұмырында  ыстық-суығына  бір-
дей қарылған, бар жауапкершілігін мойындарына алып, түгел  қиын-
шылығын  көтерген,  ең  алдымен,  Ə.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов 
жəне  М.Дулатов  сынды  Алаш  ардақтыларының  үштігі  екендігі 
талас  туғызбайды.  Осы  күнге  дейін  ғылыми  айналымда  болып 
келген,  бірі  Семей  түрмесінде  жатқандықтан,  екіншісі  Самараға 
жер  аударылғандықтан  М.Дулатов  пен  Ə.Бөкейханов  газеттің 
алғашқы  дайындық  жұмыстарына  қатыса  алмады  деген  пікірдің 
шындыққа қайшы келетіндігі дəлелденіп отыр. Əсіресе, көрнекті 
қалам  қайраткері  М.Дулатовтың  «Қазақтағы»  басшылық  жəне 
шығармашылық  қызметі  жөнінде  терең  зерттеу  жүргізу  арқылы 
ол  анықтала  түсті.  Алаш  арысының  «Қазаққа»  сіңірген  еңбегі 
жеке алып қарастырылуы дұрыс тандау болды. Нəтижесінде апта-
лық  табалдырығын  шəкірт  болып  емес,  белді  жетекшісі  ретінде 
аттаған,  қаламы  ұшқыр,  ойы  жүйрік  журналистің  осынау  қыз-
меті А.Байтұрсынов пен Ə.Бөкейхановтың газетке сіңірген еңбек-
терімен қатар қойылып бағалану керектігі нақтылана түсті.
Сонымен қоса, апталықтың соңғы үш нөміріне редакторы ре-
тінде  қол  қойған,  басылымда  бай  шығармашылық  мұрасымен  із 
қалдырған, газеттің бүгінге дейін беймəлім болып келген көрнекті 
өкілдерінің бірі – Жанұзақ Жəнібекұлының журналистік қызметі 
жөнінде алғаш зерттеу жүргізілуі де, сондай-ақ, «Қазақтың» тұрақ-


8
ты авторлары туралы толымды мағлұматтар беріліп, жер-жерден 
хат-хабар жазып тұрған тілшілерінің аты-жөндері мен туындыла-
рынан мəлімет келтірілуі де еңбектің құндылығын арттыра түсетін 
тұс деп білеміз.
«Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан?» деген бөлімде, аты ай-
тып тұрғандай, ХХ ғасыр басында ұлттық сана ұйытқысы болған 
қос  басылым  арасында  туындаған  түрлі  пікірталас  тақырыбы 
бүгінгі уақыт талабына сай жаңаша зерттелініп, зерделенеді. Оған 
мұрағат  деректері  мен  газет-журнал  тігінділері  материалдарын 
негізге ала отырып, объективті түрде баға беруге көп көңіл бөлінді. 
Атап  айтсақ,  екі  басылым  арасында  айтыс  туғызған  мəселелер 
жер  жөнінде,  яғни  отырықшылық  пен  көшпенділік  норма  ту-
расында,  бас  қосу  хақында  жəне  қазақ  жазуын  қалыптастыруға 
қатысты түрлі көзқарастарынан туындағаны айқындалды. Мұның 
өзі XX ғасырдың  басындағы  қазақ  қоғамының  қаншалықты 
күрделі  болғандығын  түсініп,  біліп,  сол  кезеңдегі  ең  көкейтесті 
мəселелердің  баспасөзде  қалай  көрініс  тапқанын  толық  тануға 
мүмкіншілік берді.
Сондай-ақ, «Қазақ» газеті материалдары негізінде қазақ зиялы-
ларының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі ұстаған ба-
ғыттары  мен  мақсат-мұраттары  жəне  атқарған  қызметтері  кітап-
тың «Он алтының ойраны» бөлімінде жан-жақты талданатынына 
оқырман назарын аудартқымыз келеді.
Айрықша тоқталуды қажет ететіні, жоғарыдағы мəселелердің 
қай-қайсысын  қарастырған  кезде  де  оның  тарихи  мəнімен  бірге 
жазба  əдебиетімізге,  соның  ішінде  ұлттық  журналистикамыздың 
дамуына  қосқан  үлесі  мен  рөлін  анықтауға  ерекше  көңіл  бөлі-
ніп отырды. Соның нөтижесінде «Қазақ» газетінің жанрлық жаңа-
лықтары, сөз саптау мəнері, оның бүгінгі қаламгерлерге үлгі болар-
лық өнегелі жақтары жан-жақты сөз болып, еңбектің мамандыққа 
қатысты құндылықтарын айқындай түсті.
«Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні  болады»  демекші,  ойы-
мызды  қорыта  айтсақ, «Қазақ»  газетін XX ғасырдың  алғашқы 
жиырма жылындағы қазақ қоғамдық өмірінің шынайы шежіресі, 
ұлттық сананың ұйытқысы жəне жаңа үлгідегі қазақ баспасөзінің 
негізін  қалаған  энциклопедиялық  басылым  деп  бағалауға 
əбден  болады.  Сол  кезеңде  «Қазақтың»  жеті  өлшеп,  бір  пішер 
шешімінсіз,  басылым  басқармасының  жетекшілігінсіз  бірде-бір 
уақиға болмады десек, ол – соның дəлелі. «Аталы жұртымыздың, 
ауданды ұлтымыздың əруақты аты» өшпесін əрі «киргиз» болып 


9
шатаспасын  деген  мақсатта  «Қазақ»  деп  ат  қойған  газеттерінде 
Алаш  азаматтары  «бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығара» 
халқының қамы үшін аянбай қызмет етті. Олардың «білекті бірді, 
білімді мыңды жығады» деген аталы сөзді алдарына тұтып, бақша 
баққан  бағбандай,  тер  төге  еткен  еңбектері  зая  да  кеткен  жоқ. 
«Қазаққа»  деген  игілік  нəрсені  енгізу  жолында»  қызмет  еткен, 
«Сырттан жамандық болса, күзетші орнына жұмсалған» газет өз 
заманында халықты қараңғылық қамауынан адастырмай жарыққа 
алып  шыққан  бағдаршам  дəрежесіне  көтерілді.  Оған  халқымен 
қауышуды  күтіп,  мұрағаттарда  сарғайған  газет  тігінділерінің  кез 
келген  бетін  тілге  тиек  ету  арқылы  көз  жеткізу  аса  қиын  емес. 
Олардың  əрқайсысы  тарихымызды  «ақтаңдақтардан»  арылтып, 
ұлт руханиятының алтынмен жазылар бір-бір парағы болуға əбден 
лайық. 
Əрине, бұдан «Қазақ» тек тарихымызды танып білу үшін ғана 
керек басылым екен деген ұғым тумауы керек. Оның бай мұрасынан 
бүгінгі  тірлігімізбен  үндес,  əлі  де  қоғамдық  мəн-маңызын  жой-
маған  көптеген  дүниелерді  кездестіруге  болады.  Олардың  ішін-
де  ел  егемендігінің  іргетасы  қаланып  жатқан  бүгінгідей  алма-
ғайып  заманда  жолсыздан  адаспай,  өз  соқпағымызды  тауып  жүріп 
кетуімізге жол көрсетіп, ақыл қосатын құндылары да көп. Сөзіміз 
жансыз еместігін білдіру үшін бір ғана мысал келтірейік. Газеттің 
1917  жылғы 226-санында  «Ел  еркі  өзінде»  деген  бас  мақала 
жарияланған.  Авторы  көрсетілмесе  де,  сөз  саптау  мəнеріне  қа-
рап,  мақаланың  М.Дулатов  қаламынан  туғандығын  айыруға  бо-
лады.  Онда  айтылар  ойдың  бүгінгі  күнмен  үндес,  əлі  де  құнын 
жоймағандығын дəлелдеу үшін мақаланың өзін сөйлетіп көрейік: 
«Хакімдердің айдауынан, хакімдердің түрткісінен басқа түк көр-
меген біздің қазақ не берсе, хакім береді, не істесе, хакім істейді 
деп мұрнын тескен тайлақтай жетекшіл болып қалған. Əлі де болса 
əркімнің жетелеуіне қараса, онда бостаншылықтың игілігін дұрыс 
көре алмайды. Өз тіршілігін өзі істеп, өз шаруасын өзі жөндеп, өз 
күнін əркім өзі көрген сияқты бостаншылық болған соң əр жұрт 
өзіне керек істің бəрін өзі істеу керек». 
Міне, Алаш азаматының халқына арнау сөзі, артында қалдыр-
ған аманаты. «Айтылған айтқан жерде, жазылған жазған жерде құр 
сөз күйінде қалып, іс жүзінде көрінбесе, онан түк өнбейді». Осы-
ны жадымызда ұстап, «бұл бостаншылық – көп жұрттың ер жетіп, 
іс  білген-білмегеніне  емтихан»  екенін  ұмытпаған  жөн  шығар. 
Ал  «жібекті  ұстай  алмаған  жүн  етеді»  дегендей,  ұстай  білмесек, 


10
жақсы  нəрсе  жаманға  айналуы  оп-оңай  екенін  естен  шығаруға, 
əсте де, болмайды.
Елбасының 2013 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елі-
мізді бəсекеге қабілетті дамыған отыз елдің қатарына қосу идеясы 
көтеріліп, оны жүзеге асырудың нақты жолдары белгіленіп берілді. 
Бəсекеге  қабілеттілік  еліміздің  саяси-экономикалық  жағынан 
ғана  емес,  рухани,  мəдени  өсуімен  де  қамтамасыз  етілуі  тиістігі 
өзінен-өзі түсінікті. Осы орайда, ХХ ғасыр басында халқымыздың 
азаттығы  жолындағы  ұлы  күресте  қаламын  қару  еткен  Алаш 
зиялыларының ой-толғамдары ұлттың бəсекеге қабілеттілігін арт-
тыру  идеясымен  өзектес  екенін  есте  ұстағанымыз  жөн. «Білекті 
бірді,  білімді  мыңды  жығатын»  уақыт  туғанын  ұққан  Алаш  кө-
семдері  заманына  қарай  амалын  іздестіріп,  емге  дауа  ретінде 
Абай  жолын  қазақ  даласына  біржола  орнықтыруға  ұмтылғанын 
ұмытпауымыз  керек.  Ол – білім,  ғылым,  өнер  жолы.  Бұл  ретте 
Елбасының  бəсекеге  қабілеттілікті  арттыру  жолында  білім  мен 
ғылымды дамытуға аса мəн беріп отырғанын Алаш зиялыларының 
дүниетаным,  көзқарастарымен  біртұтас  байланыста  қарастыруға 
болады.
Өкінішке  қарай,  Кеңес  дəуірі  кезінде  Алаш  көсемдерінің  ұлт 
мұраты  жолындағы  ұлы  идеялары  əдейі  ұрпақ  санасынан  жуы-
лып-шайылып, біржола өшірілуі үшін ұмыт қалдырылып, құнды 
мұралары қолданыстан мақсатты шығарылып тасталғаны белгілі. 
Оған еліміз тəуелсіздігін алғаннан кейін ғана қолымыз жете баста-
ды.  Алайда  өтпелі  кезеңнің  қиындықтары  кесе-көлденең  тұрып, 
көп іс атқарылмай қалды. Алаш зиялыларының құнды мұралары, 
соның  ішінде  мерзімді  баспасөзде  жарық  көрген  бүгінгі  күнмен 
өзектес  көсемсөздері  толық  жинақталып,  жүйеленіп,  талданып, 
жариялануы тиіс  еді. Рас,  бұл  бағытта  ішінара жұмыстар  жүзеге 
асырылғанын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, ол тым жеткіліксіз 
екенін  айтуға  тиістіміз.  Оған  төмендегі  дəлелдермен  айқын  көз 
жеткізе аламыз.
«Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»  газеті  жарияланымдары 
іріктеліп  бір-бір  кітап  болып  шығуы  еліміз  рухани  өмірінде, 
отандық  қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдар  саласы  үшін  қандай 
олжа болғанын көзіқарақты оқырман жақсы біледі. Олардан қан-
шама  ғалымдар  өз  тақырыптары  бойынша  құнды  мəліметтер 
алып,  отандық  ғылым  көкжиегін  кеңейтуге  пайдаланғаны  дə-
лелдеуді қажет етпейді. Ал сол кітаптар аталған басылымдар жа-
рияланымдарының үштен бірін ғана қамтығанын екінің бірі біле 


11
бермейді. Ол газет-журнал тігінділерін түгендеген де кісі жоқ. Сол 
үшін де отандық жəне шетел мұрағаттарынан шарқ ұрып іздестіру 
жұмыстарын жалғастыру ауадай қажет. Бұл да күн құрғатпай қолға 
алуды тіленіп тұрған мəселе. Олай етпесек, тозып, жоғалып кету 
салдарынан  құнды  жəдігерлерімізден  біржола  айырылып  қалу 
қаупі айқын сезіледі. Осындай тынымсыз ізденістің нəтижесінде 
аталған  басылымдар  жарияланымдарының  қосымша  жинағын 
шығару – күн құрғатпай қолға алуды күтіп тұрған өзекті мəселе. 
Мұндай тез арада жарыққа шығаруды тіленіп тұрған басылым жа-
рияланымдары жеткілікті. 
Қазақтың  жалпыұлттық  демократиялық  бағыттағы  төл  басы-
лымдары – «Қазақ газеті», «Серке» газеттерінің еліміздің мəдениет 
тарихындағы, өркениет көшіндегі орны орасан зор екеніне ешкім 
дау туғыза алмайды. Бірақ, сол аса құнды жəдігерлеріміздің түп-
нұсқасын іздеген кісі жоқ.
Еліміздің жəне шетелдердің архивтерінен там-тұмдап жинап, араб 
əліпбиіндегі  мəтіндерін  қазіргі  жазуымызбен  сөйлетіп,  ғылыми 
айналымға енгізу – аса зəру міндет екені талас туғызбайды. Екінің 
бірінің қолы жете бермейтіндіктен, оны жүзеге асырмай, ұлттық 
идеяның мазмұны мен құрылымын байыта түсетін аса құнды жəді-
герлеріміз ел игілігінен тыс қалып қоя ма деген қаупіміз бар. Оған 
жол  бермеу  үшін  аталған  іс-шараларды  күн  құрғатпай  қолға  алу 
аса қажет деп есептейміз.
Сонымен бірге, Алаш көсемдерінің өнегелі өмірлерін, шығар-
машылық шеберліктерін жан-жақты ашып көрсететін ғылыми ең-
бектер  жазу,  белгілі  бір  тақырыптағы  құнды  мұралары  негізінде 
хрестоматиялық  оқулықтар  даярлау,  олардың  басылып  шығып, 
оқырман сұранысын қанағаттандыруын құнттау міндеті тұр алды-
мызда.
Алаш көсемдерінің мерзімді баспасөз беттерінде, түрлі ғылы-
ми басылымдарда жарияланған құнды мұраларында ұлттың бəсе-
кеге қабілеттігін арттыру идеясы жинақталған. Соны ғылыми ай-
налымға енгізу, зердеге тоқып, ұрпақ санасына сіңіру уақыт тала-
бы деп білеміз.
Жаһандану кезеңінде Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық, 
саяси жəне рухани-мəдени тұрақты дамуының ұлттық моделін жа-
сауда сөзсіз ескерілуге тиіс сөз өнерінің көркем əдебиетпен тығыз 
байланысты салмақты бір саласы – қазақ көсемсөзінің Алаш пуб-
лицистикасы атты нақты бір кезеңіне терең зерттеу жүргізу қоғам-
дық мəн-мазмұнымен маңызды. 


12
Алаш публицистері араласпаған мəселе, олардың еңбектерінде 
қамтылмаған тақырып жоқ десек, артық айтқандық болмайды. Бір 
сүйсінерлігі  жəне  өнеге  алуға  болатындығы,  не  туралы  жазса  да 
ұлттық мүдде бірінші орынға қойылады. Ұлт саясаты, ұлт эконо-
микасы, ұлт идеологиясы: тілі, ділі, діні, ұлт өнері мəселелері ту-
ралы ой-толғам, пікірталас, көзқарастары бүгінгі күнмен өзектес, 
өміршеңдігімен  ерекшеленеді.  Мəселені  көтеріп  қана  қоймай, 
оны жүзеге асыруға ұйытқы бола білулерінде де үлгі, өнеге мол. 
Кезінде қазақ жастарын жаппай оқуға ұмтылдырып, білім-ғылым 
жолына салып, өнер үйренуге жетелеген алаш көсемсөзінің негізгі 
мұраты – ұлттың бəсекеге қабілеттілігін арттыру идеясы болғаны 
дəлелдеуді қажет етпейді. Ол өз жемісін бергені де белгілі. Қаныш 
Сəтбаев, Əлкей Марғұлан, Мұхтар Əуезов, т.б. əлем мойындаған 
таланттардың ғылым, өнер көгіне көтерілуі, зердеге тоқып қараса-
ңыз, сөзіміздің жаны бар екенінен сыр шертеді. Бұл жөнінде Мұхтар 
Əуезовтің өзі былай деп нақты жазады: «Қазақ» газетінің сүтін еміп 
өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс 
майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ахаң салған өрнекті 
біліп, Ахаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығынан жаңа 
аттап,  ішіне  жаңа  кіріп  жатыр».  Бұдан  түйетініміз,  Алаш  публи-
цистикасы мектеп болып қалыптасып, қазақ жастарының рухани 
өсіп, кемелденуіне негіз болғандығы айдай анық. Өкінішке қарай, 
кешегі кеңестік тоталитарлық қоғамда сол мектептің есігі тарс жа-
былып, бітеулі болды. Тек ел тəуелсіздігі жария етілгеннен кейін 
ғана Алаш азаматтары ілімі негізінен ішінара сусындауға қолымыз 
жете бастады. Ендігі жерде сол асыл қазынамызды ұрпақ қажетіне 
толық жарату аса көкейтесті мəселе деп білеміз.
Алаш публицистері ұлт азаттығы, қазақ елінің бостандығы жо-
лында қаламды қару етіп, ұлы күрестің көрігін қыздырды. Өздерінің 
от  жалынды  шығармалары  арқылы  ұлт  рухын  тірілтті,  қалың 
ұйқыдағы ұлттық сананы сілкіп оятты, жас ұрпақты білім, ғылым, 
өнер жолына бастап, рухани өрлеу даңғылын айқындап берді.
Қазақ  даласында  Абай  мектебін  қалыптастырған – Алаш 
публицистикасы.  Сол  мектептің  үздік  шəкірті  М.Əуезовтің 
шығармашылық  ізденісіне  негіз  болған,  ұлы  суреткерлік  жолға 
жетелеген – Алаш мектебі. Бұл жай айтыла салған сөз емес, жүйелі 
негізі  бар  ғылыми  қағида.  Ендеше,  Кеңес  дəуірі  кезінде  саяси, 
идеологиялық мақсатпен əдейі жабылған Алаш мектебінің есігін 
айқара  ашып,  бай  қазынасын  ел  мұратына  жарату  көкейтестілігі 
ешқандай  талас  тудырмауы  керек.  Əсіресе,  бүгінгідей  ұлттың 


13
бəсекеге  қабілеттігін  арттыру  идеясы  өзекжарды  болып  тұрған 
уақытта сол идеяның қайнар көзі есебінде де зəрулігі айшықтала 
түседі.
Бүгінгі таңда журналистика мен публицистиканың теориялық, 
тəжірибелік,  ғылыми-əдістемелік  мəселелері  сындарлы  түрде 
қайта талқыдан өткізуді қажет етеді. Кешегі кеңес дəуіріндегі көп-
теген  қағидалар  қазір  жарамсыз  болып  қалды.  Жаңа  теориялық 
ілімдер туа қойған жоқ. Шет елдер ғалымдарының ғылыми тұжы-
рымдарын ешқандай електен өткізбей, көшіріп қажетімізге жара-
ту тəуелсіз еліміздің рухани əлеміне кейде қайшы келіп жатады. 
Сондықтан  оған  бой  үйрете  беру  қауіпті.  Көзсіз  еліктеу  түбі – 
өкініш. Алаш публицистикасы – қазақ көсемсөзінің діңгегі. Алаш 
баспасөзі – қазіргі Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарына үлгі. 
Осыны теориялық жағынан тарата талдау, дəйекті тұжырым түю, 
дəлелді байламдар жасау – уақыт талабы.
Алаш публицистикасын тарата талдау, ең алдымен, қазақ кө-
семсөзінің  табиғатын  ашуға  мүмкіндік  береді.  Ол  өз  кезегінде 
қоғамдық  пікір  тұтқасын  қолында  ұстаған  ел  игі  жақсыларына 
дұрыс шешім жасау үшін бағыт-бағдар бола алады. БАҚ қызмет-
керлеріне  бағдаршам  міндетін  атқарады.  Болашақ  журналис-
тер  даярлайтын  жоғары  оқу  орындары  профессор-оқушылары 
үшін  аса  қат  оқу-əдістемелік  құралға  айналады.  Сонымен  бірге, 
Алаш  публицистикасының  тек  журналистер  мен  көркем  əдебиет 
өкілдеріне ғана емес, қазақ ғылымының басқа салалары маманда-
рына да берері мол. Қарапайым оқырманға рухани азық ретінде де 
тигізер пайдасы орасан зор.
Сонымен  бірге,  ел  тарихында  айшықты  орын  алатын  Алаш 
қозғалысы  кезеңін  зерттеуде  ХХ  ғасыр  басында  жарық  көрген 
қазақ баспасөзі мен көсемсөзінің рөлін ешбір ғалым жоққа шығара 
алмайды.  Солай  бола  тұра  салиқалы  жиындарда  Алаш  баспасөзі 
мен  ондағы  көсемсөздің  мəн-маңызын  бағалау  жағы  қалыс  қала 
беретіні түсініксіз. Ал, шын мəнінде, қазақ көсемсөзінің тегеурінді 
күшінсіз Алаш қозғалысы соншалықты кең ауқымды тарихи нəти-
желерге  қол  жеткізе  алар  ма  еді?  Əрине,  жоқ.  Біз  бұлай  дегенде 
Алаш қозғалысы мен Алаш көсемсөзін таразының екі басына са-
лып, қайсысының салмағы артық екенін өлшеп-пішуден аулақпыз, 
керісінше, бірін екіншісінен ажыратуға болмайтын бір бүтін құбы-
лыс екеніне көз жеткізу мұратын көздеп отырмыз.
Алаш қозғалысын зерттеуші ғалымдар оның тарихы 1905 жылғы 
қазақ даласының түкпір-түкпірінен Ресей патшалығы озбырлығына 


14
қарсы жазылған арыз-тілектен (петициядан) бастау алатындығына 
тоқталады.  Мəселен,  алаштанушы  ғалым  М.Қойгелдиев  өзінің 
«Алаш қозғалысы» атты тарихи еңбегінде осы тұжырымды сол  қоз-
ғалыстың  басы-қасында  болған  Алаш  зиялыларының  көсемсөз-
деріне жүгіне отырып, дəлелді түрде дəйектейді. «Ұлттық интел-
лигенцияның дербес саяси күш ретінде белсенді қоғамдық күрес-
ке  араласуы 1905 жылдан  басталады», – деп  жазады  аталған  ең-
бегінде  көрнекті  тарихшы  ғалым. – Ол  жөнінде  Ə.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов,  Х.Досмұхамедов,  Х.Ғаббасов  сияқты  қайраткер-
лердің  кезінде  айтқан  пікірлерін  келтіруге  болады.  Бірақ  біз  бұл 
мəселенің дау туғызбайтын шындық екендігін ескере отырып, тек 
М.Дулатовтың  айтқан  пікірімен  шектелуді  жөн  көрдік.  Ол  «Қа-
зақ»  газетінде 1913 жылы  былай  деп  жазған  еді: «1905 жылдан 
бері біздің қазақ жұрты да бас пайдасын қолға ала бастады. Сол 
бостандық  жылдарында  Семей  облысының  оқыған  басшылары 
көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдік пен жөн-жоба көрсеткені 
үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары сенімсіз 
болып қалды».
1
Осы  тарихи  тұжырымын  көрнекті  ғалым  аталған  кітабының 
екінші  парағында  бұлтартпас  деректермен  тапжылмастай  етіп 
шегелейді. «Сонымен, 1905 жыл  қазақ  азаттық  қозғалысының 
өрлеу, жаңа сапаға көтерілу кезеңін бастап берді, ал саяси күрес 
болса, ең алдымен, патшаға, орталық билікке петиция жазып тап-
сыру түрінде көрінді. Отарлық тəуелдіктегі қазақ елінің мұқтажын 
білдірген арыз-тілектер батыста Оралда, орталықта Қарқаралыда, 
оңтүстік-шығыста  Жетісуда,  басқаша  айтқанда,  кең  қазақ  дала-
сының барлық аймақтарында жазылды. Жетісу облысы Лепсі уезі 
қазақтары  дайындаған  петицияға 1000 адам
2
,  арнайы  делегация 
арқылы Петербургтегі үкімет орындарына тапсырылған Орал жə-
не Торғай облыстары қазақтары жазған петицияға 44 адам
3
, ал бел-
гілі Қоянды жəрмеңкесінде өмірге келген Қарқаралы петициясына 
14,5 мың адам
4
 қол қойған еді».
5
1
 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы: – Алматы: Санат, 1995, 92 б.;
2
 Тынышпаев М. История казахского народа. – Алма – Ата, 1993, стр. 27;
3
  Қараңыз: 1905 жылы  Орал  һəм  Торғай  облысының  Петерборға  де-
путат  болып  барған  изгу  ишанларының  һəм  биларының,  дин  һəм  жер 
туғрасындағы һəр министрларға ұсынған сузларидур. – Орал: К.М. Тух-
ватуллин баспасы, 1905, 28-30 б., 42-43 б.;
4
 Брайнин С., Шафиро Ш. Очерки по истории Алаш – Орды. – Алма – 
Ата – Москва, 1935, стр. 96;
5
 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы: – Алматы: Санат, 1995, 94-96 бб.;


15
Жоғарыда келтірілген дерек, дəйектерге жүгінер болсақ, қазақ 
зиялыларының басшылығымен пəрмен алған Алаш қозғалысы Ре-
сей патша үкіметінің зорлық-зомбылығын əшкерелеген петиция-
лардан  бастау  алатынына  көз  жеткіземіз.  Бұлай  дегенде,  аталған 
арыз-тілектердің тарихи мəн-маңызын айқындау қаншалықты қа-
жетті болса, олардың жазылу ерекшеліктерін, басқаша айтқанда, 
шығармашылық  болмысын,  яғни  жанрлық,  пішіндік  табиғатын 
айқындау  да  соншалықты  құнды.  Өйткені,  сонда  ғана  ұлтымыз 
үшін теңдесі жоқ жауһар жəдігердің қымбат бағасы толық берілері 
хақ.
Осы орайда, ғылыми талдау желісін жаңа арнаға бұрып, мəселе 
мəнісін терең аңдатуға қам жасап көрейік. Тарих ғылымы секілді 
кешегі кеңестік тоталитарлық қоғамда публицистикатану ғылымы 
да  қағажу  көріп,  белгілі  бір  өлшемдер  аясынан  шықпай,  аяғы 
тұсалған  аттай,  қадамын  жаза  алмай,  тар  өріске  қамалып  келді. 
Оның  себебін  сұрасаңыз,  жауабымыз  дайын.  Белгілі  публици-
стикатанушы ұстазымыз, профессор Т.Амандосов: «Публицисти-
ка – өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауы – шындық»,
1
 – 
деген ой түйеді. Бұдан мынадай ғылыми тұжырым жасауға бола-
ды. «Публицистика арқауы – шындық» болғандықтан, оны зерт-
теу – қоғамдық  өмірдің  ақиқатын  ашумен  бірдей  деген  сөз.  Ал 
кешегі  кеңестік  əкімшілік-əміршілдік  жүйе  шындықтың  салта-
нат  құруына  пейілді  болмағандығын  тарихшы  қауымға  айтудың 
өзі артық. Осы себептен қазақ публицистикасына, əсіресе, Алаш 
публицистикасы  кезеңіне  объективті  түрде  жан-жақты  ғылыми 
талдау  жасап,  тарихи  бағасын  беру  мəселесі  жабулы  қазан  қал-
пында  қалып  келді.  Еліміз  егемендігін  алып,  сөз  жəне  баспасөз 
бостандығы  Ата  заңымызда  нақтыланғаннан  кейін  ғана  бұл  ба-
ғытта  тыңғылықты  зерттеулер  жүргізуге  қадамдар  жасала  баста-
ды.  Тыңға  түрен  салғандай  жаңа  ғылым  саласының  қордаланып 
қалған мəселелері біз күткендегіден əлдеқайда көп екені біртіндеп 
қылтиып бой көрсетіп келеді. Публицистиканың теориясына, əдіс-
темесіне, тарихына қатысты əлі анықталмаған, айқындалса да əлі 
көмескі,  кешенді  түрде  егжей-тегжейлі  зерттеуді  тіленіп  тұрған 
мəселелер жетіп артылады.
Осы жерде жоғарыда əңгіме өзегі болған Алаш қозғалысының 
бастау көзі болып табылатын кең-байтақ қазақ даласының əр өңі-
рінен  қалың  бұқара  қол  қойған  арыз-тілектер  жай-жапсарынан 
əңгіме өрбітсек, сөзіміздің жаны бар екеніне көзіңіз жете түседі. 
1
 Амандосов Т. Публицистика – дəуір үні. – Алматы, 1979, 7 б.


16
Біріншіден, тілге тиек еткен арыз-тілектер мəтіні осы күнге дейін 
толыққанды  қолымызға  тимей  келеді.  Қоянды  жəрмеңкесі  пети-
циясы мазмұнымен азды-көпті таныс болғанмен, 14500 адам қол 
қойған  түпнұсқасын  қолмен  ұстап,  көзбен  көрген  кісі  жоқ.  Ал, 
Орал, Жетісу жұртының арыз-тілектерінің мазмұнымен таныс та 
емеспіз.  Ал  олар  ұлттық  мұрағатымызда  көздің  қарашығындай 
сақталып  тұруға  тиісті  құнды  ұлттық  мұра  екендігіне  ешкімнің 
дауы болмауы керек. Ендігі жерде сол қымбат жəдігерлеріміздің 
түпнұсқасын Ресей мұрағаттарынан шарқ ұрып іздеп тауып, елі-
мізге алдырту елдігімізге сын болғалы тұр.
Екіншіден,  аталған  арыз-тілектердің  шығармашылық  табиға-
тын айқындау күн тəртібінде қала бермек. Біздіңше, олар – публи-
цистикалық өнер туындылары. Олай деуге публицистика туралы 
ғалымдар тұжырымдары тірек бола алады.
Халықаралық  терминдердің  қазақша  баламасын  жасауда  шаша-
сына шаң жұқтырмайтын шоқтығы биік тұлға Ахмет Байтұрсын-
ұлының  көсемсөз  деген  баламасы  «публицистика»  терминінің 
табиғатын  толық  ашып  бере  алады.  Көсемсөздің  алғашқы  анық-
тамасын берген ғұлама ғалым: «Көсем сөз əлеумет ісіне басшылық 
пікір  жүргізетін  сөз  болғандықтан  да  көсемсөз  деп  аталады.  Кө-
сем  сөз  кезіндегі  əлеуметке  керек  іске  мұрындық  болып  істеу 
ыждағатымен  айтылады.  Əлеуметтік,  шаруашылық,  қазыналық, 
мектептік, соттық, саясаттық, тағысын тағы сондай қоғамшылық 
істерін  түзету,  жаңалау,  өзгерту  керек  болған  кезінде  халықты 
соған  көсем  сөз  арқылы  ұйытып,  көбінің  миына  қондырып,  кө-
ңіліне  сіңіреді»,
1
 – деп  публицистика  табиғатынан  терең  сыр 
тарқатады.
А.Байтұрсынұлы  анықтамасын  негізге  алсақ,  əңгіме  өзегі  бо-
лып  отырған  арыз-тілектер  көсемсөз  жүгін  арқалайтындығына 
ешқандай  күмəніміз  қалмайды.  Публицистиканың  ішіндегі  эпис-
толярлық жанрдағы туындылар деп қорытынды жасауға əбден бо-
лады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келгенде, асылы, Алаш 
қозғалысы мəселелері көтерілген жерде Алаш баспасөзі мен Алаш 
көсемсөзіне  тоқталмай  өту  тарихқа  қиянат  болатынын  түсінетін 
мезгіл жетті. Тарихшыларымыз баспасөз жарияланымдарын құн-
ды  дереккөз  ретінде  пайдалану  үстінде  сол  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының  қоғамдық  мəн-маңызын  ашу,  ұлт  тарихындағы 
орнын  анықтау  жағын  ұмыт  қалдырмаса  екен  деген  тілегіміз 
1
 Байтұрсынов А. Шығармалары – Алматы: Жазушы, 1989, 223-224 бб. 


бар. Бұл қырынан келгенде тарихшы ғалымдармен бірігіп жүзеге 
асыруды  қажет  ететін  кезегін  күткен  мəселелер  шаш-етектен. 
Айталық,  қазан  төңкерісіне  дейін  жарық  көрген  қазақ  баспасөзі 
тігінділерін толық түгендеген күні бүгінге дейін тірі жан жоқ. Оны 
айтасыз, «Серке»  газеті  секілді  ұлттық  баспасөзіміздің  алғашқы 
қарлығаштарының түпнұсқасын қолмен ұстап, көзбен көрген ға-
лымды  біз  білмейді  екенбіз.  Ал  қолымыз  жетпей  жүрген  газет-
журнал  нөмірлерінде  құнды  деректердің  жарияланбағанына  кім 
кепіл?  Олай  екен,  алтыннан  да  бағалы  ұлттық  мұраларымызды 
түгел  жинақтамай  жанымыз  жай  таппауы  тиіс.  Жай  жинап  қана 
қоймай,  академиялық  кітап  етіп  құрастырып,  хрестоматиялық 
оқулық түрінде қалың оқырманға ұсыну, жүйелі ғылыми талдау-
лар негізінде құнды тұжырымдар жасау арқылы тарихтан бүгінгі 
ұрпақтың сабақ алуын қамтамасыз ету – ұлт болашағын ойлаған, 
еліне  қалтқысыз  қызмет  етемін  деген  ғалымдар  алдында  тұрған 
басты парыз.


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет