Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет28/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
АЛАШ БАСПАСӨЗІНДЕГІ 
ТЕРМИН МƏСЕЛЕЛЕРІ
Баспасөзге  артылар  міндеттердің  бірі – тіл  тағдырына, 
болашағына үн қосу, оның дамуына ықпал ету, «тіл – қару» 
деген ұстанымды жүзеге асыру. БАҚ жаңа сөз қолданыстарын 
таратып  қана  қоймайды,  оны  қалыптастыруда  да  маңызды 
рөл атқарады. 
1
 Сұбханбердина Ү., Дəуітов С., Сахов Қ. Қазақ газеті. – Алматы: Қазақ 
энциклопедиясы Бас   редакциясы 1998,  – 69-70 бб.


226
Тілдің толыққанды қызмет етуіне терминологиялық лек-
сиканың  дамуы  тікелей  əсер  етеді.  Терминология  мəселесі 
тілші-ғалымдардың  ғана  шешетін  мəселесі  деп  біржақты 
қарауға болмайтыны анық. Бұл саланы жетілдіру жұмысына 
тілші-ғалымдармен бірге түрлі ғылым саласының маманда-
ры, аудармашы, қаламгерлермен бірге БАҚ өкілдері де ат-
салысуда. 
Тіл  мəселелерін  шешу  тақырыбы  қазақ  баспасөзі  пайда 
болған  кезден  бері  күн  тəртібінен  түскен  емес.  Тіл  бола-
шағына алаңдамаған, тіл тақырыбын айналып өткен бірде-
бір басылым жоқ десе де болады. Алғаш жарық көрген ба-
сылымдарымыздың  бірі  «Дала  уалаятының  газетінде»  жа-
рияланған  Асылқожа  Құрманбаевтың  мақаласында: «Тіл 
қай халықтың болса да ғылым мен өнерге жетілуіне қажетті 
ең күшті құралдардың бірі болып табылады. Тек өзінің тілін 
таза сақтай білген жəне дамыта білген халық қана жарқын 
болашағынан  үміт  күте  алады  жəне  құрметке  бөленеді», – 
деп  тіл  мəселесіне  айрықша  маңыз  берілуі – соның  нақты 
дəлелі. 
Қазақ тілінің əлеуметтік өмірдегі қолданылу аясы кеңей-
генін  тілдік  айналымда  жұмсала  бастаған  терминдерден 
де  көруге  болады.  Қоғамда  болған  келелі  өзгерістер  тер-
минология  саласына  үлкен  міндеттер  жүктеп  отыр.  Қазақ 
тілі мемлекеттік тіл тұғырына көтерілгелі оның қолданылу 
ауқымы да кеңейе түсуде. Тілдің шын мəнінде ғылым тіліне 
айналуы үшін түрлі саладағы орыс тілінен, орыс тілі арқылы 
енген  шетелдік  терминдерді  қазақыландыру,  балама  табу 
сияқты  күрделі  істер  атқарылуда.  Бұл  тілдің  өміршеңдігін 
қамтамасыз ететін шаралардың бірі болып табылады.
Бүгінгі  күні  де  терминология  мəселесі  мемлекеттік  тіл 
саясатының  маңызды  бір  саласы  ретінде  назар  аудартуда. 
Еліміз егемендігін алғалы бері ұлттық терминологиялық қор 
жасалу керектігі сөз болуда. Термин шығармашылығы жан-
данып, көптеген салалық терминологиялық сөздіктердің тү-
зілуі,  Мемлекеттік  терминкомның  «Терминологиялық  ха-
баршы» бюллетенінің шығуы бұл шараның өріс ала баста-
ғанын  көрсетеді.  Терминология  мəселесіне  арналған  дөң-


227
гелек үстелдер мен ғылыми конференциялардың, семинар-
лардың да біраз мəселені шешуге əсері тиюде. 
Ғылыми ұғымды білдіру – терминдердің негізгі қызметі. 
Қандай  да  болсын  ғылым  саласымен  тығыз  байланысты 
ұғымдар жүйесі – терминдерге берілетін анықтама алуан түрлі. 
Жалпы, «термин»  атауын  латыннан  қазақшаға  аударғанда 
«шек», «шекара»  деген  мағынаны  білдіреді  екен.  Рим  ми-
фологиясында «Термин – шекара құдайы» делінуі сонымен 
байланысты болса керек.
«Тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі мен термин 
мəселесі дұрыс шешілмей болмайды. Болмайтын себебі сол: 
өркендеп алға барған тілдің түрлі тарауының бəрі де сол ем-
ле, терминологиямен сабақтасады да отырады», – дейді қа-
зақ  тіл  білімінің  ғылыми-теориялық  негізін  қалаушылар-
дың бірі профессор Қ.Жұбанов.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, ХХ ға-
сырда  мейлінше  кең  өріс  алған  қазақ  баспасөзі  көптеген 
жаңа  сөздердің  жасалуына,  таралуына  жəрдемші  болумен 
қатар, олардың саралануына, жіктелуіне жетекші де болды. 
Сонымен  бірге  баспасөздің  жұртшылыққа  көп  тарауы  сол 
жаңа сөздердің жазу тілінен ауызекі тілге ауысуын, көшуін 
тездетті.  Шынында  да,  кез  келген  жаңа  сөздің  алғашында 
құлаққа  тосын,  көзге  қораш  болып  тұратыны  бар.  Алайда, 
тіл  нормаларынан  ауытқымай,  сауатты  жасалған  термин-
дер  уақыт  өте  келе  сөздік  қорымыздан  орын  алып,  сіңісіп 
кететіні жасырын емес.
ХХ  ғасырдың  басында  А.Байтұрсынов,  Х.Досмұхамед-
ұлы,  Н.Төреқұлов,  Ж.Күдерин,  Е.Омаров,  М.Дулатов, 
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. қазақ зиялылары қандай да 
бір ғылымды үйрену, ең алдымен, терминнен басталатынын 
жете түсінген. Олар түрлі сала бойынша оқу құралдары мен 
ғылыми,  ғылыми-көпшілік  еңбектер  жазып,  қазақ  терми-
нологиясын  шын  мəнінде  ұлттық  негізде  қалыптастыруға 
көп  үлес  қосқаны  белгілі.  Ал  бұдан  кейінгі  кезеңдерде, 
яғни  отызыншы  жылдардан  бастап  терминология  саласы 
кеңестік  тіл  саясатына  сəйкес  жүргізілгенін  көреміз.  Яғни, 
кеңес  халықтары  тілдерінің  терминологиясы  арасындағы 


228
айырмашылықтарды  мейлінше  азайту  қағидаты  негізге 
алынғаны белгілі.
Қазақ  баспасөзінің  алғашқы  қарлығаштары  «Түркістан 
уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» беттерінде 
ғылым мен техника жаңалықтары жайлы алғашқы деректер 
жарияланып  отырғандықтан,  қазақ  тілінде  термин  қалып-
тастыру осы басылымдардан бастау алған деуге толық негіз 
бар. 
«Түркістан  уалаятының  газеті»  шығарушылары  кірме 
ұғымдарды  халыққа  түсіндіру  мақсатында  қазақ  тіліндегі 
сөздерді  қолдану  арқылы  көптеген  терминдерді  аударып, 
мағынасын беруге тырысып бағады. Мысалы, поезды «темір 
арба»  деген  баламамен  береді  де,  оны  «ұзынша  келген, 
тұс-тұсында  əйнегі  бар  үйлер,  кейбірінің  ішінде  пеші  бар, 
жып-жылы болып тұрады, темір арбаға ат жекпейді, судың 
буының күшімен жүреді. Бір локомотив деген темір арбаның 
алдында  алып  жүретұғын  арбасы  болады»  деп  түсіндіреді. 
Түркістан  өлкесінде  тұңғыш  рет  ашылған  почта-телеграф 
қатынасы туралы хабарламада телеграф, оның қызметі жай-
лы мынадай мағлұмат беріледі: «2-ші май айында Түркістан 
уалаятында хабар алып тұратұғын телеграф деген сым темір 
қылмаққа рұқсат шықты». 
Термин  жасауда  аударманың  рөлі  айрықша,  ол  термин-
жасам көздерінің бірі ретінде бағаланады. «Түркістан уалая-
ты» газетінің материалдары негізінен аударма болғандықтан 
жаңа ұғымдарды көпшілікке түсіндіру, тарату, термин сөз-
дерге балама табуда газет шығарушылары үлкен ізденіс та-
нытқан.
Газетте баламасы əлі қалыптаспаған, түрлі нұсқада қол-
данылған  сөздер  көптеп  кездеседі.  Мысалы,  өнерпаз  сөзі 
бірде  «һөнарманд» – «білгіш  һөнарманд  адамдардың  ара-
сында арқансыз шарменен ең бұрын аспанға ұшып шыққан 
осы кісілер екен»; бірде «өнерман» – «өнерман осы күнде от 
арбасы жүріп, от кемесі жиырма күншілік жерді бір күнде 
алады» деп жазылады. Сондай-ақ, терминдік мəндегі сөздер 
бірде түпнұсқадағыдай жазылса, енді бірде фонетикалық өз-
герістерге ұшырап қолданылғанын көреміз: «Струой төренің 


229
Бұхарға барып келгенін бұрынғы казитте сөйлеп едік», не-
месе «...əртүрлі сөздер, ақпарлар жазылар бұл газет орысша-
дан басқа сартша, қазақтарға қазақша болып жазылар». 
Орыс  тілінен  енген  шетелдік  көбінесе  əскери-əкімшілік 
терминдер қазақ тілінің заңдылығына лайықталып алынған. 
Бұларға переводчик, полковник, помощник, совет, управление, 
титулярный советник, надворный советник, начальник, во-
енный, приговор сияқты көптеген терминдер жатады: «...пе-
рауотчик  Жүсіп  Қазыбек  баласын  Түркістан  жұртында  қа-
зақша жəне сартша газетті шығарушыға жəрдемші қылып»; 
«Қазан  жұрты  жиналып,  Богданоуич  деген  палкауникке 
көп  алда  разы  айтып,  сым  темірменен  қағаз  салды  депті»; 
«Уременной  саует  жəне  ордадағы  ушаскоуой  мекеме  жəне 
ставкадағы памсайский управление бұлар бəрі де біліпті».
Газетте  оқу,  білімнің  пайдасы  туралы  ағартушылықты 
насихаттайтын материалдармен бірге халыққа пайдалы ме-
дицина, ветеринария салаларынан да кеңестер беріліп оты-
рады. Осыларға қатысты дəрігер сөзі «дəрігер», «лоқылар», 
«тайып», «доктор»  сияқты  нұсқаларда  қолданылған.  Мы-
салы, «Дəрігерлер  келіп  қарап,  молда  Абдулланың  жара-
сы  тым-ақ  жаман  екен  депті»; «Лоқылардан  лұқсат  алып, 
сүйегін қорғасыннан қылған сандыққа салып, Хиуаға қарай 
алып  кетіп  бара  жатыр  екен»; «...тайыпке  қаратып,  ақыл 
сұрауға келген адам бірнеше айдың ішінде үш жүз кісі бо-
лыпты»; «Одан  соң  сұлтанды  Құлжа  қаласына  алып  келіп, 
дəрі  беріп,  есіне  келтіреміз  деп,  докторға  қаратып,  қанша 
қиналса да, ештеме қыла алмай, сөйтіп Əбіл ұғлы өтіпті».
Аурухана  сөзі  «Түркістан  уалаятының  газетінде»  ауру-
лар  қоятұғын  үй:  мысалы, «Піл  бағушыны  аурулар  қоя-
тұғын  үйге  апарып  қойыпты»;  немесе  аурулар  жататын 
үй:  мысалы, «Осы  соңғы  жолы  Самарқанд  барғанымда 
мұсылман  еркек,  ұрғашыдан  елу  кісі  үшін  жасалған  ау-
рулар  жатқан  үйді  көрдім»  сияқты  нұсқаларда  кездессе, 
«Дала уалаяты газетінде» аурухана сөзі бірде «кеселхана», 
бірде  «науқасхана»  түрінде  кездесіп  отырады: «Кеселха-
на  хисасында  да  қате,  өсек  сөздер  айтып  жария  қылады, 
науқастанған қазақтар кеселханаға барып жатса, тірі болып 


230
шықпайды  дейді»; «Қазақтар  бұл  өсек  сөздерге  иланып, 
науқасханаға барып жатпайды, яки қашан науқастары қатты 
болып  асқынғанда  ғана  келіп  науқасханаға  жатады».  Бұл 
мысалдардан  қазіргі  кездегі  əдеби  тілімізге  сіңісіп  кеткен 
аурухана сөзінің осы кеселхана, науқасхана сөздерін негізге 
алып, соның үлгісінде жасалғанын көруге болады. Ал ауру-
ды емдету, қаратуға байланысты сөздер «ауруды бақтыру», 
«ауруын дəрігерлерге бақтыру», «үшкіріп бақтыру» сияқты 
нұсқаларда  кездеседі: «Мұнан  бұрын  газеттерде  Хиуа 
ханының  диуанбегі  Мəтнияз  Петербор  қаласында  ауруын 
дəрігерлерге  бақтыруға  барып,  сол  жерде  өлді  деп  жазып 
едік»; «Ташкентте  ауруларды  үшкіріп  бағатын  бір  молда 
бар».
Шетелдік  терминдердің  дыбыстық  өзгеріске  ұшырап, 
икемделіп қолданылуы – барлық тілде кездесетін құбылыс. 
Тіліміздің  фонетикалық  заңдылықтарына  сəйкес  өзгеріске 
ұшыраған, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында бірыңғай 
қолданылып  жүрген  көптеген  сөздер  бар.  Олардың  қолда-
нылуы жайлы белгілі тілші-ғалым Ш.Сарыбаев былай дейді: 
«Терминдердің жазылу мəселесі де өз алдына бір проблема. 
Мұнда да кейбір ақпарат құралдары пошта, минөт, кілə, за-
уыт, т.б. кірме атауларды жазу ережелерімізге қайшы келетін, 
сөздерді айтылуынша, естілуінше жазу тəжірибесіне көшіп 
алды. Егерде біз осы үлгіні басшылыққа алып аутомат, уа-
гон, уелесипет, уалейбол деп жазатын болсақ, терминдерді 
қолдану берекетсіздігіне (анархияға) тап болып, жазу прин-
циптерімізден айрылып қаламыз». Бұл да əлі шешімін табу-
ды қажет ететін мəселелердің бірі.
«Түркістан уалаятының газетінде» жаратылыс құбылыс-
тарынан  түсініктер,  ғылым  жаңалықтарынан  хабарлама-
лар  да  беріліп  отырады.  Табиғат  құбылысы  жайлы: «Жер 
сілкінгенде  дүбірі  күншығыстан  күнбатысқа  қарай  кеткен-
дей  болып  көрінді»; «Жиырма  сегізінші  декабрьде  ерте-
менен  он  сағат  соғып,  жиырма  минут  өткен  соң  Ташкент-
те  жердің  қатты  тарс  етіп  қимылдағаны  естілді»  сияқты 
нұсқалар  кездеседі.  Ал  «Дала  уалаятының  газеті»  жер  сіл-
кінісін  былайша  түсіндіреді: «Һəмма  жердің  қабығының 


231
əртүрлі  теңселіп,  қозғалғанын  жердің  сілкінгені  деп  атай-
ды».  Бұдан  мынаны  байқауға  болады.  Жазудың  алғашқы 
кезеңінде сөйлем ұзақ, шұбалаңқы болып, кей сөздер бірін-
бірі қайталап, бірі жетпей, бірі артылып, айтар ойдың дəлдігі 
төмен болып жатады да, уақыт өте келе ой нақтыланып, сөз 
де ширай бастайды. Бір сөзбен айтқанда, жаңа сөздер туып, 
мағыналары айқындалып, тұрақтауы жазу əсерінен жылдам-
дай түсетіні байқалады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ қоғамы-
ның  əлеуметтік  жəне  əкімшілік  құрылысын  бейнелейтін, 
терминдік  мəнге  ие  болған  «əкім», «болыс», «ауылнай», 
«старшын», «майыр», «жандарал» сияқты орыс тілінен ен-
ген сөздер орын ала бастады. Заң термині де «Түркістан уа-
лаятының газетінде» жүйесіз қолданылған, бірде заң – «Заң 
бойынша жиырма ат ұстаса керек», бірде закон – «Құрама 
оязында  да  законнан  тысқары  қылған  іс  тақырыпты  пал-
кауник  Сауинков  Омар  Мыржұман  баласын  тергеуде  еді», 
бірде түпнұсқадағыдан фонетикалық өзгешелікте закүн деп 
жазылған: «Егерім, бұл жұртқа келген соң дұнғандардан бір 
бұзық  іс  шықса,  орыс  закүніменен  тергеліп  сұрасын».  Ал 
Шымкент уезінің тұрғыны Мəделіқожа деген ақынның Сыр-
дария облысының əскери губернаторы Кауфманның Хиуаға 
барғаны тақырыпты шығарған өлеңінде: «Хан бауында Кауф-
ман  бір  ай  жатты,  Қарайғанын  үйретіп  закүн-заңға»  деп 
қос  сөз  түрінде  берілген.  Сондай-ақ,  бір  сөйлемнің  өзінде 
қазақша-орысша қатар қолданылған нұсқалар да кездеседі: 
«Осы  копияны  алған  соң,  орыс  заңын  білмеген  кісілер 
амалсыздан,  закон  білген  кісілердің  алдына  барса  керек»; 
«Келмеген даугер мен жауапкерге келмегендері үшін айып, 
штраф салмайды». 
Ғалым С.Исаевтың «Қазақ мерзімді баспасөзі тілінің да-
муы» деген еңбегіндегі: «…Октябрь революциясына дейінгі 
мерзімді баспасөзде, жалпы жазба əдебиетте тіл құрылысы 
майданында екі түрлі бағыттың болғаны байқалады. Оның 
бірі – жазба тілде көне кітаби тіл дəстүрін барынша сақтап, 
оның  үстіне  араб,  иран  тілдерінің  элементтерін  мейлінше 
көбірек қолданып, əдеби тілдің аясын тарылтып, жазба тіл-


232
ді  штампқа  айналдыру  əрекетіндегі  бағыт  болса,  екінші 
оған  қарама-қайшы  əдеби  тілдің  өрісін  кеңейтуді  көздеп, 
тілге жаңа элементтерді кіргізуден қашпай, оның ішкі мүм-
кіндіктерін толық пайдаланумен бірге қажет деген жерде ше-
тел тілдеріндегі сөздерді батыл қолданып отырған бағыт», – 
деген ғылыми тұжырымымен əбден келісуге болады.
«Түркістан  уалаятының  газеті»  мен  «Дала  уалаятының 
газетінде»  кітаби  (шағатай)  тіл  элементтері  басым  бол-
ды. Ауызекі сөйлеу тілі мен жазу-сызудағы айырмашылық 
ағарту  ісіне  үлкен  қиындық  келтірді. «Дала  уалаятының 
газеті», «Айқап», «Қазақстан»,  т.б.  мерзімді  басылымдар 
мен кейбір баспа өнімдері тіліне халықтық тіл элементтері 
дендеп  ене  бастағанымен,  ескі  жазба  тілге  тəн  кейбір  нор-
малар  сақталып  отырды.  Оның  бірнеше  себептері  болды. 
Солардың  негізгілері  бір  жағынан  дінге,  екінші  жағынан, 
жазудағы ортақ дəстүрлі норманы сақтау дегенге саяды. 
«Түркістан  уалаятының  газеті»  мен  «Дала  уалаятының 
газетіне» «дербес  газет  дəрежесіне  жеткен  қазақ  тілінде 
шығарылған  басылымдар»  деп  жоғары  баға  берген  қазақ 
баспасөзі  тарихын  алғашқылардың  қатарында  зерттеген 
ғалым  Х.Бекхожин  өзінің  «Қазақ  баспасөзі  тарихының 
очеркі» атты тарихи еңбегінде: «Бұл газеттер патша үкіметі 
қойған  міндеттер  мен  мақсаттарға,  оның  отаршылдық  сая-
сатын  жүзеге  асыруға,  Қазақстанда  капиталистік  қатынас-
тарды  орнықтыруға  қызмет  еткенімен,  объективтілік  тұр-
ғыдан қарағанда, қазақтың тілі мен жазба əдебиетін қалып-
тастыруда,  ұлттық  мəдениеті  мен  экономикасының  тари-
хын жазу жөнінде белгілі дəрежеде айтарлықтай рөл атқар-
ды» деп қорытынды жасайды. 
Қазақ  баспасөзі  тарихындағы  алғашқы  басылым  «Түр-
кістан уалаятының газетінде» тіл мəселесіне арналған мақа-
лалар саны аз болды, өйткені оны көтеруге мүмкіндік бол-
мады.  Ал  «Дала  уалаятының  газеті»  бетінде  қазақ  тілінің 
сол  кездегі  хал-жағдайы,  оның  болашағы,  қазақ  жазуын 
жетілдіру  жолдары  сияқты  түбегейлі  мəселелер  көтеріліп, 
пікірталас ұйымдастырылып отырды. Тіл тазалығы мəселесі 
де  ең  бірінші  осы  басылымда  көтерілді.  Газеттің  тұрақты 


233
авторларының  бірі  Б.Əдікұлы 1888 жылы  басылымның 
23-нөмірінде жариялаған мақаласында: «Оқуға жақсы кітап-
тарды қазақша қылып, анық қазақ тілімен шығарса, халыққа 
пайдалы  болар  еді.  Бұл  уақытта  қазақ  араларында  оқылып 
жүрген кітаптар Қазанда һəм басқа шəһəрлерде басылған… 
қазақтарға онша анық емес, түрікше, ноғайша, сартша ара-
лас тілдермен жазылған», – деп тың мəселе көтереді. 
Тіл  тазалығына  қатысты  мəселе  көтерілуі  газет  тілінің, 
стилінің  жақсаруына  біршама  игі  əсерін  тигізді. «Дала  уа-
лаяты  газетін» 1894 жылғы 27-санында  жарық  көрген  ма-
қалада: «Өзге һəр түрлі керексіз тілдердің орнына қазақтың 
тілін  көтеріп,  ілгері  бастырып,  молайтпақ,  орыстың  оқу-
ын үйренбек қазақ халқының өнерлі, оқымысты, біліс адам-
дарының  міндетті  жұмысы  болса  керек.  Мұндай  қадірлі 
жұмысқа  дала  уалаятының  қазақша  газеті  жəрдем  қылса 
жарайды.  Өзге  һəр  түрлі  бөтен  тілдерді  араластырмастан 
қазақтың таза тілдеріменен жазып, үлгі көрсетіп тұрса жарар 
еді», – деп газетті көпшілікке үлгі көрсетер, тілдің тазалығын 
сақтап, дамытатын бірден-бір құрал ретінде қарастырады.
Қазақ  тілінің  мүмкіндігін  пайдаланып,  басқа  тілдерден 
енген  сөздерден  іргені  аулақ  салу  керек  деген  біржақты 
принципті ұстану мүмкін еместігін газет авторлары да мо-
йындайды.  Басылым  жетекшілерінің  бірі  Д.Сұлтанғазин: 
«Əлбетте,  қазақ  тіліне  қай  жұрттың  тілінен  болса  да  сөз 
қосуға  қарсы  келгеніміздің  орны  жоқ  жəне  мүмкін  емес», – 
дейді. Сөйтеді де, басқа тілдерден енген сөздерді транскрип-
циялау мəселесіне орай оны 2 топқа бөліп қарау керектігіне 
тоқталады: 1-топқа қазақ тіліне ертеде кіріп, оның фонети-
калық заңына бағынып, өзінің о бастағы тұлғасын өзгертіп, 
қазақтың  төл  сөзіндей  болып  кеткен  сөздерді  жатқызады. 
2-топқа қазақ тіліне кейін, көбінесе жазба тіл арқылы енген, 
əлі  түпнұсқасы  ұмытылмаған  сөздерді  жатқызады  да,  бұл 
жөнінде  олардың  сол  тілдердегі  жазылу  дағдысын  сақтау 
керек деген принципті ұсынады. Бұл пікірді сол кездегі қа-
зақ  халқының  сауаттылық  дəрежесін,  жазу  мəдениетінің 
аздығын,  тілдің  заңдылықтарын  көрсететін  грамматика 
оқулықтарының  жоқтығын  ескеріп,  бірден-бір  дұрыс  ай-


234
тылған  пікір  деп  бағалағанымыз  лазым.  Термин  сөздерді 
алудағы  бұл  принциптің  қазіргі  күнде  де  кейбір  ғалымдар 
тарапынан қолдау тауып отырғаны тегін емес.
«Дала уалаятының газеті» қазақ жазуын жүйеге келтіру 
жөнінде мəселе көтеріп, сөзжасам заңдылықтарын аяқасты 
етпей,  терминологиялық  лексика  жасаудың  алғашқы  ны-
шандарын баспасөз бетінде көтерді. 
Баспасөздің пайда болуымен байланысты публицистика-
лық стиль қалыптаса бастады. Публицистика стилі өз кезе-
гінде  қазақ  тілінің  ғылыми  стилінің  пайда  болуына  қадам 
жасады, яғни газет бетінде кейбір ғылыми баяндамалар, та-
рих, этнография саласынан жазылған очерктердің үзінділері 
(аудармалары)  басылды,  ғылыми  терминология  жасау  əре-
кеті  пайда  болды.  Бұл  газетте  сонымен  қатар  іс-қағаздары 
үлгілерінің алғашқы негізі қаланды.
Алғашқы  басылымдар  журналистика  жанрларының  қа-
лыптасуына ғана емес, сонымен қатар, қазақ тілінің сөздік 
құрамын толықтыруда, терминдердің тұрақталуында да ма-
ңызды рөл атқарды. Бұл кезеңдердегі баспасөз тілінде кітаби 
тіл элементтері, түркі тілі, шет ел тілі, жергілікті сөздер де 
кездеседі.  Өйткені,  қазақ  əдеби  тілінің  ХІХ  ғасырдың  ІІ 
жартысындағы сөздік құрамы үш қабаттан тұрды: негізгі – 
жалпы халықтық қазақ тілі лексикасы, екінші топта – араб-
парсы сөздері, үшінші топта – орыс сөздері. 
Атақты тіл мамандары І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев қазақ 
даласында кітаби тілдің қолданыс аясының тарылуына əсер 
еткен  фактор  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  дүниеге 
келген «Дала уалаятының газеті» деген қорытынды жасай-
ды. Бұл газеттің тілі қарапайым оқырманға түсінікті болды. 
Кітаби  тілдің  кейбір  элементтері  сақталғанымен,  қазақтың 
жаңа əдеби тілін қалыптастыруда бұл басылымның көп пай-
дасы тиді. 
«Дала  уалаятының  газеті»  материалдары  негізінде  қа-
зақ  тілінің  сөздік  қоры  жаңа  сөздермен  толығып,  қазақ 
сөздерінің  терминдік  дəрежеге  көтерілуіне  жағдай  жасал-
ды.  Араб,  парсы,  орыс  сөздерін  қалай  алу  керектігі  жайлы 
ойлар  ортаға  салынды.  Кірме  сөздердің  қолданылуы  тура-


235
лы  алғашқы  қазақ  баспасөзінің  тілі  мен  стилін  зерттеуші 
ғалым  Б.Əбілқасымовтың  мына  тұжырымының  жаны  бар: 
«Түркістан  уалаятының  газетіне»  қарағанда,  одан  он  жыл-
дай кейін шыққан «Дала уалаятының газетінде» араб-парсы 
сөздерінің көбірек қолданылғанын байқаймыз. Оның себебі, 
біріншіден,  газет  ресми  орган  болғандықтан,  онда  ресми 
материалдардың көп болуымен байланысты, орыс сөздеріне 
халыққа  түсінікті  балама  іздеймін  деп  еріксіз  араб-парсы 
сөздерін кіргізіп жіберуінен деп ойлаймыз».
Ұлттық баспасөз тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі – қа-
зақ тілінде мерзімді шығып тұрған тұңғыш журнал «Айқап-
тың»  жарық  көруі  болды.  Басылымның  беташар  нөмірінде 
жарияланған  бас  мақалада  айтылғандай: «Газет  һəм  жур-
нал халық үшін шығарылады. Халықтың қай дəрежеде алға 
кеткендігі – халық  арасында  таралған  газет-журнал  һəм 
кітаптардан  білінеді», – десек, «Айқаптың»  жарық  көруі 
қазақ  мерзімді  баспасөзінің  дамуындағы  ілгерілеушілікті 
көрсетеді.  Ол  қазақ  əдеби  тілінің  қалыптасуына  айрықша 
ықпал еткен басылым ретінде де жоғары бағалануға лайық.
«Қазақ иісі шығып тұрған», «тілі қазақ тілі, һəм əңгімесі 
қазақ  пайдасы» (Сəбит  Мұқанов)  болған  революцияға  де-
йін  ұлт  тілінде  шыққан  жалғыз  журнал  «Айқаптың»  бас-
пасөзіміздің  тарихында  алатын  орны  айрықша. «Таудан 
үлкен,  тастан  ауыр  секілді»  іс  бастаған  журналдың  шы-
ғарушысы  əрі  редакторы  Мұхаметжан  Сералин: «Матбұ-
ғат дүниесінде газет һəм журналдың жұртқа бұл кезде ас пе-
нен су секілді керекті зат екендігіне ешкім таласпайды. Аз 
да болса біздің қазақтан да бір газет пен бір журнал шығып, 
қолдарынан  келгенше  міндетті  жұмыстарын  атқарып  тұр. 
Матбұғат, əсіресе, жұрттың тілін сақтауға, түзелуіне қызмет 
етеді,  мұны  да  əркім  біледі», – деп  басылымның  беташар 
мақаласында  алға  қойған  мақсатын  жалпақ  жұртқа  жария 
етеді. 
Басылымдағы қоғамдық-саяси, мəдени, əдеби мəселелер, 
тіл  тазалығы,  ғылым,  ағарту,  əйел  теңдігі  сияқты  күрмеуі 
көп құбылыстар жайынан жазылған мақалалардан оның өз 
кезеңінің  шын  мəніндегі  айнасы  бола  білгенін  көруге  бо-


236
лады.  Профессор  Қ.Бекхожин  «Қазақ  баспасөзінің  даму 
жолдары»  еңбегінде: «Айқап»  журналы  қазақ  публицис-
тикасы  мен  журналистикасын  ілгері  дамытты,  оның  бе-
тінде  журналистік  жанрлар  қалыптаса  түсті,  журналистік 
профессияның үлгі-өнегесі көрсетілді», – деп басылымның 
қазақ журналистикасы тарихындағы орнын айшықтап берді. 
Журнал  ел  өміріндегі  ең  өзекті  мəселелермен  бірге  қазақ 
тілін  дамыту,  оның  заңдылықтарын  сақтау  сияқты  замана 
талабымен үндес тақырыптарды кеңінен қозғап отырды. 
«Айқап» журналының материалдарын қарастыра отырып, 
термин  сөздерге  балама  табу  ісінің  едəуір  ілгері  озғанын 
байқау қиын емес. Еркін аударма, сөзбе-сөз аударма түрле-
рін кеңінен қолданған журнал авторлары терминдерді оқыр-
манға  түсінікті  етуге  тырысқан.  Айталық, «…өзінің  сұра-
ғанын  қабыл  етуін  ашықтан  жазып  қағаз  берді.  Мұндай 
қағаздарды хүкімет адамдары ултиматум деп атайды», – де-
ген сөйлемнен «ультиматум» сөзінің мағынасын түсіндіруге 
мəн берілгеніне көз жеткізе аламыз. Мұндай мысалдар жур-
нал жарияланымдарында көптеп ұшырасады.
Термин дегеніміздің өзі белгілі бір ғылым мен техника са-
ласында қолданылатын арнайы лексика екені белгілі. Тілші-
ғалымдармен  бірге  түрлі  саладағы  мамандар  да  термино-
логия  мəселесі  төңірегінде  өз  ой-тұжырымдарын  білдіріп, 
осы  саланың  өркендеуіне  үлестерін  қосуда.  Осы  орайда 
қазақтың ғылыми терминологиясының дамуына үлкен үлес 
қосқан  ғалым,  Алаш  ардақтысы  Ахмет  Байтұрсынұлының 
атақты  «Əдебиет  танытқыш»  еңбегінде  жарияланған  мына 
тұжырымы аса құнды: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын 
аңдағанынша,  қиялдың  меңзеуін  меңзегенінше,  көңілдің 
түюін  түйгенінше  айтуға  жарау.  Мұның  бəріне  жұмсай 
білетін адамы табылса, тіл шама-қадырынша жарайды. Бірақ 
тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын... Сондықтан сөзден 
жасап  сөз  шығару  деген  əркімнің  қолынан  келе  бермейді 
жəне  шығарғандардың  да  сөздері  бəрі  бірдей  жақсы  бола 
бермейді».
Қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер, ғылым мен 
техниканың қарқынды дамуы, жаңалықтар легі жаңа ұғым-


237
дар мен атауларды тудыруда. Ғылыми-техникалық прогрес-
тің  өмірімізге  дендеп  енуі  тілімізде  жаңа  терминдердің 
пайда  болуының  бірден-бір  көзі  болып  табылды.  Өйткені, 
өмірдің қай саласын алып қарасақ та оны терминсіз елестету 
мүмкін емес, ал бұл өз кезегінде ұлттық терминология сала-
сына жаңа міндеттер қояды. 
Кез  келген  жаңалық,  жаңа  сөздер,  терминдер  ақпарат 
құралдары арқылы тарайтыны белгілі. Осыдан-ақ алғашқы 
қазақ басылымдарының термин сөздерді қалыптастырудағы 
рөлі қаншалықты айшықты болғанын бағамдауға болады. 
ХVІІ  ғасырдағы  түрік  жазба  ескерткіші – «Əбілғазы 
ханның  Түркі  шежіресі  жəне  оның  тілі»  деген  еңбегінде 
ғалым  Б.Əбілқасымов: «Қазіргі  əдеби  тілімізде  қарындас 
сөзі  ер  адам  тарапынан  өзінен  жасы  кіші  қыз  балаға  ай-
тылады,  ал  Шежіреде  ол  ағайын,  тума  деген  бұдан  кең 
мағынада  қолданылған», – деген  тұжырым  жасайды.  Көне 
түркілік қабатқа жататын қарындас сөзі «Дала уалаятының 
газеті», «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде де негізі-
нен  осы  мағынасында  қолданылған: «Егер  мұсылман  қа-
рындастарымыз  бұл  өтінішімізді  қабылдаса,  орыс  сайлау-
шылары да қарсы келмес еді деген үміт бар. Олар да қазақ 
қандас қарындасымыз еді, бұлар депутатсыз қалып барады, 
жолымызды берелік деп айта алмады». 
Журналда  араб-парсы  тілінен  енген  біраз  сөздер  қазақ 
тілінің фонетикалық ерекшелігіне сəйкес өзгеріске ұшыраған 
түрінде  де,  араб-парсы  нұсқасында  да  кездесіп  отырады. 
Олар: əйел-ғаял, айып-ғайып, үкімет-хүкімет, əскер-ғаскер, 
үкім-хүкім, ақыл-ғақыл, əдет-ғадет, ақиқат-хақиқат т.б.
«Айқап» журналының жарияланымдарынан тілімізде бұ-
рыннан бар сөздердің мағыналық өрісінің кеңіп, терминдік 
мəнге  ие  болғандарын  да  кездестіруге  болады.  Мысалы, 
«үгіт» сөзі байырғы тілдік қолданыста түркі тілдерінің көп-
шілігіне тəн «кеңес беру, ақыл айту, нұсқау» мағыналарын 
білдірсе, «Айқапта»  белгілі  бір  саяси-əлеуметтік  мəселені 
көпшілікке  түсіндіру  үшін  жүргізілген  əрекетті  білдіретін 
жаңа терминдік мəнде жұмсалған. 
Қазақтың мерзімді баспасөз тіліне революциядан бұрын 
орыс тілінен кірген сөздің саны анағұрлым көп. Ол сөздер 


238
көптігімен ғана көзге түсіп қоймайды, олардың қолданылу 
аясы, қызметі де жоғары екендігін көрсетеді, яғни олардың 
көбі-ақ  актив  сөздерге  айнала  бастады.  Сондай-ақ,  олар 
қазақ тілінің қосымшаларын (жалғау, жұрнақтарды) жамы-
лып қолданылған. 
Журналда кейбір мекеме, ұйым аттары аударылмай, түге-
лімен дерлік орысша қолданылғанын байқауға болады. Мы-
салы, «Государственный совет бұл законды қарап, муафық 
көрмеген  соң,  қабылдамады»; «уездный  һəм  областной 
земля  устройственный  комиссия  жасамақ»; «землядела – 
земляустройствоның бас мекемесі»; «Народный сотты жоқ 
етсек, болыстық, ауылнайлық қалады», т.б. сөйлемдар мен 
сөз тіркестері жиі ұшырасуы – соның айғағы.
Басылымда  кейбір  кірме  сөздердің  араб-парсы  жəне 
орыс тіліндегі нұсқалары қатар қолданылып отырады. Мы-
салы: «Əрине,  біздің  класымыздың  терезелері  ашық,  һəм 
күндізгідей  жарық»; «Əр  сыныпқа  өзіне  басқа  бөлмелі  бір 
пəтер алынып, парталар істелді. Қазірде 4 сыныпта бір жүзден 
бала оқиды». Заң атауы да «заң», «закон», «низам», «қанун», 
«қанұн»  түрінде  жүйесіз  кездесіп  отырады: «Тіл  болса  за-
коны боларға керек»; «Қазақ жерін алу турасында шыққан 
низам,  бұйрықтарды  қазақ  білсе,  осындай  жер  көшірулер 
азаяр еді деймін»; «Молдалар… үй ішінің істерін қарай бас-
таса,  жаза  кесетін  қанун  судьяға  беріліп,  орнынан  түсіп 
қалу  һəм  абақтыға  жабуға  жаза  кесіледі».  Сонымен  қатар, 
кей  атаулардың  бір  мақаланың  ішінде,  тіпті  бір  сөйлемнің 
ішінде де аралас кездесіп отыратынын ішінара кездестіруге 
болады.  Мысалы: «Мың  сегіз  жүз  алпыс  сегізінші  жылда 
жаңа  закон  шығып,  заң  өзгерілді»; «Баршаңызға  мағұлым 
үшінші июнь қанұны бойынша, жоғарыда айтылған 3 июнь 
законы бойынша».
Мүше  деген  сөз  журналда  ағза  деп  те: «екінші,  бұл 
думаның  ағзаларының  көбі  қара  жүздерден  болайын  деп 
тұр»,  немесе  орыс  тіліндегі  нұсқасы  бойынша: «Г.Дума 
члені»  яғни  аудармасыз  қолданылып  отырғанын  көреміз. 
Сонымен  қатар,  кейбір  мақалалардың  ішінде  қазіргі  жазба 
əдеби  тілімізде  қолданып  жүргендей,  мүше  деген  нұсқасы 


239
да кездесіп қалады: «Мектептің əртүрлі істерін қарау үшін 
бірнеше кісіден…мүшелері бар». 
Журналда сол кездегі сөйлеу тіліне тəн «лəкин», «ликин», 
«іликин», «иликин», «уа», «һəм»  сияқты  бірсыпыра  шы-
лаулар  да  қолданылып  отырған: «…тіліміз  басқа  туғанда-
рымыздың  тілдерінен  көп  ала-дүр.  Іликин  əдеби  жағынан 
қарағанда»; «Иликин  халқымыз  рас  сөзді  ортаға  салғанға 
журналымызға ашу етпес деп ойлаймын»; «Ликин арасын-
да  жаңа  сөздер  де  көп», «Бұлардың  əрқайсылары  бай  һəм 
мəшһүр  адамдар  болған»; «Су  үшін  жасалған  нəрселерді, 
егілген ағаш уа егіндерді».
Журналдың тағы бір ерекшелігі – баспасөздің қажеттігін, 
маңыздылығын  халыққа  түсіндіру  мақсатында  əртүрлі 
тəсілдерді қолданғандығы. Мысалы, «Б., Қ., С.-лардың ара-
сында өрбіген жұмбақ əңгіме» атты туынды ерекше бір фор-
мамен – диалог түрінде берілген. Мұнда Б. жаңа журналдың 
дүниеге  келуін  қараңғы  үйдің  бір  терезесінің  ашылғанына 
теңейді. «Айқап»  халықтың  ілгері  басып  көзін  ашуға,  на-
шарды əлдіге теңгеруге; естімегенді есіттіруге, кемдікті тол-
тыруға, қиын нəрсені оңай қылуға себеп болатынын Қ. мен 
С.-ға түсіндіреді. Қойдың кенесі сықылданып күнін өткізіп 
жүруден аулақ боп, халыққа қызмет қылуға, үлгі көрсетуге, 
қажет болса, ол үшін құрбандыққа баруға үндейді.
Өткен ғасырдың басынан бастап қазақ елінде болған түрлі 
саяси, экономикалық, технологиялық өзгерістер, жаңалықтар 
ана тілімізде қаншама жаңа терминдердің қалыптасуына се-
бепкер  болды.  Баспасөзде  жүйелі  қолданылуы  арқасында 
көптеген жаңа сөздер мен сөз тіркестері айналымға түсті.
Алғашқы  басылымдар  арқылы  тыңнан  жасалған  талай 
терминдер көпшілікке тарап, қазақ тілінің терминдік қорын 
байытты.  Сонымен  бірге,  мерзімді  баспасөз  терминжасам 
амалдарын жетілдіре түсуге зор ықпал етті.
Қорыта айтқанда, фонетикалық, грамматикалық, лексика-
лық  ауытқуларға  жол  бергеніне  қарамастан, «Айқап»  жур-
налы  қазақ  тілін  татар,  парсы,  араб  тілдерінен  тазартып, 
қазақтың  саф  алтындай  таза,  өзіндік  тілін  қалыптастыруда 
елеулі рөл атқарды.


240
ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  жұртының  тарихын,  мəде-
ниетін, салт-санасын, саяси-əлеуметтік жағдайын батыл сөз 
еткен  басылымдардың  ішіндегі  ең  беделдісі  А.Байтұрсын-
ұлы  басқарған  «Қазақ»  газеті  болды  десек  қателеспейміз. 
«Қазақ» – өз  заманында  халықтың  рухын  оятып,  санасы-
на  сəуле  түсірген,  оның  көзі,  құлағы  һəм  тілі  бола  білген 
қоғамдық-саяси  жəне  əдеби  газет.  Басты  мұраты  халық-
тың сауатын ашып, тəуелсіздік жолында күресуге үндеген, 
сол  арқылы  ұлттық  идеяны  насихаттай  білген  газеттің  қа-
зақ  мəдениеті  мен  əдебиеті  тарихынан  алатын  орны  айы-
рықша. 
Газеттің алғашқы нөмірінде жарық көрген басылым бас-
қармасының  беташар  мақаласында  айтылған: «Аталы 
жұртымыздың,  ауданды  ұлтымыздың  аруақты  аты  деп 
газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұл-
ғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласы-
на міндет… Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр 
жеткенінше  істеп  кетелік.  Малша  оттап,  асап  ішіп,  халық 
үшін қам қылмай, қарын тойғанына мəз болып, мал өлімінде 
өлмейік», – деген  жолдардан  апталық  шығарушыларының 
ұстанған бағыты мен көздеген мақсаты айқын көрінеді.
Сөзден  сөз  туғызудағы  тілдің  құзіретін  А.Байтұрсынов 
қазақ тілінің терминологиясын дамытуға барынша жұмсады. 
Тіл ғылымының белгілі маманы Ш.Құрманбайұлы «Терми-
нолог» деген мақаласында Ахаңның терминология саласы-
на сіңірген еңбегін былайша саралап шығады: «Біріншіден, 
Ахмет  Байтұрсынұлы  бір  топ  терминдерді  ғана  емес, 
бүкіл  бір  ғылым  саласындағы  арнаулы  ұғымдардың  атау-
лар  жиынтығын,  дəлірек  айтқанда,  терминдер  жүйесін 
жасаған. Екіншіден, қазақ əдебиеттану ғылымының негізін 
салған,  тұңғыш  əдебиет  теориясын  жазған  ғалым  осы 
ғылым  саласының  ғылыми  терминологиясын  да  жасаған. 
Үшіншіден, қазақ тіл білімі, əдебиеттану сияқты жеке ғылым 
салаларының ғылыми терминологиясының негізін қалаумен 
бірге əдістеме, тарих жəне этнографияға, жалпы мəдениетке 
қатысты  көптеген  терминдер  жасаған.  Төртіншіден,  қазақ 
тілінің  сөзжасам  тəсілдерін  анықтап,  оларды  өзінің  тер-


241
минжасам  тəжірибесінде  кеңінен  пайдаланған.  Бесіншіден, 
жекелеген ғылым салаларының ғана емес, бүкіл қазақ тер-
минологиясының  қалыптасуына  тікелей  əсер  еткен  айрық-
ша тұлға. Алтыншыдан, ХХ ғасырдың басындағы қазақ тер-
минологиясын  қалыптастыру  мен  дамытудың  бағыт-бағда-
рын айқындаушы».
А.Байтұрсынов  өз  өмірбаянында  «Қазақ»  газетінің  тер-
мин  сөздерді  түзу,  қалыптастыру,  айналымға  түсіру  про-
цесіндегі  үлесін: «…қазақ  жазба  тілін  лексикалық  шұбар-
лықтан,  басқа  тілдердің  синтаксистік  ықпалынан  тазарту-
мен; …проза  (іс-қағаз,  публицистика,  ғылыми  жазба  тіл) 
тілін  кітаби  тіл  арнасынан  стилистикалық  өңдеу,  қазақ 
сөздеріне термин жасау арқылы халықтың жанды тілдерінің 
арасына  көшіру  істерімен  айналыса  бастадым.  Бұлар  өзім 
жасаған оқулықтар жəне өзім редакциялаған «Қазақ» газеті 
арқылы іске асты», – деп көрсетеді. 
Авторларын таза қазақ тілінде жазуға шақырған газеттің 
тіл  тазалығына,  қазақша  жазу  дағдысын  қалыптастыруға 
ерекше көңіл бөлгені оны сол тұстары жарық көрген басы-
лымдардан  ерекшелеп  тұр.  А.Байтұрсынұлы  атақты  «Əде-
биет танытқыш» деген еңбегінде тіл тазалығына қатты ден 
қояды: «Біз  сияқты  мəдениет  жемісіне  жаңа  аузы  тиген 
жұрт өз тілінде жоқ деп мəдени жұрттардың тіліндегі даяр 
сөздерді  алғыштап,  ана  тілі  мен  жат  тілдің  сөздерін  ара-
ластыра-араластыра  ақырында  ана  тілінің  қайда  кеткенін 
білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мəдени жұрт-
тардың  тіліндегі  əдебиеттерін,  ғылым  кітаптарын  қазақ  ті-
ліне  аударғанда  пəн  сөздерінің  даярлығына  қызықпай,  ана 
тілімізден  қарастырып  сөз  табуымыз  керек.  Сонда  біздің 
əдебиетіміздің тілі таза болады». 
Осы  қағиданы  басшылыққа  алған  газет  шығарушылары 
орыс,  араб,  парсы  тілдерінен  енген  сөздерді  бейберекет 
пайдалана  бермей,  мүмкіндігінше  қазақ  сөзін  термин  етіп 
қалыптастыруға  тырысқанын  көруге  болады.  Дегенмен  де, 
«Қазақ» газетінің бетінде де араб-парсы, орыс тілдерінен ен-
ген, орыс тілі арқылы шет тілдерден кірген кірме сөздер, сөз 
тіркестері ішінара кездесетінін жасыруға болмайды.


242
Белгілі тіл ғалымы Ө.Айтбаев «Қазақ сөзі» деген еңбегінде 
«Қазақ»  газетінің  бетінде  қолданылған  кірме  сөздерді 
екі  топқа  бөліп  қарастырады:  а)  қазақ  тіліне  араб-парсы 
тілінен келген кірме сөздер; ə) орыс тілінен жəне орыс тілі 
арқылы енген шет тіл сөздері. Араб-парсы сөздерінің өзін: 
1)  Қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесін  бойына  сіңіріп,  мүлде 
қазақылана кіріккен сөздер (ереже, əскер, қызмет, əкім т.б.). 
2) Фонетикалық өзгеріске онша түспей, дербестігін сақтау-
ға  тырысқан  сөздер  (мактаб – мектеп,  сыныф – сынып, 
класс)», – деп жіктейді. Шығыс халықтары тілінен қазақ лек-
сикасына ауысқан бұл сөздердің сіңісіп кеткені соншалық, 
олар қазіргі кезде де солай қолданылып жүр.
«Қазақ»  газетіндегі  қолданылған  атауларды  белгілі 
алаштанушы-ғалым  Б.Момынова  мынадай  тақырыптарға 
бөліп қарастырады: 1) əлеуметтік-тарихи категориялар мен 
ұғымдарды  білдіретін  атаулар  (жұрт,  ел,  алаш,  халық,  ұлт, 
нəсіл, общество т.б.); 2) мемлекеттік құрылысты білдіретін 
атаулар (мемлекет, хүкімет, совет, кеңес, автономия, ғаскер, 
шекара, одақ т.б.); 3) əкімшілік жүйеге қатысты атаулар (би, 
болыс,  бай,  старшин,  хакім,  төре,  падша,  генерал-губерна-
тор, министр, пристав, управа, председатель, член, ішкі істер 
министрі (кеңесі), собрание); 4) заң, сот жүйесіне байланы-
сты атаулар (заң, би, хұқық, арыз, куə, жаза т.б.); 5) саясатқа 
байланысты  атаулар  (социализм,  большевик,  саясат,  ішкі 
саясат,  сыртқы  саясат); 6) соғыс,  əскери  атаулар  (казак, 
орыс-казак, зеңбірек, соғыс ғылымы); 7) оқу-білім, мəдени 
салаға байланысты атаулар (халық ағарту, бастауыш мектеп, 
ұлттық  мектеп,  ұлттық  əдебиет); 8) дін  ұғымына  қатысты 
атаулар (Алла, Мұхаммед, Құдай, молла, қажы, зекет, ораза, 
намаз)». Ғалымның жазуынша, «Қазақ» газеті бетіндегі оқу-
білім, халық ағарту саласына қатысты атаулар үш деңгейде 
көрінеді. Яғни, ертеден келе жатқан араб-парсы сөздері, сол 
тұста тілімізге екпіндеп ене бастаған орыс сөздері жəне ав-
торлар қолтумасы – жаңа қолданыстар мен сөз тіркестері» 
(Момынова  Б., 93, дисс.).  Сондай-ақ,  орыс  сөздері  арқылы 
жасалған  атаулық  тіркестер  (переселен  законы,  народный 
судья) де кеңінен қолданылған.


243
«Қазақ»  газеті  жарияланымдарында  орыс  тілінен  енген 
сөздердің біразы қазақ, орыс тілдерінде қосарланып кездесіп 
отырса, енді біреулері сол күйінде аударылмай, -ский, -ный, 
ний қосымшаларымен берілген: Кабинетский жерлер, госу-
дарственный  совет,  Түркістанский  край,  Государственная 
дума. Ал, мектеп, мұғалім сөздерінің орысша да, қазақша да 
нұсқалары қатар кездеседі: «Мұғалім қандай болса, мектебі 
һəм сондай болмақшы», «Қарқаралыдағы городской школға 
учитель  болып  сайланды».  Бұл  сөйлемдерге  қарап,  ана 
тілінде  оқытылатындарын – мектептер,  орыс  тілінде  білім 
беретіндерін – школдар деп, бір-бірінен айыру мақсатында 
осылай қолданған болар деп ойлаймыз. Мына бір сөйлемдер 
мен  сөз  тіркестері  соған  дəлел  бола  алады: «Осы  кезде 
қазақ балалары оқуды екі түрлі бастап жүр. Біреулері оқуды 
ауылдағы  мектептен  бастайды,  екіншілері  орыс  школасы-
нан бастайды»; «Түркістан маңында тұрған учительдер һəм 
мұғалімдер».
«Қазақ»  газетінде  жарияланған: «Біздің  мемлекет  қуа-
ты – Россия патшасының қоластындағы тамам жұрт құрдас-
тығы, тамам бұратана жұрт орыспен құрдас»,– деген жолдар-
дағы құрдас сөзінің мағынасы бір жылы туған, құрбы мағы-
насынан  өзгеше  бірлік,  теңдік,  азаттық,  тəуелсіздік  деген 
ұғымда қолданылып тұр.
Апталықта жарық көрген «Қазақ əскерге алыну мəселесі» 
деген  мақалада  əскердің  түрлерін  жаяу  əскер,  атты  əскер 
деп көрсетіп, жаяу əскер орысша солдат деп аталады, атты 
əскердің  өзі  екі  түрлі  болады,  кавалерист,  казак  деп  тал-
дап, əскери терминдерге қатысты мағлұмат береді. Сондай-
ақ,  мақаладағы  запас  сөзінің  мағынасы  да  қазаққа  жақын 
тақырыптан  алынып,  бейнелі  түрде  түсіндірілген.  Автор 
оны  бұрын  пішенін  шаппай  күнелткен  уақыттағы  қорық 
мағынасында  сипаттайды: «Қорықты  қыстан  қысылғанда 
жейтін. Запастағы солдат соғысқа ғана шақырылады», – деп 
əдемі түсіндіреді. 
Газет жарияланымдарынан алынған: «Бұл күнде «Сары-
арқа»  газетінің  шығарушысы  һəм  областной  комитет  ағза-
сы»; «Учитель һəм мұғалімдердің Союзға ағза болып кіру-


244
лері жөн» деген мысалдардан ағза сөзінің мүше, яғни коми-
тет  мүшесі,  союзға  мүше  болу  мағынасында  қолданылға-
нын  көруге  болады.  Ағза – əъза  араб  тілінен  аударғанда 
мүше, дене мүшесі; қоғам, жиналыс мүшесі, қатысушы де-
ген мағынаны білдіреді. 
«Қазақ»  газеті  бетінде  егу,  доктор,  чума,  құрт  (құрт  ау-
руы) деген терминдер көптеп ұшырасады. Микроб сөзі ауру 
құрты деп түсіндіріледі. Көкірек ауруы – туберкулез, ауруға 
қарсы  қару  қылу  (əдісі) – ауруға  қарсы  тұру,  иммунитет 
мағынасында қолданылған.
Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, 
қызмет  ету  қазақ  баласына  міндет  деп  санаған  «Қазақ» 
газетінің редакторы мен оның айналасындағы топтың қазақ 
термин сөздерін жасауға көп үлес қосқаны ақиқат. Қазақша 
ойлауға,  ойлаған  ойын  қазақша  жазуға  бірсыпыра  адам-
ды  үйреткен  басылымдағы  мақалаларда  қазақша-орысша 
нұсқалары жарыса қолданылған атаулар кездесіп отырады: 
Мүше, ағза, член; жиылыс, жиналыс, собрание; заң, низам, 
закон; мемлекет, государство; Министрлер кеңесі, Министр-
лер советі.
Қазақ  баспасөзінің  тұңғышы  «Түркістан  уалаятының 
газетінде»  поезд  отарба  деп  қолданылғанын  жоғарыда 
жазғанбыз. «Қазақ» газетінде ол негізінен поезд, кейде отар-
ба түрінде, ал теміржол шойын жол түрінде жазылып, кейде 
темір көше деген нұсқасы кездесіп қалады. Мысалы, газет-
тің 1918 жылғы 258 санында  жарияланған  «Орынбор  ха-
барларында» «Самар  үстіндегі  темір  көше  залалданған, 
түзетіліп жатыр» деген сөйлем бар. Алайда, бұл нұсқа жазба 
əдеби тілімізге енбей, теміржол сөзі сіңісіп кетті.
Терминжасамның түрлі жолдары бар. Соның негізгі тəсіл-
дері – аударма  жəне  жаңадан  сөз  жасау. «Қазақ»  газетінің 
басты мақсаттарының бірі тіл тазалығы үшін күрес болды. 
Оны тілдің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасалған, 
газет арқылы тарап, қалыптасқан терминдерден көруге бо-
лады. Мысалы, қоғам, кеңес, тілші, төраға, кеден, сондай-ақ, 
одақтық  шарт,  одақтас  мемлекеттер  сияқты  сөз  тіркестері. 
Ал  ашық  хат  «Қазақ»  газетінің  алғашқы  кезеңінен  бастап 


245
қолданылса, «Айқапта»  жалаңаш  хат  (Досмайыл  қажыға 
жалаңаш хат) түрінде де кездеседі.
Қазақ  тілінің  дамуы  мен  ғылыми  терминдердің  қалып-
тасып,  айналымға  енуіне,  тіл  тазалығының  сақталуына 
«Қазақ»  газетінің  тигізген  əсері,  қосқан  үлесі  мол  бол-
ды.  А.Байтұрсынов  қазақ  сөзін  ескі,  жаңа  деп  талғамай, 
жергілікті  сөз  екен  деп,  ол  жағына  қатал  қарап,  қашып 
тұрмай,  сөз  байлығымызды  сарқа  пайдалануға  шақырған. 
А.Байтұрсыновтың принципін басшылыққа ала отырып, тер-
мин сөздерге ұлттық тілде балама табу ісінде ана тілінің сөз 
байлығын сарқа пайдалану – тілдік қорымыздың толығуына 
өлшеусіз үлес қосатыны сөзсіз. 
«Қазақ»  газеті – қазақ  баспасөз  тарихында  ерекше  ор-
ны  бар  басылым.  Ол  басқа  газет-журналдарға  қарағанда 
ұзағырақ  шығып  тұрды  жəне  қоғамдық  өмірге  де  белсене 
араласты. Басылым беттерінен орын алған саяси, əлеуметтік 
тақырыптағы  мақалалардан  олардың  авторлары  ұстанған 
бағыт, көздеген мақсаттары айқын көрінеді. Бұл басылым-
да, сондай-ақ, жарнама үлгілері, басқа да мерзімді басылым-
дарға шолу сияқты баспасөзге тəн элементтер алғаш қолда-
нысқа енгенін ескерген жөн.
ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  жарық  көрген  газет-журнал-
дардың  сапалық  өзгеріске  ұшырауы  заңды  да.  Терминолог 
ғалым  Ө.Айтбаев  «Қазақ  сөзі»  деген  еңбегінде  сол  кездегі 
газет-журналдарға  мынадай  баға  береді: «Қазақтың  жаз-
ба əдеби тілін, оның жақсы дəстүрлерін əрі қарай дамыту-
да,  жалпыхалықтық  тілдің  кейбір  стильдік  тармақтарын 
қалыптастыруда,  оның  терминологиялық  лексикасын  жа-
сауда орасан зор қызмет атқарды. Бұл газет-журналдар бет-
терінде  журналистік  жаңа  жазу  үлгісі,  əдебиеттің  əртүрлі 
жанрлары  қалыптаса  бастады.  Публицистика  тіліне  тəн 
көптеген термин сөздер мен терминдердің, грамматикалық 
единицалардың тұрақталуына осы кезеңдегі баспасөз тілінің 
əсері зор болды». 
«Қазақ» газеті бетінде қазақ тілінің ішкі резервтерін пай-
далана отырып жасалған жүздеген терминдер (пəн сөздері), 
жаңа қолданыстар алғаш баспа жүзін көрді жəне олардың ба-


246
сым көпшілігі тілімізге əбден сіңісіп, қалыптасып кетті, күні 
бүгінге  дейін  белсенді  қолданылып  келеді. «Қазақ»  газеті 
мен «Айқап» журналының бетіндегі материалдарды зерттей 
отырып,  бұл  екі  басылымда  орыс  тілінің  қолданылуында 
ерекшелік  барын  анықтадық. «Айқапта»  жарияланған  ма-
қала  авторлары  орыс  сөздерін  именбей  батыл  қолданып 
отырса, ал «Қазақ» газеті мұны барынша саралап, қажетіне 
қарай  пайдаланғанын  байқадық.  Сондай-ақ, «Қазақ»  газеті 
«Айқап» журналына қарағанда таза əдеби тілмен жазылған, 
кітаби тіл элементерін аз қолдануға тырысқан. 
ХХ  ғасыр  басында  ел  өмірінде  белең  алған  өзгерістер 
саяси,  əлеуметтік,  мəдени  жаңалықтар  легін  əкелді,  баспа 
ісі  дамып,  газет-журналдар  саны  арта  түсті,  қазақ  тілінде 
термин  түзу  ісі  де  қарқындады.  Жаңа  атауларды  жасап, 
қолданысқа түсіру, көпшілікке тарату, қалыптастыру проце-
сінде  баспасөздің  атқаратын  рөлі  ерекше  екені  дау  тудыр-
мады.  Алғашқы  басылымдар  өмірде  белең  алып  отырған 
оқиғаларға ілесіп, халыққа түсіндіру мақсатында жаңа атау-
ларды енгізуге талап қылды. Сол кездегі қазақ қоғамындағы 
əлеуметтік-саяси өзгерістер нəтижесінде орыс тілінен қаулап 
енген жаңа сөздер тасқынына «Қазақ» газетін шығарушылар 
шама-шарқынша тосқауыл қойды. Əйтсе де, ақпаратты же-
дел тарату талабы мен қазақ баспасөзінде дəстүр қалыптасып 
үлгермеуі газет бетінде көптеген орыс сөздерін амалсыздан 
қолдануға  мəжбүр  етті.  Соған  қарамастан, «қазақ  тілінде 
шыққан «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті тіл жағынан «Дала 
уалаятының газетіне» қарағанда, жалпыхалықтық тілге тағы 
бір басқыш жақындай түсті».
«Қазақ»  газетінің  тағы  бір  ерекшелігі  ол  араб  жазуын 
қазақ  тіліне  икемдеген  А.Байтұрсынов  əліпбиі  негізінде 
шықты.  А.Байтұрсыновтың  араб  графикасына  негізделген 
жазу үлгісі латынға көшкенге дейін қолданылғаны белгілі. 
1914 жылы Орынбор қаласында қазақ əліпбиіне біраз өзге-
рістер  енгізген  съезд  өтті.  Сонда  А.Байтұрсыновтың  үлгісі 
прогрестік  мəні  бар  жазу  деп  табылды.  Бұл  жазу  кезінде 
халықты жаппай сауаттандыруда, сондай-ақ, баспа өнімдерін 
шығару ісінде де көп қызмет етті.


247
Ал 1917 жылы 21-26 шілдеде  Орынборда  өткен  Жалпы 
қазақ  съезі: «Мектеп  кітаптары  болсын,  өзге  баспасөздер 
болсын, бəрі де «Қазақ» емлесімен жазылсын» деген қаулы 
шығарады. «Дұрыс  емле  менен  қате  емлені  айыруға  менің 
ойымша  бұлай  қарау  керек  шығар  деймін:  тіл  табиғатына 
қарай  емлені  ыңғайлау  ма?  Жоқ,  емле  түріне  қарай  тілді 
ыңғайлау  ма?  Мен  ойлаймын,  емле – жазу  үшін  шығарған 
нəрсе,  жазу – тіл  үшін  шығарған  нəрсе.  Олай  болса  тіл-
ді  бұзып  емлеге  ыңғайлау  емес,  емлені  тілге  ыңғайлау 
керек», – деп  жазған  М.  Дулатов  осы  пікірін  былайша 
шегелейді: «Екі  жылдың  ішінде  «Қазақ»  газетасының  тілі, 
емле  туралы  қылған  қызметі  көзге  көрінерлік  болды.  Екі 
жылдың ішінде орта есеппен 20 мың дана «Қазақ» нөмірі та-
рады, жаңа сөйлеммен 15-тей кітап шықты, бұлар 45 мың да-
надай бар… Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық 
деген ешкімді естігеніміз жоқ».
А.Байтұрсыновтың  қаламынан  туған  көптеген  термин-
дер  күні  бүгінге  дейін  оқулықтарда  қолданылып  келе  жа-
тыр. Əсіресе халықтық тіл негізінде жасалған лингвистика 
терминдері  тіл  мамандарының  назарын  ерекше  аудара-
ды.  Қазақ  тіл  білімінде  қолданылып  жүрген  зат  есім,  сын 
есім, бастауыш, баяндауыш, дыбыс, буын, жұрнақ, жалғау, 
сөйлем,  сөйлем  түрлері  сияқты  т.б.  көптеген  терминдер  өз 
ана тіліміздің сөздік қорын мəңгілік байытуымен құнды.
А.Байтұрсынұлы  ұстанған  ең  басты  принцип – термин 
жасауда қазақ тілінің өз мүмкіндігін барынша сарқа пайда-
лану. Сонымен бірге жазған мақалалары мен «Тіл – құрал», 
«Тіл – жұмсар»  тəрізді  еңбектерінде  кездесетін  програм-
ма,  фонетика,  морфология,  синтаксис,  синод,  дума,  шко-
ла,  председатель,  министерство,  петиция  сияқты  сөздерге 
қарағанда,  ол  реті  келген  жерде  өзге  тілдің,  əсіресе,  орыс 
тілінің  сөздік  қорындағы  керекті  сөздерді  пайдаланудан 
да  қашпаған.  Бұған  қазақ  тіл  ғылымының  майталманы, 
академик  Рəбиға  Сыздық: «А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатов, 
Х.Досмұхамедов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытовтар  термин 
шаруасына  барғанда,  алдымен  ғылымның  ең  төменгі  са-
тысы – мектеп  оқулықтарының  мұқтажын  өтеу  мақсатын 


көздеді… Бұрын тіл білімі ғана емес, жалпы ғылым салала-
ры  дүниеге  келмеген,  олардан  бейхабар  қазақ  жұртшылы-
ғына,  оның  ішінде  шəкірт  балаларға  арналғандықтан, 
алғашқы  ғылыми  танымдардың  (ұғымдардың)  мейлінше 
түсінікті  болуын  көздеп,  əрі  грамматикалық,  фонетикалық 
ұғымдардың атауларын қазақша беруге болатынын ескеріп, 
алғашқы  лингвистикалық  терминдерге  қазақ  тілінің  өз 
мүмкіншіліктерін  пайдаланды», – деп  өз  көзқарасын  ашық 
білдірді. 
А.Байтұрсынов – ғылымды ұлт тілінде дамытуға, ғылым 
тілінің  ұлттық  сипатын  арттыруға  барынша  күш  жұмсаған 
ғалым. Ұлт Ұстазы «Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жал-
ғыз-ақ  табиғаттың  закөніне  ерген,  сондықтан  тілі  азбаған» 
деп халықтық лексиканы терминжасамда ұтымды пайдала-
на  білді.  Оның  ұсынған  терминдерінің  сəтті  де  өміршең 
болуы  бұл  іске  шығармашылықпен  қарағанын  көрсетеді. 
Соның арқасында дүниеге келген терминдер ұлттық тілдің 
сөздік қорын байытуға зор үлес қосты.
«Қазақ» бұрын да халық газеті еді. Бізге аманат еді. Біз 
кешегі  тар  заманда  халықтың  аманатын  ауырсынып,  бей-
нетінен  қашып,  жолда  қалдырғанымыз  жоқ,  шамамызша 
жүргіздік», – дейді өз мақсат-міндеттерін адал атқарған ба-
сылым  басқармасы. «Қазақтың  еңкейген  кəрі,  еңбектеген 
жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жан-
сыз  денесіне  қан  жүгіртіп,  күзгі  таңның  салқын  желіндей 
ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті» (М.Əуе-
зов)  өз  заманының  ең  түйінді  деген  мəселелерін  көтеріп, 
халыққа «жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айта білді». 
М.Əуезов «Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында: 
«Ақаң  ашқан  қазақ  мектебі,  Ақаң  түрлеген  ана  тілі,  Ақаң 
салған əдебиеттегі елшілдік ұран – «Қырық мысал», «Маса», 
«Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласы-
на істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған 
қайраты  біз  ұмытсақ  та,  тарих  ұмытпайтын  істер  болатын 
деуі оған берген əділ баға.


249


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет