251
дарлама. Оның ең негізгі мақсаты – «2050 жылға қарай
мықты мемлекеттің, дамыған эканомиканың жəне жалпыға
ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру». Соның нə-
тижесінде «Қазақстан XXI ғасырдың ортасына қарай əлем-
дегі ең дамыған 30 елдің қатарында болуға тиіс». Бұл та-
рихи Жолдау айқындаған, барша қазақстандықтардың жа-
уапкершілігін еселей арттыратын биік меже. Егер біздер-
мен бəсекелес елдердің қол қусырып қарап отырмай, күн
құрғатпай даму үстінде, алға ұмтылу талабында екенін
ескерсек, онда ол межеден шығу жүгі өте ауыр екенін ба-
ғамдау қиын емес.
«2050 стратегиясында» ел мерейін үстем ететін осынау
биік мақсатқа жету жолдары тарқатыла талданады, нақты
айқындалады.
Қазақстан дамуының, бүгінгі жеткен жетістіктеріміздің
ең негізгі кілті еліміздегі тұрақтылық пен татулықта екенін
Елбасы егемендігіміздің елең-алаңынан бері талмай айту-
мен келеді. Тарихи Жолдауында: «Əлеуметтік қауіпсіздік
жəне азаматтарымыздың бақуаттылығы. Бұл – қоғамдағы
тұрақтылықтың ең жақсы кепілі, – деп тағы да еліміздегі
тыныштық пен татулықтың сақталуына аса маңыз береді. –
Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Бұл тарих заңы.
Сондықтан қазақтардың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең бас-
ты мəселесі. Қазақты ешуақта сырттан жау алған емес.
Қазақ əлсіресе, алауыздықтан əлсіреген, күшейсе, бірліктен
күшейген. Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес,
теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен
кіреді. Мемлекет те солай.
Достарыңызбен бөлісу: