Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет31/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
АМАНДОСОВ ƏЛЕМІ
Тауман Салықбайұлы Амандосов! Бүкіл қазақ журналис-
теріне етене таныс, жақын да жылы естілетін есім. Өйткені 
еліміздің  БАҚ  өкілдерінің  бірнеше  буыны  ұлағатты  ұстаз 
дəрісін  тыңдап,  оның  маңдай  тер,  ерең  еңбегі  сіңген  білім 
ордасы – ҚазМУ-дің  журналистика  факультетінде  оқу 
бақытына ие болды. Бар саналы ғұмырын сарп етіп, толағай 
теңіз  ізденістен  туған  ғылыми-теориялық  еңбектері  қазіргі 
таңда құны жоғары, шəкірттерінің қолынан түспейтін асыл 
дүниелерге айналды.
Ұстаз. Ғалым. Қаламгер. Қайраткер. Амандосовтың төрт 
тағаны.  Айтуға  ғана  жеңіл,  ал  тереңіне  бойласаңыз  шеті 
жоқ  шексіз  дария.  Сондықтан  да  ол  жайлы  сарқып  айтпақ 


255
тұрмақ, бетінен қалқып баяндаудың өзі біршама ыждағатты 
ізденуді, моншақтата тер төгуді қажет етеді.
Екінің  бірінің  қолы  жете  бермейтін  бұл  биікті  алу, 
əрине,  Тау-ағаға  оңай  соқпағанын  былайғы  жұрт  жетік 
біле  бермейді.  Балалар  үйінен  бастау  алатын  шырғалаңға 
толы  өмір  жолы  оны  əбден  сынақтан  өткізіп  барып, 
шығармашылық атты мəңгілік дүние кілтін қолына ұстатты. 
Оған  келер  жылы  асқаралы  алпыс  жыл  толғалы  тұр. 1942 
жылы  қазіргі  Атырау  қаласында  шығып  тұрған  облыстық 
«Социалистік  құрылыс»  газетіне  əдеби  қызметкер  болып 
еңбекке  араласқан  кезінен  былай  қарай  ол  журналисти-
кадан  бір  елі  ажырамай,  қаламгерлікті  өмірлік  серігі  етті. 
Ғалымның хаты өлмейтіндігін Амандосов шығармашылығы 
тағы да айқын дəлəлдеп берді.
1946  жыл – жиырма  бес  жастағы  Тауман  ағаның 
өміріндегі ең бір шешуші жыл. Осы жылы ол талайлардың 
биік арманы – атақты ҚазМУ-дің филология факультетінің 
журналистік  бөліміне  оқуға  түсті.  Соғыс  жаңа  аяқталып, 
елдің  тұрмыс-тіршілігі  əлі  түзеле  қоймаған  жұпыны  кез.
Балалар  үйінен  шыққан  шəкіртке  оқу  оңайға  соқпағаны 
айтпаса  да  түсінікті.  Бағына  қарай,  Қазақстан  Компартия-
сы  Орталық  Комитеті  жанындағы  партия  тарихы  институ-
тында  кіші  ғылыми  қызметкер  атқаратын  аудармашылық 
жұмыс табылып, оқуын еңбекпен ұштастыруына тура келді. 
Сол кездегі атақты аудармашылар С.Бəйішев, Ж.Жантөрин, 
Қ.Сағындықовтардың  ақыл-кеңесін  тыңдап,  тəжірибе  жи-
нақтап,  кеңес  жазушыларының  бірқатар  шығармаларын 
қазақ тіліне аударуы – талантты аудармашы Амандосовтың 
алғашқы  айтулы  табысы  еді. 1950 жылы  оқуын  үздік  дип-
ломмен тəмамдаған жас маманды ҚазМУ аға оқытушы етіп 
өзіне алып қалуы да тегін емес-ті. 
Тауман  Салықбайұлы 1952-54 жылдар  аралығында 
ҚазМУ-дің сырттай оқу жөніндегі проректоры қызметін абы-
роймен атқарды. Сөйтіп, қазақтың кəсіпқой журналистерінің 
ішінен  мұндай  лауазымға  алғаш  қол  жеткізген  талант  ие-
сі болып тарихта аты қалды. 1955 жылы «Қазақ кеңес əде-
биетіндегі халықтар достығы идеясы» деген тақырыпта кан-


256
дидаттық  диссертациясын  сəтті  қорғап,  бірінші  оппоненті 
М. Əуезовтен бата алды. 
Ғалымдықты  ұстаздықпен  ұштастырған,  жүректе  түйіс-
кен  қос  арнаны  шығармашылықпен  ұштаған,  сол  арқы-
лы еліне қаламгерлікпен қоса танылған Тау-ағаның қайрат-
керлік  қызметі  де  көңіл  көншітпей  қалмайды.  Журна-
лист  Амандосовтың 1958 жылдан 1966 жылға  дейін  қазақ 
білімінің  қарашаңырағы  ҚазМУ-дің  филология  факуль-
тетінің,  алдымен,  бір  жыл  деканның  орынбасары,  одан 
кейін  атандай  тоғыз  жыл  тапжылмай  деканы  қызметін 
абыроймен  атқаруы – айрықша  əспеттеп  айтуды  қажет 
ететін  елеулі  еңбек. 1966 жылы  Тауман  Салықбайұлының 
ұсынысымен  филология  факультеті  құрамындағы  журна-
листік  бөлімі  негізінде  ҚазМУ-де  алғаш  журналистік  фа-
культеті  ашылды.  Ол  осы  факультеттің  тұғыш  деканы  бо-
лып сайланып, осынау абыройлы міндетті 1971 жылға дейін 
үлкен  жауапкершілікпен,  толымды  табыстармен  атқарды. 
1969 жылы факультетте телерадио кафедрасының ашылуы-
на ұйытқы болып, оған жетекшілік жасаса, 1971 жылдан өз 
ұсынысымен ашылған қазақ журналистикасы кафедрасының 
профессоры  болып  қызмет  етті.  Ал 1976 жылдан  өмірінің 
соңғы  сəтіне  дейін  замандастары  Амандосов  кафедрасы 
атап  кеткен  журналистік  шеберлік  жəне  əдеби  редакция-
лау  кафедрасының  меңгерушісі  міндетінде  де  үлгілі  өнеге 
көрсетті.  Журналистиканы  өмірінің  мəні  етіп  қалап  алған 
Амандосов  бар  саналы  ғұмырын  ҚазМУ-дің  журналистік 
факультетінің қалыптасып, дамуы жолына арнады.
Ғалым Амандосовтың ғылыми еңбектерін еңсеріп айту да 
оңай шаруа болмай тұр. Тауман Салықбайұлы – Қазақ кеңес 
журналистикасының тарихы мен теориясын жəне алғашқы 
публицистерінің шығармашылығын зерттеп, зерделеген, осы 
бағытта 100 баспа табақтан артық ғылыми еңбек жариялаған 
қайраткер  ғалым-қаламгер. 1982 жылы  Мəскеуде  МГУ-
дың  профессоры  əлемге  əйгілі  ғалым  Ясен  Николаевич 
Засурскийдің  жетекшілігімен  «Қазақ  публицистикасының 
тарихы, өркендеуі жəне проблемалары» атты докторлық дис-
сертация қорғап, Қазақстанда журналистік теориясы бойын-


257
ша тұңғыш ғылым докторы, профессор атағын алған сұңғыла 
ғалым,  ардақты  ұлт  азаматы.  Журналистика  факультеті 
студенттеріне  арнап  шығарған  «Қазақ  кеңес  баспасөзінің 
жанрлары»  атты  қазақ  тіліндегі  тұңғыш  оқулықтың  авто-
ры. Сонымен бірге, 11 монографияның, соның ішінде күні 
бүгінге  дейін  студенттердің  қолынан  түспейтін  «Публици-
стика – дəуір  үні», «Газет  жанрлары», «Журналист  жəне 
өмір» атты айтулы оқу құралдарының иегері. Сондай-ақ, əлі 
маңызын  жоя  қоймаған  «Совет  журналистикасының  тео-
риясы» оқулығымен шəкірттер алғысына бөленген ардагер 
ұстаз.
Тауман  Салықбайұлы 1970 жылы  Ереванда  өткен 
Азия  мен  Африка  елдері  журналистерінің  симпозиуымы-
на  қатысып,  қазақ  елі  атынан  жалпақ  əлемге  сөз  арнады. 
Қазақстан Журналистер одағының ІІ, ІІІ, ІV, V съездерінің 
делегаты  болып  сайланып, 1972 жылдан  бастап  осы  одақ 
басқармасының  мүшесі  болды.  Көп  жылдар  бойы  одақтың 
ең беделді Алматы бөлімінде жетекшілік етті. Осы ұйым жа-
нынан журналистік шеберлік университетін ұйымдастырып, 
оның ректоры ретінде қазақ журналистикасының қарыштап 
дамуына сүбелі үлесін қосты.
Тауекеңнің  шəкірттері  мыңдап  саналады.  Ұстаздықты 
тек  білім  берумен  шектесек,  қателескен  болар  едік.  Мұны 
бір ғана қыры десек, одан басқа да өлшем таразысы болуға 
тиіс қой. Киім киіс, жүріс-тұрыс, мінез-құлық – бар мəнері, 
болмысымен шəкірт жанын жаулап, оны адами өмір сүруге 
баули алатын оқытушы ғана ұстаз атануға əбден лайық. Біз 
білетін Амандосов сондай жандар қатарынан болатын. 
Мұнтаздай таза киіміне қыл түсірмей күтіп киетін, жаны 
жайсаң ұстазға шəкірттері қызыға қараушы еді.
Ағайдың  ерекше  қасиеті,  шəкірттерін  бір  көргеннен-ақ 
танитындығы еді. Сыртқы пошымын ажырата білумен ғана 
шектелмейтін.  Ішкі  жан  дүниесін,  таланты  мен  талабын 
тапжылтпай  танитын.  Бұл  да  тума  дарын  иесінің  ерекше 
қасиеті  екендігіне  енді  көзіміз  жетіп  жүр.  Таукең  бірінші 
курс студенттеріне «Журналистикаға кіріспе» деген пəннен 
сабақ  беретін.  Семестр  соңында  сынақ  алатын.  Сондағы 


258
бағалары шəкірттерінің болашағын айқындап қойғандай дəл 
берілетініне тəнті болмай көріңіз. Ол өте жақсы деп жоғары 
бағалаған  балалар  бүгінде  ел  сенімін  ақтап  жүрген  журна-
листер. 
Таукең  менің  диплом  жұмысымның  жетекшісі  болды. 
Бұл 1990 жылдың  жазы  еді.  Арада  жетпіс  жылдай  уақыт 
салып,  ардақты  Алаш  азаматтарының  бірінен  кейін  бірі 
ақталып,  өшкеніміз  жанып,  өлгеніміз  тірілгенде,  мəре-сəре 
болып  жатқан  уақыт.  Қайта  құру,  жариялылықтың  лебі 
есіп, ой санадағы дүбір қоғамдық құбылыстағы қым-қиғаш 
оқиғалармен астасқан тұс.
Осының  бəрі  Тауекең  секілді  сыртқы  əсерді  жандүние-
сімен  сезініп,  жүрегіне  жақын  қабылдайтын  шығармашы-
лық  адамдары  үшін  оңай  соқпағаны  белгілі.  Жетекшім 
жүрек сырқатымен қалалық кардиология ауруханасына жа-
тып қалды. 
Диплом  жұмысының  тақырыбын  «Міржақып  Дулатов-
тың  журналистік  қызметі»  деп  бекітіп  алған  болатынмын. 
Алаш  ардақтысының  Қазақстан  Компариясы  Орталық 
Комитеті  құрған  арнайы  комиссиясының  шешімімен 1989 
жылы 28 маусымда  толық  ақталып  шыққаны  баршаға  аян. 
Бірақ,  бай  шығармашылық  мұрасы  əлі  зерттелмек  тұр-
мақ,  жинақталып  үлгермеген  елең-алаң  кез-тұғын.  Қол 
жеткен  мұрағат  материалдарымен  танысып,  сол  кездегі 
А.С.Пушкин  атындағы  жəне  Ұлттық  ғылым  академиясы-
ның кітапханасының сирек қолжазбалар қорында сақталған 
ХХ ғасырдың басындағы газет-журнал тігінділеріндегі жа-
рияланымдарын  жинап,  өзімізше  талдап,  диплом  жұмы-
сымды  жазып  бітірдім  де,  жетекшіме  ауруханаға  апарып 
бердім. Бұл жұма күні болатын. Ол толық танысып шығуға 
үш  күн  керегін  айтып,  жетекші  пікірі  үшін  дүйсенбіде 
келуімді тапсырып шығарып салды.
Келіскен  уақытта  ауруханадағы  Тауекеңнің  палатасына 
кіргенімде  жетекшім  мені  ерекше  ықыласпен  жылы  қарсы 
алды.  Қолыма  қалам-қағаз  алдым,  сосын  шеттегі  орындық 
пен үстелді нұсқады. Өзі бөлмені ары-бері кезіп, ұзақ ойла-
нып жүрді де, бір мезгілде жаз дегендей белгі берді:


259
 Өртенген қара ормандар, – деп бір тоқтады да, тағы да 
ойланып тұрып, – сыңсыған үн, – деп сөзін жалғады. Бөлмені 
тағы да үнсіздік басты. Ол өз ойымен əуре. Апырмау, пікір 
деген  бұлай  жазылмаушы  еді  ғой  деймін  іштей  қобалжып. 
Ол  ойымды  оқып  қойғандай,  сөйлемді  жалғастыра  жазуға 
ишарат етті де, былай деп іліп əкетті:
– Алып ұшқан жүрек лүпілі осы жас студентті толғанта-
ды,  ойландырады.  Талай  ардақтар,  талай  данышпандар 
өртенген тоғайдың қасіретті халін көріп, қайғырады, жанын 
ауыртады.  Сөйтіп,  өртенген  орманның  шалағай  жыртық 
жапырағын қайта көктеуге əрекет етеді, ұмтылады.
Осы сөздерден кейін ол менің арқамнан мейірлене қағып, 
ағалық ризалық сезімін білдірді де, пікірінің қалған бөлігін 
тездетіп айтып шықты.
Ал, өртенген қара ормандар, сыңсыған үн халқымыздың 
ұстаз көңілінде шер боп қатқан тағдыры, талай тарихының 
образды көрінісі екендігін кейін ұқтым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет