[
178
]
бойынша туып, қалыптасқан. Рас, оның өзіне тән ерекшелігі
де бар.
Жануарлар жайындағы қазақ ертегілерін үш топқа жік
теуге болады.
Біріншісі – шығу мерзімі жағынан ең көне миф
жанрымен байланысын толық үзе қоймаған, жануарлардың
пішініндегі, немесе жүрістұрысындағы, я болмаса мінез
құлқындағы, әйтеуір қандай да болсын ерекшелігін түсіндіре
баяндайтын этиологиялық ертегілер.
Екіншісі – Шығыс жә
не Батыс халықтарының көпшілігіне мәлім, яғни дүниежүзі
елдерінің жануарлық эпосын құрайтын классикалық ер
тегілер. Бұлар бүгінгі дәуірде балалардың үлесіне тиген. Қай
елдің болсын жануарлар жайындағы классикалық ертегілері
адам мінезінің ақылдылық, ақымақтык, қулықсұмдық сияқ
ты жақтарын қарапайым аллегориялық формамен ашып бе
реді.
Үшінші топқа мысал ертегілер (апологтар) жатады. Бұл
ертегілер көбінесе кітаби болып келеді де, әдебиетке жақын
тұрады. Мұнда жануарлар бейнесі шартты түрде алынғанмен,
ғибрат ашық айтылады. Енді осы үш топты жекежеке, нақты
мысалдар арқылы қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: