Бағдарламасы бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет37/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
мысал ертегілер (аполог). Мұнда баяндау белгілі бір моральдық 
қағида мен тұжырымды дәлелдеуге бағытталды; сол себепті 
ертегі афоризммен аяқталып отырады. Ертегінің айтылу мақ­
саты да осы афоризмді дәлелдеуді көздейді.
Қазақтың мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз 
байланысты. Олардың көбісінің қайнар көзі – «Панча­тантра», 
«Хитопедаша», «Шукасаптати» сияқты үнді жинақтары мен 
Орта Азияға әр түрлі жолмен келген «Калила мен Димна» жә­
не «Тотынама» тәрізді кітаптар. Мысал ертегілердің кө бінесе 
кезінде қазақтардың басқа түркі халықтарымен бел 
сенді 
байланыс жасаған аймағы Оңтүстік Қазақстан мен Түркіс­
таннан жазылып алынуы тегін болмаса керек.
Мысал ертегілердің тағы бір қайнар бұлағы – орыс фольк­
лоры мен әдебиеті. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ­
шаға аударыла бастаған И.А. Крылов мысалдары халық ара­
сына жедел қарқынмен қанат жая тарап, ақырында олардың 
әрқайсысы фольклорлық мысал ертегілердің арқауына ай нал­
ды.
Ескі үнділік сюжеттер Қазақстанда жаңғырып, сыртқы 
си паты мен ішкі мағынасы жағынан мәнді өзгерістерге ұшы­
райды. Мәселен, сюжеті «Калила мен Димнаның» құра­
мында кездесетін қазақтың «Сегізбай мен Тышқан қыз» жә­
не «Көгершіндер туралы ертегісін» алайық. Біріншісі – түркі 
халықтарының арасына кең тараған «Кім күшті?» атты 


[
186
]
ертегінің бір варианты. Айырмашылығы – қазақша вариан­
тында қырғауылдың: «Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?» – 
деген сұрағына ол: «Аяз», ал аяз: «Жел», – деп жауап бе реді, 
бірақ барлығынан күшті құмырсқа болып шығады. Алайда 
«Сегізбай мен Тышқан қыз» туралы ертегі «Калила мен 
Димнадағы» нақылмен байланысын үзбеген. Оны «Кім күш­
тінің?» сюжеті сияқты ертегілерден бөлектеп, оған өзіндік 
үн беріп тұрған да осы байланыс. «Калила мен Димнадағы» 
мысалда діншіл тақуа қаршығаның тырнағынан түсіп қалған 
тышқанның баласын тауып алады. Тақуаның тілегі бойынша 
тәрбиелеуге жеңіл болу үшін құдай оны қызға айналдырып 
жібереді. Кейіннен бойжеткен қызға тақуа күйеу таңдауды ұсы­
нады. Күн, жел, бұлт және тау бірінен соң бірі өз де рінің күшті 
екендіктерін мойындата алмай, таңдау кезегі көртышқанға 
келеді. Күйеу­тышқан қызға ұнап, ол әміршіден өзін қайтадан 
көртышқанға айналдыруды өтінеді.
Қазақта үнді ертегісінің сюжеттік желісі сақталғанмен, 
баян дау барынша өзіндік ұлттық түр алған. Мұнда діншіл тәуіп 
жоқ, жалғыз басты, бала көрмей, қартая бастаған Сегізбай бар. 
Қа зақша нұсқада мысалдың мәні де біршама өзгерген, бірақ 
негізгі ойы сақталған. «Қарға қарғаның даусын естіп ұшады. 
Аттар бірін­бірі пысқырғанынан біледі», – дейді дана Сегізбай. 
Бұл тұжырымның үндінікімен салыстырғанда біршама өзгеріп, 
халықтың практикалық философиясына жақындай түскенін 
байқау қиын емес. 
Тегі жағынан шығыстың кітаби мисаддарынан тараған қа­
зақтың мысал ертегілері шығыс тәмсіліне тән тиектелген 
(обрам ление) композиция бойынша құрылады.
XIX ғасырдың екінші жартысында орыс тіліндегі шығар­
малардың қазақшаға көптеп аударыла бастаған кезеңінде 
аудармашылар И.А. Крылов мысалдарына ерекше назар ау да­
рады. Олардың аудармалары Ы. Алтынсарин мен А.Е. Алек­
торовтың хрестоматияларында, «Дала уәлаятының газе тінде» 
басылады. Крылов мысалдарын Абай да аударғаны белгілі. 
Абай аударған Крылов мысалдары халық арасына кең тарап, 
қазақ топырағында жаңаша түлеп, қайтадан фольклорға 
айналады да, шығыстық үлгілер сияқты өзгерістерге ұшы­
райды. Орыс сюжеттері «ұлттанып», оның моралі қазақ 


[
187
]
тұрмысына, этикасына бейімделеді. «Бақа мен құмырсқа» 
(«Ше гіртке мен құмырсқаның» бір варианты) уақиға қазақтың 
шаңқан даласында өрістетіледі. Бақа қаншалықты көңілді 
мінезімен дараланса да, оның ертеңгі күнін ойламайтын әде­
ті және бар. Құрғақшылықтың түскенін біле тұрып, қыс 
қа 
мынан құралақан қалған соң бақа құмырсқ 
адан көмек 
сұрауға бел буып, дала әкімшілігінің тәртібін сақтау әдетімен 
әуелі құмырсқалар патшасына келеді. Бақалардың ойын­
сауықты ғана кәсіп қылып, еңбек етпейтінін, сондықтан 
берілген қарызды қайтара алмайтынын білген құмырсқа 
патшасы бақаның бұйымтайын орындамайды. Демек, қазақ 
ертегісіндегі құмырсқаның көмек беруден бас тартуы – олардың 
желбуаздығы мен арамтамақтығын әшкерелеуден ғана емес, 
сонымен бірге құмырсқаның пайдакүнемдік психологиясынан 
да туған. Бұдан «Еңбек етпесең, қарыз да ала алмайсың» деген 
қағида туады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі ауысып келген сюжеттер ұлттық 
сипат алған. Бұл қасиет, әсіресе, оқиға ситуациясы мен кейп­
керлердің психологиясынан айқын байқалады. Ауысып келген 
сюжеттердің желісі де, шығыстық үлгілердің драмалық түрде 
өрнектелуі де бұзылмай, құрылымдылық белгілері сақталып 
отырады. Ең негізгі өзгерістер мысал ертегілердің идеялық 
мәнінде ғана болады. Ауысып келген мысалдардағы мораль 
абстрактылықтан арылып, қазақтың әдет­ғұрыптары мен 
түсініктеріне сай қайта құрылып, халықтың практикалық 
философиясына жақындай түсті.
Хайуанаттар жайындағы мысал ертегілердің классикалық 
ертегілерден бір айырмашылығы – жануарлар сипаттамасы­
ның біркелкі болуы. Классикалық ертегілердегі түлкінің өзі­
нен күшті хайуанды үнемі жеңіп, ал өзінен әлсіздерден жеңіліп 
отыратын тұрақты мінездемесі.
Мұнда эпикалық фон я болмаса кейіпкердің әлеуметтік­
тұрмыстық жағдайын сипаттау болмайды. Оның есесіне ғиб­
раттық сарын мен шартты түрде алынған жануарлардың 
аллегориялық образы бар. Ертегінің құрылысы көп жағдайда 
оның мазмұнынан шығатын афоризмді дәлелдеуге бағыт­
талады. Көркемдігі жағынан алғанда ішінара өлең текстері 
кездескенімен, аполог формалары көбінесе қарасөзді болып 


[
188
]
келеді. Ал өлең түріндегі фольклорлық аполог жеке жанр ретін­
де толық қалыптаспады, себебі XIX–XX ғасырда әдебиеттің 
жедел дамуы мысал жанрын әдеби арнаға бағыттады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет