Этиологиялық ертегілер. Бұл топтағы ертегілердің жанрлық
ерекшелігі оның синкреттілік сипатында, яғни мұнда көзбен
көріп, қолмен ұстап алатын жанрлық белгілер жоқ. Бұларды
даралап тұратын нәрсе – себептісалдарлық баяндау, бірақ
соған қарамастан мұнда тұрақты композициялық құрылым
жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда бұл ертегілер этиологиялық миф
ке жақындайды. Ал кейіпкержануарларды суреттеу мен
олардың мінезқұлқын бағалауда ертегіге жақындайды. Рас,
қазақтың төрт түлік туралы кейбір төл шығармаларында
кейіпкержануар бейнесі тотемистік түсініктегі мифте көріне
тін жануарлармен ұқсас болып келеді. Мысалы, ботасын
іздеп боздаған бозінген жайындағы, немесе иесінің қамын
ойлайтын сырттан ит туралы шығармалар әлі шын мәніндегі
ертегіге айналып үлгірмеген, мұндағы жану
арлар мифтегі
сияқты «қасиетті» деп есептелген. Бұл – қазақтың жануарлар
жайындағы этиологиялық ертегілерінің басты ерекшелігі.
Аталмыш ерекшелік – этиологиялық ертегінің мифпен
жақындығы – «Мүшел», «Хайуандардың жыл басына тала
суы», «Үркер» сияқты шығармаларда айқын сезіледі. Мұнда
[
179
]
аспан әлемінің сыры, жылон екі айдың болуы қазаққа жақ
сы таныс жануарлардың мінезқұлқымен, ісәрекетімен бай
ла
нысты түсіндіріледі. Қадым заманда ел шындық деп қа
был даған бұл мифтер келекеле ертегілік сипат ала бастаған.
Өмірді, әлемді практикалық түрде танып, тәжірибесі толысқан
көшпенділерге қыстың ұзақ болатынына сиырдың еш кінәсі
жоқ екені, сол сияқты он екі айдан тұратын жыл басының
тышқан аталуына ашық ауыз түйенің еш кінәсіз екендігі
белгілі болған. Сөйтіп, ел бұл мифке сенбейтін болған. Бір кез
дерде дүниенің жаратылысы туралы болжам жасаған мұндай
мифтер елді қанағаттандырылған еді де, халық сол арқылы
әлем туралы өз түсінігін пайымдаған еді. Сондықтан да
«Үркер», «Жыл басына таласқан хайуандар» сияқты ертегілер
космогониялық мифке тән сипатын сақтай отырып, әлдеқашан
ертегілер тобына қосылған және олардың сипатты белгілеріне
ие болған
9
. Олардың құрамына ертегілерде кең тараған мотив –
жануарлар жарысы енгізілген және мұнда түйенің аңқаулығы
мен тышқанның қаптесер қулығы миф емес, көркем ертегі
тұрғысынан бейнеленген. Олардағы жануарлар образынан адам
бейнесі көрінеді, демек оларда хайуанаттар туралы ертегіге
тән аллегориялық сарын, үн бар. Міне, осындай себепке
байла ны с ты аталған шығармалар жануарлардың белгілі бір
қасиетін, шығу тегін түсіндіре баяндамаса да этиологиялық
ертегілер қатарына жатады.
Таза этиологиялық ертегіде шарттылық басым, аллего рия
айқынырақ. Сол себепті ондағы оқиғаға айтушы да, тыңдаушы
да сенбейді. Сондықтан таза этиологиялық ертегілер күлдіргі
болып келеді де, көбінесі балаларға арналып айтылады. Екін
ші жағынан, олардың структуралық формасы драмалық оқи
ғаларды кіргізіп отыруға ыңғайлы болады.
Көптеген этиологиялық ертегілерде жануарларға берілетін
мінездеме классикалық ертегілермен бірдей. Мәселен, түлкі
өте қу әрі тақыс. Осындай жылпостығымен ол қоянды құй
рығынан айырады («Қоянның құйрығы неге қысқа, түлкінің
құйрығы неге ұзын?»). Түйеге үнемі аңқау және ақкөңіл деген
мінездеме беріледі («Түйе су ішкенде неге артына қарайды?»).
Бұл сияқты этиологиялық ертегілер бұрынғы ел сенген
мифтік сипатынан айрылған және классикалық ертегімен
[
180
]
қатар өмір сүргендіктен оған жақындаған, тіпті бірбіріне
әсер де еткен. Кейбір жағдайларда классикалық ертегінің
аяқталуы этиологиялы (себепті) болып келуі – осының айғағы.
Мысалы, өте қу, залым түлкіні кішкентай ғана бөдененің
алдап кеткенін баяндайтын классикалық ертегі бөдененің
құйрығының қыс қарып қалу себебімен аяқталады. Мұндай әдіс
басқа халық тардың да ертегісінде бар. Орыс халық прозасында
этиологиялық сарын айтарлықтай сақталмаса да ертегінің
осылай аяқталуы кездеседі. Мәселен, сужүрек қоян өзінен де
қорқақ жануар тауып, ерні жыртылғанша күледі. Сөйтіп, өзі
ондай мақсат қоймаса да ертек қоянның ерні не себептен жырық
деген сұраққа жауап береді. Дәл осындай сюжет қазақтарда да
бар: өзі сараң, әрі соқыр жолбарысты амалын тауып өлтірген
қоян оның етін алып келуге аңшыны жұмсайды, ал аңшының
атып өлтірген түлкісін әкелуге қойшыны жұмсайды. Содан
соң сараңдықтың сойылын соғып, қайтсем молырақ қамтып
қаламын деп, ашқарақтық жасап, мерт бол ған хайуандарға
өлгенше күлген тапқыр қоянның ерні жыртылады.
Хайуанаттар туралы этиологиялық ертегілер кейде қиял
ғажайып ертегілердің де оқиғасын пайдаланады және сол
арқылы адамгершілік пен адалдық проблемаларын көтереді.
Айталық, қиялғажайып ертегісінің өте бір айшықты кейіпкері
айдаһар этиологиялық ертегіде бүкіл өзінің болмысын көр
сетеді: өлгелі жатса да қан ішуді мақсат тұтып, ол оңбаған
масаны дүниеде кімнің қаны тәтті екенін біліп келуге
жұмсайды. Бәрінен де адам қаны тәтті екен деп айдаһарға хабар
бергелі келе жатқан масаның тілін қарлығаш жұлып алады.
Қаһарланған айдаһар қарлығашты жеймін деп шап бергенде,
аузында оның құйрығы ғана қалады. Содан бастап маса тек
ызыңдайтын болады да, ал қарлығаштың құйрығы айыр
болып қалады және ол адамға үйір болып, ұясын үйдің ішіне
немесе қораға салатын болады. Міне, мұнда қарлығаш пен ай
даһардың қақтығысы арқылы әділеттік пен зұлымдықтың
күресі бейнеленіп, үш бірдей сұраққа жауап берілген.
Жануарлар жайындағы этиологиялық ертегілердің мазмұны
мен композициясы бейнеленіп отырған жануар не себепті
белгілі бір сипаттармен дараланады деген сұраққа жауап бе
руге бағындырылады. Сырт қарағанда, мұнда классикалық
[
181
]
және мысал ертегілерде айқын көрінетін аллегория жоқ сияқ
ты. Бірақ шолақ құйрық қоян да, мүйізінен айырылған түйе
де, түнде ғана ұшатын жарқанат та адамды суреттейді, адам
мінезін сипаттайды. Ендеше бұлардың об разы жаңа қасиетке
ие болады, олардың құлықтарынан адамның ісәрекеті аңға
рылады.
Достарыңызбен бөлісу: |