Бағдарламасы бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет33/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60
Үшінші тарау
 
ЕРТЕГІНІҢ ІШКІ ЖАНРЛАРЫ 
МЕН ПОЭТИКАСЫ
(Ертегілік проза)
ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ
Ертегі жанрының түп төркіні – алғашқы қауымда пай да 
болған көне миф, аңшылар туралы әңгіме, хикая және әр түрлі 
кәде ырымдар мен аңыздар
1
. Басқаша айтқанда, ертегі жанры 
өзінің қалыптасу процесінде осы жанрлардың қасиеттерін 
бойына сіңірген, олардың кейбіреуін молырақ, бағызыларын 
азырақ пайдаланған. Солардың ішінде қайсыбір жанрлар өз 
бітімін жоғалтып мүлде ертегіге айналып кеткен. Соның бірі – 
миф. Әрине, мифтің ертегіге айналу процесі жылдам болған 
жоқ, ол ұзақ әрі күрделі жол, бірнеше кезеңнен өткен.
Жоғарыда айтқанымыздай, миф – алғашқы рулық қауым­
ның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі. Сондықтан ол 
кезде оны әркімге және кез келген жерде айта бермеген. Миф­
тің айтылатын кезі кәмелетке жеткен жастарды сынақтан 
өткізіп, шынықтыруға арналған неше түрлі кәде­ырымдар мен 
жоралғы жасалатын мезгіл. Кәмелеттік сынақ барлық рулық 
қауымда болған салт: он бес пен он жеті жас арасындағы ер 
балаларды (матриархат дәуірінде – қыз балаларды да деген 
пікір бар) жеке бөліп алып, елсіз жерде оларды ержеткеннің 
белгісі деп төмендегідей әр түрлі сынақтардан өткізген: 
денелеріне кесіп дақ салған, мұрнын, құлағын тескен, сүндетке 
отырғызған, тағы басқа түрде қинаған, небір қорқынышты 
ырымдар жасаған. Осының бәріне төзіп, барлық сыннан 
өткен баланы енді бала емес, жігіт болды және ол өліп, қайта 
тірілді, яғни басқа адам болды деп санаған. Оған енді үйленуге 
рұқсат берген. Шыдамдылық көрсетіп «сынақтан» абыроймен 
өткен жігіттерге сенім білдіріп, оларға қасиетті әрі құпия 
әңгімені айтатын болған. Ол әңгімеде, яғни мифте, дүниенің 
жаратылысы, аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, 


[
170
]
ілкі ата мен жасампаз қаһармандар туралы, олардың іс­әрекеті 
жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда, оның бәрін 
ақиқат деп қабылдаған, мифке кәміл сенген.
Уақыт өтіп, қоғам дамып, адам санасы өскен сайын бұл миф 
әңгімелер бірте­бірте кәмелеттік ырымдардан бөлек айтылатын 
болған да, бара­бара «қасиетті» сипатынан айырылған. Енді 
мифті тек кәмелеттік сынақтан өткен жігіттерге ғана емес, 
сондай­ақ жас балалар мен әйелдерге айтатын болған. Сөйтіп, 
көне миф құпия болудан да қала бастаған. Соның нәтижесінде 
мифті айтушы енді оған өз жанынан оқиғалар қосатын болған, 
яғни миф өзгере бастаған. Мифтің оқиғалары аспан кеңістігінде 
емес, адам қоғамындағы іс­әрекет болып көрсетілген, бұрынғы 
мифтік ілкі ата мен жасампаз қаһарман орнына ру мен тайпа 
басшылары, ал уақыт өте келе қатардағы аңшы­мергендер 
бейнеленетін бол ған. Басқаша айтқанда, мифтің қасиеті және 
құпиялы сипатының жоғалуы мифке сенуді де әлсіреткен, 
ондағы іс­әрекеттер мен кейіпкерлерді де өзгерткен. Олар енді 
біраз бол са да мадақталатын болған.
Дегенмен, қоғамдық сананың өзгеру барысында миф ежел­
гі сипаттарын бір­бірлеп жоғалтып отырған. Қасиетті және 
ақиқатты деп есептелген сипатынан айырылған соң, ондағы 
оқиғалар да дәуіріне байланысты өзгеріске ұшыраған. Ен­
ді оқиғалар бұрынғыша әлемнің жаратылуы, алғашқы адам­
дардың пайда болуы сияқты болмай, қоғам басшысының, 
неме се қауымның қатардағы бір мүшесінің ке ремет нәрсемен 
кездесуі болады, іс­әрекеттер бүкіл аспан әлемінде емес, ел 
ішіде, адамдар арасында болады, ал, мифтік дәуір ертегіге 
тән белгісіз уақыт болып алмасады. Соның салдарынан іс­
әрекеттің нәтижесі де баяғы мифтік сипаттан айырылады. 
Басқаша айтқанда, мифтің себеп­салдарлық (этиологиялық) 
белгісі жоғалады. Осындай мифтің ертегіге айналу барысында 
бұрынғы масштаб тарылып, әңгіме жеке бір адам тағдырын 
баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф бірте­бірте хикаяға, 
одан ертегіге айнала бастайды. Егер хикаяда қиял әлі де 
көркем түрде болмаса, ертегіде қиял (вы мысел) ғажайыптық 
(фантастика) сипат алып, көркем тәсіл ретінде қолданылады. 
Рас, миф ертегіге хикая болмай­ақ тікелей айналуы мүмкін. Бұл 
жағдайда да мифтің өтетін жолы осы. Сөз жоқ, бұл жол бірнеше 


[
171
]
тарихи дәуірді қамти ды. Егер миф жанры адамзат тарихының 
қоғам ретінде қалыптасу процесінің ең басында пайда болса, 
ертегі көркем жанр, сөз өнері болып, адамзаттың алғашқы 
қауымнан таптық қоғамға өткен тұсында қалыптасқан.
Ертегінің бір тамыры алғашқы рулық қоғамда өмір сүрген 
адамдардың аң аулап жүргенде, жолға шыққанда басынан 
кешетін оқиғалар жайындағы әңгімелер. Алғашында шын 
болған оқиға негізінде айтылған әңгімелер (меморат) бірте­
бірте ел арасына жайылған сайын қоспалармен толықтырылып 
хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Мұндай процесті, 
мәселен, Жаңа Гвинея тұрғындарының фольклоры мен этног­
рафиясын зерттеген Б.Н. Путилов жақсы аңғарған. Ол сондағы 
ру мен тайпалар фольклорында миф, меморат­әңгіме, хикая 
қатар өмір сүретінін, ал ертегі жанрының тек нышандары 
ғана бар екенін айтады. Миф ауқымына сыймайтын аңшылар 
әңгімесі туралы Б.Н. Путилов былай деп жазады: «Аңшылар 
әңгімелері меморат сипатында келеді. Оларда кейбір детальдар 
ойдан шығарылған, кей нәрселер әсіреленген, әрленген, бірақ 
негізгі мамұны – шындық, кейіпкерлері өмірде болған адам­
дар. Оқиға болған жер, жалпы қоршаған орта – нақты, ал әң­
гімеде аңшылардың күнделікті ісі, әдеті, тәжірибесі мен саты 
анық бейнеленеді. Аңшылар әңгімелерінде біршама сюжет бар 
және циклденудің алғашқы нышандары сезіледі. Қысқасы, 
бұл – әңгімелер бір рет қана айтылып, ұмытылып қалатын кез­
дейсоқ хабар емес, бұл халық прозасының белгілі бір жанрлық 
құбылысы.
Аңшылар әңгімесін мифтен екі маңызды нәрсе алшақтатып 
тұр. Біріншісі – кейіпкерлер мифтік әлемнің қаһарманы емес, 
кәдімгі ауыл тұрғыны – аңшы, мерген. Екіншісі – мифте бәрі 
жақсы аяқталса, мұнда кейіпкер кейде опат болады»
2
.
Осы көне қауымда пайда болған меморат түрінде айтылатын 
аңшы­мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің 
құрамында аз орын алмайды. Әрине, олар біздің ертегіде сол 
ежелгі замандағы күйінде емес, көркемделген, әсіреленген, 
яғни көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Кезінде 
М. Әуезов пен Е. Ысмайыловтың: «Қазақ халқы айтқан көне 
түрлерін атасақ – ең ескілері аңшы мергендер жайындағы 
ғажайып ертегілері болу керек. Мерген болғанда берідегі 


[
172
]
шындыққа жақын салт ертегісіндегі мерген емес. Өзгеше қиял 
дүниесінің ішінде әрекет ететін мергендер»
3
, – деп жазуы тегін 
емес. Осы ойын әрі қарай жалғастырып, ғалымдар былай деп 
жазады: «Бұл – «Еділ – Жайық», «Құла мерген», «Жерден 
шық қан Желім батыр», «Аламан мен Жоламан» сияқты ертек­
тер.
Мергендер жайындағы ертегілермен ілес­қаралас ер, ба­
тырлар жайындағы ертегілер жүреді. Осы мерген мен ерлер 
жайындағы қиял ертектері бір қазақ емес, жалпы Орта Азия 
халықтары ертектерінің де ескісі болуға тиіс.
Қазақ айтатын қиял ертегісінде адамзаттан мерген араласса 
немесе ғажайып жер, «ай десе аузы, күн десе көзі бар» күн 
астындағы Күнікей сұлу, не алтын шашты қыз араласса, 
солармен қатар жалмауыз, қазық аяқ, қарға тұмсық кемпір, 
жезтырнақ, жалғыз көзді жалмауыз, жеті басты жал мауыз 
және неше алуан алып араласады»
4
.
Міне, біз енді хикая жанрының да ертегіге негіз болып, 
кіріккенін көріп отырмыз. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғым­
дар туғызган небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз 
көзді дәу, дию, албасты, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне 
кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге 
ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де 
сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая 
мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф әлсіреп, хикая 
өзінше жеке айтылып, ел арасына тарайды. Қазақ халық 
прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Көне мифтің 
көмескіленіп жеткен жұрнағының болуы, хикая жанрының 
жекеленіп, классикалық түрде сақталуы, оның ертегі құра­
мында айтылуы, – міне, осының бәрі халық прозасының қара­
пайымдылықтан көркемдікке қарай дамуының іздері, оның 
жанрланғандағы қиялдың ғажайыпқа айналуының сатылары.
Әдетте, біз ертегіні ойдан шығарылған әңгіме дейміз. Ра­
сында да солай ма? Жоқ. Ертегі жанры өз­өзінен немесе ой­
дан тумаған. Оның негізін қалаған көне прозалық жанр лар 
алғашқы қауымдық қоғамның түсініктері мен салтын, әдет­
ғұрпын, яғни сол заманның шындығын өзінше бейнелеген. 
Демек, ертегідегі бізге қиял­ғажайып болып көрінетін кейбір 
нәрселер – бір кездегі болмыстың, құбылыстың сәулелері. 


[
173
]
Бұл айтылғанға қоса мынаны де ескеру керек: ертегінің пайда 
болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп 
ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген
5
, себебі ол шақта 
ертегі өз төркінінен алыс кете қоймаған, сондықтан көркемдік 
қызмет те атқармаған.
Ал енді қиялға келетін болсақ, ондай элемент мифте де, 
хикаяда да, аңызда да бар, бірақ мұнда қиялдық сипаты мен 
нысанасы басқаша. Бұл жанрларда қиял эстетикалық мәнге 
ие емес, ол шығарманың мазмұнынан тыс дамымайды, өйт­
кені белгілі бір түсінікпен, пайыммен байланысты болады, 
соған қызмет етеді. Бірақ соның өзінде де қиял – жалған деп 
қабылданбайды, сол себепті, ол көркемделмейді, яғни саналы 
өтірікке негізделмейді. Егер шығармада сәл жалғандықтың 
нышаны білінсе, ол миф, хикая, аңыз болып саналмайды.
Фольклорлық жанр болып қалыптасқан классикалық ерте­
гіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан көркем­
деліп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше да 
мып 
отырады.
Қазақ фольклорының құрамында таза қиялға құрылған 
жанрлар да бар. Ол – өтірік өлеңдер мен сатиралық ертегілер, 
қулар жайындағы әңгімелер. Мұндай шығармалардағы оқи­
ғалар да қиялдан туған, бірақ бұл қиял классикалық ертегіден 
басқаша. Классикалық ертегіде қиял халықтың ежелгі діни 
наным мен түсініктеріне негізделген, ертегінің даму бары­
сында ол ғажайып сырға ие болған, соның нәтижесінде көркем­
делген, эстетикалық сипат қабылдаған. Ал өтірік өлең мен 
қулар жайындағы ертегілерде қиял көне дәуір түсініктерімен 
еш байланыспайды, қайта ол шығармадағы оқиғаның жал­
ған екенін дәлелдеуге қызмет етеді. Демек, мұнда қиял 
өтірік 
ке бағытталған. Сол себепті шығармадағы оқиғалар, 
кейіп 
керлердің іс­әрекеті еш сенімсіз, ешқандай логикаға 
сыйымсыз болып келеді, тіпті ешқандай этикаға да сай 
келмейді. Міне, осы логикаға да, этикаға да сәйкестенбейтін 
өтірігі күлкі тудырады. Классикалық ертегідегі қиял өмірден 
қаншама алшақ болып көрінгенімен көркемдігі мен этикасы 
жағынан логикаға сыйымды, өйткені онда қиялдың өмірге сай 
болуы міндетті емес, тіпті ондай мәселе тумайды да. Ертегідегі 


[
174
]
шарттылық көркем қиялға, ғажайыпқа негізделген. Оның 
мақсаты – әсірелеп, әсерлі етіл баяндау, ертегілерді тамашалау.
Ертегі жанры – аңыздық прозаның дамыған, көркемделген 
түрі, яғни көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат 
беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Бас­
қаша айтқанда, ертегі жанрының функциясы кең, ол әрі 
тәрбиелік, әрі көркем­эстетикалық роль атқарады. Ертегінің 
бүкіл жанрлық ерекшеліктері осы екі функциядан шығады. 
Сондықтан ертегілік функцияның ең бас ты мақсаты – сюжетті 
барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек 
ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта, керісінше, әсірелеуді 
міндет тұтады. Ал ертекші әңгімесін өмірде шын болған деп 
дәлелдеуге тырыспайды.
Ертегідегі ғажайып қиял (фантастический вымысел) адам­
ның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын са­
налы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ға­
жайып (фантастика) көркем тәсіл, бейнелеуші құрал ретінде 
қолданылады.
Өмірдегі реальды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі 
жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның маз­
мүнынан барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш сала ды. 
Олай болса, ертегідегі оқиғалар мен іс­әрекеттері қаншалықты 
әсерлі болуы ертекшіге де, тыңдаушыға да, ертегінің айтылу 
жағдайына да байланысты
6
. Мәселен, әлсіз, бейшара түлкінің 
айбынды арыстанды жеңуі – өмірде еш қисыны жоқ өтірік. 
Бірақ ертекші осылай көрсетеді, себебі ертегі жанрының 
поэ 
тикасы осыны талап етеді. Және тыңдаушы да осылай 
болғанын қалайды. Сол сияқты, адамның өзінен әлденеше 
есе күшті жеті басты айдаһарды жеңуі де – осы заңдылықтың 
көрінісі. Бұл заңдылық қарапайым халықтың жуандардан кек 
алуды көксеген тілегінен туған.
Халық әлсіздерді жақтап, оларды күшті етіп көрсеткісі кел­
ген, сөйтіп қиял жүзінде болса да әділеттік орнатқан, арманын 
іске асырған.
Демек, ертегі жанрында қиял мен ғажайып идеялық та қыз­
мет атқарып тұр. Бұл заңды да, өйткені классикалық ертегі 
адамның рухани азығы болумен бірге идеологиялық та құрал 
болған.


[
175
]
Фольклорлық көркем прозаға, дәлірек айтсақ, ертегінің 
ішкі жанрларына, белгілі дәрежеде эмоциялық та сипат тән. 
Ертегінің көркемделіп баяндалуында сюжеттен де гөрі ком­
позицияның ролі артығырақ, ал, оның мазмұнының бай 
және әсерлі болып шығуы айтушы мен тыңдаушылардың 
көңіл­күйіне байланысты. Ертекші бүкіл образдар жүйесін, 
көркемдеу құралдарын ертегінің идеялық және эстетикалық 
әсерін күшейтуге қызмет істетеді. Ол қаһармандарды небір 
қиын, адам ойына келмейтін жағдайларға душар қылады. 
Сонда ертекші осының бәрі шындыққа сәйкес емес­ау деп, еш 
қым 
сынбайды, керісінше, ол әдейі осылай істейді, өйткені 
ертектің идеялық мақсаты мен эстетикалық нысанасы 
сюжеттің осындай құрылысын талап етеді. Ал оны жүзеге асы­
руға ертекшіге тек фантастика ғана мүмкіндік береді.
Ертегі күнделікті сұхбат әңгімеден ерекшеленіп тұрады. 
Оның айтылу жағдайы аңыздық прозаны айтудан басқаша, 
ол сұхбат тақырыбына қатысты болмайды. Ертегі арнайы ай­
тылады, белгілі бір композициялык схема бойынша баян­
далады, яғни мұнда идеялық, көркемдік тұтастық бар. Осы 
тұтастық бұл жанрға басқа қасиеттер дарытады. Ол – ком­
позицияның және эстетикалық мұраттың тұрақтылығы, бас­
аяғы оралымдалған «тұйық уақыттың» («замкнутое вре мя»)
7
болуы, көркем шарттылықтың міндетті түрде орын алуы, т.т.
Сонымен, біз ертегілік прозаның пайда болу процесін, 
оның көркем жанрға айналу тарихын шолып, жанрлық ерек­
шеліктерін сипаттап шықтық. Өзінің әу баста адамның еңбек 
процесінде дүниені, өмірді танып­білу мақсатында пайда бол­
ған миф, хикая, аңшылық әңгімелерден шыққаннан бергі 
талай ғасырларды қамтитын тарихында ертегі жанры әр 
дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсінік­пайымдарының 
ықпалын, олардың ізін кейінгі заманға жеткізді. Әсіресе, 
феодалдық қоғамның бүкіл шындығын көркемдеп бейнеледі. 
Қазақ ертегілерінде көбінесе хандық­феодалдық қоғамның 
көрініс табуы осыдан. Осы тұста ертегі фольклорлардың барлық 
жанрымен араласа, біртұтас фольклорлық жүйенің құрамында 
дамыды.


[
176
]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет